- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •Глоссаримен жұмыс істеудің әдістемелік нұсқауы
- •Глоссарий
- •Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).
- •Дәріс 1.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 2. Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтырудағы рөлі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 7. Л.Н. Гумилевтің түркі көшпелі өркениетінің ерекшеліктері мен еуразияшылдық идеясын дамытудағы рөлі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 12.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 15.
- •1.Еуразия кеңістігіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістік: ЕурАзЭқ, Кеден Одағы.
- •2.ЖаҺандану жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Міндетті әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары: бөж №1 Өнімді-практикалық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №2 Өнімді-практикалық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №3 Шығрамашылық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №9 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №10 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №11
- •Бөж №14
- •Бөж №15 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж орындау жоспары
- •Бөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама
- •Реферат
- •Конспект
- •Тезис (түйін)
- •Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары:
- •Семинар №2
- •Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар№3
- •Семинар№5
- •Семинар№11
- •Семинар№14
- •Хх ғ. Басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасуы және даму кезеңдері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі:
- •Қосымша о туранском элементе в русской культуре
- •Россия и Европа глава III. Европа ли Россия? н.Я. Данилевский
- •Древняя Русь
- •Глава III. Сармато-готская эпоха (200 г. До н.Э.-370 г. Н.Э.)
- •1. Выводы главы. Источники и ссылки
- •2. Центральная Евразия в эпоху сарматов
- •Начертание русской истории Глава II. Киммерийская и скифская эра (1000-200 гг. До н.Э.)
- •2. Киммерийцы и скифы в Южной Руси
- •Г.В. Вернадский
- •Начертание русской истории. - сПб.: Издательство: "Лань", 2000.
Бөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама
Баяндама белгілі бір тақырып бойынша көпшлікі алдында, яғни тыңдаушылар алдында жасалынған толық жазылған ауызша хабарлама болып табылады.
Семинар сабақтарында жасалған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыра түсуге және студенттердің оқу және ғылыми материалдармен жұмыс істеу қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.
Баяндама дайындаудың кезеңдері:
1. Берілген тақырыпқа қатысты маңызды ғылыми еңбектерді оқу, оның тізімін оқытушы береді.
2. Оқыған материалға талдау жасау, тақырыпты барынша айқындайтын зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын, фактілерді және ғылыми жағдайларды бөліп көрсету.
3. Баяндама материалдарын логикалық жағынан дұрыс құру және талдап қорыту, мысалы, кеңінен ашып көрсетілген жоспар ретінде.
4.Баяндама мәтінін ғылыми еңбекке қойылатын талаптарды сақтай отырып жазу.
Баяндаманың құрылымы басқа ғылыми еңбектердегі сияқты үш бөлімнен тұрады:
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды.
Кіріспеде - баяндаманың тақырыбы көрсетіледі, оның басқа мәселелермен байланысы, орны және тақырыпты ашып көрсетуде қолданылатын дерек көздеріне қысқаша шолу жасалады.
Қорытындыда - әдетте қарастырылған мәселе бойынша жалпы қорытынды және негізгі тұжырымдамалар жасалады.
Негізгі бөлім - логикалық жүйемен құрылған болуы тиіс. Бұл бөлімде тақырып бойынша келтірілетін материалдар дәйекті де дәлеледі болу керек. Осылайша, баяндамамен жұмыс студентте тек қана жаңа білімді қалыптастырмайды, сондай-ақ, маңызды ғылыми-зерттеу шеберлігін, ғылыми таным әдістерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын игеруге мүмкіндік береді.
Баяндама түйіні – баяндама бойынша негізгі жағдайлар қысқаша түрде берілетін көлемі шағын мәтін. Алайда, түйін мәтіні көлемі шағын болғанымен, оны жазу баяндаманы жазудан қиынырақ келеді. Өйткені түйінде баяндаманың негізгі мазмұны сақтала отырып, соған сәйкес тұжырымдар жасалуы керек.
