Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu.doc
Скачиваний:
148
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

Әдетте, «билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.б.

Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқыты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады?Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:

Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді. АҚШтың Конституциясында кез келген АҚШ азаматы Президент бола алады деп көрсетілген. Бір тарихтағы президенттердің бірде-бірі кедей отбасынан шықпаған.

Әлеуметтік әдіс-құралдар.Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Оларға көптеген рөлдер мен статустар беріледі.

Күш жұмсау құралдары.Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, түрме және т,б,

Ақпарат құралдары.Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл әлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін айтылмаған.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.

4- т а қ ы р ы п БИЛІК ЖӘНЕ САЯСИ РЕЖИМДЕР

Дәрістің мақсаты Биліктің жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері түрлерін жіктеу, саяси режимдерге тән ерекшеліктерін қарастыру, түрлі қоғамдағы еркіндік деңгейлерін саяси режим түрлеріне сәйкес анықтау, демократиялық режимге тән белгілер, тоталитаризм және авторитаризм түрлері, оларға тән белгілерді салыстырмалы түрде анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Биліктің жүзеге асуы. Саяси режимдер

Антидемократиялық режимдер

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: саяси режим, сөз бостандығы, азшылықтың көпшілікке бағынуы, демократияның негізгі теориялары, тоталитаризм, фашизм, национал-социализм, комммунизм, авторитаризм, әскери-бюрократиялық режим

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Биліктің жүзеге асуы. Саяси режимдер

Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мәнді сипаттамасы.

Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік-саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады.

Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді.

Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады.

Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.

Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық және антидемократиялық режимдер.

Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.

Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.

Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:

Билік көзі халықта;

Сөз бостандығы;

Сайлаудың ашық жүргізілуі;

Азаматтардың тең құқықты болуы;

Азшылықтың көпшілікке бағынуы;

Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.

Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)

Антидемократиялық режим түрлеріне тоталитаризм және авторитаризм жатады.

Антидемократиялық режимдер

Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды.

Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды. Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен (лат. totalis-жалпы, жаппай, барлығын қамтитын), яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгігрек философы Платон (б.д.д.428-348 жж) ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті.

Қытай императоры Цинь Ши-Хуанди (б.д.д. 259-210 жж) Фацзы (легистер) мектебінің идеяларына сүйене отырып, билікті орталықтандыру мен бірпікірлілікті қалыптастыру арқылы тоталитарлық идеяларды жүзеге асыруға талпынды. Ол ұлы қытай ойшылы Конфуцийдің еңбектерін еркін ойлаудың уағыздаушысы ретінде отқа жақты.

Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер осы ХХ ғ. пайда болды.

Итальяндық фашистердің лидері Бенито Муссолини өзінің 1932 ж. жарық көрген «Фашизм доктринасы» атты еңбегінде тоталитаризмнің бір түрі фашизмнің идеологиялық концепциясын нақты және айқын түрде баяндап берді. Онда ол, ең алдымен,мемлекетшіл ретінде көрінеді. Ол: «Мемлекет халықтың ұжданы мен еркінің білдірушісі болды. Либерализм Мемлекетті индивид үшін жоққа шығарды; фашизм индивидтің нағыз мәнінің жоқтаушысы ретінде Мемлекет құқығына көңіл аударады» деп есептеді.

Мемлекеттің басымдылығына баса назар аудара отырып, ол әрдайым бұл терминді бас әріппен жазады: «Мемлекеттің фашистік концепциясы барлығын қамтиды: одан тыс ешқандай адами, рухани құндылықтар болмайды немесе ондай құндылықтардың мәні өте төмен болады. Осындай түсініктегі фашизм тоталитарлық және фашистік Мемлекет – ол өзіне барлық құндылықтарды жинап алатын синтез және бірігу, - халықтың барлық өмірін түсіндіреді, дамытады және күш береді».

Муссолинидың доктринасында күш көрсету факторы неміс национал-социализмі мен кеңес коммунизмі доктриналарындағыдай айқын көрінбейтіндігін байқауға болады.

Адольф Гитлердің атышулы «Менің күресім» атты кітабында герман национал-социализмінің болашақ саяси практикасы ашық түрде баяндалған. Онда бірінші орында – национал-социалистік мемлекеттің мүдделері, нәсілшілдік, сонымен қатар антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі баяндалған.

Тоталитарлық жүйе ретіндегі коммунизм идеологиясы жаңа тапсыз қоғам құрудың кеңестік тәжірибесінің негізінде қалыптасты. Әрине, оның бастапқы принциптерін К.Маркс берген болатын, ол пролетариаттың таптық диктатурасының ерекше креативтік рөлі туралы ережелерінде еуропалық елдердегі революциялық тәжірибені зерттеу негізінде осы диктатураның тарихи болмай қалмайтындығы мен қажеттілігін баса атап өтті. К.Маркстың іліміндегі пролетариат диктатурасын орнату қажеттілігі идеясын мойындай отырып, В.И.Ленин бұл диктатураның орнауы таптық күрестің тарихи кезеңіне, азамат соғысына, мемлекетаралық қайшылықтарға алып келеді деп көрсетті. Аталған саяси процесте күш көрсету факторы шығармашылық рөл атқарады. Тек күш қолданудың негізінде ғана жаңа қоғамның пайда болуы және дамуы мүмкін.

Яғни, «сталинизм» ерекше ілім болып саналмайды, өйткені ол өзінің мазмұны бойынша Лениннің тоталитарлық идеяларын іс жүзінде толықтай жүзеге асырған тоталитарлық практика еді.

Тоталитарлық режимдер демократиялық дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нәтижесінде демократиясы күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, Югославия. Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен тоталитарлық тенденциялар қалыптасты.

Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.

Авторитарлық режимИордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде және т.б. елдерде қалыптасқан.

