- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •Глоссаримен жұмыс істеудің әдістемелік нұсқауы
- •Глоссарий
- •Прототүріктер – түріктерге дейінгі тайпалар (үйсін, қаңлы, ғұн, сақ).
- •Дәріс 1.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 2. Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтырудағы рөлі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 7. Л.Н. Гумилевтің түркі көшпелі өркениетінің ерекшеліктері мен еуразияшылдық идеясын дамытудағы рөлі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 12.
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс 15.
- •1.Еуразия кеңістігіндегі Бірыңғай экономикалық кеңістік: ЕурАзЭқ, Кеден Одағы.
- •2.ЖаҺандану жағдайындағы еуразиялық интеграциялық үдерістер.
- •Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •Міндетті әдебиеттер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:
- •Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары: бөж №1 Өнімді-практикалық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №2 Өнімді-практикалық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №3 Шығрамашылық деңгей:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №9 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №10 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж №11
- •Бөж №14
- •Бөж №15 Студенттің өздік жұмысы тапсырмалары:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бөж орындау жоспары
- •Бөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама
- •Реферат
- •Конспект
- •Тезис (түйін)
- •Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары:
- •Семинар №2
- •Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Семинар№3
- •Семинар№5
- •Семинар№11
- •Семинар№14
- •Хх ғ. Басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері, қалыптасуы және даму кезеңдері
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі:
- •Қосымша о туранском элементе в русской культуре
- •Россия и Европа глава III. Европа ли Россия? н.Я. Данилевский
- •Древняя Русь
- •Глава III. Сармато-готская эпоха (200 г. До н.Э.-370 г. Н.Э.)
- •1. Выводы главы. Источники и ссылки
- •2. Центральная Евразия в эпоху сарматов
- •Начертание русской истории Глава II. Киммерийская и скифская эра (1000-200 гг. До н.Э.)
- •2. Киммерийцы и скифы в Южной Руси
- •Г.В. Вернадский
- •Начертание русской истории. - сПб.: Издательство: "Лань", 2000.
Әдебиеттер тізімі:
1. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егеменді Қазақстан, 2010 жылғы 18 мамыр.
2. Нысанбаев А. Н., Абенов С. М., Бакаев Л. К. и др. Евразийская интеграционная политика Республики Казахстан: проблемы и перспективы. Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
3. Назарбаев Н. А. Евразийский экономический союз: теория или реальность // Известия.-2009.-19 марта.
Дәріс 14.
Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік
Мақсаты: Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікті қарастыру.
1.Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа индустрияландырудың жаңа жолы
2. Кеден одағы -еркін сауда жасасу мүмкіндігі
Негізгі түсініктер: еуразиялық интеграция экономикалық кеңістік, Біртұтас экономикалық кеңістік
Адамзат қоғамы өмірдің әр түрлі саласында жаңа идеялардың пайда болуы, бекуі, таралуы және жүзеге асуы нәтижесінде алға қарай басып келеді. Ал идея қоғамның кез келген мүшесінің бойында қайнап жетілуі мүмкін. Бірақ оны кез келген қоғам мүшесі жүзеге асыра алмайды. Өйткені ол үшін қайраткерлік әрекет керек. Ағылшын жазушысы және философы Томас Карлейлдің “білім адамға бәрін береді, ал әрекет оның тұлғасын жарқыратып көрсетеді, даңқ әкеледі” деуі осыған байланысты болса керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы идеяны неғұрлым жаңа қырынан және прагматикалық тұрғыдан көтерді. Қазіргідей жаһандану үрдістері қарқын алған тұста Еуразия халықтарының тұрмыс-тіршілігін, ортақ тарихи-мәдени арналарын біріктіре, кеңейте түсуге үндеген бұл идея негізінен соған ықпал ететін экономикалық алғышарттарды қалыптастыру мәселесіне бағытталды. Сондықтан бұл идея өзінің алғашқы пайда болу кезінен бастап алдыңғы қатарлы көптеген адамдардың жүрегін баурап алды. Кез келген ұлы идеяның өмірде қиындықпен жол салатыны секілді оның қарсыластарының болмай қалмағандығын айтуға тиістіміз. Кейбіреулер оны орындалмайтын арманға балағаны шындық.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық – ТМД кеңістігіндегі қызметі ең дамыған өңірлік бірлестіктердің бірі болып табылады. Бұл қоғамдастық Елбасының бастамашылдығымен 2000 жылдың 10 қазаны күні оған қатысушы мемлекет басшыларының Астана басқосуында құрылған болатын. 2003 жылдың желтоқсан айында бұл ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қасындағы байқаушы мәртебесіне ие болды.