Реферат
Реферат – (лат. refere - «хабарлау») – нақты ғылыми материалдың: кітап, білім, ғылыми мәселе және т.б. мазмұнын жазбаша түрде қысқаша түрде баяндау. Студенттердің ғылыми жұмысының бұл түрі негізгі теориялық курстарды оқытқанда және арнайы қолданбалы пәндерді оқыған кезде де пайдаланылады.
Реферат студенттің өздігінен бір (монографиялық реферат) немесе бірнеше (шолу рефераты) ғылыми еңбектермен жұмыс істегенінің нәтижесі және онда олардың негізгі мазмұны көрініс табуы керек. Рефератты жазған кезде студент ғылыми мәтіндегі негізгі жақтарын, еңбекте арнайы қарастырылатын мәселені анықтай білуге және оны шешудің әдістерін автор (авторлар) қолданған жолдарды көре білу тиіс.
Рефераттың құрылымы нақты болуы қажет:
Монографиялық реферата әдетте шағын кіріспе бөлімі, онда қойылған ғылыми тақырыптың маңыздылығы көрсетіледі; негізгі бөлімінде еңбектің мазмұны ашып көрсетіледі, ал, қорытындысында автордың тұжырымдарын қысқаша түрде береді, егер ол болмаса, оны өзі жасайды. Осы арада, қорытынды рефераттың міндетті бөлімі болып табылмайды, көпшілік жағдайда ол жұмыстың мазмұнын баяндаумен аяқталады.
Негізгі бөлімнің құрылысы төмендегідей болуы мүмкін:
конспектілі, мұнда жұмыстың құрылымы еңбектің негізгі бөлімдерімен (тарау, бөлім, параграф және т.б.) толық сәйкес болып келеді;
фрагментті, еңбектің тек жеке бөлімдері қарастырылады (әдетте мұндай түрде көлемі үлкен және көп мәселе қарастырылатын еңбектер орындалады);
аналитикалық, мұнда қарастырылып отырған тақырып еңбек мазмұнының құрылымымен байланысты жасалмайды, бұл жағдайда реферат жоспары құрылып, сол бойынша мазмұны жасалады.
Шолу рефераты жалпы алғанда құрылымы жағынан ұқсас келеді; оның өзгешелігі: кіріспе алдында міндетті түрде реферат жоспары, соңында рефератта қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетеледі. Алайда, мұндай реферат түрімен жұмыс істеу қиын, өйткені, мұнда жеке ғылыми мәселе немесе теория бойынша бір немесе бірнеше авторлардың еңбектері арқылы негізгі әдебиеттерге шолу жасалады. Бұл жағдайда тек қарастырылған әдебиеттердің негізгі мазмұнын ғана бөліп көрсетуге талап қойылмайды, сонымен қатар олардың әрқайсында мәселенің (теорияның) қай қырлары ашылып көрсетілетіндігін және кейбір жақтарына салыстыру, жалпылау жасау, олардың өзара байланысын, өзгешіліктерін ажырату керек. Мұндай рефераттар құрылымы жағынан әртүрлі болып келеді. Деректер белгілі бір кезең бойынша (пайда болу уақыты жағынан, жұмыстың маңызы бойынша және т.б.) жеке түрде немесе аналитикалық, яғни әртүрлі деректерде мәселенің әр қырынан көрініс табуы қарастырылады.
Дайын рефератты студент оқытушыға тексеруге береді, оны тексерудің басты формасы – рецензиялау болып табылады. Сол сияқты басқа да түрлері, мәселен, студенттермен жұмысты өзара рецензиялау немесе рефератты семинарда немесе студенттер конференциясында ауызша баяндама ретінде тапсыру.
Рефераттар студенттердің семинар сабақтарындағы жұмысында да қолданылады. Мұндай жағдайда олар тілек бойынша орындалады және сабақта одан әрі қарай топтағы басқа студенттермен талқылау мақсатында оқылады.
Жалпы рефератпен жұмыс істеу студенттерге, зерттеушіге аса маңызды шеберліктерді игеруге, атап айтқанда: ғылыми мәтінмен жұмыс істеуге, ондағы негізгісін, маңыздысын бөліп көрсетуге, оларды өз сөзімен жеткізе білуге, зерттелген материалдарды жүйелеуге және бірізді құруға мүмкіндік жасайды.