Авторитарлық режимкезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Қоғамда сайлау, көппартиялық жүйе қалыптасқанымен ол мемлекетке тәуелді. Азаматтар биліктен алшақтатылған, билікті бақылай аламйды. Басқарудың күш көрсету құралдарын пайдалана отырып жүргізілетінін көруге болады. Мемлекет басында тұрған адам өзінің үстемдігін шексіз жүргізе алады. Оны шектейтін демократиялық элементтер, мемлекеттің тармақтарының болуы формалді түрде. Тағы да бір ерекшелік: мемлекет тұтас бақылаудан бас тартқан. Адам саяси жүйеден басқа әлеуметтік, экономикалық, мәдени және тағы да басқа салаларды өз таңдауын жүзеге асыра алады.

Авторитарлық режим. Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақталуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.

Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, - онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анықталынған, саяси жинақылық төмен.

Қоғам үшін ашықтықтың белгілі бір дәрежесі мен саяси бәсекелестіктің болуы тән. Саясат элитарлық әрекет деп танылып, саяси элита топтарының арасында ашық, заңдастырылған саяси күрес жүреді. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл, мәселен өнеркәсіптік және аграрлық экономикалық элиталардың арасындағы күрес болуы мүмкін. Мысалы, XVII ғ. Ағылшын революциясы 1688 ж. даңқты революция деген атауға ие болған оқиғамен аяқталды, соның нәтижесінде күресуші элитарлық топтар арасында келісімге қол жеткізілінді. Осы компромисс және одан кейінгі саяси процесс Англияда саяси консесуалдық мәдениетті қалыптастырып, Англияның саяси өмірінің ірге тасын қалады.

Ағылшын демократиясының көптеген ерекшеліктері өздерінің тамырын осы саяси дәстүрден алған.

Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимінде қатаң әлеуметтік қарсы тұру жоқ болғандықтан, бұл режим біртіндеп либералдық демократия режиміне өзгеруі мүмкін.

Авторитарлық-бюрократиялық режим.

Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең маңызды саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағдарыстың таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау. Сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үндеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады.

Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады.

Авторитарлық-әскери режим.

Әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген әскерилер қалыптастырған режим. Оған дағдарыстан шығудың жолын іздеу және төтенше, әскери тәртіптерді орнатуға ұмтылу тән. Бұл режим кезінде халықтың саяси белсенділігі айтарлықтай жоғары болмайды, қоғамда төтенше заңдар әрекет етеді. Жеке адамның бостандығы, құқығы шектелінеді, жаппай күш көрсетудің ашық шараларын қолдану заңды деп танылады.

Алайда әскерилер экономиканы тиімді басқара және әлеуметтік мәселелерді жемісті шеше алмайтындықтан, әскери режим өз танымалдығын тез жоғалтып алады. Сонымен қатар әскери режим үшін негізгі қауіпті әскерилер арасындағы жікшілдік тудырады. Қатардағы әскери бұқараға жақын тұрған атаққұмар полковниктер төңкеріс жасау арқылы генералдарды билік басынан тайдыруы мүмкін.

Әрине, әр халық өзіне лайық саяси режимді қалыптастыра алады. Бұған тек жоғарыдағы мемлекеттік билік қана емес сонымен бірге халықтың менталитеті де әсерін тигізеді. Сондықтан қай елде қандай режимнің қалыптасып, дамуы үлкен күрделі үрдіс болып табылады.

5- т а қ ы р ы п ДЕМОКРАТИЯ ТЕОРИЯСЫ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ БҮГІНІ

Дәрістің мақсаты демократиялық режимнің мәнін анықтау, демократияға тән белгілер мен оның теорияларын қарастыру, демократияның қазіргі кездегі теорияларын зерттеу, осы теориялар негізінде оның түрлерін анықтау

Сұрақтардың тізімі:

Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар

Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: халық билігі, жүйелі сайлау, шумпетерлік теория, плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теориялар, тура, өкілдік және плебисцитарлық демократия

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар

Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетге ұйымдастырушы, конституциялық биліктін, халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға ез өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен жөне референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен катар демократиялық принципке жүйелі турде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ен, алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-езі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дүрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке багынуы жататын., Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, сонымен санасу керектігі мойындалды.

Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған". барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердін, болуы, тізім бойьшша сайламау, демократиянң үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.

Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі.

Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.

Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия әлеуметтанушысы өзі аттас «шумпетерлік» теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.

Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:

Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс.

Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы тиіс. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды.

Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Ол құрам орта тап өкілдерінен құралуы тиіс.

Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды.Саяси процеске қатысушы әрбір адам өзін-өзі тежеп отырмаса, қандай демократия болуы мүмкін.

Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары

Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап көрсетуге болады: тура,

плебисцитарлық, өкілдік. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан

шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Оны біраз жағдайларды екіұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

6- т а қ ы р ы п ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ САЯСИ ЖҮЙЕЛЕР

Дәрістің мақсаты саяси жүйе ұғымына анықтама беру, саяси жүйенің құрылымына зерттеу, саяси жүйелердің түрлерін анықтау, саяси жүйе теорияларын зерттеуші Д.Истон, Г.Алмонд, Т.Парсонс сынды ғалымдардың теорияларының мәнін ашу, саяси жүйе «кіріс» және «шығыс» қызметінің мәнін анықтау. Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық пен саяси тұрақсыздық түрлерін қарастыру.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлері

Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: Саяси жүйе, институционалды, нормативті, коммуникативті және мәдени құрылым, саяси жүйенің «кірісі» және «шығысы», саяси тұрақтылық, саяси тұрақсыздық,

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлері

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.

Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:

Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;

Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;

Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады

Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;

Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.

Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген.

Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.

Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.

Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.

Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық

Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.

Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық.

Абсолютті тұрақтылық тек теориялық тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз.

Саяси тұрақтылықты орнатудың екі жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Екі жолдың қайсы жағымды, қайсы жағымсыз екені қазіргі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.

Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы. Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер.

Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері:

Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;

Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;

Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;

Солшыл радикалды идеялар деңгейі;

Саяси плюрализм деңгейі.

7- т а қ ы р ы п МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

Дәрістің мақсаты мемлекет ұғымының саяси мәнін ашу, оның белгілерін анықтау, мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары мен оның өкілдерін қарастыру, мемлекеттің нысаны, соған сейкес мемлекеттің түрлерін ажырату және мысал келтіру, мемлекеттің атқаратын қызметі мен міндеттерін қарастыру.

