Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Daris_Sayasattanu

.pdf
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
473.21 Кб
Скачать

Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар кӛппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.

Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыцғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы ӛлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын кӛзбен түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және т.с.с.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Сыздықова С.М. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жеке адамның саяси еркіндігіне ықпалы. // Ақиқат. №8, 2010. -Б.25-27. – 140 б.

2.Иманбекова Б.И. Партиялар, партиялық жүйе тарихы және қазіргі кезең А., 2001ж.

3.Саяси партиялар туралы ҚР Заңы. А.,1996ж.

4.Саяси партиялардың конституциялық құқығы. // Ақиқат,1999ж.

5.Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

6.Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

7.Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999 г.

10тақырып. Саяси сана және саяси мәдениет. Дәріс мақсаты:

1.Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні.

2.Саяси сана мен саяси мәдениеттің қызметтері.

Негізгі ұғымдар:

Ӛркениеттілік, гуманизм, саяси мәдениет, саяси сана, ұлттық сана-сезім, шовинизм.

Дәріс мазмұны:

Мәдениет пен сананың саясатқа тигізетін ықпалына келетін болсақ, мынандай ықпал ету бағыттарын айтуға болады. Біріншіден, жеке адамды тәрбиелеуде және оны әлеуметтік ортаға бейімдеуде, демек адамды білім беру және кәсіптік оқыту, тәрбиелеу арқылы қоғамдық жағдайларға икемдеу. Олардың ӛз мінез-құлқын қоғамдағы әлеуметтік нормаларға, қағидаларға сай реттеп отыруға тәрбиелеу. Екіншіден, саясат субъетілерінің іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін қоғамда материалдық, рухани мұралар жүйесінің қалыптасуы. Үшіншіден, іс-әрекеттер мен мінез-құлықтардың және әртүрлі саяси мәселелерді іске асыру үлгілерін жасау. Ондай мінез үлгілері адамның әрбір саяси жағдайға кӛзқарасын айқындап отырады. Тӛртіншіден, мәдениеттің саяси ӛмірге ықпалы саяси институттар қызметінің модельдерін жасау арқылы кӛрінеді.

Сонымен, саясат қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саясат қоғамның барлық жақтарының табиғи бірлігін қамтамасыз етудің тұтқасы болып табылады. Егер қоғамның барлық салалары саясат арқылы жүзеге асырылып отырса, ал саясат қоғамдағы белгілі бір экономикалық, мәдени, идеологиялық құрылымдар (ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер, институттар т.б.) арқылы іске асырылады. Яғни саясаттың ӛзі экономикадан, идеология мен мәдениеттен тыс ӛмір сүре алмайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

2.Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

3.Адам және саясат. А., 1998ж

4.Қазақстан-2030. А., 2001ж.

5.Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007ж.

11тақырып. Саяси идеология және ұлт саясаты Дәріс мақсаты:

1.Саяси идеология ұғымы.

2.Ұлттық және мемлекеттік саяси идеология.

3.Ұлт мәселесі және оның құрылымы

Негізгі ұғымдар:

Идеал, идеология, идеялық, ұлттық идея мен идеология, эклетизм.

Дәріс мазмұны:

Саясат идеологиямен де саясат тығыз байланысты. Идеология таптардың ең алдымен экономикалық, әлеуметтік т.б. мүдделерінің теориялық кӛрінісі. Сондықтан идеология экономикалық-әлеуметтік т.б. саясаттардың іске асырылуындағы идеялық құралы болып есептеледі. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына әкіліп соғады. Идеология саяси іс-әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан идеологиясыз саясат болмайды. Олай болса идеология кез келген мемлекетке тән табиғи нәрсе. Алайда саясат пен идеологияның арасындағы байланыс, идеология саясаттың теориялық неғізі болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге саясат халыққа идеологиялық тәрбие берудегі құралы болып есептеледі. Ӛйткенні оның қолында қоғамдық-саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар. Сондықтан билеуші тап ӛз идеяларын, кӛзқарастар жүйесін иландырады, яғни идеологиялық үстемдік жүргізеді. Ол үшін олар арнайы мекемелер, ұйымдар, институттар құрады солар арқалы ӛз идеологиясын жүргізіп отырады. Оған қарсы кӛзқарастармен күрес жүргізеді.

Саясатқа бұдан да басқа факторлар ықпал етіп отырады. Мәселен: географиялық, демографиялық, мәдени-тарихи, ұлттық салт-дәстүр, әлеуметтік-психологиялық т.б. Себебі, олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезенде саясатта айқындаушы, шешуші факторлардың біріне айналуы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Сарсенбаев Т. С. Государственная идеология и политический плюрализм. // Мысль. - 1996.-№5.

2.Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

3.Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

4.Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А.,

2010. –211 б.

5.Қазақстан-2030. А., 2001ж.

6.Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2011ж.

7.Әбсаттаров Р.Б.Әлеуметтік этникалық процестер: теория мен практика мәселесі. А., 1993ж.

