- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •Глоссаримен жұмыс істеудің әдістемелік нұсқауы
- •Глоссарий
- •Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).
- •Дәріс 1.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 2. Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтырудағы рөлі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 7. Л.Н. Гумилевтің түркі көшпелі өркениетінің ерекшеліктері мен еуразияшылдық идеясын дамытудағы рөлі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 12.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 15.
- •1.Еуразия кеңістігіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістік: ЕурАзЭқ, Кеден Одағы.
- •2.ЖаҺандану жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Міндетті әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары: бөж №1 Өнімді-практикалық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №2 Өнімді-практикалық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №3 Шығрамашылық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №9 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №10 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №11
- •Бөж №14
- •Бөж №15 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж орындау жоспары
- •Бөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама
- •Реферат
- •Конспект
- •Тезис (түйін)
- •Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары:
- •Семинар №2
- •Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар№3
- •Семинар№5
- •Семинар№11
- •Семинар№14
- •Хх ғ. Басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасуы және даму кезеңдері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі:
- •Қосымша о туранском элементе в русской культуре
- •Россия и Европа глава III. Европа ли Россия? н.Я. Данилевский
- •Древняя Русь
- •Глава III. Сармато-готская эпоха (200 г. До н.Э.-370 г. Н.Э.)
- •1. Выводы главы. Источники и ссылки
- •2. Центральная Евразия в эпоху сарматов
- •Начертание русской истории Глава II. Киммерийская и скифская эра (1000-200 гг. До н.Э.)
- •2. Киммерийцы и скифы в Южной Руси
- •Г.В. Вернадский
- •Начертание русской истории. - сПб.: Издательство: "Лань", 2000.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Абуталипов С. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бүгінгі бағыты мен бағдары // Ақиқат.№2004. 29-31 бб.
2. Евразийство в ХХІ веке: проблемы и преспективы // Под ред. акад. НАН РК А. Н. Нысанбаева.-Алматы, 2009.-334 с.
Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
2. Іңкәрбаев Е. Еуразия идеясының бастаулары // Саясат.- 1998, қараша-89-94 бб.
3. Тулегенов Е. М. Еуразиялық одақ идеясының Қазақстанда жүзеге асырылуы. Тарих ғылымдарының кандид. атағын алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2010.
Дәріс 11.
Еуразиялық одақ идеясының тарихи, этномәдени және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
Мақсаты: Еуразиялық одақ идеясының тарихың, этномәдени және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарың қарастыру.
1.ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ ИІРІМДЕРІ
2.Еуразиялық одақ құрудың принциптері
Қазақстан тарапы еуразиялық одақ жобасын ұсынғанда ТМД елдерінің мүддесіне сай тең құқылы және еркін түрде кооперативтік дамудың үлгісін нақтылап беруге тырысты. Еуразиялық одақ егеменді мемлекеттердің тұрақтылық пен қауіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық жаңғыруға бағытталған интеграциясының тәуір бір үлгісі десек болар. Ресейдің А.Дугин, И.Панарин секілді идеологтары еуразиялық идея туралы айтқанда тең құқылы әріптестік негізіндегі интеграцияны емес, баяғы еуразиялық ұлы державаны қалпына келтіруді аңсайды. Тарихта найзаның ұшымен, білектің күшімен осынау ұлан-ғайыр кеңістікте Атилла, Шыңғыс хан империясы, Әмір Темір империясы, Алтын Орда, Ресей империясы, КСРО секілді еуразиялық державалар болғаны белгілі. Шовинистік пиғылға салынған Ресей саясаттанушысы Игорь Панариннің ойынша, еуразияшылдықтың негізі Еуразиялық Русь идеясынан бастау алады. Орыс еуразияшылдары Батыстануға, яғни атлантизмге қарсы тұрса, екінші жағынан еуразияшылдық идеясын бұрынғыша ықпал етудің идеологиялық құралына айналдырғысы келеді. Осы арада басын ашып алу керек, еуразияшылдық идеясының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық доктринасын теориядан шынайы болмысқа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға болар. Олай болса, ресейлік «ескі еуразияшылдық» пен қазақстандық «жаңа еуразияшылдықтың» ара-жігін ажыратып алған жөн шығар. Біріншіден, еуразияшылдық Ресей үшін тарихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екіншіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Батыстан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жылы қабылдаған «Еуропаға жол» бағдарламасы осының айғағы. Үшіншіден, Назарбаевтың еуразиялық доктринасы орыстар сияқты тар ауқымдағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өркениетаралық байланыстар әдісі. Жабық емес, ашық жүйе, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады. Еуразиялық одақ идеясының тарихи, этномәдени және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары бар. Белгілі тарихшы Лев Гумилев атап өткендей: «ішкі Еуразия халқы славян-тұрандық қауымдастығымен көзге түседі, яғни қауымдастық жай этникалық қана емес, суперэтностық мәнге ие» орасан зор кеңістік болып табылады. Онда батыс еуропалық, славяндық, түркілік этномәдени құндылықтарды топтастырған әр алуандылық байқалады. Сарапшылар арасында Еуразиялық одақты баяғы КСРО-ға қайта оралу деп бағалайтындар да жоқ емес. Алайда қайта оралу емес, интеграциялық қайта жаңғыру деп түсінген жөн. Бұл әлемде қалыптасқан дәстүр. Мәселен, Еуропалық одақта – 27 ел, 1999 жылдан бастап құрылған Африкалық одақта – 53 мемлекет бар. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өтті деу қиын. Дегенмен бұған дейін әртүрлі деңгейде, әскери жағынан ҰҚШҰ-ға, экономикалық тұрғыдан ЕуразЭҚ-қа, саяси мүдде жағынан ШЫҰ-ға, АӨСШК-ке интеграциялану үрдісі жүзеге асты. Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссияға бүкіл ТМД-ның ЖІӨ-нің 94 пайызы, сауда айналымының 88 пайызы тиесілі екен. Посткеңестік елдер арасында «біз еуразиялықпыз!» деген ұстаным санаға дендеп еніп келеді. Қазақстан басшысы жиі көтеріп жүрген жаңа интеграциялық ұйым құру, жаңа аймақтық валюта қалыптастыру жөніндегі ойлары Еуразиялық одақтың алғышарты болса керек. Бұл үшін Еуропалық үлгіде Еуразиялық одақтың атқарушы комитеті мен жалпы парламент, әр сала бойынша комиссиялар құру керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт принципті мәселесі бар. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі интеграция идеясы. Үшіншіден, қауіпсіздікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі. Елбасының: «Менің Еуразиялық одақ туралы идеям ұлтаралық, мемлекетаралық мәселелер мен қайшылықтарды өркениетті түрде шешуді ұсынады. Халықтар интеграциясы саяси тәуелсіздігі мен этникалық біртұтастығын сақтау арқылы қазіргі заманғы мемлекеттілігі шын мәнінде еуразиялық кеңістіктің бейбіт дамуының саналы және өркениетті формуласы» дегені бар.
Еуразиялық одаққа бес қадам: Бірінші: 1994 жылы 29 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ТМД қатысушыларына тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтерді. Екінші қадам: 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Белоруссия президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендік одаққа 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды. Үшінші қадам: 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды. Төртінші қадам: 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды. Бесінші қадам: 2003 жылы Мәскеуде төрт мемлекет басшылары – Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Украина басшылары бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.
Әдістемелік нұсқаулар: Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың ықзметін қазіргі күнгі БАҚ материалдарына сүйене отырып қарастыру керек.