Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмны.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.54 Mб
Скачать

3.2.2 Бай объектілік ортасы

Java ортасы – бағдарламалау тілінен жоғары деп айтсақ болады. Оның құрамында біздің бағдарламаларға шын өмірде кездесетін негізгі абстракциялардан тұратын негізгі класстар тобы бар. Java тілінің танымалдылығы бұл оны платформаға тәуелсіз ететін орнатылған класс-абстракциялары болып табылады (кесте 2). MFC/COM, OWL, VCL, NeXTStep, Motif және OpenDoc сияқты кітапханалар өз платформаларында жақсы жұмыс істейді, дегенмен, қазіргі таңда негізгі платформа болып Internet табылады.

Java 1.1.6 нұсқасында 23 пакет (Java 1.0.2-де олар 8 болды), ал класстар саны – 503 (211)орналасқан. Қазіргі уақытта JDK 1.2 бета-тестілеудің соңғы кезеңін өткеруде [15].

Алғашқыда тіл ретінде C++ бағдарламалау тілін қолдану жоспарланған. Бірақ, бағдарлама құру кезінде кездескен қиыншылықтардың әсерінен жаңа бағдарламалау тілінің пайда болуына әкеліп соқты. Жүйенің мақсаты – заманауи Eiffel, Smalltalk, Objective C, Cedar/Mesa сияқты бағдарламалау тілдерінің ең жақсы қасиеттерін қамту болды. Желілік технологиялардың қарқынды дамуы қосымшалардың құрылу процессі және таратылуына деген көзқарастың өзгеруіне әкелді. Заманауи қосымшалар қауіпсіз, жұмыс өнімділігі жоғары, әр-түрлі архитектуралы машиналар таратылған ортасында жұмыс істеуі тиіс болды.

Кесте 2

Java API пакеттері

Пакет атауы

Құрамы

java.applet

Апплеттерді іске асыру классы

java.awt

Графикамен, мәтінмен, терезелермен және GUI-мен жұмысқа арналған класс

java.awt.datatransfer

Ақпарат тасымалдауды қамтамассыз ететін класстар(Copy/Paste)

java.awt.event

Оқиғаны өңдейтін класстар мен интерфейстер

java.awt.image

Суретті өңдейтін класстар

java.awt.peer

Платформаға тәуелсіздікті қамтамасыз ететін GUI

java.beans

JavaBeans компоненттер моделіне арналған API

java.io

Енгізу-шығарудың түрлі типтеріне арналған класстар

java.lang

Тіл ядросына арналған класстар (типтер, жолдармен жұмыс, тригонометриялық функциялар, тиым салуларды өңдеу, жеңіл процесстер)

java.lang.reflect

Reflection API класстары

java.math

Туынды дәлдіктің арифметикалық операцияларына арналған класстар

java.net

Интернет желісіндегі жұмысқа арналған класстар (сокеттер, хаттамалар, URL)

java.rmi

RMI-мен байланысты класстар (процедураларды алыстатылған шақыру)

Кесте 2 жалғасы

java.rmi.server

RMI-мен байланысты

java.security

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар

java.security.acl

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар

java.security.interfaces

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар

java.sql

 

java.text

Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар

java.text.resources

Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар

java.util

Түрлі пайдалы деректер типтері (стектер, сөздіктер, хэш-кестелер, дата, кездейсоқ сандар генетаторы)

java.util.zip

Архивтеуді қамтамасыз етуге арналған класстар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]