8.Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Семей, 1995.

12тақырып. Саяси көшбасшылық және саяси элита. Дәріс мақсаты:

1.Саяси лидердің қалыптасу тарихы.

2.Саяси элита түсінігі.

3.Саяси лидерлік және Қазақстандағы билеуші элита.

Негізгі ұғымдар:

Саяси лидер, саяси элита, тұлға, ұлтжандылық, ұлттық мінез.

Дәріс мазмұны:

"Элита" термині француздың "еlite" деген сӛзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сӛзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бӛлу идеясы ӛте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций

(б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және тӛменгі (қарапайым) адамдарға бӛлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны кӛзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бӛлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш касиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.

"Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.

Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың ӛзін-ӛзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сӛйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол кӛпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне ӛздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті ӛз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дӛңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат тӛбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. "Олигархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рӛлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рӛл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.

Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер "Абсо-лютгік кұкық" деген еңбегінде қазіргі элитаны жабык каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үш-бұрышын кұрайды. Олар үкіметті кдлыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді баскарады.

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті ӛмірде әркім саясаттан шалғай ӛз жұмысымен айналысады).

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, ӛз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

Сонымен, саяси элитадеп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бӛлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рӛлін, әлеуметтік-саяси процестерге ыкпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2003ж.

2.Әбілдаев Қ, Мелдебеков Ә. Саясаттану. А.,2002ж.

3.Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

4.Кенжебаев. М. Саясаттану негіздері. А.,1995ж.

5.Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

6.Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

7.Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

8.Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

9.Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

13тақырып. Дүниежүзiлiк саясат және халықаралық қатынастар. Дәріс мақсаты:

1.Дүниежүзілік саясат ұғымы .

2.Дүниежүзілік саясаттың негізгі факторлары.

3.Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

Негізгі ұғымдар:

Әлемдік саяси процесс, геосаясат, глобальдық, еуропарламент, еуроцентризм, интеграция, коалация, одақ, пакт, саяси тұрақтылық, сепаратизм, терроризм, экстремизм, фундаментализм.

Дәріс мазмұны:

Саясат қоғамдық ӛмірдін бір ғана жағы болғандықтан оған қоғамдағы басқа экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық жағдайлар да ықпалын тигізеді. Осыған байланысты саясатқа әсер ететін жағдайларды ӛзінің ықпалы дәрежесіне қарай бірнеші деңгейге бӛлуге болады. Бірінші деңгейдегі жағдайол дүниежүзілік және жалпы адамзаттық жағдай. Екіншісіелдегі экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық ахуал. Үшіншісі – нақтылы тарихи кезендегі қоғамның алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының мазмұны мен сипаты. Тӛртіншісі – қоғамдағы нақтылы саяси ӛмірдің ахуалы. Қоғамның саяси ӛмірі басқаларға қарағанда дербестеу болады және онда саясаттың субъектілері, стратегиялық тактикалық мақсаттары күрт ӛзгеріп отырады.

Саясат пен экономиканың бір-біріне ықпалын айтсақ, мұнда айқындаушы рӛлді экономика атқарады, ӛйткені, ол саясаттың материалдық негізі болып есептеледі. Ал саясат экономикалық зандары саналы түрде қолдану формасы болып келеді және ол еңбекші қауымның экономикалық жағдайынан туындайтын мүдделерін кӛрсетуі тиіс. Саясаттың мақсаты мен міндеттері – нақтылы экономикалық, әлеуметтік факторлар мен зандылықтарға негізделіп жасалады. Демек, саясат экономикалық зандары білуі тиіс және қатаң сақтауы әрі оған бағынуы тиіс. Саясат экономикалық зандарды саналы түрде қолдану формасы болғандықтан саясат экономикаға белсенді ықпал етеді. Оны мынадан кӛруге болады: 1.Саясат экономиканың даму бағытына тура ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда халықтың әлуметтік – экономикалық жағдайы жақсарып, қоғам прогресті түрде дамуы мүмкін. Яғни саясат қоғам дамуы мақсатын оны іске асыру жолдары анық кӛрсетеді және оны іске асыру үшін халықты ұйымдастырады. Экономикалық мәселелерге нақтылы дұрыс саяси мақсаттар, міндеттер қойылмайынша бірде бір тап ӛз билігін қолына ала да, ұстап та тұра алмайды. Яғни саясат экономикалық мәселелерді шешу құралы болып келеді. 2.Саясат экономикаға кері ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда саясат белгілі бір дәрежеде, бағытта экономиканың дамуына кедергі жасап отырады. Ӛйткені, саясат экономиканың табиғи даму зандылықтарына қайшы келіп, ӛндіргіш күштер мен ӛндірістік қатынастардың арасындағы үйлесімділік заңын бұзып, олардың арасындағы конфликті терендете түседі. Мұндай процестер қоғам экономикасының даму бағытына қарамақайшы, немесе сыңар жақты жалаң істерге жол береді. Әдетте мұндай саясат саяси авантюризмге, субъективизмге әкеледі де түбінде күйзеліске, дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Оны біздің бұрынғы Кеңес Ӛкіметі тұсындағы тәжірибемізден – ақ кӛруге болады. Мәселен, саясаттың экономика үстінен үстемдік етуі, оның экономикалық

