Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дополнение к силлабусу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
315.39 Кб
Скачать

Ғылым мен техника

42-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

өркениет , белес, өнертапқыш, сарылып оқу, тұтыну, өнімдірек, қи ою, үдеріс, сыни ойлау, бас қатыру, жылжымалы қасапхана

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов

Егер әлемнің өркениетті же¬тістіктері тарихына назар аударатын болсақ, адам өмірі мен тұр¬мысының сапасын жаңа белестерге көтерген техникалық революциялардың туындауына бірінші кезекте ғалымдардан гөрі өнертапқыштардың әсері үлкен секілді болып көрінетіндігі бар. Мәселен, Америка автомобиль өндірісінің атасы Генри Форд ең бірінші кезекте – өнертапқыш. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында АҚШ-тың 161 патентіне ие болған. Осындай өнертапқыштық жаңалықтарының негізінде автокөлік шығаратын үлкен өндірісті құруға қол жеткізген. Сол секілді компьютерлік бағдарламаларын бүкіл адамзат қауымы тұтынып келе жатқан Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өзінің алғашқы компьютерлік бағдарламасын 13 жасында жасаған. Ол жастық шағында университет қабырғасында сарылып оқу оқығаннан гөрі өзі үшін неғұрлым қызықты осы іспен шұғылданғанды жөн көріп, сол үшін Гарвард университетін тастап кеткен. Ол бұл университеттің дип¬ломын әлемге атағы жайылған ең бай адам кезінде, 52 жасында бір-ақ алған. Осы оқиғаға байланысты Билл Гейтстің «кез келген уақытта барыңыз да, өзіңіздің ісіңізді бастаңыз, ал Гарвардқа оралу қашан да болсын кеш емес» дейтін қанатты сөзі қазір бүкіл әлемді шарлап жүр.

Әрине, осы фактілердің барлығы білім мен ғылымның өмірді жаңғыртушы рөлін ешбір жоққа шығара алмайды. Өйткені, Генри Форд та, Билл Гейтс те, тіпті біздің заманымызды компьютерлендіріп кеткен Стив Джобс та өздерінің өнертабыстық және мүлдем жаңа сипаттағы өндірістер мен қызметтерді ұйымдастырудағы жаңалықтары мен жетістіктеріне ең бірінші кезекте өздеріне дейінгі ғылыми ойдың мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде қол жеткізгендігі анық. Бірақ, неліктен ғылымның қол жеткізген жетістіктерін пайдалануда сол ғылым өкілдерінің өздерінен гөрі өнертапқыштың ісі өнімдірек әрі көзге көрінгіш? Себебі ғылым адамына қарағанда өнертапқыш өндіріске бір табан жақын тұр. Екіншіден, ол ғылымның жетістіктері мен өнеркәсіптің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзінің шығармашылық ой-қиялын нақты жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді. Демек қазіргі инновациялық үдеріс үшін өнертапқыш өте қажетті тұлға. Сонымен өнертапқыш болу үшін, ең алдымен, шынайы қабілет пен дарын қажет. Сыни ойлай білу қабілеті қажет.

Осындай адамдар¬дың бірі, Орал қаласында тұрып жатқан Хайролла Исмағұлов. Осы облыстың Жәнібек ауда¬нындағы малшы отбасында дү¬ниеге келген, Ленинград қаласындағы кәсіптік-техникалық училищеде оқып, оны гидроакустика мамандығы бойынша бітірген соң әскерге шақырылып, Солтүстік теңіз флотының сүңгуір қайығында қызмет етіп, елге оралған Хайролланың ең алғашқы өнертабысын өмірге әкелу жағдайының өзі қызық.

– Әскерден елге келген соң біраз уақыт мамандығым бойынша жұмыс табылмай, малдағы әкеме көмектесуіме тура келді. Сол жылдары малшы мен қойшы еңбегінің бейнеті ауыр еді. Барлық жұмыс қолмен атқарылады. Қораның қиын ою да солардың бірі. Мен сол жұмысты жасай жүріп, осыны техникамен атқарудың жолдары жоқ па екен деп көп бас қатырдым. Ақыры оның да жолын тапқандай болдым. Ол кездері малшылардың біразының қолына құдықтан су тартатын «ЗИЛ» моторы тиіп жатқан еді. Мен сол моторды қи оюға ыңғайладым. Әрине, ол үшін талай қағазды шимайлауға тура келді. Ленинградта кәсіптік-техникалық училищеде оқығандығымның көп пайдасын сол кезде көрдім. Сөйтіп, әлгі мотормен қораның қиын екі сағаттың ішінде аударып тастадым. Күрекпен мықшыңдап жатпайсың, тек бағыттап отырсаң болды, мотордың өзі ойып, аудара береді. Менің бұл техникалық жаңалығымның бір кемшілігі – қораның іші мотордан шықққан көк түтінге толып кете береді де, адамның қолқасын қабады, – деп еске алады сол оқиғаны Хайрекең. Мұнан кейін ол өз мамандығына сәйкес қандай қызмет атқармасын жұмыста кедергілерге кез болғанда оны шешудің әдеттегіден тыс жолдарын қарастыратын болып алды.