Сұрақтардың тізімі:

Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

Мемлекет түрлері мен қызметі

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: мемлекет, тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттің нысандары, мемлекеттің пайда болу теориялары, басқару нысаны, мемлекеттің құрылымы, вето құқығы, сенімсіздік вотумы, импичмент, Конституция, Парламент, Президент, республика, монархия, конфедерация

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».

Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыда қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.

Мемлекеттің белгілері:

Территория

Тәуелсіздік немесе егемендік

Мемлекеттік билік

Халық

Салық салу құқығы

Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:

Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс);

Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған.

Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған

Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович);

Маркстік концепция (К. Маркс);

Теологиялық тұжырымдама (А. Августин);

Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).

Мемлекет түрлері мен қызметі

Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.

Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

Абсолютік монархияның белгілері:

  • монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;

  • Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

Конституциялық монархияның белгілері:

  • Конституция монарх билігін шектейді;

  • монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;

  • үкімет монарх алдында жауапты емес.

Дуалистік монархия белгілері:

  • билік монарх пен парламент арасында бөлінген;

  • монарх үкіметті тағайындайды;

  • монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

Президенттік республика белгілері:

  • Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

  • Президент үкіметті құрады;

  • Үкімет президент алдында жауапты;

  • Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

Парламенттік республика белгілері:

  • Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

  • Президентті парламент сайлайды;

  • Үкімет парламент алдында жауапты;

  • Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

  • Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

Оның белгілері:

  • Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

  • Президент кең құзыреттерге ие;

  • Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекетті біріктіреді:

  • ортақ Конституция;

  • ортақ заң шығарушы орган;

  • ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;

  • ішкі шекараның болмауы;

  • ортақ саясат.

Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

  • заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;

  • аймақтардың мәселелерін ескермеу;

  • этностық топтардың пікірімен санаспау.

Федеративті мемлекет белгілері:

  • бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;

  • федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;

  • территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;

  • саяси салада орталыққа бағынған.

Конфедерация белгілері:

  • ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;

  • азаматтық ортақ емес;

  • ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?

Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

  • экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;

  • әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;

  • заңдылықты қамтамасыз етеді;

  • мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

  • Сыртқы қызметіне жататындар:

  • мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;

  • өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;

  • ауқымды мәселелерді шешуге араласу;

  • басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

8- т а қ ы р ы п ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

Дәрістің мақсаты

Сұрақтардың тізімі:

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні

Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер:

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні

Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.

Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.

Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.

Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.

Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.

Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.

Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген.

9- т а қ ы р ы п САЯСАТТАҒЫ ДАУ-ЖАНЖАЛ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС

Дәрістің мақсаты Льюис Козер, Ральф Дарендорф, Кеннет Баулдинг сияқты ғалымдардың шиеленістер теориясы бойынша берген анықтамаларының мәнін ашу, шиеленістердің пайда болу себептері, оның түрлерін қарастыру және олардың шешу жолдарын анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси дау-жанжал және дағдарыс

Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жолдары

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: конфликтология, дау-жанжал, мұқтаждық, мәміле, келіссөздер, компромисс, консенсус, автономия, сепаратизм

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саяси дау-жанжал және дағдарыс

Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.

Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.

60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф "қоғамның дау-дамайлық үлгісін" алға тартты. Ол "Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер" деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген.

Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: "Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз" дейді.

Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.

Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с

Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.

Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр.

Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты.

Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның "таза" даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.

Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.

1.   Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

2.  Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.

Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған.

Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.

Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар.

Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды

Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жолдары

Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар:

Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді.

Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

10- т а қ ы р ы п САЯСИ ПАРТИЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚР-дағы ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Дәрістің мақсаты партиялардың пайда болуы мен даму кезеңдерін қарастыра отырып, олардың мемлекеттік биліктегі алатын орнын анықтау, партиялардың қоғам өміріндегі саяси маңыздылығын ашу, саяси партиялардың жіктелуіне тоқтала отырып, оларға сипаттама беру. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, олардың қызметтерін заңмен реттеу, ҚР сайлау жүйесіне тоқталу.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер:

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:

аристократиялық котерийлер (үйірмелер);

саяси клубтар;

көпшілік партиялар.

Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген.

Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.

Партиялардың негізгі қызметтері:

жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;

басқа партиялармен бәсекелестікте болу;

белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;

мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;

қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.

Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады.

Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер ететіні сөзсіз.

Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:

берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;

сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастрыу жағын көрсетеді.

Сайлаушылардың берген даусын санау тәсілі мен депутаттық мандат беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады.

Енді осы сайлау жүйелеріне байланысты қолданылатын сайлау кампаниялары, жарнама, ПР, сайлау үлгілеріне тоқталып, олардың Қазақстанда қолдану ерекшеліктеріне мән беруге тырысамын. Демократия көшіне бет алған тәуелсіз мемлекетіміздің кәсіби тұрпатта кемелденуін саралаудың мақсатты жолында төл сайлау жүйесін жетілдіру үшін әлемдік өркениет тәжірибесіне де назарымызда аударуымыз қажет деп ойлаймын.

Жоғарыда айтылғандарды қарасақ, алыс және жақын шет елдердегі саяси технологиялар тәжірибелерін және либералдық демократиялық дамуын зерттеудегі әдіснамалық негіздің пайда болуы мен даму тарихына деген қызығушылық заңды және негізі бар құбылыс болып табылады. Соңғы жылдары қазақстандық қоғам терең, сапалы өзгерістерді басынан өткеруде, ол әлеуметтік-саяси жүйенің фундаменталды параметрлерін радикалды құрастыруымен байланысты. Мемлекеттің саяси іс-әрекетке монополиясынан бас тартуы, плюралистік және полисубъекті ретінде қазақстандық саяси өмірдің қалыптасуы жаңа парадигмаларды қажет етеді және практикалық қайта құру саласында, саяси нақтылықты теориялық ұғыну жағынан да осындай талаптар бар.