Қоғамдастық қызметінің негізгі мақсаты – оған қатысушы мемлекеттер арасында бірыңғай экономикалық кеңістік құру арқылы сауданың еркіндігіне, елдер шекарасынан осы мемлекеттерде өндірілетін тауарлардың кедергісіз жылжуына қол жеткізу. Бұл міндет пен мақсат 1999 жылдың 26 ақпанындағы Кеден одағын қалыптастыру мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы алғашқы келісімнің өзінде айқындалған болатын.
ЕурАзЭҚ осы мақсатқа қол жеткізу бағытында неғұрлым шапшаң қарқынмен алға жылжу үстінде. Содан бері ұйым аясында көптеген құжаттар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың арасында 2007 жылдың 6 қазаны күні Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық кеңес отырысында қабылданған Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшыларының Кеден одағын құру жөніндегі келісімдік-құқықтық базаны қалыптастыру туралы шешімінің маңызы ерекше болғандығын айта кетпекпіз.
Содан кейінгі жерде валюта саясаты, капиталдың еркін қозғалуы және инвестициялық саясат саласында тараптардың өзара қатынастарын ретке келтіретін бірқатар халықаралық келісімдер, Кеден одағының комиссиясы туралы шешім дүниеге келді. Сонымен қатар ЕурАзЭҚ-ты дамытудың басым бағыттарын жүзеге асырудың 2008-2010 және одан кейінгі жылдарға арналған шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен қатар инвестицияларды ынталандыру мен өзара қорғау, энергетикалық рынокты ақпараттық тұрғыда қамтамасыз етудің ортақ жүйесін қалыптастыру, ЕурАзЭҚ-тың техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйесін құру туралы шешімдер қабылданып, қоғамдастық жұмысының одан әрі алға басуына мүмкіндік жасалды. Ортақ энергетикалық рынокты қалыптастырудың тұжырымдамасы бекітілді.
2008 жылдың 19-21 желтоқсаны аралығында біздің Елбасының бастамашылдығымен Бурабайда өткен Армения, Қазақстан, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан президенттерінің бейресми жағдайдағы кездесуінің де маңызы үлкен болды. Осы басқосуда қоғамдастықтың 10 млрд. доллар көлеміндегі Дағдарыспен күрес қорын және Жоғары технологиялар орталығын құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.
Сөйтіп, ЕурАзЭҚ қызметі ТМД елдеріндегі басқа ұйымдармен салыстырғанда жемісті жұмыс жасап, жылдан жылға алға басу үстінде. Мұның өзі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялану жөніндегі идеяларының өміршеңдігін, халықаралық деңгейдегі қайраткерлік қимыл әрекеттерінің табыстылығының айқын көрінісі деп айта аламыз.
Дегенмен, осы жолғы Минск басқосуының қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей мен Беларусь арасында аталған басқосуда дүниеге келуге тиіс Кеден одағына қатысты аздаған кикілжіңдердің бар екендігі де байқалып қалған еді. Осыған байланысты басқосуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін әр елден келген журналистер қауымы бір-бірімен әңгімесінде жоспарланып отырған шараның кейінге сырғуы мүмкін деген қауіптерін де білдіріп жатты.
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіне қатысуға келген ел басшыларының кездесу регламентіне аздап өзгеріс енгізілетіні мәлім болды. Мемлекетаралық кеңестің төрағасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Кеден одағына қатысты құжаттарды талқылау үшін ең алдымен Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің үшеуара кездесу өткізіп, мәселені неғұрлым тар шеңберде талқылайтындығын мәлім етті. Сөйтіп, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің осы жолғы отырысында ең негізгі және түйінді мәселе Кеден одағын құруға қатысты құжаттарды талқылау болатындығы белгілі болды.
Үш мемлекеттің басшысы аталған мәселені 2 сағат бойы талқылады. Сөйтіп барып ортақ келісімге қол жеткізілді. Мұнан кейін болып өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің тар шеңберде және кеңейтілген құрамда өткен отырыстары Кеден одағының дүниеге келгендігін әйгіледі. Отырыс жүріп жатқан Минскідегі орталық кітапханада залды торлап алған толғанысты сәттер осылайша шешімін тапты. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттерінің арасында Кеден одағының құрылғандығын, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап осында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес аталған мемлекеттерде бірыңғай кеден тарифінің орнығатындығын, ал сол жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеуге кірісетіндігін жан-жақтан жиналған журналистер әлемнің әр шалғайына жедел түрде таратып жатты. Артынан журналистермен болған баспасөз мәслихатын ашқан Александр Лукашенко бұл басқосуды тарихи басқосу болды деп мәлімдеді. “Беларусь жері халықтар тағдырына әсері мол тарихи оқиғалардың мекеніне айналды. Осында 1991 жылы Беларусь, Украина, Ресей республикаларының басшылары Белавежье келісіміне қол қойып, Кеңес Одағының өмір сүруі тоқтағандығын мәлімдеген еді. Енді біз Минск келісіміне қол қойып, Кеден одағының құрылғандығын әйгілеп отырмыз”, – деді ол. “Белавежье келісімі жан-жаққа ыдырауды бастап берген, ал біз бірігуге үндейтін келісім жасадық”, – деді Ресей Президенті Дмитрий Медведев өз сөзінде.