1977 жылы Жәнібек аудандық дайындау кеңсесі директорының орынбасары болып қызмет істеп жүрген кезінде директордың жұмсауымен алыстағы Орынбор облысының Бузулук кентінен, яғни 800 шақырым жерден желтоқсанның қақаған қысында ашық мәшинемен картопты үсітпей жеткізіп, сол директордың екі көзін төбесіне шығарғаны және бар. Қалай дейсіз ғой? Ол Бузулуктағы дайындау мекемесінің бастығы Абулахат атты көпті көрген азаматпен алдын ала ақылдасып, мынадай тәсіл қолданған еді. Қоймадағы картоптың таңдаулысынан, тазасынан іріктеп алып оны су жаңа қаптарға қаптатты. Оларды «ЗиЛ» мәшинесінің үлкен қорабына текшелеп, сықастырып отырып тиетті. Содан кейін қорапты су сіңбейтін брезент жабындымен айналдырып отырып, саңылау қалдырмай жапты. Мұнан кейін жабындының үстіне бір қарыстай қалыңдықта қар тастатып, әлгі қардың үстіне су бүркіп қатырып тастады. Кезінде осындай әдіспен татар саудагерлері картопты ішкі Ресейден Сібірге дейін жеткізген көрінеді. Сөйтіп, қақаған қыста 800 шақырым жерден ашық мәшинемен келген картоптың жаңа ғана тиелгендей болып, буы бұрқырап аман-есен жетуі мұның жұмысындағыларға жарылған бомбадай әсер еткені және бар.

Сөйтіп, нарық келгенде өз кәсібін бастады. Осындай мәселелермен шұғылдануға қолайлы етіп жасалып, қажетті құралдармен жабдықталған заман талабына сай жақсы зертханалары бар. Хайрекеңнің өзі бірқатар өнертапқыштық жаңалықтардың авторы. Тек бүгінгі мал баққан ағайын үшін аса қажетті, оның үстіне Үкіметтің бүгінгі «Сыбаға» бағдарламасын, мал сою пункттерін дамыту жөніндегі шараларын жүзеге асыруға көмек көрсетуге негізделген бір жаңалығы туралы айтсақ.

Ол – жылжымалы қасапхана. Бұл жылжымалы қасапхана бір ауысымда 25 бас ірі қараны, 50 бас ұсақ малды сойып бере алады. Мұндай қондырғылар Германияда, Ресейде бар. Бірақ олар өте қымбат, 60-70 мың доллар тұрады және малды бауыздап, бұтарлаумен ғана шектеледі. Ис¬мағұловтың қасапханасының олардан басты артықшылығы – бағасы бірнеше есе арзан және малды халал жолымен союымен қатар, оны алғашқы өңдеуден өткізіп, мал иесінің қолайына қарай бұтарлап, сонан кейін ішек-қарнын тазалап береді. Малдың мүйізі мен тұяғына дейін жекелеп алынатындықтан, оларды да кәдеге жаратуға болады. Қасапхана қалдықсыз жұмыс істейді. Қасапхана ауылдық жерлерде пайдалануға өте қолайлы. Барлық жұмысты көтеріп-түсі¬ретін механикаландырылған қон¬дырғылармен атқарады. Жыл¬жымалы қасапхананы ет комбинатының, шұжық шығара¬тын цехтардың қасына қойып, пайдалана беруге болады. Қасап¬ха¬наның бүкіл жаб¬дығы бір тір¬ке¬меге сыйып¬ кетеді. Барған жерінде тез құрастырылады.

– Еліміз күні ертең Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргенде немесе Кеден одағына орай өнімдерімізді шетке шығарғанда, малды сою мен оның өнімдерінің сапасына қатаң талап қойылатыны түсінікті. Біз қасапхананы жасағанда осы талап үдесінен шығуды басты мақсат еттік. Мал сойылмас бұрын расолге қамалып, жуылады. Барлық мұсылмандық дәстүр сақталып барып бауыздалып, терісі ешбір бүлінбестен арнаулы қондырғы арқылы сыпырылады. Мүйіз бен тұяқ та бүлінбей алынады. Зияткерлік меншік құқығы комитеті бізге патент бергенде осы жағдайдың барлығын, яғни қасапхананың халықаралық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келуін қатаң ескерді, – дейді өнертабыс иесі.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Неліктен техникалық революциялардың туындауында ғалымдардан гөрі өнертапқыштардың рөлі басымырақ болып көрінеді?

2. Адам өмірін жеңілдетуде маңызды рөль атқарған қандай өнертапқыштық жаңалықтарды атауға болады?

3. Өнертапқыштар мен ғалымдардың басты айырмашылығы және ұқсастықтары неде?

4. Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов өзінің алғашқы жаңалығын қалай жасаған?

5. Хайролла Исмағұлов өзінің өнертапқыштық қасиетін ашық машинамен аязда картоп тасуда қалай пайдаланды?

6. Оның ашқан қасапханасының ерекшеліктері қандай?

7. Малдың етінен басқа тағы нені кәдеге жаратуға болады?

8. Қасапхана жұмысы қалай жүзеге асады?

9. Қасапхананы қай жерде пайдаланған тиімді.

10. Бұл қасапхананың басты ерекшелігі неде?

Оқылым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Билл Гейтс неліктен Гарвардқа оралу кез келген уақытта кеш емес деп есептейді?

Білім маңызды емес

Гарвардтта оқыған қызықсыз

ең бірінші қызықты істен бастаған жөн

Оқу қиын

2. Ғалым мен өнертапқыштың айырмасы неде?

Өнертапқыш ғылымды пайдаланбайды

Ғалым жаңалық ашқысы келмейді

Ғылым тек теориялық жұмыс деп есептейді

өнертапқыш тікелей өндіріске жұмыс істейді

3. Х. Исмағұлов ойлап тапқан мотормен қи оюдың кемшілігі неде?

тез ояды, қи қалмайды

түтін көп шығады

мотормен қи ойған қызықсыз

жанармай көп кетеді

4. Х. Исмағұлов қыстыгүні ашық машинамен картопты үсітпей

әкелудің жолын қалай тапты?

Түс көрді

Әбулахат үйретті

татар саудагерлерінен қалған әдіс

бастығы үйретті

5. Х. Исмағұлов жасаған қасапхананың ерешелігі неде?

қалдықсыз жұмыс істейді, тұяқ өңдейді

қалдықсыз жұмыс істейді, халал әдісімен және арзан

қалдықсыз жұмыс істейді, мүйізін алады

қалдықсыз жұмыс істейді, ішек қарнын аршиды

6 . Х. Исмағұлов қыстыгүні ашық машинамен картопты үсітпей

әкелудің жолын қалай тапты?