11- т а қ ы р ы п САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ КӨСЕМДІЛІК

Дәрістің мақсаты элита теориясын зерттеуші итальян ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михэльс және т.б. ғалымдардың қоғамдағы басқарушылардың қалыптасуы, олардың ауысып тұру үрдістері туралы теорияларының мәнін ашу, элита және лидерлердің түрлері, элитаға таңдаудың жүйелері, олардың түрлерін анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

Саяси көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: элита, элиталардың айналым теориясы, саяси элиталарды рекруттау, антрепренерлік және гильдий жүйелері, ту ұстаушы лидер, қызметші лидер, саудагер лидер, өрт сөндіруші лидер

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

«Элита» термині француздың elite деген сөзінен шыққан таңдап алынған, сұрыпталған деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, экономикалық, рухани, әскери т.б.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;

Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

Жоғарғы элита;

Ортаңғы элита;

Әкімшілік элита.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

Саяси көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері

Саяси лидерлік жеке тұлғаның, саяси топтың бұқарамен өзара әрекетте болуымен байланысты ерекше функция. Лидерлік тұлғаны, саяси топтар осы мәртебеге лайық деп таныса ғана мүмкін болады. Ал лидер танылуы үшін лидерге тән қасиеттерді иеленіп, оларды көрсете алуы тиіс. Олардың ішіндегі ең бастысы - бұқараның барлық құрамдас бөліктерінің әрекеттерін біріктіру мақсатында оған ықпал ете алу қабілеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, егер лидер саясатты жобалап, жүзеге асырса да саяси лидерлік болуы мүмкін. Ол мақсаттарды жобалауды және оны адамдардың тіршілік әрекетінің негізіне айналдыруды қамтамасыз етуі керек. Сондықтан кез келген әлеуметтік лидердің саясаткер болуы шарт. Саясат – лидер қызметінің мәнді аспектісі. Макс Вебер лидерліктің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетеді:

І. Дәстүрлі лидерлік. Әлеуметтік топтың тұлғаны лидер деп тануы қалыптасқан дәстүрдің негізінде өтеді. Негізгі өлшемдері:

а) тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, оның шыққан тегі, осы тұлғаны қалыптастырған кіші әлеуметтік ортаның беделділігі;

ә) өмірлік тәжірибесі мен лидерлік функцияны атқаруға ынтасының болуы:

б) әлеуметтік топтың тұлғаның лидерлік функцияларды атқару үшін қажетті қасиеттерін тануы, қолдауы және бағынуы.

ІІ. Харизматикалық лидерлік.Елден ерек, айрықша жеке қасиеттерінің арқасында тұлғаның ерекше құндылығын әлеуметтік топтың тануы. Харизманың қалыптасуы тұлғаның өмірі мен қызметін белгілі бір тұрғыда мифологияландырумен байланысты. Харизматикалық лидерлер адамдардың қалың бұқарасын тартатын ірі, түпкілікті қайта өзгерістердің қажеттілігі туындайтын әлеуметтік дағдарыстар кезеңінде пайда болады. Дін Адам-Құдай мәртебесін берген Иса пайғамбардың (егер осы тұлға шынымен өмір сүрген болса), Мұхаммед пайғамбардың харизматикалық лидерлер екендігі даусыз. Харизматикалық лидерлер қатарына Махатма Ганди, В.И.Ленин және басқа да саяси қайраткерлерді жатқызуға болады.

Харизматикалық лидерлердің ойлары мен сезімдері, қызметтері – ірі әлеуметтік қозғалыстардың белгісі болып саналатындықтан, де олардың ықпалы өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы сақталынады. Бірақ шынайы өмірде бұқараның әлеуметтік үміті ақталмайды, сондықтан уақыт өте келе харизматикалық лидер өз ықпалын жоғалта бастайды.

ІІІ. Ресми-бюрократиялық лидерлік.Ол бюрократиялық жүйеде болады және лауазымдық лидерлік болып табылады. Бюрократиялық жүйе қатаң иерархияланғандықтан,лидерлік функция осы жүйедегі жоғарғы эшелонның өкіліне беріледі. Мұндай лидерлік тұлғаның жүйе құндылықтарын берік ұстанушылығын, жүйедегі мінсіз жүріс-тұрысын, басқару тәжірибесін, жеке қасиеттерін, жүйе ішіндегі байланыстары мен қолдауын ескере отырып ішкі сұрыптау негізінде қалыптасады. Мұнда тұлғаның көрнектілігі мен таланты басты емес, функционалдық міндеттерді қатаң орындау, тәртіптілік, аппараттық жұмыс мәдениетін игеруі мейлінше құнды болып табылады.

Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.

Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.

Алайда, лидерлік функцияның типінен, оны жүзеге асыру тәсілінен тәуелсіз лидерлік:

а) ортақ мақсатқа жету жолында топ мүшелерін біріктіруді;

ә) осы топқа кіретін адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді;

б) топтық құндылықтардың қалыптасуы мен олардың жүйеленуіне ықпалын тигізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Саяси лидерлік – саясат сферасында жүзеге асатын әлеуметтік лидерліктің бір формасы. Саяси лидерлік тұлғадан кәсіби қызмет үшін қажетті қасиеттердің бар болуын талап етеді. Бұл қасиеттер әртүрлі болып келеді. Оларды жалпы түрде былай топтауға болады:

1. Салмақты саяси шешімдер қабылдауға қажетті дағдылардың, іскерлік пен білімнің болуы. Бұл үшін адамдардың мүдделерін білуі, оларды біріктіре әрі саясат сферасына икемдей алуы керек.

2. Мақсаттылықты, ерік пен ұйымдастырушылық талантты талап ететін шешімдерді жүзеге асыра білу қабілеттілігі.

