Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмны.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.54 Mб
Скачать
      1. Әрекетшілдік

Әрекетшілдік – қосымшаға арналған визуалды қолданушылық интерфейс болып табылады. Ережеге сәйкес терезе мобильді құрылғы экранын толық қамтиды, бірақ экраннан кіші өлшемдерді қабылдай алады. Сонымен қатар әрекетшілдік басқа да қосымша терезелерді қолдана алады. Мысалы, қалқымалы терезелер және қосымшада немесе жүйедегі белгілі бір оқығалар туралы хабарландыру терезелері.

Терезені визуалды-ақпараттық толтыру көрініс иерархиясымен анықталады. Әр көрініс өзіне берілген тікбұрышты кеңістікті басқарады. Аналық көріністер өз ішкі көріністерінің орналасу сұлбасын ұйымдастырады. Көріністер бағдарлама интерфесі мен қолданушының өзара іс-әрекеттеріне әрекет етуі мүмкін. Android-та қосымшада қолданылатын батырма, мәтіндік алаң, жалауша және т.б сияқты дацын көріністер бар.

Барлық әрекетшілдіктер Activity базалык классының ішкі класстары болып әіске асырылады.

Қосымша өзара тәуелсіз бірнеше әрекетшілдіктен тұруы мүмкін. Жаңа әрекетшілдіктің ашылуы кезінде алдыңғы әрекетшілдік жұмысы тоқтатылады. Ағымдағы әрекетшілдік әрекетшілдіктер стегіне сақталады [2].

      1. Қызметтер

Қызметтің визуалды интерфейсі жоқ. Ол фонды режимда анықталмаған уақыт периодында орындалады. Қызмет жұмысын тоқтатқанға деін орындалады.

Қосымша іске қосылмаған қызметтерді іске қосып, өшіре алады. Қызметке қосылу арқылы оның функцияларына интерфейс арқылы қатынауға болады.

Терезені визуалды-ақпараттық толтыру көрініс иерархиясымен анықталады. Әр көрініс өзіне берілген тікбұрышты кеңістікті басқарады. Аналық көріністер өз ішкі көріністерінің орналасу сұлбасын ұйымдастырады.

      1. Кең таратқыштық мақсатты қабылдағыш

Кең таратқыштық мақсатты қабылдағыш – сыртқы оқиғалар және оларға жауап беру компоненті. Жіберулерді басқа да қосымшалар және қызметтер инициализациялай алады.

      1. Контент-провайдер

Контент-провайдер қосымшада қолданылатын, басқа қосышаларға қолжетімді деректерді жинақтайды.

Деректер файлдық жүйеде, SQLite деректер базасында немесе басқа да әдіспен сақталуы мүмкін. Контент-провайдер қауіпсіз қолжетімділік үшін рұқсат беру механизмін қолданады. Бұл контент-провайдерді конфигурациялау арқылы деректерге басқа қосымшалардың қатынауына рұқсат беру және басқа қсымшалар контент-провайдерін қолданып деректерге қатынауға болады деген сөз.

    1. Android архитектурасы

Егер Android компоненттік моделін иерархия түрінде елестететін болсақ, онда ең соңында, ең түпнегізгі және базалық құраушысы операциялық жүйе ядро болып табыладыc(сурет 9).

Android – Linux-тің бірнешеге бөлінген ядросында негізделген, сондықтан, бұл деңгейде дәл соны көре аламыз. Ол жүйенің функциялануын қамтамассыз етеді және қауіпсіздік, жадыны басқару, энергожүйе және процесстерге жауап береді, сонымен қатар, желілік стек және драйверлер моделін ұсынады.

Ядродан «жоғарыда» қабаттың программалық қамтамасы ретінде қосымшаның негізгі базалық функционалдарына арналған кітапханалар жинағы орналасқан. Яғни, бұл деңгей жоғарғы деңгейлерге дайындалған алгоритмдерді көрсету, файлдық форматтарды қолдау, ақпаратты кодтау, декодтау, график сызу және т.б үшін жауап береді. Кітапханалар C/C++ тілінде белгілі бір аппараттық қамтамаға негізделіп құрылған:

Сурет 8. Android архитектурасы

Android – Linux-тің бірнешеге бөлінген ядросында негізделген, сондықтан, бұл деңгейде дәл соны көре аламыз. Ол жүйенің функциялануын қамтамассыз етеді және қауіпсіздік, жадыны басқару, энергожүйе және процесстерге жауап береді, сонымен қатар, желілік стек және драйверлер моделін ұсынады.

Ядродан «жоғарыда» қабаттың программалық қамтамасы ретінде қосымшаның негізгі базалық функционалдарына арналған кітапханалар жинағы орналасқан. Яғни, бұл деңгей жоғарғы деңгейлерге дайындалған алгоритмдерді көрсету, файлдық форматтарды қолдау, ақпаратты кодтау, декодтау, график сызу және т.б үшін жауап береді. Кітапханалар C/C++ тілінде белгілі бір аппараттық қамтамаға негізделіп құрылған:

SurfaceManager – Android жүйесіде Linux-қа ұқсас, бірақ қарапайым композитті терезелер басқармасы қолданылады. Графиктерді тікелей дисплей буферінде сызудың орнына сызу командаларын кадр арты буферіне жібереді. Ол жерде командалар жинақталу арқылы белгілі бір композиция құрып, сосын қолданушы экранына шығарылады. Бұл жүеге түрлі эфекттер құруға мүмкіндік береді.

MediaFramework – PacketVideoOpenCore базасында құрылған кітапханалар. Бұның көмегімен жүйе аудио және видео контенттердің ойнатылуын, сонымен қатар, статистикалық суреттерді шығару іске асырылады. MPEG4, H.264, MP3, AAC, AMR, JPG,PNG сияқты танымал форматтарды қолдайды.

SQLite – деректер базасымен жұмыс істейтін қозғалтқыш ретінде қолданылатын ДҚБЖ.

FreeType – биттік карталармен жумыс жасуға, қаріптерді растерлеу және оларға операциялар жүргізуге арналған кітапхана. Бұл қаріптерге және мәтін жариялауға арналған жоғарғы сапалы қозғалтқыш.

LibWebCore – GoogleChrome, AppleSafari браузерлерінде қолданылатын WebKit жылдам браузерлік қозғалтқыш кітапханасы.

SGL(SkiaGraphicsEngine) – 2D-афикамен жұмыс істеуге арналған ашық қозғалтқыш. Графикалық кітапхана Google өнімі болып табылады және оның басқа да қосымшаларында қолданылады.

SSL – біратты криптографиялық хаттаманы қолдайтын кітапхана.

Libc – С тілінің стандартты кітапханасы. Bionic деген атқа ие.

Осы деңгейде AndroidRuntime орындау ортасы орналасқан. Негізгі құраушы бөлігі ядро кітапханалар жиыны және Dalvic виртуалды машинасы болып табылады [18].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]