Түс көрді

Әбулахат үйретті

татар саудагерлерінен қалған әдіс

бастығы үйретті

Жазылым:

7 тапсырма. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес дұрыс толықтырыңыз:

1. Мәселен, Америка автомобиль өндірісінің атасы Генри Форд ... – өнертапқыш.

2. Осындай мәселелермен шұғылдануға қолайлы етіп жасалып, қажетті құралдармен жабдықталған ... ... жақсы зертханалары бар.

3. Ол бұл ... дип¬ломын әлемге атағы жайылған ең бай адам кезінде, 52 жасында бір-ақ алған.

4. Қасапхана ... пайдалануға өте қолайлы.

5. Қасап¬ха¬наның бүкіл жаб¬дығы ... ... .

6. Содан кейін қорапты ... ... .... айналдырып отырып, саңылау қалдырмай жапты.

7. Кезінде осындай әдіспен ... картопты ішкі Ресейден Сібірге дейін жеткізген көрінеді.

8. Содан «Исмағұлдың баласы ... .... ойлап тауыпты» деген хабар көп ұзамай малшылардың арасына тарап кетсе керек.

9. Бүкіл қораның әбден сүрленген ... ... қиын аударып, тазалау − екі адам үшін бірнеше күнге созылатын үлкен жұмыс.

10. Барлық ... сақталып барып бауыздалып, терісі ешбір бүлінбестен арнаулы қондырғы арқылы сыпырылады.

Тыңдалым.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Компьютер мен ұялы телефонның пайдасымен бірге … ...

зияны да көп

зияны жоқ

зиянсыз

қымбат

2. Зияны болса да бұл техникалар керек, себебі – ... .

күнделікті қажеттілігі бар

қажеттілігі жоқ

бұларсыз күн жоқ

қажеттілігі шамалы

3. Компьютер алдында көп отыратын адамдардың онкологиялық ауруға ұшырау қаупі басымдау, себебі ... ... ...

ғалымдардың зерттеуі бар

жоқ

дәлелденбеген

көп

4. Күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану - ... ...

адам ағзасына пайдалы

адам ағзасына аздап әсер етеді

адам ағзасына әсер етпейді

адам ағзасын өзгертеді

5. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, организмнің өз қалпына келуі үшін .. . керек.

сегіз сағат

сегіз күн

сегіз минут

бір күн

6. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу - паталогиялық өзгерістерге әкеледі, сондықтан ...

көп пайдалануға болмайды

көп пайдалану керек

жиі қолдануға болады

жиі қолданыңыз

7. Компьютерлік клубтардағы ойындар адамды лейкоз дертіне шалдықтыратыны ... .

зерттелуде

болжануда

дәлелденген

дәлелденген емес

8. Мәтінде қандай ауру түрлері аталды?

онкологиялық және лейкоз

жұқпалы

тұмау

бактериялық

Анықтама

өркениет –цивилизация

белес–ступень, этап

өнертапқыш изобретатель

сарылып оқу томительно учиться

тұтыну пользоваться

өнімдірек прозводительнее

қи ою прорубать кизяк

үдеріс процесс

сыни ойлау критическое мышление

бас қатыру ломать голову

жылжымалы қасапхана передвижная бойня

тезаурус

3-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің ішінен фразеологизмдерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.

қи ою, бейнет, әдеттегіден тыс, екі көзін төбесіне шығару, барсакелмес, кесімді жалақы, май-шелпек жұмыстар, жылжымалы қасапхана, бармақ басты, көз қысты, бұтарлау, кәдеге жарату, ірі қара, ұсақ мал, сықастыру.

тезауруске

Мына сөздер мен сөз тіркестерінің синонимін жазыңыз.

екі көзін төбесіне шығару, бұтарлау, кәдеге жарату, ірі қара, ұсақ мал, сықастыру, мықшыңдау, ықтырып алу, бас қатыру, титықтату, көпшіліктің көңілінен шығу, қолқасын қабу, май-шелпек жұмыстар.

43-сабақ

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Түлек, пір тұту, ағартушылық, әрекет, ұғыну, тырысу, бодан халық, шектеу, төл мәдениет, мәдениеттердің тоғысуы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі − Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол Омбының кадет корпусының яғни орыстың әскери мектебінің түлегі. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы – білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда, қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның өзі Шығыс Ренессансына тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы құрамындағы бодан халық тағдырына қатысты. Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік - адам. Шоқан сыртқы әлемге “дала адамын” түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді. Шоқан жазған “Үлкен қырғыз қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері”, “Қазақтардағы жамандықтың іздері”, “Қашқария туралы жазбалар”, “Сахарадағы мұсылмандық туралы” және т.б. ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген. Шоқанды тек қазақ ағартушысы деп шектеу жеткіліксіз. Ол, шын мәнісінде, нағыз ренессанстық тұлға. Небары 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті. Шоқан туралы айтқанда, алдымен көзге түсетін мәселе – Батыс пен Шығыстың арақатынасы. Патшалық Ресейде білім алған империя офицері ретінде ол, әрине, Черняев экспедициясына қатысты, Қашқарияға жасырын барды. Ф.М. Достоевский, С.Р. Дуров, Н.Г. Чернышевский сияқты орыстың озық ойлы ғұламаларымен достасып, алдыңғы қатарлы Еуропа мәдениетінен нәр алды. Шоқанның бар арманы өз халқының төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге көтеріп, жалпы адамзаттық мәдениетке тең етіп қосу болды. Шоқан мұсылмандықтың мәдени-тұтастық функцияларын көре білді. Қысқаша айтқанда, Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да, Шығыстың да тигізген әсері емес, өз халқының төл мәдениеті жатыр. Шоқанның өзіне жүгінейік: “Далалық орданың тұрғыны – қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр... . Осынау дала көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз-қамсыз көшпелі тіршіліктің арқасы болу керек немесе ұдайы ашық аспан астында, шет-шегі көрінбейтін дала шіркінді Тәңірі тұтқандықтан да болар”.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Шоқан Уәлиханов алдына қандай мақсат қойды?

