Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Daris_Sayasattanu

.pdf
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
473.21 Кб
Скачать

Дәріс мазмұны:

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттын жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, ӛз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.

Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жӛнінде әр түрлі кӛзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар: 1. Теологиялық теория. 2. Патриархтық теория. 3. Қоғамдық келісім теориясы. 4. "Зорлық жасау" теориясы. 5. Географиялық теория. 6. Психологиялық теория. 7. Марксистік теория. 8. күштеу теориясы.

Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары: теологиялық белгілері: жария билік, егемендік, жалпылық, территория тұрғындары, мемлекеттік аппарат, салық жинау құқығы. Мемлекет функциясының классификациясы. Әр түрлі елдердегі жүзеге асырудың ерекшеліктері. Либерализм, плюрализм, марксизм, анархизмдік қоғамдағы мемлекет рӛлі туралы. Мемлекеттік басқару органдары. Қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі функциялары. Саяси институттарға ұйымдар, мекемелер, мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар әйелдер т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мӛлшеріне қарай және т.б. пайда болатын кӛптеген әлеуметтік мақсатмүдделерді білдіріп қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалык-әлеуметтік құрлымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты еріксіз кӛндіретін күштер, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) болады. Солардың кӛмегімен ол адамдардың жүріс – тұрыс іс -әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Азаматтық қоғамның пайда болуы жӛнінде ғалымдар арасында екі түрлі кӛзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам материалдық мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.

Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2010ж.

2.Н.Назарбаев. Тарих Толқынында. Алматы ―Атамұра‖ 1999ж.

3.Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А.,

2010. –211 б.

4.Сыздықова С.М. Қазақстан Республикасының Конституциясы – азаматтардың арождан еркіндігінің кепілі. // «Еуразия: халықтар, мәдениеттер, қауымдар» атты Тӛртінші халықаралық Еуразия ғылыми форумының еңбектері (Астана, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, 2005, 7-8 қазан); - Б.204-207. – 471 б.

5.Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы. Онер,1997.

6.Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

7.Макиавелли Н. Государство. М.,1990г.

8.Джон Локк. Басқарудың екі трактаты. А.,2004ж.

9.Адам және саясат. А., 1998ж

10.М. Қасымбеков. Астана ―Елорда‖ 2000ж.

5- тақырып. Биліксаяси феномен Дәріс мақсаты:

1.Биліктің мәні, концепсиясы.

2.Саяси биліктің негізгі элементтері.

3.Қазақстанның билік жүйесін демократияландыру.

Негізгі ұғымдар:

Атқарушы билік, билік, биліктің тармақталуы, брифинг, вето, вотум, демогогия, заң шығарушы билік, интерпеляция, конституциялық сот, конфликтология, қысымшы топтар, легитимділік, лобби, лояльдық, нигилизм, обструкция, оппазиция, парламент, парламенттік республика, санкция, саяси бостандықтар, сенат, сот билігі, толеранттық, узурпация, ультиматум.

Дәріс мазмұны:

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінін мәнін түсініпбілуге мүмкіндік береді. Себебі,саясаттың негізгі мәселесі —билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалык жүйеде акша кандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Билік жӛнінде ғалымдар арасында әр түрлі аныктамалар мен тұжырымдамалар бар. 1. Телеологиялық анықтама; 2. Бихевиористік анықтама; 3. Инструменталистік анықтама; 4. Структуралистік анықтама; 5. Конфликтілік анықтама және т.б. Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортак пікір, анықтама жок екенін байкадық. Дегенмен, ғылым болғандыктан аныктама беріледі. Мысалы, "Философиялык энциклопедиялык сӛздікте" билік туралы былай делінген: "Сӛздің жалпы мағынасында билік ӛз еркінде жүзеге асыруға кабілетгілік пен мүмкіндік, адамдардын жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсы бір амал-әдістер — бедел, құқық күштеу аркылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь ". М., 1983, 85-

бет). Біздінше, билік деп біреудін екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті,

қызметіне ықпал етуін айтады.

Билік адамзат коғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық ӛндірісті ұйымдастыру үшін керек. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктін қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және қүрылысына карай баскару түрі және мемлекеттік қүрылысы болып бӛлінеді.

Басқару түрі жогарғы ӛкімет билігі кімнің қолында екендігіи кӛрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялык және республикалық болып екіге болінеді.

