Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс 12 (2012).doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
79.87 Кб
Скачать

7. «Қышқылдық жаңбырлар»

Күкірт оксиді – қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырлар басқа заттардың, әсіресе СО2, шығаруларына байланысты.

Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинавия елдері үшін, Англия, Германия, Белгия , Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.

Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.

Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.

Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.

Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.

8. Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері

Биологиялық көптүрлілікті 3 категорияға бөлуге болады.

Генетикалық көптүрлілік – бір түрдің ішіндегі гендердің әртүрлілігі.

Түрлердің көптүрлілігі – бір аймақ ішіндегі түрлердің әртүрлілігі.

Экожүйелердің көптүрлілігі – биосферадағы экологиялық процестер мен биотикалық бірлестіктің тіршілік орындарының әртүрлілігі.

Көптүрліліктің барлық 3 деңгейі де бір-бірімен байланысты және тұтас жүйені құрайды. «Жаңа қанның ағынының болмауынан» болатын, бұрын тұтас ареалдың бөліктерге бөлінуі салдарынан түрдің генетикалық әртүрлілілігінің төмендеуі түрдің құруына әкеліп соқтырады, яғни осы аймақтағы биологиялық көптүрлілік азаяды. Биологиялық көптүрлілік бірінші кезекте антропогендік экологиялық фактордың өзгеретін биосфера мен экожүйелердің төзімділігіне байланысты. Көптүрліліктің төмендеуі – қалыптасқан экологиялық байланыстардың бұзылуына және табиғи бірлестіктің ыдырауына, олардың гомеостазының бұзылуына, ең соңыңда олардың жоғалуына әкеліп соғады.

Табиғи көптүрлілікті қолдау, сақтау көптеген себептер бойынша қажет. Ең біріншіден әрбір түр және әрбір экожүйе тіршілік етуге құқылы. Көптеген түрлердің тіршілігі басқалармен байланысты: бір түрлердің жоғалуы басқаларының жойылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Биологиялық түр ретіндегі адам басқа түрлерге тамақ, дәрі, өнеркәсіп өнімдері, сол сияқты су қоймаларының өздігінен тазаруы сияқты «экологиялық қызмет» көрсетуге тәуелді. Ең соңында әрбір түр немесе экожүйе бізді қоршаған әлемнің байлығы мен әсемдігіне белгілі бір үлес қосады.

Биологтардың бағалауы бойынша, жер бетінде тірі организмдердің 10 млн-дай түрі тіршілік етеді. Систематиктер тек ғана 1,4 млн түрге ат берген. Әлі «ашылмаған» көптеген микроорганизмдер, бунақденелілер және мұхит мекендеушілері өте көп.

Оңтүстік Шығыс Азия, Орталық және Батыс Африка, сол сияқты Латын Америкасында алуан түрлі өте көптеген түрлер кездеседі. Ормандардың құртылу дәрежесі, яғни тіршілік ету ортасының жоғалуы, бұл аудандарда өте жоғары. Жыл сайын тропикалық ормандардың 17 млрд-тай га жойылады. (Бұл территория Швейцария ауданынан 4 есе көп). Бұндай қарқынмен тропикалық ормандардың жойылуының нәтижесінде 2015 жылы 4-8 % дейін, ал 2040 жылдары 17-35% дейін осы ормандарда тіршілік ететін түрлері жойылуы мүмкін. Егер осылай жалғаса берсе, соңғы 25 жылдар ішінде жер бетінде тіршілік ететін түрлердің тағы 15% жойылуы мүмкін. Қазіргі таңда қоңыржай климаттағы орманның 44% ғана қалған. Олар негізінен Сібір мен Солтүстік Америкадағы Тынық мұхит жағалауындағы ормандар.

Тіршілік орнын бұзу биологиялық әртүрліліктің төмеңдеуінің жалғыз себебі емес. Басқа себептерге фрагментация жатады. Кейбір түрлердің тірі қалуы үшін, мысалы, тырналардың тірі қалуы үшін бірнеше кішкентайдан жалпы аудан жиынтығына тең болса да, бір үлкен батпақтың болуының маңызы зор. Кейбір жыртқыштарға тіршілігі үшін, мысалы қасқырларға кең байтақ жер қажет.

Биологиялық көптүрліліктің төмендеуі дегеніміз- белгілі территорияда тіршілік ететін түрлер санының азаюы ғана емес, жергілікті табиғи бірлестіктерге тән емес түрлердің басқа түрлерді ауыстыруы нәтижесіндегі экологиялық сапалық өзгеруі. Бұл процесте интродукцияның ролі зор. Интродукция – табиғи ареалдан организм түрлерінің көшуі және жергілікті табиғи комплекстерге енгізілуі.

Жаңа орында табиғи жауларының болмауынан бұл түр басқа түрлерді ығыстырып, қарқынды көбейеді. Мұндай жағдайда интродукция биологиялық көптүрліліктің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Интродукцияның қайғылы нәтижесіне-белгілі Австралияға қоянның, ал Европаға колорада қоңызының әкелінуі мысал болады.

Рио-де-Жанейродағы конференцияда қабылданған биологиялық көптүрлілік туралы конвенцияда көрсетілген «планетада биологиялық көптүрліліктің жойылуы негізінен қоршаған ортаның бұзылуынан, ауыл шаруашылық қорларын шектен тыс қолдануынан, қоршаған ортаның ластануынан, бөтен өсімдіктер мен жануарлардың әкелінуінен. Биологиялық көптүрлілік азаюы ең алдымен адам іс-әрекеттерінен жүзеге асады және біздің дамуымыздың негізгі қаупі болып есептелінеді».

Конвенцияда көрсетілгендей, биологиялық көптүрліліктің жойылуының негізгі себептері:

  1. Халық санының өсуі;

  2. Қорларды пайдаланудың ұлғаюы;

  3. Экожүйелер мен биологиялық түрлерге ұқыпсыз қарау;

  4. Табиғи қорларды пайдаланудағы сауатсыз жасалынған мемлекеттік саясат;

  5. Халықаралық саудалардың жағымсыз әсері;

  6. Қорларды әділетсіз бөлу, таралу;

  7. Биологиялық көптүрліліктің маңызын түсінбеу;

Ежелгі аңшылардың өмір сүру салты жануарлардың көптеген түрлерінің, мысалы, мамонт және жүнді мүйізтұмсықтың жойылуына әкелді. Ежелгі өркениет кезіндегі жер шарындағы шөлейттердің түзілуі мен кең байтақ жерлерде ормандардың құруы-экологиялық дағдарыстың себебіне айналады. Бірақ соңғы 10 шақты жылдары табиғи бірлестіктерге адамның әсері өздігінен қалпына келу қабілеттерінен бірнеше есе артуда. Құрбандардың сапалық құрамы да өзгереді: егер өткен ғасырда жер бетінен негізінен аңшыларға қажетті түрлер жойылса, ал қазір Қызыл Кітапқа өндірістік мәні жоқ бунақденелілер де, бауырымен жорғалаушылар да, жай қарапайым ағзалар да енуде.

Концепцияның бір пункті елімізде үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін құру туралы тұжырым болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]