Қазақ ағартушылығының Батыс және Шығыс ағартушылығынан айырмашылығы қандай?

Шоқан “дала адамын” әлемге қалай танытқысы келді?

Неге біз Шоқанды ренессанстық тұлға деп танимыз.

Шоқан өз халқы үшін білім мен ғылымның алатын рөлін қалай бағалады?

Шоқанның өз халқын қалай сүйді және қалай бағалады?

Шоқан Улиханов кім?

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Шоқан Уәлиханов өз халқының мәдениетін көтеру үшін қандай құралды пайдаланды?

патша үкіметін

абырой беделін

ағартушылықты

күш қолдануды

2. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі неде?

Шығыс Ренессансына ұқсастығында

Батыстың зор әсерінің болуы

Хандардың ықпалына

Ресейге бодан халықтың тағдырына

3. Мыналардың қайсысы Шоқанның еңбегі емес?

«Үлкен қырғыз–қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері»

«Қазақтардағы жамандықтың іздері»

«Қашқария туралы жазбалар»

«Түрік, қазақ қырғыз һәм хандар шежіресі»

4. Шоқан ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік кім деп есептейді?

патша

хан

ғалым

адам

5. Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде не жатыр?

Батыстың мәдениеті

Шығыстың мәдениеті

өз халқының төл мәдениеті

осының бәрі

5. Шоқан қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда қандай деп есептейді?

төмен

жоғары

әлдеқайда жоғары

бірдей

Жазылым.

Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес дұрыс толықтырыңыз.

1. Қазақстан ... үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі − Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.

2. Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік - ... .

3. Шоқан сыртқы әлемге ... түсіндіргісі келді.

4. ... 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті.

5. Шоқанның бар арманы өз халқының төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге көтеріп, жалпы ... тең етіп қосу болды.

6. Дала көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз-қамсыз ... арқасы болу керек.

7. Қысқаша айтқанда, Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да, Шығыстың да тигізген әсері емес, ...... .

Тыңдалым.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Исмағил мырза Мұс¬тафаұғлы Қырымда, Гас¬пра деген ауылда туған .

B) Исмағил мырза Мұс¬тафаұғлы 1851 жылы туған .

C) Исмағил мырза Гаспринский Қырымда хан болған.

D) Гаспринскийдің ата-анасы бұрынғы Қырым хандары нәсілінен болған.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Исмаил Гаспринский қазақ халқын отырықшылыққа шақырады.

B) ) Исмаил Гаспринский қазақ халқын жерге ие болуды ескертеді.

C) Исмаил Гаспринский ұлтты бөліп-жармай, барлығына тең қарады.

D) Исмаил Гаспринский бүкіл мұсылман түркі халықтарының артта қалуын жойып, басын біріктіргісі келді.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) И.Гаспринский газетаны өзі бүктеген, шаһардағы алушыларға өзі үлестірген.

B) И.Гаспринский күллі түркі жұртына кеңінен танымал болды.

C) И.Гаспринский «Тілде, пікірде, істе – бірлік» деген ұранмен «Тәржіман» газетін шығарады..

D) Араб әліпбиінің дыбыстық естілу ерекшеліктеріне қарай түркі халықтарының тіліне лайықталуы керектігін айтты.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) «Тәржіманда» қазақ халқының мәдениеті мен тарихына, экономикасына қатысты көптеген материалдар жарияланды.

B) Гаспринскийдің мақалалары қазақ халқының тағдырына бауырластық жанашырлықпен қарағанын танытады.

C) Ресей империясындағы мұсылман түріктерінің артта қалуын жойып бір-бірін жақындастырып, біріктіру үшін ортақ білім беру жүйесін ұсынды.

D) И.Гаспринский «бұл заманда байлық аяқты малда емес, егінде қалды» деп егін егуге шақырады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) И.Гаспринский «Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны» сынды мақалалар жазды.

B) Алаш ардақтысы Ахмет Бай¬тұрсынұлы «Қазақша сөз жазу¬шыларға» атты мақала жариялады.

C) И.Гаспринский «Усул жәдид» деп аталатын жаңаша оқыту әдісімен мұғалім болып шәкірттер оқытты.

D Осындай асыл азаматтың өлімі түркі жұртымен қатар қазақ халқының да қабырғасын қайыстырып кетті.

Анықтама

түлек – выпускник, молодое поколение

пір тұту святой наставник

ағартушылық просветительство

әрекет действие

ұғыну понимать, осмысливать

тырысу стараться

бодан халық подчиненный народ

шектеу ограничивать

төл мәдениет оргинальная культура

мәдениеттердің тоғысуы сближение

тезауруске

Мына сөздер мен тіркестердің синонимдік қатарын жазыңыз.