Билік басқару түрімен катар кұрылысына карай да ерекпіеленеді. Мемлекет кұрылысы орталық ӛкімет пен жергілікті биліктің міндеттер ӛрісінің аракатынасын білдіреді. Олунитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бӛлінеді.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бӛлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бүрынғы кеңестік дәуірде бүл үғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенін

барлық құрылымын мемлекет теңдіруінің тәсілдемелік негізі болды.

Саяси билік таптык, топтык жеке адамның саясатта тұжырымдалған ӛз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара кұкығы бар зандар мен ұйымдарды сактау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Технологии Политической власти. Киев,1994г

2.Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

3.Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

4.Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

5.Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

6.Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

7.Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

8.Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

9.Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.

6- тақырып. Адам - саясат субьектісі, еркіндік пен бостандық - обьектісі ретінде Дәріс мақсаты:

1.Адамды саяси әлеуметтендіру, қоғамдағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары.

2.Саяси ӛмірге араласудың алғы шарттары

3.Қазақстандағы еркіндік пен бостандық мәселелері

Негізгі ұғымдар:

Адам, адам құқықтары, еркіндік, бостандық, әлеуметтік саясат, ассимиляция, геноцид, гуманизм, жалпы азаматтық құндылықтар, маргиналдар, менталитет, тұлға.

Дәріс мазмұны:

Саясаттың ең басты мақсаты – ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір – біріне ӛзара ықпалын, олардың үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады. Саясаттың объектісіқоғам болып есептеледі. Субъектісі – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптың екінші тапта ӛзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, меншік және мемлекеттік билік туралы таптар арасындағы ӛзара қатынас саяси қатынастың объективті негізін құрайды. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі – саяси қатынас мәселесі.

Либералды даму ойлары ХVІІ-ХVІІІғғ. дами бастады. Либерализмнің кӛрнекті ӛкілдері: Джон Локк, Ш. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Дж.

Милль және басқалары қазіргі адам құқығы туралы түсініктердің негізін қалады. Оларға адамдардың ӛмір сүру құқығын, бостандығы мен меншігін, қорлыққа қарсы күресін және табиғи құқығын қорғауды жақтады. Осы ретте халықтың дербестігі мен биліктің бӛлінуі жақталды.

Еркіндікті дұрыс түсіну және оны дұрыс пайдалана білу керек. Мысалы, Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның ӛзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К. Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ал Ф. Энгельс «АнтиДюринг» атты еңбегінде: «Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және ӛз болмысына үстемдігі» деп жазумен қатар, ол Гегельдің еркіндік теориясы жайлы былай тұжырымдайды: – Гегель алғашқы болып еркіндік пен қажеттілік арасындағы қарымқатынасты дұрыс кӛре білді, ӛйткені қажеттілікті білмейінше, адам соқыр болады.

Еркіндік табиғат заңдарынан тәуелсіздігінде тұрған жоқ, қайта еркіндіктің негіздері оны танып, ӛз мақсаттарына бағындыруда жатыр».

Фейербах еркіндіктің түп негізін дінге тәуелсіздіктен кӛреді. Фейербахтың ойынша: «Еркіндік – бастау мүмкіншілігінде емес, керісінше аяқтау қабілетінде жатыр, бірақ бұл еркіндіктің мүмкіншілігі мен шарты уақыт болып табылады».

Тарихи зерттеулерден белгілі болғанындай, табиғатынан адамдар тең болып жаратылады, бірақ олар сол теңдікті ӛмір бойы ұстап тұра алмайды; қоғам олардан бастапқы теңдікті тартып алады. Адамдар тек заңдардың арқасында ғана жоғалған тепетеңдігіне қайтадан қол жеткізе алады. «Еркіндік» сӛзі сияқты кӛптеген мағынаға ие болған және де ақылға соншама түрліше әсер ететін, сірә, сӛз болмаған болар, – дейді Ш.Монтескье. Біреулер еркіндік деп ӛздері тирандық билік беріп қойған адамды жеңіл жамандауды атайды; келесілері - ӛздерінің бағынышты болар адамын сайлау құқығын айтады; үшіншілері – қару-жарақ асыну құқығын және озбырлық жасау құқығын айтады; тӛртіншілері – одан ӛз заңдарына бағынып, ӛз ұлтынан шыққан адамның қарамағында болу артықшылығын кӛреді. Бір халық ұзақ уақыт бойы еркіндікті ұзын сақал қою салты деп қабылдады. Кейбіреулер, басқаның бәрін итеріп тастап, бұл атауды басқарудың белгілі түрімен байланыстырады».

