Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс 11 (2011).doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
82.43 Кб
Скачать

3. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме

Қоршаған ортаның ауыл шаруашылығымен ластануы және онымен күрес

Ғылыми-техникалық прогресс ғылымда ғана емес, ауыл шаруашылығында да белгіленеді. Аграрлық политиканың басты бағыты – ауыл шаруашылығының қазіргі кезде индустриялық базаға, ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық сфераға өтуі. Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресс ауыл шаруашылығының қоршаған ортасын ластамауы керек.

20 ғ ортасында ауыл шаруашылығына жаңадан қауіп төнді, ол биосфераның минералдық тыңайтқыштармен, пистицидтермен т.б ластануы. Осылардың көбі жер бетіне таралып кеткен. Мысалы: ДДТ 10 жылда жартылай ыдырайды, бұл тіпті жер бетіндегі пингвиннің ұлпаларында да кездескен. 70 жылдары ауыл шаруашылығының ластануы ең басты сұраққа айналды. Ауыл шаруашылығының ластануы үшін көптеген конференциялар болды. Ластаушы көздер – минералдық тыңайтқыштар, малдардың қалдықтары, пестицидтер, т.б.

Минералдық тыңайтқыштар

Ауыл шаруашылығының дамуы үшін минералдық тыңайтқыштарды қолданылады. Тыңайтқыштың мөлшері қолайлы болуы керек. Аз мөлшердегі тыңайтқышпен керекті өнімді алу мүмкін емес. Артық мөлшердегі миниралдық тыңайтқыштар өнімнің сапасын бұзуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында көп жағдайда азот, фосфор тыңайтқыштары пайдаланылады, олардың оптималды мөлшері өнімді көп арттыра түседі, ал көп мөлшерде белгілі бір зиянын тигізеді де, өсімдіктерде хлороз тудырып, өнімнің сапасын түсіреді. Тынайқаштардың біраз мөлшері қар суымен және жаңбыр суымен шайылып кетіп отыратындықтан, олармен топырақты өңдеу периодты түрде жүргізіледі.

Сонымен ласталастаушы көздердің ең басты бағыттарына мал шаруашылығы фермалары және комуналдық тұрғылықты пунктермен қатар өсімдік шаруашылығы да жатады.

Жаңбыр және қар суымен шайылып су қоймаларына түскен минералдық заттар суда тіршілік ететін әртүлі гидробиоттар, көптеген су өсімдектері, фитоплоктондарға өз әсерін тигізеді. Қазірге кезде балық аулау және оның дамуы үшін де минералдық тыңайтқаштар пайдаланады. Минералдық тыңайтқыштарды белгілі бір мөлшерде пайдалану кезінде фитоплоктондар, бактериялар, зооплоктондар және омыртқасыздар мен балықтар көбейеді. Алайда егер тыңайтқыштар көп мөлшерде қолданылатын болса, онда кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол бастапқы микрофлораға, көк-жасыл балдырларға зиянды әсер етеді, яғни олардың құрамында улы мен қорекке қажетсіз заттар жинақталады. Олармен қоректенетін зооплоктондар жойылып, нәтижесінде балықтардың кейбір түрлері өліп, ал басқаларының өсуі азаяды.

Мал шаруашылығының қалдықтары.

Қазірге кезде көптеген елдерде ірі мал шаруашылығы кешендеріне көңіл бөлініп отыр. Ол етпен және сүтпен қамтамасыз етеді. Алайда мал шаруашылығынан қалған қалдықтар қоршаған ортаны ластайды. Ірі қалаларда мал шаруашылығының қалдықтарын миллиардтаған тоннамен өлшейді. Малдың тамақтандыру аймағында 10 мың малдан күніне 200 т тезек шығарылады. Қазіргі кезде 50-100 мың мал шаруашылығы кешендері салынған. Олардың аймағында көптеген тезектер жиналады. Бұл антисанитарлық жағдай туғызады. Ауаның, топырақтың, грунт суларының ластану мөлшерін, тезек иісінің адамдар тұратын тұрғылықты жерлерге таралмауын қадағалап отыру керек. Ол үшін ауыл аруашылық кешендерін салуды жоспарлағанда жел бағытын ескеру қажет. Мысалы: Австрияда кішігірім қалада шошқа шаруалығы болған, оның иісінен сол жердегі тұратын адамдар көшіп кеткен. Қазіргі кезде қалаларда әртүрлі шаруашылықтар салуға болмайды. Шаруашылықтардан су қоймаларына құйылатын сулар оларды ластайды. Еуропаның кейбір елдерінде суды ластайтын әртүрлі шаруашылықтар жиі кездеседі. Швейцарияда 1969 жылы 2% балықтардың өлуі осы себепті болды. Ауыл шаруаылығынан ластану тұрмыстық ластанудан 150 есе көп. Шаруашылықтарды суқоймалардың, демалыс орындарының, санаторийлердің қасына салуға болмайды. Мал шаруашылығынан қалған тезектерді уақытылы тазалау және дұрыс пайдалану арқасында қоршаған ортаның ластануынан жол табуға болады.

Мал шаруашылығынан қалған қалдықтарды пайдалану жолдары:

1) Тезектерді нормаға байланысты егістікте пайдалану.

2) Көнді немесе тезекті сусыздандыру. АҚШ-та тезекті сусыздандырып, оны өсімдік шаруашылығында қолданады.

Үлкен мал шаруашылық кешендерін салу барысында тезекті қайта өңдеуден өткізетін механикалық құрылымдар қоса салынуына көңіл бөлу қажет.

Ауылшаруашылыққа техниканың әсері.

Ауылшаруашылық техникалары кейбір жағдайларда қоршаған ортаға да зиянын келтіруі мүмкін. Ауыр тракторлар егістікте жүру барысында топырақтың құнарлылығын нашарлатады. Кейбір кезде жеңіл көлік пен тракторларды көлдер мен өзендерде жуады, осының әсерінен судың пайдалану сапасын нашарлатады. Бұл балық шаруашылығына әсер етеді. Осы жағдайларға сәйкес әрбір шаруашылықтың машинамен трактор жуатын жүйелері болу керек.

Негізгі әдебиеттер :

  1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

  2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

  3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

  4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

  5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

  6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

  7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

  8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]