Осы баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізілген келісімнің экономикалық тиімділік қырларын ашып берді. Кеден одағын құрудағы ең маңызды шарт ЕурАзЭҚ аясында Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру екендігін, бүгінгі қол қойылып отырған бірыңғай кедендік тариф пен Одақтың Кеден кодексін қабылдау осы мақсатқа жетудің тарихи маңызды қадамы болатындығын атап көрсетті.
Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру біздің елдерімізге не береді?
Біріншіден, бірыңғай кеден аймағының құрылуы елдердің әртүрлі бағыттары бойынша кең көлемді ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік береді. Бірлескен өндірістер мен кооперациялар құру әрекеттерін белсенді етеді. Мұның өзі жаңа индустрияландыруды жүзеге асыру, сырттан болатын тауарлар экспансиясынан бірлесіп қорғану үшін өте маңызды.
Екіншіден, үш мемлекеттің азаматтары кедендік төлемдерді қаттамай-ақ өзара еркін сауда жасасу мүмкіндігіне ие болады.
Үшіншіден, құрылатын ортақ рынок 2 трлн. доллар көлеміндегі ауқымды инвестициялар тарту үшін де өте тиімді. Демек, кәсіпкерлер қосымша ресурстар тарту мүмкіндігіне ие болады.
Төртіншіден, бұл рынокта бәсекелестік ықпалы күшейеді. Мұның өзі тауарлар мен қызметтер сапасының артуына алып келеді. Осы арқылы халықтың өмір сүру деңгейі жақсара түседі.
Бесіншіден, Одаққа біріккен мемлекеттердің транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері қалыптасады. Бұдан мемлекеттің кірісі артады. Осы арқылы ол бизнес пен халықты қолдауда жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Сарапшылардың алдын ала болжамына қарағанда, бірыңғай кеден кеңістігін қалыптастыру 2015 жылға таман оған қатысушы елдердің ішкі жалпы өнім көлемін 15 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Елбасы осылай дей келе кеден кеңістігін құрудың Ресейге, Беларусьқа, Қазақстанға қанша табыс әкелетіндігін де айтып өтті. Мұндай кеңістікті құру болашақтың жоспары – Еуразиялық экномикалық одақты құрудың негізі болып табылатындығын атап көрсетті.
Сонымен қатар осы басқосуда ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің ортақ сақтандыру рыногын құру жөніндегі қаттамаға қол қойылды. “Бүгін біз Әділет министрлері кеңесіне ЕурАзЭҚ-тың жанама органы мәртебесін беру туралы шешімге келдік. Мұның өзі қоғамдастыққа қатысатын барлық елдердің келісімді құқықтық саясатын қалыптастыру ісіндегі маңызды қадам болып табылады”, – деді Елбасы. Сондай-ақ осы басқосуда қоғамдастықтың 2010 жылға арналған бюджет саясаты туралы жолдаудың қабылданғандығын және қоғамдастықтың ішкі шекара режімін ұстаудың негізгі қағидаттары туралы ереженің бекітілгендігін айтты.
Баспасөз мәслихатында мәлім болған тағы бір мәселе келесі жылдан бастап Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесіне Қазақстан жағы, атап айтқанда, біздің Елбасымыз төрағалық ететін болады. Осы хабарды журналистерге жеткізген Александр Лукашенко желтоқсан айында Алматыда мемлекет басшыларының бейресми жағдайда басқосуы болатындығын, онда 2010 жылдан бастап Кеден одағын құрудың нақты тетіктері одан әрі талқыланатындығын жеткізді.
Бұл басқосу Елбасымыздың еуразиялық идеясын жүзеге асыруға негіздеген батыл практикалық қадам болды деп айқын айта аламыз.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кезде посткеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдасудың тиімді және тиімсіз жақтарын салыстыра отырып қарастыру.