Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
150.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
49.55 Кб
Скачать

11. Қос жұлдыздар. Физикалық айнымалы жұлдыздар. Жұлдыздардың ішкі құрылысы және эволюциясы

264. Визуалды - қос жұлдыз дегеніміз, қосарлық қасиеті мынадай болатын физикалық қос жұлдыз:

б) бұл телескоппен немесе қаруланбаған көзбен қарағанда байқалады

265. Цефеидтер дегеніміз не? Бұл - ...

г) физикалық айнымалы жұлдыздар

266. Тұтылмалы қос жұлдыздар дегеніміз физикалық қос жұлдыз, қосарлық қасиеті мынадан байқалады:

в) жұлдыздың көрінерлік жылтырауының периодты өзгерісінен байқалады

267. Өзінің жылтырауын периодты өзгертетін жұлдызды ата:

г) цефеидтер

268. Спектрлік қос жұлдыздар дегеніміз, физикалық қос жұлдыз, оның қосарлық қасиеті қалай байқалады?

а) спектрдегі спектрлік сызықтардың периодтық қосарлануымен немесе тербелісімен анықталады

269. Өзінің жылтырауын жарылысқа ұқсас 6m+8m-не ұлғайтатын, осыны кейде қайталайтын, жарылыс нәтижесінде ыстық ергежейлілер болып қалыптасатын жұлдыздар қалай аталады?

а) цефеидтер

270. Оптикалық- қос жұлдыздар дегеніміз ....

г) физикалық қос жүйесін құрамайтын жұлдыздардан құралған қос жұлдыз

271. Өзінің жылтырауын жарылысқа ұқсас 12m+18m – ға дейін тез өзгертетін және

нәтижесінде пульсар мен нейтрондық жұлдыздарға айналатын жұлдыздар қалай

аталады ?

б) аса жаңа жұлдыздар

272. Төмендегі обьектілердің қайсысы бөлінген, жартылай бөлінген және контактілі

жұптарға бөлінеді ?

б) тығыз – қос жүйе

273. Қос жұлдыздың қозғалысының қасиеттерін сипаттайтын тұжырымдардың

ішінен қатесін тап:

в)қос жұлдыз жүйесіндегі қозғалыс әр компоненттің шығаратын энергиясына тәуелді

274. Күндік массалы жұлдыздың эволюциясының соңғы стадиясын көрсет.

в) ақ ергежейлі

275. Массасы Күннен үлкен жұлдыздың эволюциясының соңғы стадиясын көрсет.

а) нейтрондық жұлдыз

276. Массасы өте үлкен жұлдыздың эволюциясының соңғы стадиясын көрсет.

б) қара құрдым

277. Қос жұлдыздардың қайсысы шындығында қос жұлдыз емес?

г) оптикалық – қос жұлдыз

278. Күн массасынан 5 есе артық массаға ие жұлдыздың дамуының соңғы сатысын көрсет

Б. қара құрдым

279. Айнымалы жұлдыздар дегеніміз:

г) жылтырауы айнымалы жұлдыздар

280. Неліктен астрономдар айнымалы жұлдыздарды бірінші кезекте жаңадан ашылған галактикалардан іздейді? Қате жауапты көрсет.

Г. себебі бұл негізінен пульсарлар және нейтрондық жұлдыздар

281. Эруптивті жұлдыздарға жататын төмендегі жұлдыздардың қай түрі қызыл ергежейлілер болып табылады?

Б.UV-Кит типті жұлдыз

282. Басты тізбектің төменгі жағындағы жұлдыздың орталық аймағында қандай зона бар?

А. Энергияның сәуле түрінде таралатын зона

12. Галактика. Галактикадан тыс астрономия. Космология.

283. Галактика дегеніміз не ?

в) Құс жолы жүйесіне енетін жұлдыздар және басқа да жақын жұлдыздар

284. Төменде келтірілген объектілердің қайсысында қазіргі таңдағы ақпараттар бойынша жұлдыздар пайда болады?

г) жұлдыздар ассоциациясында

285. Жарық тұмандықтардың спектрі мынадай болады:

б) эмиссионды жарық сәулелену сызықтары бар спектр

286. Метагалактика дегеніміз не? Бұл ...

б) оптикалық құралдар мен космостық аппаратардың көмегімен бақылап зерттеуге мүмкін болатын әлем бөлігі

287. Шар тәрізді шоғырлар дегеніміз не?

б) сфера пішінді жұлдыздар шоғыры

288. Шашыранды шоғыр дегеніміз не?

а) анық орталық түйіні жоқ жұлдыздар шоғыры

289. Галактикалардың төмендегі түрлерінің қайсысы табиғатта кездеспейді?

в) параболалық

290. Біздің галактика қандай жұлдыздық жүйеге жатады?

а) спиральды галактика

291. Төмендегі сипаттамалардың қайсысы шашыранды жұлдыздық шоғырға тән емес?

а) ондаған және жүздеген жұлдыздардан тұрады

292. Төмендегі сипаттамалардың қайсысы жұлдыздардың шар тәріздес шоғырына тән емес?

Г. Құрамында бірнеше галактикалар бар

293. Төмендегі объектілердің қайсысы біздің Галактикаға жатпайды?

Г. квазарлар

294. Келтірілген әдістердің қайсысы галактикаға дейінгі қашықтықтарды өлшеуге қолданылмайды

А. жылдық параллаксты өлшеу

295. Метагалактиканың ең алыс объектілері: Дұрыс жауапты көрсет.

В. квазарлар

296. Қазіргі космология неге негізделген? Қате жауапты көрсет.

в) химиялық элементтердің таралуының мәліметтері

297. Әлем дамуындағы бірінші сатыны көрсет Г. адрондық эра

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]