1. бодан халық

2. мұңсыз-қамсыз

3. адамзаттық мәдениет

4. пір тұту

5. төл мәдениет

6. жүгіну

44-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

қанық болу, ұзақ мерзімдік, ұлыс, белсене, егеулі, құнарлы, төзімді, қайран қалу, ат салысу, өнертабыс.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Ғарыштағы қазақ құрты

Жеті қат көкке шарықтап, ғарыштың ғажабына қанық болып келетін әлем ғарышкерлері ғарышта қазақтың құртын жейді екен. Иә, кәдімгі қазақтың ұлттық тағамы – құрт. Алғаш рет ғарышкерлер ұзақ мерзімдік сапарға аттанды. Жеті қат көкке қазан-ошақ көтеріп кетпесі түсінікті. Айлап-апталап ғарышта жүрген кезде олар не жейді екен деп ойлайтынбыз. Көп ұзамай жұмбақтың сыры ашылды. Ғарышта ғарышкерлер қазақтың ұлттық тағамдарын жейді екен. Жұрттың көбі сенер-сенбесін білмеді. Өйткені жұмыр Жер бетінде қанша халық бар, ұлт бар, ұлыс бар? Осының ішінен қазақ тағамының таңдап алынуы әрі таңғалдырады, әрі қуантады. Себебі Кеңестік ғалымдар әр ұлттың тағамдарын зерттей келе, «егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» ат үстінде бел жазбай жүрген батыр бабаларымыз азық еткен құртымыздың құрамы құнарлы, түрлі минералдар мен витаминдерге бай, денсаулыққа пайдалы, сақтауға төзімді екенін дәлелдеуі, шынында да, қайран қаларлық жағдай еді. Ал сол құрттың құрамын зерттеген ғалымдар кімдер еді? Жетпісінші жылдары Мәскеудің «Социалистік индустрия» газетінде бір топ кеңестік ғалымдардың құртты зерттеп, ғарышкерлерге ұсынғаны жөнінде шағын хабарлама жазылды. Сол зерттеуші ғалымдардың бірі – Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов еді. Осындай маңызды жұмысқа белсене ат салысқаны үшін 1977 жылы 21 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің өнертабыс және ғылыми жаңалықтар жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің №557784 авторлық куәлігі берілген Ғ.М.Меңдіханов еді... .(Ана тілі).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ғарышкерлер ғарышта нендей тамақ жейді?

Неліктен олар ғарышта қазақтың құртын азық етеді?

Жұрт ғарышкелердің құрт жегеніне неліктен таңданды?

Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов деген кім?

1. Жазылым. Ауыз әдебиеті бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемді аяқтаңыз: қазақтың ұлттық тағамы –......

А) айран

В) құрт

С) сүзбе ірімшік

D) шелпек

2. Сөйлемге қажетті сөзді қойыңыз: Жетпісінші жылдары Мәскеудің «Социалистік индустрия» газетінде бір топ кеңестік ғалымдардың құртты зерттеп, ғарышкерлерге ұсынғаны .............. шағын хабарлама жазылды.

А) жөнінде

В) әрі

С) сияқты

D) жағы

3. Сөзге қажетті жұрнақты қойыңыз: маңыз... жұмыс

А) –ді

В) –лы

С) –ды

D) –дылар

Е) –дік

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Сол зерттеуші ғалымдардың бірі –............... .

А) Кеңес ғалымдары

В) ғарышкелер

С) Мәскеу ғалымы

D) Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов еді.

5. Сөздердің сыңарын табыңыз: Қазақтың ұлттық тағамы құрт ...... бай, ...... пайдалы, .....төзімді

А) минералдар мен витаминдерге, бүйрекке, ыстыққа

В) мағлұматқа, бауырға, суыққа

С) минералдар мен витаминдерге, денсаулыққа, сақтауға

D) мәліметке, бауырға, ыстыққа

6. Мәтіндегі «белсене» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?

А) нашар

В)жасқана

С) зейінсіз

D) жігермен

Тыңдалым.

Анықтамаға

қанық болу –осведомляться

ұзақ мерзімдік – долгосрочный

ұлыс – народ

белсене – активно

егеулі – отточенный

құнарлы – питательный

төзімді – выносливый, стойкий

қайран қалу – удивляться

ат салысу – участвовать

өнертабыс – изобретение

тезауруске

1. Жеті қат көк

2. «егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалу»

3. бел жазбау

4. ат салысу

45-сабақ

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

кәдесый, телефон желісі, көрме, қожа, құндылық, мүсінші, керме, бәйге ат, қолөнер, кірпияз, кәсіпкер, әлеует, насихаттау, тамашалау, жәдігер, пысықталу, жетістік.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақтың кәдесыйы ғаламды таңғалдыра ала ма?

– Бізде кәдесый өндірісі енді ғана қол¬ға алы¬нып жатыр. Қозғалыс бар. Ас¬та¬на саммитінің қонақтарын өзімізде жасал¬ған кәдесыймен қам¬тамасыз еттік. Азиа¬да кезінде де кәдесый жа¬сауға отандық қо¬л¬өнер шеберлері қатыстырылды.

Ал ЭКСПО-ның орны бөлек. Біз ЭКСПО кезінде қол¬өнер, кәдесый секторында қол жеткен бар¬лық жетістігімізді көрсетеміз, бір-екі компания¬ның өнімдерімен шектеліп қал-маймыз, – дейді Түгелбай Бекберге¬нов мырза.

Оған бөлінетен қар¬жы Үкі¬мет бекіткен қаулыдан соң белгілі болмақ. Әзірге белгілісі – ЭКСПО жобасы¬нан үміткерлеріміз қаржы жағынан «шөміш¬тен қағылмайды». Оның айтуынша, этнографиялық бағыттағы жобалар – жел энергетикасынан кейінгі басым бағыттардың бірі. Демек, ұлттық брендтеріміз де көрме аясында жаңа маз¬мұндық формамен толығады, зама¬науиланады, қазақ қолөнер бұйымдары арқылы жаңа қырымен жаһанға таныла¬ды деген үміт бар.

