Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursovaya.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
167.94 Кб
Скачать

Іі. Ойын тәрбие құралы. Іі.1. Ойын мұғалімнің көмек көзі.

Мұғалім шетел тілі сабағында жаңа тақырыпты түсіндіру барысында түрлі қиынтықтарға кезігеді. Мұғалім үшін ойын зор көмегін тигізеді. Дәстүрлі емес сабақтарда шәкірт тарапынан қызығушылықты арттыру мақсатында олардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын элементерін таңдай, талдай отырып мұғалім өз сабағын өткізуге болады.

Бастауыш сынып кезінде шетел тілін коммуникативтік, шетел тілінде сөйлеу мен оқушылардың қарапайым дәрежеде пікірлесуге бағытталған. Ең бастысы оқушыларды шетел тілінде қарым - қатынас жасауға ылталарын ояту болып табылады. Тек басқа елдің тілін емес, сонымен қатар сол елдің салт- дәстүрімен, халықтық мәдениетімен таныстыру. Бекерден- бекер емес ең бастапқы уақытта бастауыш сыныптағы оқушыларды оқытуды мұғалім ойын арқылы өз сабағы балаларға түсінікті түсіндіру үшін ойынды көмекке алады. К. Д. Ушинский ойын мен өлеңді қатар қолданып сабақ өткізуге болады деп шырайын келтіреді. Осылар арқылы оқушылардың өнерге деген сезімдерін оятады деп білдіреді. Елдің болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да тәрбие ісіне келесі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан- жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам төрелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақша мен мектептің міндеті. Бұл талаптардың жүзеге асуы алдымен, тәрбие ісіне, оның дұрыс ұйымдастырылуын тікелей байланыста болса, екінші жағынан және оны баланың қабылдап меңгеруі мүмкіндігі мен қажетін өтеудегі үйлесімділігімен сәйкес.

Ұстаз үшін ойын көп септігін тигізеді. Ойын- бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс- әрекетке көшіп нақты қарым- қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құбылыстарды адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Баланың таным түсінігі, іс- әрекеті ойыннан басталады, оның негізгі болашақ өмірінде жалғасын табады.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы арнайы еңбек жазған Базарбек Төтенов «Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті түсінігіндегі

тіршілігіндегі қозғалысы мен қөңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрлі ретінде де дамыды» деген пайымдау жасаған. Өзінің бұл

тұжырымын бекітуге Ш. Уәлихановтың «Жонғар очерктерінде» айтқан пікірін тілге тиек етіп, әртүрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыда да, кейін келе жасөпірімдердің үлгісіне қалғандыған талдайды. Себебі, үлкендерден көргенін бала өздері үшін үлгі санап, өнеге ретінде күн ұзаққа ермек етіп, үйде де, далада да ойнайды. Бала өмірі ойынға байланысты. Ойынсыз олар өсіп, өркендей алмайды. Бұл заманның шындағы, өмірдің заңдылығы деп жазған.

Ағылшын тілі сабағында, сабақ беру барысында ұлттық ойындармен ұштастыра өткізген дұрыс. Осы арқылы біз оқушыларға өзге елдің және бұнымен қоса өз халқының, ұлтының мәдениетін қоса меңгере алады. Ұлттық кіндіктен нәр алған халықтық ойындар тек көне заманда емес, күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Бірақ ол кезде арнайы тәрбие заңдары болмағандықтан, бала ойындарды жеке балалар арасында бас қосу себептері кезінде, көшпелі елдің ауылдық жаңаша қоныстануы сәттеріндегі топтарда ойналған. Сондай- ақ бала ойындарды тиісті бағдарлама немесе тиісті педагогикалық ресми нұсқау басшылықтары арқылы емес, атадан балаға мирас болған дәстүрлік жолмен жалғасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]