Бенжамен Анри Констан де Ребектің пікірінше, жеке бостандық – осы заманға қажет бостандық, «саяси бостандық оның кепілі». А.Шопенгауэр «бостандық» туралы былай дейді: «Дәл қарастырғанда бұл ұғым теріс тұрғыда кӛрініс береді. Біз оны тек ешқандай бӛгет пен кедергінің жоқ екендігі деп түсінеміз. Күш тудырушы ретінде осынау соңғысы оң тұрғыдағы ұғым деп саналуға тиіс. Осынау кедергілердің ықтимал қасиеттеріне сәйкес бостандық ұғымының әбден әрқилы үш түрі бар: олар – физикалық, интеллектуалдық және инсанияттық бостандық».

Бостандықтың артықшылығы адамдардың сол бостандықтың ӛзін орынсыз пайдалануға алып келді. Бұл жерде бостандықтың да шегі болуы керек деп тұр.

Еркіндік пен бостандық егіз ұғым десек болады. Дегенмен, жеке адам бостандығы оның мемлекетпен қарым-қатынасына байланысты. Мемлекет құқықтық нормалар арқылы адамның ӛзі қалауына сай іс-әрекеттерінің шегін айқындайды. Сонымен қатар мемлекет жеке адамның осы бостандығына біреулердің шектейтін әрекеттерінен қорғауы тиіс.

Саясатты ӛнер деп қарастыру керек. Ӛйткені, саясаттың субъектісі адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы әрі қуаттылығы кӛп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде, жеке адамның қабілетіне, ішкі мәдениетіне, білімдарлығына, тапқырлығына, творчестволық іскерлігіне байланысты. Демек, саясаттың дұрыс жүруі саясаткердің қоғамдағы бар табиғи-әлеуметтік мүмкіндіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда творчестволық батылдық кӛрсетеалуымен және оны қоғамның келешегін болжай алатын логикалық кӛрегендіктермен байланыстыра білуіне тәуелді. Саясаттың ӛнер болуы ең алдымен саясаткердің халықпен жұмыс істей білуінде және оның саясат объектісі мен субъектісінің біртұтастығын тани білу және мойындай білу қасиетімен байланысты. Саясаткердің мұндай қабілеттері оның ішкі рухани дүниесіне сай болып келетін ерекше жеке қасиеттеріне де тәуелді. Мәселен, адамгершілігі, халық пен ар намыс алдындағы жауапкершілігімен, психологиялық құрылымымен, мінезіндегі салмақтылық, тұрақтылық табандылықпен, халықтың пікірімен санаса білу және олардың кӛңіл-күйін білу мүмкіндіктерімен де байланысты. Саяси басшылардаң іскерлегі оның қалың бұқараны саяси ӛмірге қатыстыра білуінен, қоғам дамуының тарихи кезеңіне, халықтың саяси мәдениет деңгейіне сәйкес келетін саясаттың түрлерін және оны іске асыру құралдары мен әдістерін, тәсілдерін тандап алу қабілетінен кӛрінеді. Мәселен, қазіргі саясат келер елдегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани, ғылымитехникалық, финанс, инвенстициялық, кадр саясаттарында Республиканың табиғи және әлеуметтік ресурстарының ерекшелітері, ондағы эколгиялық, демографиялық, мәдени, ұлттық факторлар толық ескерілуде ме деген мәселе тұрады.

Республикадағы кейбір саяси партиялар кӛтеріп отырғандай саясатта ұлттық сана, психология, ӛмір салттың, салт-дәстүрдің, біздегі қалыптасқан ерекше сипаты кӛп тұстарда ескерілмей жатыр деп айтуға болады. Елдің ӛзіндік ерекшеліктерін түсіне білу саяси басшының даралығына, даналығына, ерен қабілеттеріне байланысты құбылыс. Саясатты ӛнер деп мойындамау әртүрлі жағымсыз: субъективизм, валюнтаризм, трайбализм т.б. сияқты салдары туғызатыны белгілі. Сондықтан саясат ӛнер ретінде кӛпжақтылы, кӛпмәнді ӛте күрделі процесс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

2.Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

3.Қазақстан-2030. А., 2001ж.

4.Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Семей, 1995.

5.Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А.,

2010. –211 б.

6.Сыздықова С.М. Қазақстан және адам еркіндігі мен бостандығы туралы халықаралық нормалар. // «Центральная Азия и Казахстан в системе современных международных отношений в условиях глобализации» атты Халықаралық ғылымипрактикалық конференция материалдары (Алматы, КазНУ им. альФараби, 2004, 18 февраля);- С.105-108. – 360 с.

