Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
62.91 Кб
Скачать

4.Адам және табиғат егіз.

Бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескерме­гендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзы­луынан пайда болды. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өйткені, табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Табиғат- адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Сондықтан да адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауы тиіс. Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекен­дерде таза ауыз су тапшылығынан адам­ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тір­шілік дүниесіне қауіп төндіруде.Жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүние­сінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экология­лық мәселелерді тудырды. Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағ­дайы­ның және табиғи ортаның нашар­лауына алып келді

Еліміздегі Арал апаты жаһандық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемле­кеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр. Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы).

Келтірілген мысалдар адамзаттың таби­ғатқа жауапсыз қарауға болмайтын­дығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады.

5.-

6.Халықтық колөнер.

Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Қазақ халқының қолөнері деп тұрмысында жиі әртүрлі материалдарды пайдаланған өнер жиынтығын айтады. Олар: тоқу, өру, тігу, кестелеу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу тәсілдері. Қазіргі таңда ата дәстүрін құрметтеп, қолөнер шеберлері оларды дамытып, қайта жаңғырту үстінде.

Жоғарыда айтып кеткен тәсілдерден басқа қолөнерге аң аулау, мал өсіру, ағаштан дайындалған үй жиһаздары мен ыдыс-аяқтар жатады.

Қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені ұсақ моншақтан, түрлі жылтыр жіптерден жасайды. Қолөнерде жүнді пайдаланады. Жүннен киіз басады, кілем және ши тоқиды, пима басады. Ағаштан үй бұйымдарын жасайды: бесік, ыдыс- аяқ, ағаш кереует, сандық және т.б.

Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр. Дегенмен қазақ қолөнері өз халқының мұрасын сақтап қалған. Қолөнері дүние жүзінің әр халқында бар.