Біздің үлкен мақтанышымыз — 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне әлемнің бірнеше елінен миллиондаған турист келеді. Шеттен келген қонақты осы елдің қожасы – қазақ деген ұлт қандай ұлт, ол қалай өмір сүреді, қандай киім киеді, қа¬лай сөйлейді, қалай тұрады, қандай тамақ жейді, қандай ауамен демалады деген нәрселердің бәрі қызықтырары сөзсіз. Олардың арасында сүйсініп те, сынап та қа¬райтындар болады. Көрмені көргенде¬рі көрмегендеріне айтады, біздің елден бір-бір естеліктер ала кетеді. Ол естелік қа¬зақ ұлтының тұтас болмысын көрсете алатын кішкентай құндылық болуы ке¬рек. Бұл тұрғыда біздің шеберлердің туындылары бірінші орынға шығуы керек! Әрине, 5 млн туристі қонақүймен қам¬тамасыз ету оңай шаруа емес. Осы орайда Елтаңба авторы, мүсінші Жандарбек Мәлібеков қызық ұсыныс айтты: – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елордаға 30-50 шақырым жердегі елді мекен жанынан Олимпия қалашығы үл¬гісіндегі эко және этноауылдар жасақтау керек» деген ұсынысын қолдаймын. Бұл халықты ынталандырады. 5 млн туриске арнап қонақүйлер салу басы артық шығын. Алматыда, Алатау етегінде қазақтың киіз үйлерінен тұратын үлкен этноауыл бар. Жалпы алғанда, 20 гектар жерді алып жатыр. Арнайы кермелерде бәйге аттары үшін жабық қора, теннис, бильярд алаң¬дары бар. Тіпті сәйгүлік тұлпарлармен се-руен¬деу жағы да қарастырылған. Қазақтың кәдімгі киіз үйі қазіргі заманғы инфрақұ-рылыммен толық жабдықталған. Кабельді телевидение, интернет, душ кабинасы. Тіпті спутникті телефон желісі де тар¬тыл¬ған. Біз осы тәжірибені 2017 жылы неге қолданысқа енгізбейміз. Қосымша, басы-артық шығынды да қажет етпейді. Одан бөлек, Еуропаның кірпияз туристерін бес жұлдызды тас қамалдан соғылған супер-гипер қонақүйлермен емес, осындай экзо¬тикамен ғана таңғалдырасың, – дейді.

Қазақстандық тағы бір кәсіпкер – Абай Әбуов «Шеттен 5 млн саяхатшы келеді» деп сыртқа елеңдеудің қажеті жоқ» дегенді алға тартады. Кәсіпкердің пайым¬дауынша, «қысқы Азиада кезінде сырттан 35-40 мың турист келеді» деген үміт ақталмады. Сырттан келгені – 3 мың турис¬тен сәл ғана асты. Сондықтан алды¬мен өз ішімізге, өз әлеуетімізге, сонан соң сыртта жүрген 5 млн қазаққа сенім арту керек. ЭКСПО біз үшін халықаралық бедел ғана емес, мемлекеттік-ұлттық жоба екенін, оның әрбір қазаққа керек екенін насихаттауымыз керек. Қазақтың жетпіс¬тегі қариясы мен жетідегі баласына дейін келіп, тамашалауына мүмкіндік жасауымыз керек. Сол кезде ғана патриоттық тәрбие¬нің өңіне шырай кіріп, елінің жетістігі үшін мақтана алатын, кемшілігі үшін ұяла алатын, содан сабақ ала алатын ұрпақ қалып¬тасады. Бұл –халықаралық тәжі¬рибеде бар үрдіс. «Мен соңғы оншақты жыл көлемінде Сеул, Бейжіңде өткен ЭКСПО көрмесінде болдым. Жетідегі баласын жетелеген қытай, кәріс әйелдері екі-үш сағат кезекте тұрса да, баласының көрмеге қойған жәдігерлермен танысуына мүмкіндік жасады, – деген кәсіпкер Абай Әбуовтың, – кәдесый саласына байла¬ныс¬ты қатып қалған қағидадан арылатын кез жетті, біз кәдесыйларымызды да бір реттік емес, ұзақмерзімді қамтитындай етіп дайын-дауға көңіл бөлейік. Біздің елде дайындалған кәдесый қырық жылдан кейін де құндылығын жоғалтпауы тиіс» деген пікірі назар аударарлық. Сіздің пікіріңіз қандай? (Айқын)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Жандарбек Мәлібеков кім?

2. Жандарбек Мәлібеков қандай ұсыныс айтты?

3. Қысқы Азиадаға қанша турист келді?

4. Жалпы алғанда, этноауыл қанша гектар жерді алып жатыр?

5. Абай Әбуов осы көрмеде кімдерге сенім артуды ұсынады?

6. Кәдесый жөнінде кәсіпкер Абай Әбуовтың ұсынысы қандай?

7. Шетелдіктердің өз еліндегі көрмелер мен жәдігерлерге қарым қатынасы қандай?

Жазылым:

Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

Еуропаның кірпияз туристерін бес жұлдызды тас қамалдан соғылған супер-гипер қонақүйлермен емес, , .............. .

Кәсіпкердің пайым¬дауынша, .... ... деген үміт ақталмады.

3. Қазақтың жетпіс¬тегі қариясы мен ......., тамашалауына мүмкіндік жасауымыз керек.

4. Жетідегі баласын жетелеген қытай, кәріс әйелдері екі-үш сағат кезекте тұрса да, ......... – дейді кәсіпкер Абай Әбуов.

5. Біздің елде дайындалған кәдесый қырық жылдан кейін де.........» деген пікірі назар аударарлық.

6. ЭКСПО біз үшін халықаралық бедел ғана емес, ............. .

7. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан........

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Стивен Хокинг тің тiршiлiкке деген құштарлығы ерiксiз таң қалдырады.

B) Стивен Хокинг ғарыш ғаламына обсерваторияда отырып шолу жасайды.

C) Ол кiтаптарында астрофизика тылсымдары жайында жаңалықтар берген.

D) Адамның ашкөздiгi мен дүниеқоңыздығы жердiң жан иелерiне берерiн түгесе бастады.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Стивен әлемнiң iрi университеттерiнiң оқу бағдарламаларын үйiнде отырып-ақ зердесiне сiңiре бiлген.