7.Сыздықова С.М. Еркіндік жетістіктері және оны Қазақстан азаматтарының игеру мәселелері. // Адам әлемі. №3 (45), 2010. -Б.88-96. – 129 б.

7- тақырып. Саяси процесс және саяси қызмет.

Дәріс мақсаты:

1.Саяси процестің мәні, құрылымы .

2.Саяси процесті ұйымдастыру және оның түрлері.

3.Модернизация теориясы.

Негізгі ұғымдар:

Процесс, саяси қарым-қатынастар, глобальдылық, модернизация, реформа.

Дәріс мазмұны:

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір, сайлаудың ӛткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с. Сондықтан саяси процестің

басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті ӛзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі ӛзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін тӛрт сатыға, кезеңге бӛлуге болады.

1.Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.

2.Саяси жүйенің ӛзін-ӛзі жаңартуы.

3.Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.

4.Саяси жүйенің мен іс-әрекетін бақылау.

Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Бірінішісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейін ӛкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Ӛкілдік органдар арқылы қатысқанда ӛз араларынан заң қабылдайтын және күнделәктә мемлекетті басқару қызметін атӛаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мӛлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу ӛз кезегінде екіге бӛлінеді. Біріншісі – институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы ӛз кӛзқарастарын білдіреді.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне – бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.

Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған кӛп адам қатысып, ӛз кӛзқарастарын білдіреді.Оның теріс жағы да бар.Мысалы,мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары қайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермеушілік, ұстамсыздық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдастырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайтын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру (демонстрация) – белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы кӛпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Билікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл – саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі кӛбіне әлеуметтікэкономикалық жағдайда байланысты келеді.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілуі деңгейіне және т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі – оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

Саяси қатынастарға келетін болсақ, егер экономикалық қатынас негізгі ӛндіріс құрал жабдықтарға таптар мен топтардың қатынас мәселесін білдіретін болса, ал саяси процесс

– мемлекеттік билік жӛніндегі қатынас. Күнделікті қоғам ӛмірінде саяси қатынас таптар арасындағы ӛзара қатынасы ретінде билік арқылы кӛрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең алдымен үстемдік және тәуелділік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы қатынас белгілі бір тарихи кезенде объективтік қажеттілік. Мұнысыз қоғамдық қызыметтің жүруі мүмкін емес. Әдетте үстемдік жүргізетін тап – ол, қолында иелігі тап. Сондықтан бұл жағдай саяси қатынастың экономикалық неғізі болып есептеледі. Бірақ, саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен шектелмейді, ол жалпы таптық, ұлттық мүдделерді де қамтияды. Ал саяси мақсатты кӛп жағдайда ӛкімет мақсат деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамды дұрыс басқарудың ӛзі саяси мақсатқа жатады. Саяси мақсат жоқ жерде, қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп айтуға болады. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстың ӛзінде саяси мүдделер, саяси мақсаттар пайда болып, саяси жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады десек қателеспейміз. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыста-ақ әлеуметтік ӛмірге, жеке адам мен оның туыстық қарым-қатынасына байланысты басқарудың кейбір мүдделік және мақсаттық түсінік – ұғымдары қалыптасты. Саяси мақсат, мұраттардың ӛзі саяси мүдделерден басталады. Мұнда ӛкімет туралы мәселе жатыр. Саяси мүдденің негізгі мазмұны – ол саяси билікті жеңіп алу қажеттілігі. Әлеуметтік құрылым тіршілігінің сипатын, ерекшелігін анықтайтын басты элемент ең алдымен, үлкен әлеуметтік топтар: таптар, ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының формасы мемлекет, саяси партиялар, кәсіптік одақтар болып келеді. Әлеуметтік топтар және олардың ұйымдары белгілі бір идеологиялық құндылыққа негізделеді. Қазіргі жағдайдағы саяси қатынас пен қозғалыстарға негіз болатын үш басты құндылықтың түрлерін айтуға болады: ұлттық теңсіздік, қауіпсіздіқ пен тәуелсіздік; экономикалық молшылық және даму; еркіндік және конституциялық құқықтар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

2.Ларри З. Демократия в Европе. М., 2001г.

3.Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в Казахстане и России: срав.анализ. М.,1998г.

4.Казахстанская политологическая энкциклопедия / Центр политических исследований: КазГНУ им. Аль-Фараби. Кафедра политологии.-Алматы: Қазақстан даму институты.

1998.

5.Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана: состояние, перспективы. Алматы, 1996.