Саяси лидердің функциясын тиімді түрде жеке индивид, тұлға емес, саяси партияға ұйымдасқан саяси топ атқара алуы мүмкін. Саяси партияның лидер ретіндегі басымдығының өзі сонда, ол мүшелері саясат сферасын өздерінің қызметі үшін таңдаған әлеуметтік-белсенді топтың саяси энергиясын өзінде біріктіреді. Саяси өмірдің тарихында партиялықтың дамуы саяси ынтымақтас топтардың пайда болуынан саяси партия тәрізді саяси ықпалды құрылымдардың құрылуына дейінгі жолдан өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында демократиялық қоғамның қажетті құрылымы көппартиялық саяси жүйені қалыптастыру процесі белсенді жүргізілуде. Біздің еліміздегі барлық саяси партиялар қызметтерін ҚР Конституциясының шеңберінде жүргізуге, парламенттік партиялар есебінде «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарды орындауға міндетті. Олардың негізгі міндеттері өкілетті органдарда сайлауға қатысу, осы негізде билік құрылымдары арқылы өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру. Бұл мәселенің іске асуымен партияның шынайы ықпалдылығы және саяси салмағы өлшенеді.

12- т а қ ы р ы п САЯСАТ СУБЪЕКТІЛЕРІ: ТҰЛҒА, ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМ

Дәрістің мақсаты саясаттың субъектісі мен объектісі ретіндегі адамның қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік белгілерін анықтау, әлеуметтік жіктелу негізіндегі әлеуметтік топтар, этникалық бірлестіктер, таптардың саяси процестерге қатысу сипатын анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде

Қоғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: субъект, объект, әлеуметтік топтар, әлеуметтік стратификация, ұлттық мемлекет

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде

Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.

Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.

Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

Қоғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.

Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Қоғам үнемі даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа топтар пайда болады.

Олардың барлығы саяси үрдіске не белсенді не енжар араласуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне, талаптарына және мұқтаждықтарына байланысты.

Әлеуметтік топ ұғымы мүдделерінің, құндылықтары мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай ел халқының жіктелуін бейнелейді. Әлеуметтік топ - бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейтін өте кең ұғым. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшеліктік, қоныстық, тұтынушылық, діни, біліми және басқа да топтар қарастырылады. Бұл жағдайда топтау, біріктіру белгілері қатаң емес, олар жеткілікті түрде дербес. Барлығы топтардың қандай мақсатпен жіктелетініне, қоғамдық өмірдің қандай ғылыми және саяси проблемаларының зерттелетіндігіне, әлеуметтік субъект кім бола алатынына, саяси практиканың қандай әлеуметтік және саяси мәселелерді алға шығаратындығына байланысты.

Әлеуметтік топтар теориясында топтардың үлкен, орташа және кіші болып бөлінуі методологиялық мәнге ие.

Үлкенәлеуметтік топтарға ел халқын қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшеліктік, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

Орташатоптар өндірістік, территориялық бірлестіктер арқылы жасалынады, олардың арасында әртүрлі мүдделер мен саяси бәсекелестіктің болуы мүмкін.

Кішітоптарға ең бірінші мүдделерінің ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциациялар жатады. Отбасы, кіші өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әртүрлі ұйымдары кіші топтардың түрлері. Кіші топтар үшін адамдардың тікелей байланыстары тән, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды тұлғааралық, моральдық-психологиялық байланыс формалары реттейді.

Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясаттың субъектісі бола алады.

Осылардың арасынан үлкен әлеуметтік топтардың, әсіресе таптардың қызметі үлкен саяси ықпалға ие.

Таптар мен тап күресінің теориясы– адамзаттың саяси ойының қалыптасу мен даму процесінде ерекше рөл атқаратын іргелі саяси ілім.

Сословиелік-таптық бөліну - өркениет дамуының сипатты негізі. Таптар мен таптық күрестің рационалды түрде дәлелденген теориясын марксизм жасады. К.Маркс пен Ф.Энгельс бірігіп жазған «Коммунистік партияның манифесті» (1848) атты еңбекте қоғамдық өмірдің таптық табиғатына ретроспективті сараптама берілген, пролетариаттың тап күресінің стратегиясы мен тактикасы мәселелері қарастырылған, пролетариаттың саяси күш ретіндегі дүниежүзілік-тарихи рөлі идеологиялық тұрғыда дәйектелінген.

Таптар мен тап күресінің маркстік-лениндік теориясында таптардың әлеуметтік-экономикалық негізіне ерекше назар аударылады. Марксизм-ленинизмде қолданылған таптар анықтамасын В.И.Ленин «Ұлы бастама» атты мақаласында берген болатын: «Таптар деп қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесіндегі алатын орындары бойынша, өндіріс құралдарына қатынасы бойынша, еңбекті қоғамдық ұйымдастырудағы рөлі, яғни қоғамдық байлықтан өз үлесін алу тәсілі мен мөлшері бойынша ажыратылатын адамдардың үлкен тобы аталады. Таптар - бұл қоғамдық шаруашылықтың белгілі бір формасында алатын орнына байланысты біреулерінің басқалардың еңбегін өзіне иемденіп кете алатын адамдардың үлкен тобы».

Бұл көзқарас бойынша, құл иеленушілік, крепостниктік, жалдамалы еңбек тәрізді әлеуметтік-экономикалық дамудың әрбір сатысында екі негізгі тап болады, олардың өзара қатынастары қоғамдық өмірдің өзегі мен қоғамның саяси проблемаларының негізін құрайды. Бірақ мұндай түсініктің қоғамдық дамудың саяси бояуын тарылтып әрі жұтаңдатып жіберетіндігі сөзсіз. Шынтуайтына келгенде, қоғамның нағыз саяси өмірі – қоғамның екі негізгі табының саяси қарсыласуына қарағанда анағұрлым күрделі және әрқилы.

Таптық бөлінудің әлеуметтік-экономикалық негізін бөліп көрсету, осы белгіге баса көңіл аудару аталмыш ұғымның іргелі идеологиялық жүктемені атқаратындығын көрсетеді. Ол меншік қатынастарын ревоюциялық қайта өзгертуге бағытталынған, мұндай өзгерістердің жан-жақты қоғамдық прогресстің кілті болып табылатындығына ерекше көңіл аударады. Бірақ социалистік лагерь елдерінің тарихи тәжірибесі көрсеткендей, меншік қатынастарының түпкілікті күрт өзгеруі, олардың мемлекеттенуі тиімді экономикалық дамудың тетігін бұзып, қоғамдық прогресті тежейді. Экономиканың фундаментальдық негізі - өз кезегінде жеке және ортақ мүдделерді тоғыстырудың тиімді тәсілі болып саналатын нарықтық қатынастар жүйесі болып табылады.