B) Жігіттің алған жары қайын атасына ұнауға тиіс.

C) Стивен Хокинг – адамзат баласының бiз өмiр кешiп жатқан дәуiрiндегi ұлы перзенттерiнiң бiрi.

D) Адамның ашкөздiгi мен дүниеқоңыздығы жердiң жан иелерiне берерiн түгесе бастады.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Стивен Хокинг ғарыш ғаламына үйiнде отырып шолу жасайды.

B) Данышпан физиктiң ең басты зерттеу нысаны қара тереңдер.

C) Адамның ашкөздiгi мен дүниеқоңыздығы жердiң жан иелерiне берерiн түгесе бастады.

D) Стивен Хокинг адамдардың жер бетiндегi ғұмыр сүруiнiң қалпына разы емес.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Оның тiршiлiкке деген құштарлығы ерiксiз таң қалдырады.

B) Адам планетадағы тiршiлiк түрлерiне қатер төндiре бастады.

C) Алыс болашақтағы ұрпақтарымыз басқа планеталарға қоныс аударуға мәжбүр болады.

D) Жасыл планета ендi он ғасырдан соң ресурстарын тауысады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A)Стивен Хокинг астрофизика тылсымдары жайында бiрде бiр ғалым ашпаған жаңалықтар берген.

B) Данышпан физиктiң ең басты зерттеу нысаны адамзаттың өзге ғаламшарларға болашақта қоныс аудару мүмкiндiктерi.

C) Денесiнiң жартысынан көбiн қозғалта алмайтын Стивен дауыстап сөйлей де алмайды.

D) Келер замандарда адам уақыт кеңiстiгiндегi ғұмыр сүруiн тоқтатады, – дейдi Стивен Хокинг

Анықтамаға

Кәдесый – сувенир

телефон желісі – телефонная линия

көрме – выставка

қожа – хозяин

құндылық – ценность

мүсінші – скульптор

керме – веревочная коновязь

бәйге ат – скакун

қолөнер – рукоделие

кірпияз – чистоплотный

кәсіпкер – предприниматель

әлеует – возможность

насихаттау – пропагандировать

тамашалау – любоваться

жәдігер – памятник, реликвия

жетістік – достижение

пысықталу – подтверждаться

тезауруске

Мына сөз тіркестерінің синонимін жазыңыз:

«шөміш¬тен қағылу»

халықаралық бедел

басым бағыттар

үміт ақталмау

Қазақтың жетпіс¬тегі қариясы мен жетідегі баласына дейін

Қатып қалған қағида

1. Оқылым сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемді аяқтаңыз: қазақтың ұлттық тағамы –......

А) айран

В) құрт

С) сүзбе ірімшік

D) шелпек

2. Сөйлемге қажетті сөзді қойыңыз: Жетпісінші жылдары Мәскеудің «Социалистік индустрия» газетінде бір топ кеңестік ғалымдардың құртты зерттеп, ғарышкерлерге ұсынғаны .............. шағын хабарлама жазылды.

А) жөнінде

В) әрі

С) сияқты

D) жағы

3. Сөзге қажетті жұрнақты қойыңыз: маңыз... жұмыс

А) –ді

В) –лы

С) –ды

D) –дылар

Е) –дік

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Сол зерттеуші ғалымдардың бірі –............... .

А) Кеңес ғалымдары

В) ғарышкелер

С) Мәскеу ғалымы

D) Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов еді.

5. Сөздердің сыңарын табыңыз: Қазақтың ұлттық тағамы құрт ...... бай, ...... пайдалы, .....төзімді

А) минералдар мен витаминдерге, бүйрекке, ыстыққа

В) мағлұматқа, бауырға, суыққа

С) минералдар мен витаминдерге, денсаулыққа, сақтауға

D) мәліметке, бауырға, ыстыққа

6. Мәтіндегі «белсене» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?

А) нашар

В)жасқана

С) зейінсіз

D) жігермен

Тыңдалымдар мәтіні

1 Сабақ

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысында дүниеге келген. Ол 10-13 жас аралығында Семейдегі мұсылман медресесінде оқиды. Осы жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін меңгеріп, Шығыс классиктерінің шығармаларымен танысады. Өзінің ерекше зеректілігінің арқасында орыс тілін де тез меңгереді. Алайда әкесі оны өз жанында ұстап, ел билеу ісіне араластыру мақсатымен ауылға қайтарып алады. Абай ел арасында әр түрлі істерге араласып, халықтың тұрмысын көріп өседі. Бос уақытының бәрін кітап оқуға арнайды. Батыс Еуропа елдерінің әдебиеттеріне назар аударады.

Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды. Оның ақындығы сан қырлы. Ол – керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге ол – ойшыл ақын. Абайдың кемеңгер ойшылдығы оның қара сөздерінен де анық танылады. Абай поэзиясы өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты, барынша толық бейнелеп береді. Абай поэзиясы бүгінгі замандағы өмір шындығын танып білуге үлкен септігін тигізе алады.

1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында А.Байтұрсынов: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп Абайды аса жоғары қояды.

Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі 1940 – 1950 жылдары кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайтанудың өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасуына М.Әуезовтің сіңірген еңбегі зор болды.

Абай шығармашылығын қазіргі көзқарастар деңгейінде талдап, тереңдеп түсінуге соңғы кездегі ірі зерттеу еңбектер айтарлықтай үлес қосты. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерекесі ЮНЕСКО-ның арнайы шешімімен көптеген шет елдерде аталып өтті, шығармалары ондаған тілдерге аударылып, жарияланды.

(Қазақ энциклопедиясынан)

2 Сабақ

Тыңдаңыз

- Ахмет аға! Сіздер Абай ауылымен қарым-қатынаста болдыңыздар ма?