6.Политическая наука: новые направления – Под, ред. Р. Гудина.

7.Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А.,

2010. –211 б.

8.Пугачев В.П.., Соловьев А.И. Введение в политическое обновление Казахстана: тенденции и перспективы. Алматы, 1996г.

9.Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

8- тақырып. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару. Дәріс мақсаты:

1.Демократия концепциясының тарихи эволюциясы.

2.Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселелері.

3.Президенттік-парламенттік Республика және демократия.

Негізгі ұғымдар:

Конституция, демократия, декларация, егемендік, либерализм, резиденция, республика, сайлау жүйесі, сайлау құқығы, сайлау науқаны, референдум, сайлаушы, саммит, тұжырымдама, хартия, центризм, электорат, мандат, манифест, мораторий, можаритарлық жүйе, петиция, президент, пресс-конференция.

Дәріс мазмұны:

Демократия ұғымы «демократия» (demos-халық, kratein-билік жүргізу) – грек тілінде «халық билігі» деген ұғымды білдіреді. Қазіргі кезеңде мемлекеттің түрін де, саяси жүйесін де, азаматтардың еркіндігін де білдіреді. Бұл ұғым ғылымда кӛп уақыт Аристотель ұстанған түсінікті басшылыққа алған. Платон мемлекеттік құрылымның үш түрін ажыратып кӛрсеткен: монархия, аристократия, демократия. Ол демократияны монархия мен аристократияның арасында болады деп түсінген. Демократиялық мемлекеттің ең бірініші түріне Афина республикасы жатады. Ол б.з.д. V ғ. пайда болды. Онда жоғары билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін.

Антикалық демократия тура демократияға жатады. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билікке қатысуға құқықты және міндетті болатын. Кейіннен бірте-бірте Афина Республикасы кӛпшілік тираниясына, охлократияға айналып кетті. Оған себеп: мүлік теңсіздігінің күшеюі, қара тобырдың ықпалының күшеюі, адамгаршілік қасиеттердің құнсыздануы және т.б. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афинаға кӛшіп келгендердің құқығы болмады. Кӛшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады.

Орта ғасырларда саяси ой-пікір демократияны басқаша түсіндірудің жолын, яғни монархқа сенім білдірген халық билігін іздестірген. Басқаша айтқанда, корольдік билікті демократиялық легитимациялауға тырысқан. Кейінірек, яғни жаңа заманда халықтың суверендік заңды билік идеясы жетілдірілген. Ол бойынша билік халық атынан Парламентке берілуі тиіс делінген. Осыдан келіп ӛкілетті демократия идеясы пайда болған. Халық және билік суверенитеті туралы ұғым қалыптасқан.

Қазіргі кездегі демократиялық жүйелер 18-19 ғасырдағы либералдық басқарудың тікелей және жан-жақты ықпалынан бастау алады. Оның либералдық демократиялық ойпікірді дамытудағы рӛлі күшті. Осыған байланысты туындаған идеялық және саяси ағымдар жеке адамның еркіндігін және оны мемлекеттік тираниядан қорғауды кӛздеген.

Бүгінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылығымен ұлттық демократиялық бағыт алға басуда. Бұл жолдың демократияның батыстық үлгісінен принципті ерекшеліктері бар. Бірақ, бұл жерде айта кету керек, батыстық либералдық демократия конституционализм, билік бӛілінісі, индивидуальді еркіндік, адам құқы, азшылық автономиясы сияқты жағымды негізгі құндылықтармен ерекшеленеді. Соның бірі – плюралистік демократия деп аталады. Себебі, ол кӛптүрлі қоғамдық мүддеге және оның түрліше білдірілуіне (саяси партиялар ассоцияциялар мен бірлестіктер, қоғамдық қозғалыстар және т.б.) негізделеді. Плюралистік демократия концепциясы бойынша қазіргі демократиялық мемлекетте жеке адам да, халық та емес, топ ғана басты қозғаушы күш балып табылады, ал индивидтің топсыз ӛміршеңдігі жоқ, абстракция ғана.