Сонымен қорыта айтар болсақ, қоғамды қайта құрудың радикалды идеологиясы ретіндегі таптар мен тап күресінің маркстік-лениндік теориясы – қазіргі экономикалық және саяси шынайылықтарға лайықты жауап бере алмайды.

Батыстық әлеуметтік және саяси ойларда таптар мен тап күресінің теориясын сыни бағалау негізінде қазіргі заманға сай идеяларды іздестіру жүзеге асуда. Бұл тұрғыда М.Вебердің көзқарастары айтарлықтай мәнге ие.

М.Вебердің теориялық көзқарастарында қоғамның әлеуметтік жіктелуінің қатаң экономикалық анықтамасы жоқ. Ол таптық бөлінуді анықтауда қоғамның экономикалық жіктелуінің бастапқылығын, фундаментальдылығын мойындай отырып, қоғамның экономикалық қана емес, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне де сүйенеді.

Батыстық қоғамдық ойдың әлеуметтік жіктелу проблемасына көзқарасы әлеуметтік стратификация теориясымен байланысты. Әлеуметтік стратификация негіздері М.Вебердің, П.Сорокиннің, Т.Парсонстың, В.Паретоның және басқа да авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан. Қазіргі батыстық қоғамдық және саяси ойларда бұл теория – маңызды ғылыми және қолданбалы функцияларды атқаратын кең тараған теория.

Әлеуметтік стратификация теориясында әлеуметтік «страта» мен әлеуметтік «тұтастық» орталық ұғымдар болып есептелінеді. Жер беті қабаттарын білдіретін геологиялық «страта» термині мұнда қоғамның әлеуметтік жіктелуін белгілеу үшін, ғылыми зерттеу мақсатында халықтың әлеуметтік маңызды топтарын бөліп көрсету үшін пайдаланылады.

Бүгінгі таңда демократиялық мәдениет, адамдар өмірінің демократиялық салты, демократиялық институттар қажетті қоғамдық қайта құрылулардың тетігіне айналды. Нәтижесінде дамыған елдерде әлеуметтік әділеттілік нұсқалары айқын көріне бастады.

Стратификациялық айырмашылықтар әлеуметтік антагонизмның дамуына алып келмейді, себебі қазіргі қоғам – тұтас, страттар арасындағы шек тұлға үшін жеңіл алынады. Егер ол қажетті энергияны жұмсай отырып, іскерлік танытса, стратификациялық сатымен жоғары өрлеп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын ең тиімді позицияларды иелене алады, немесе көлденеңінен жылжып, өз талантын көрсетуге мүмкіндіктер беретін стратаға өте алады.

Нәтижесінде қоғамдық организмде шиеленістер болмайды, революциялық акциялар өзінің әлеуметтік негізін жоғалтады. Марксистердің көзқарасы бойынша, қоғамдық өмірдің барлық сферасына еніп, экономикалық, идеологиялық және саяси түрдегі үш негізгі формада жүзеге асқан тап күресі қоғамда сақталғанымен, өзінің әлеуметтік мазмұны мен бағытын өзгертті.

Этникалық бірлестіктердің көпшілігі өздерінің этникалық, тарихи отандары бар диаспоралар. Диаспоралар әрқилы дәрежеде мемлекетаралық қатынастардың саяси процесіне тартылады. Сондықтан, полиэтникалық мемлекеттерде этникалық, діни, тілдік ерекшеліктеріне қарамастан адам құқығы мен азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететін принциптердің қатаң сақталынуы тиіс.

Ұлттар – бұл өзін-өзі сақтау мен дамуға қабілетті тарихи тұрғыда құрылған тұрақты бірлестіктер. Ұлттық мемлекет – осы әлеуметтік-саяси тенденцияны қамтамасыз ететін саяси форма. Сондықтан ұлттар өздерінің ұлттық мүдделерін қорғайтын осы саяси форманы жасауға ұмтылады.

Көпұлтты мемлекеттерде барлық ұлттар мен ұлыстардың мүдделерін сақтау шешім қиын проблема, себебі оларда көбінесе елеулі экономикалық, этно- және әлеуметтік-мәдени, саяси ықпалға ие үстем ұлт болады. Бұл үстем ұлт қасақана не еріксіз түрде басқа ұлттардың дамуын тежейтіндіктен, мемлекет ішінде ұлттық-территориялық автономия құруды, ал егер мемлекет құрамында ұлттық-территориялық автономиялар болса, олардың дербестігін қамтамасыз етуді немесе ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті үзілді-кесілді талап ететін және саяси тұрғыда жүзеге асуы мүмкін орталықтан қашатын тенденциялар пайда болады. Сондықтан, көпұлтты мемлекеттерде мемлекеттің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған сепаратизм пайда болады.

Осы ретте үстем ұлттың саясаты құрамындағы басқа ұлыстар мен ұлттардың дербестігін, тыныштығын, этномәдени төл ерекшеліктерін қамтамасыз етуге және көпұлтты мемлекеттің тұтастығын сақтауға міндетті.

Этностар арасындағы проблемалар қазіргі кезде өте күрделі проблема болып отыр. Бұл проблемалардың өздерінің мемлекетаралық және мемлекетішілік аспектілері бар. Олардың негізінде ұзақ уақыттар бойы басқа мемлекеттер мен елдерді қатыстыра отырып бірде бәсеңдейтін, бірде өршитін қақтығыстар өтіп жататын саяси шиеленістер ошағы пайда болады.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет емес, жүзден аса этникалық бірлестік өкілдері тұратын полиэтникалық мемлекет. Осы реттегі Қазақстанның саяси ерекшелігінің өзі сонда, қазақтар үстем этнос болып табылмайды және әзірше басқа этникалық топтар өкілдерін ассимиляциялау мүмкіндіктеріне ие бола қойған жоқ. Сондықтан елде шынайы полиэтнизм қалыптасқан. Қазақтармен қатар Қазақстанда елеулі этно- және әлеуметтік-мәдени ықпалға ие өте үлкен орыс диаспорасы да өмір сүреді, ол ел ішінде де, сондай-ақ Ресеймен өзара қарым-қатынаста да күшті саяси фактор болып табылады.