- Иә, ауылымыз Абай ауылымен қысы-жазы қатар отырады. Олардың өрісте қойы, ауылда адамдары ағайын-туыстай араласып кеткен.

- Мұхтар Абай балаларымен араласушы ма еді?

- Мұхтар ес білгелі Абайдың есті балаларынан үлкен тәрбие, үлгі-өнеге алды. Оның үстіне атам Әуез – оқыған, сауатты адам. Ол бізге Абай өлеңін, қарасөзін үйрететін. «Балаларым, Абайдың қара сөзімен танысасыңдар. Мұны да кешқұрым жатқа айтып беріп отырасыңдар» деп үнемі бізді оқытып, үйретуден шаршамайтын. Ал Мұхтарға өзінің айтқандарын жазып отыруды тапсыратын. Біздің бұл өнегелі сөздерді ұмытпауымызға, өмірде бағыт етіп ұстауымызға атамның ықпалы көп болды. Абайдың есте сақтау туралы айтқанын қайталап айтып берейін:

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек. Үшінші, сол нәрсені ішінен қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші, кеселді ойлардан қашық болу керек». (Ахмет Әуезов)

3 Сабақ

Тыңдаңыз

Үнді елінен оралғаннан кейін екінші күні Мұхаң дәріске келді. Әдеттегідей бас шұлғып амандасты да, орнына отырды.

- Үнді әсерін айтпас па екенсіз?- деген санаулы сұрағымызды екеу-үшеуіміз жарыса, бірақ ақырын дауыспен айттық.

- Үнді сапары туралы біраз материалдарды баспасөзге беріп келген жайым бар. Таяу күндері жарияланып та қалар, - деді ұстазымыз.

-Ағай, кешіріңіз, басқалардан бұрын біз тыңдап алайық та, - деді жүрегінің түрі бар Абылғазы досымыз бәріміздің атымыздан.

Ұлы адам сөзін бастап кетті:

- Талай ғасыр мәдениеті қордаланған, ертеден дамыған, қазіргі кезде жер шарына мәлім болып отырған ұлы ел туралы көңілге түйгенімізді, рет-ретімен жеткізерімізді, көз алдына елестетерімізді, көңілдеріне жақсылық ұялатарымызды, ынтасын арттырарымызды, өнеге етерімізді бір сәтте баяндап шығу қиындыққа соғарын білемін. Сонда да азды-көпті көрген-білгенімді айтып берейін. Дели қаласында үш мың адам толып отырған залда кеңестік делегациямен кездесу ұйымдастырылды. Ресми таныстыру дәстүрі бойынша менің де атақ-дәрежем айтылып өтті. Қонақтар рет-ретімен мінбеге көтеріліп жатты. Кезек маған келгенде, залдан:

- Ұлтыңыз кім болады? – деген сұрақ берілді.

- Қазақ, - деп жауап бердім.

- Өз ана тіліңізде сөйлеп көріңізші, - деген ұсыныс түсті.

Мен екі-үш сөйлеммен бұл елге келгеніме қуанышты екенімді, делегацияны жақсы қабылдап жатқанына риза екенімді айттым.

- Халқыңызда көркем әдебиеттің қай жанры басым? Үзінді оқымас па екенсіз? -деп сұрады залда отырғандар.

- Қазіргі қазақ әдебиеті бар сала бойынша дамып келе жатыр. Күні кешеге дейін ауыз әдебиеті, әсіресе, поэзия жетекші орын алып келген. Мен сіздерге «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңді оқып берейін, - дедім. Солай деп, аталған өлеңнен бір шумақ оқыдым. Отырғандардың біразы жарыса:

- Сіз өлең оқыдыңыз ба, әлде ән айттыңыз ба? – деп сұрады.

- Біздің халық - әнші халық, бірақ мен өлең оқыдым. Бұл өлеңнің интернационалдық тарихы бар. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін Гете жазған, одан орыс тіліне Лермонтов аударған, ал орыс тілінен қазақ тіліне тамаша аударған Абай оған ән де шығарған. Қазіргі кезде сол әнді бүкіл қазақ даласы жырлайды десем, артық айтқандығым емес, - дедім. Мен осыларды баяндағанда ризалық сөздер мен қол шапалақтаулар бүкіл зал ішін кернеп кетті.

Біздің ұлтымызды айыра алмай отырғанын білгеннен кейін Мұхтар Әуезов ұлыларды айтсам, мүмкін білер ме екен деген оймен, Абайды айтады. Зал үнсіз. Шоқанды айтады,- зал тыныш. Ыбырай Алтынсаринды айтады, - тағы да бейтарап күй. Жамбылды атайды. Сол сәтте ғана «Замбул», «Замбул» деген күбірлер көбейіп, одан соң отырғандар тегіс дуылдата шапалақ ұрады.

- Міне, адамның бақыты, азамат бақыты деген осы. Біздің Жамбыл Жабаев – нағыз бақытты жан, өйткені бүкіл халықты білмеген жерге оның есімі таныс!- деп аяқтады сөзін ұстазымыз.

Өз тарапымыздан қосарымыз, бұл әңгімені ұлы Мұқаң біздерге, Қазақ мемлекеттік университетінің студенттеріне өткен ғасырдың алпысыншы жылдары айтып беріп еді. Қазір Қазақстанды, қазақ ұлтын білмейтін мемлекет бар дегенге мен өз басым сенбеймін. Қазақ елі тәуелсіздіктің ақ таңы атып, егемен болғалы өзін әлеуметтік, мәдени, экономикалық, өнер, спорт, қарым-қатынас саласы бойынша әлем елдеріне таныта білді. Ұлы Мұхтар Әуезовтің есімі «Абай жолы» эпопеясы арқылы барша әлемге, соның ішінде ертегідей Үнді еліне де таныс деп нық сеніммен айта аламын. (М.Серғалиев. «Өнеге» кітабынан)