Қазақстандағы процестің ерекшелігіне келетін болсақ, демократияның жалпы танылған принциптері сақталынуда: биліктің нақты бӛлінісі; заңның үстемдігі; азаматтық қоғам институттарының дамуы; саяси партиялардың бәсекелестігі. Осы негізде Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев демократияны дамудың 2011 жылға дейін үлкен бағдарламасын бекітті. Бұл бағдармала қоғамдық сараптаудан ӛткізілуде. Қазақстандағы демократия қалай болғанда да Данияға немесе Швецияға ұқсамайды. Біздің демократия Батыс елдеріндегі демократияны айнытпай, кӛзсіз кӛшіріп алмайды. Міне, олай болса демократияның жалпы әлем таныған принціптерін басшылыққа алумен қатар, Қазақстанның ӛзіндік демократияландыру ерекшеліктері болатыны сӛзсіз. Бұл ретте жалпы принциптерді және ерекшеліктерді Қазақстан ұштастыра жүзеге асыратын болады.

Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде қалыптасты, енді ел азаматтарының жоғары демократиялық және құқықтық жағдайларға қол жеткізулері керек. Басқаша айтқанда конституцияда кӛрсетілген демократиялық және ізгілік нормаларын одан әрі жүзеге асыру міндеттері тұр.

Қазақстан Республикасы президенттік-парламенттік басқару жүйесіне кӛшті. Дегенмен Президенттік билік барлық билік тармақтарының тепе-теңдігін және үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етіп отырады. Президент саяси жүйеде әлі де болса шешуші функцияны атқаратын болып қалып отыр. Парламентті тарату, Үкіметті жасақтау секілді, президенттік биліктің негізгі кӛздері бұрынғыша сақталады. Бірақ, бұрын президент тұтас Парламентті тарата алатын, енді ол мәжілістің жеке ӛзін тарату құқығына ие болды.

Демократияның әр елде ӛзінің ерекшелігі болатыны белгілі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Зидентоп Ларри. Демократия в Европе. М., 2001г.

2.Моисеев Н.Н. Размышления о современной политологии. М.,2000г.

3.Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в Казахстане и России: срав. анализ. М.,1998г.

4.Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

5.Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

6.Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

7.М. Қасымбеков. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы. Астана ―Елорда‖ 2000ж.

8.Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А.,

2010. –211 б.

9.Мировые политическое развитие: век ХХ. М.,1995г.

10.Қазақстан-2030. А., 2001ж.

9- тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар. Дәріс мақсаты:

1.Саяси партиялардың қалыптасуы.

2.Қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар мен бірлестіктер, олардың саяси қызметі.

3.Қ.Р. саяси партиялар.

Негізгі ұғымдар:

Авторитарлық партиялар, антогонизм, билеуші партиялар, бұқаралық партиялар, бұрмалаушылық, делегат, демократиялық партиялар, жасылдар, квота, конгресс, қоғамдық-саяси ұйымдар, нонсенс, оппазиция, рейтинг, саяси партиялар, кӛппартиялық, саяси ұйым, фракция.

Дәріс мазмұны:

Мемлекеттік емес ұйымдарың арасында қазіргі қоғамның саяси ӛмірінде ең үкен рӛл атқаратындарсаяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға атсалысады. Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын ӛркендетудің маңызы мідеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға мәдени-тұрмыстық қажетін ӛтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бӛлу балалар бақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады.

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сӛз латын тілінен шықкан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жӛнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте ӛз мүдделерін қорғайтын кӛпшілік партияларды кұра бастады. Саясатқа кӛптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рӛлі одан әрі ӛсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден кӛпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің кӛрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап кӛрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) кӛпшілік партиялар.

Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараныц ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше кӛре біледі; 2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр-түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру (кӛбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия ӛзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене катынасады.

Саяси партиялар азаматтардың саяси ӛмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдарға, соның ішінде саяси

ұйымдарға мүшелердің саны мен сапасының кӛрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.

Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет ӛз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.

Кӛп партиялылық – плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы ӛткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша кӛп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Дегенмен, егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен кӛруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі кӛп ретте осы жағдайлармен байланысты.

Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс IV съезінде сӛйлеген сӛзінде Президент Н.Ә.Назарбаев «... Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бӛлімшелердің қалыптасуының ӛзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады», – деп ашық айтуы бекер емес.

Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру. Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету; Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту,

азаматтарға психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан тең дәрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте кӛппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар үшін сайлау кедергісін қысқарту ( 7% -дан 5%-ға дейін).

Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға байланысты: біріншіден, демократиялық саяси қатысу мен әлеуметтік топтардың саяси шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі тәжірибесінің аздығы. Екіншіден, еліміздегі модернизациялау үрдісі мен оның қоғамға ықпалына байланысты. Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға әсер етуде.

Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халыктың бір ұлтты әлде кӛп ұлтты, бір дінге әлде кӛп дінге бағынуы да әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]