Сонымен, саясатта адамдардың үлкен бұқарасы әрекет етеді екен. Бұл бұқаралар, белгілі бір дәрежеде бір-бірлеріне қарсы тұрады. Сондықтан саяси мәдениеттің ең маңызды проблемасы – осы «қарсы тұруларды» өркениеттік шеңберге көшіру болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін бұқаралар ұйымдасып, саяси процеске саналы түрде қатысуы, яғни төл идеологиясы болуы, өз мүдделерінің мағынасы мен мәнін билік органдарына қатынастағы талаптар жүйесінде, заң шығарушылық қызметте, саяси қызмет стратегиясы мен тактикасында, бір сөзбен айтқанда саясат сферасында көрсете алуы қажет.

13- т а қ ы р ы п САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ

Дәрістің мақсаты саяси жүйенің бір құрылымы ретінде саяси мәденитетің мәнін анықтау, саяси мәдениеттің түрлері мен элементтері, саяси мәдениет теорияларын қарастыру.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы

Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: саяси мәдениет, саяси стереотип, саяси сана, саси менталитет, саяси әлеуметтену, саяси қатысу.

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.

Бұл жұмыста көңіл аударатын бір мәселе – мемлекет пен діннің ара қатынасы.

Саяси мәдениет адамзаттың жалпы өркениеттік дамуының элементі болып табылады.Ол басқа да мәдениеттер сияқты, адамдар үшін тектік құндылықтарды құрайды және адамзаттың прогресс жолымен қозғалысында анықтаушы рөл атқарады. Қолданбалы тұрғыда аталмыш ұғымды ашудағы бірінші тәсіл үшін саясаттанулық энциклопедиялық сөздіктегі саяси мәдениеттің анықтамасын алуға болады: «Саяси мәдениет – саясат сферасындағы әлеуметтік қауымдастықтар мен жеке адамдардың тарихи тәжірибесі, жады, олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпалын тигізетін бағдарлары, дағдылары».

Әрине беріліп отырған анықтама осынау проблемаға жақындата түсетін, бастапқы тәсіл үшін ғана құндылыққа ие. Аталмыш ұғымның тек жоғарыда аталған белгілерге ғана телу саяси мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің фундаментальды құбылысының мазмұнын толықтай бейнелеп бере алмайды. Бұл анықтамада саяси мәдениеттің тек субъектілік аспектісі, яғни, ғана,атап айтар болсақ субъектінің тәжірибесі, оның жады, бағдарлары мен дағдылары ғана бейнеленген.

Мәдениет – адамзат данышпандығының жемісі, ол – адамның рухани және материалдық қызметінің нәтижесі,бірақ мұндай нәтиже белгілі бір дәрежеде адамнан өгейсінеді және өмірге келген адамдардың тіршілік етуінің жағдайы мен алғышарттары ретінде көрінеді. Мәдениет – әлеуметтік жағдайға, материалдық және рухани құндылықтарға ену арқылы жасалатын, кодталатын және беріліп отыратын адамның ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отыратын шығармашылық энергиясы. Мәдениет адамзатты табиғат кіндігінен ажыратады,табиғи күштердің толықтай тәуелділігінен құтқарады және оны өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде ерікті етеді.Мәдениет – болмыстың адамзаттық тәсілі.Сондықтан мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әртүрлі позициядан қарастыруға болады.

Саяси мәдениет мәдениеттің бір бөлігі ретінде биліктің қалыптасуы және қолданылуымен байланысты саяси шынайылық сферасында, субъект-субъектілік қатынастарда көрінеді. Яғни, саяси мәдениет саясат сферасындағы субъектілердің тарихи тәжірибесі мен өзара әрекеттесуінің жалпылануы мен беріліп отырылуын көрсетеді. Ол – қоғамдағы биліктік қатынастармен, яғни әлеуметтік субъектілердің мүдделерін жүзеге асыру үшін билікті қалыптастыру және пайдаланумен байланысты адамдардың ерекше рухани-саяси қызметтерінің туындысы.

Сонымен, өте тар пәндік мағынада саяси мәдениетті биліктік қатынастар мәдениеті, билік құру мәдениеті деп атауға болады.

Тұтастай алғанда, саяси мәдениеттің қызмет етуі адамдардың тіршілік әрекетінде дағды күші ретінде көрінетін инерция күші деп атауға болатын құбылысты тудырады, алайда шынайы өмірде пайда болатын проблемалар және оларды шешудің қажеттілігі әлеуметтік-саяси практиканы инерциялық жолдан, оның дағдылы, үйреншікті қағидаларынан шығарып жібереді, ал бұл шұғыл бетбұрыстарды, түпкілікті жаңаруларды,сапалы өзгерістерді талап етеді. Саясаттың қуатты «тетігінің» қатысынсыз бұл проблемалар өздігінен шешілмейді. Қозғалыстың жаңа орбитасына өту үшін адамдардың байыпты біріккен күші, әртүрлі күштер мен құралдарды пайдалану, элитаның пассионарлық қызметі талап етіледі.

Сонымен, саяси мәдениеттің дамуындағы жаңару тенденциясы қоғамдағы қызмет атқарып отырған биліктік және саяси қызметті ұйымдастырудың, тәсілдердің, құралдардың формаларының іргесі сөгіліп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайтын, қоғам организмінде пайда болатын қайшылықтарды адамдар үшін ауыртпалықсыз және қоғам үшін тиімді шешілуіне мүмкіндік туғызбайтын жағдайларда пайда болады. Осы адамдар қауымдастығының тіршілік әрекетінде қызмет ететін саяси мәдениет жеткіліксіз, ал билік құрылымдарының қызметі – тиімсіз болады. Міне, осы тенденция бұқаралық санада өзгерістерді күту ретінде, саяси дағдарыс ретінде көрінеді.

Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.

Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.

«Саяси практиканың процесс ретіндегі» ұғымы кең мағынада, тұтастай алғанда қоғамдық организмнің шеңберіндегі ұзақ уақыттар бойы саяси қатынастардың негізгі субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің сипаты мен ерекшеліктерін қамтиды. Тар мағынасында, жекелеген әлеуметтік жағдайларда, акцияларда саяси қатынастар субъектілерінің мүделерінің жүзеге асуын көрсетеді.

Саяси практиканың ерекшелігінің өзі сонда, ол субъектілердің әрекетінің негізінде өтеді, өйткені олардың мүдделері саясат сферасында айтарлықтай айқын белгіленген. Осы мүдделерді саяси түсінуде, оларды саяси шынайылық сферасына ауыстыруда саяси мәдениет шешуші рөлге ие болады. Саяси мәдениеттің барлық құрылымдық элементтері, яғни идеялар, принциптер, теориялық концепциялар, саяси қызметтің ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары өздерінің шынайы мәні мен көрінісін саяси практикада табады.

Сайланбалы өкілдік шешуші мәнге ие болатын демократиялық қоғамда бұқара өзінің саяси процестерге қатысуы негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы – саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі – саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет.

Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау – саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады.

Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:

Саясилану;

Персонификация;

Идеологизация;

Институционализация.

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:

отбасы;

дос, жолдастар;

мектеп;

БАҚ;

саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.

Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

Ал қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.

14- т а қ ы р ы п ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Дәрістің мақсаты әлемдік саясат тақырыбындағы сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарының мәнін ашу, әлемдік саясатқа қатысушы субъектілерді анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Әлемдік саясат ұғымы.

Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: әлемдік саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар, ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік, жаһандану

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Әлемдік саясат ұғымы.

Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады

Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі ,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.

Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылықка зор сенім артылды. Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамти-тын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе" деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді.

Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқгалып өтейік.

Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.

Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. адаңды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.

Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүние-жүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суи бастайды. Климат жағдайлары күрт озгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай, барлық адамзатқа апат әкеледі.

Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақгығыстар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайдақай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.

Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға әте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.

Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-і сапасыз судың салдарынан пайда болатын керінеді.

Терроризмнің кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».

Жаһандастыру жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем алып, күшеюде – біз көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.

Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан өткеруде, әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.

Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

15- т а қ ы р ы п САЯСИ ҮРДІС. МОДЕРНИЗАЦИЯ

Дәрістің мақсаты саяси процесс ұғымының мәнін ашу, оның түрлерін анықтау, саяси жүйенің жаңаруының мәні мен түрлері, саяси модернизацияның теорияларын қарастыру. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның кезеңдері мен ерекшеліктерін анықтау.

Сұрақтардың тізімі:

Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

Қазақстандағы демократиялық модернизация

Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: саяси процесс, демократиялық модернизация, ақпараттық қауіпсіздік, құқықтық қауіпсіздік

Әдебиеттер тізімі:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005

6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах

Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.

Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.

Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:

Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.

Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.

Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.

Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау

Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

Қазақстандағы демократиялық модернизация

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:

ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;

әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;

құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

Дәрістермен жұмыс істеу үшін әдістемелік нұсқаулар

Дәрістік курсты дәріптеу өзіндік жұмыстың маңызды нысандарының бірі болып табылады. Оқытушының дәрісі оқулықтан алған мәліметтерді беру емес, ол жеке шығармашылық жұмыс болып табылады. Ол өзінің авторлық курсын өз логикасымен, өзінің теориялық және әдістемелік амалдарымен оқиды. Бұл белгілі бір оқытушының дәрістік курсын қызықты жеке жағдай ретінде жасайды. Сонымен қатар, өз дәрістерінде оқытушы оқулықтарда немесе оқу құралдарында кездесетін кемшіліктерден арылуға тырысады. Дәрістерде қиындық туғызатын мемлекетьтік білім беру стандартының қиын мәселелері де қарастырылады.

Дәрістік курс үшін берілген сабақ кестесі барлық оқу курсындағы ақпаратты игеруге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты әрбір дәріс беруші дәрістердің тақырыптарын ауызша не жазбаша нысанда студенттерге бірінші кездесуде беруге тырысады. Оқытушы өзінің дәрістік курсын жасауда мемлекеттік білім беру стандарты мен оқу бағдарламасын басшылыққа алады. Кафедра дәрістік курсты бір стандартқа келтіруді талап етпейді. Сондықтан оқу әдістемелік құралда дәрістік курстың толық жоспары берілмейді, тек кеңес сипатындағы тақырыптар беріледі. Кафедра өз кезегінде әр оқытушының дәрістік курс жоспарларын қарастырып бекітеді.

Дәрістерден қалуға болмайтын басты шарт – ол семинарлық сабақтар мен дәрістер арасындағы шығармашылық, әдістемелік, пән-мазмұнды «көпірлер» ретінде қарастырылады. Дәрістер мен семинарлар бір-бірімен тығыз байланысты.

Студент үшін дәріс өзіндік жұмыстың шығармашылық нысаны болып табылады. Дәрістің белсенді мүшесі болуға тырысу керек, ойлау, белгілі нәрсені дәрісте алған мәліметтермен салыстыру, логикаға кіру қажет – сонымен қатар, мүмкіндігінше дәріс берушімен пікірталасқа түсіп, оның ойлары мен аргументацияны аңғару керек.

Міндетті түрде дәрісті жазып алуға тырысу қажет емес. Негізгі ойларды, ережелерді, жалпылама қорытындыларды жазу маңызды. Сонымен қатар, дәріс барысында сізде туындаған сұрақтарыңызды ескеру керек. Сонда оқулыққа жүгінуге болады. Дәріс пен оқулық бір-бірін алмастырмайды, керісінше бір-бірін толықтырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]