зандармен санаспауы басым болды. Сондықтан кӛптеген саяси шешімдер экономикалық жағдайларға қайшы келіп, ӛз шешімін таба алмай жатты. Мысалы: Сталиннің коллективтендірудегі асығыстығы, Хрущевтік 80-жылдары коммунизмге ӛту туралы тезистері; Брежневтің – кемелденген социализмді жариялауы, Горбачевтің – жеделдету концепциясы мен арақты мүлдем жою үшін күресі. Сонымен ӛткен тарихи жағдай саясаттың басқа қоғамдық салалардың үстінен үстемдік етуінің дәлелі болды. Ал қазіргі жағдай қоғамдық ӛмірдің барлық салаларында, әсіресе, экономикада саяси қатынастардың рӛлін ескермеудің немесе саясаттың қоғам дамуына ықпалының әлсіреуінің дәлелі болып отыр. Шаруашылықтың құлдырауы, халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайының күрт тӛмендеуі, бағаның ӛсуі, ақша инфляциясы халық арасындағы саяси қобалжуларды, сенімсіздіктерді ұлғайтуда. Бұдан біз ел басшыларының қоғам дамуын жоспарлау ісінде ӛзіндік ерекшеліктердің жоқтығын немесе әлемдік тәжірибеден Қазақстан жағдайына тиімді үлгіні тандап алудағы дәрменсіздікті байқаймыз. Осыдан саясатты ғылымға тұрғыдан басқару да саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің бірі болуға тиіс деп айтуға болады. Себебі, қоғамдағы саяси басшылық әлеуметтік экономикалық ӛркендеудің сыннан ӛткен, сұрыпталған нақтылы ғылыми теориясына негізделуді, сүйенуді талап етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

2.Бурханов К.Н.. Карин Е.Т., Сатпаев Д.А., Давыдова М.М. Экстремизм в Центральной Азии: Институт России и Китая. Алматы., 2000.

3.Гаджиев К.С. Введение в политическую науку. М., 1997.

4.Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2008ж.

5.Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007 ж.

6.Н. Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. А., 1992 ж.

7.Н.Назарбаев. Тарих Толқынында. Алматы ―Атамұра‖ 1999ж.

8.Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. А., 2003ж.

9.С.И. Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты. Алматы, 1998ж

10.Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтік этникалық процестер: теория мен практика мәселесі.

А., 1993ж.

11.Токаев К.К.. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации.

Алматы,2000г.

12.Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Семей, 1995.

14 - тақырып. Қазақстан - әлемдік қауымдастықта. Дәріс мақсаты:

1.Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен ролі.

2.Қазақстан егемендігі мен демократияның қалыптасу кезеңдері.

3.Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары.

Негізгі ұғымдар:

Егеменді, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық ,унитарлы мемлекет, геосаясат, халықаралық саясат, ішкі және сыртқы саясат, инновация, меморандум, дипломат, перманенттік, толеранттыұ, ұлттардың ӛзін-ӛзі билеуі, ұлттық және интернационалистік, ұлттық мінез, ұлтжандылық, ұлтшылдық, хартия.

Дәріс мазмұны:

Әдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъективтілерімен халықаралық аренда ӛз қатынасын реттеуге байланысты әрекетін сыртқы саясат деп атайды. Мәселен, шет мемле-кеттермен, шетелдік партиялармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, дүниежүзілік және аймақтық халықаралық мекемелермен қарым-қатынасқа

түседі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылымитехникалық және мәдени потенциалдарына негізделеді.

Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында кӛрініс тауып отырады және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады.

Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына әртүрлі кӛптеген жағдайлар ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анықтауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі ӛзен-су коммуникацияларын, теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, кӛрші елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме, басқа мемлекеттермен шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары, ӛндіргіш күштердің даму қарқыны, мәдениеттің даму тенденциясы, әлеуметтік құрылымды ұйымдастыру түрі және саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп отырады.

Мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуында идеология маңызды рӛль атқарады. Ӛйткені, кез келген сала сияқты сыртқы саясат сол ұлттың салт-санасын, тілін, дінін, дәстүрін, дүниетанымын, психологиясын, адамдар арасындағы қарым-қатынас нормаларын т.б. кӛрсетудің айнасы, олардың кӛріну түрінің бірі болып табылады.

Сыртқы саясатты мемлекеттің ішкі саясатынан бӛліп алып қарауға болмайды. Ӛйткені, сыртқы саясат мемлекеттің ішкі даму ерекшелігіне, қойған мақсаттарына, ішкі ресурсына, кадр потенциалдарына да тәуелді. Сонымен бірге сыртқы саясаттың ӛзіндік ерекшеліктері де болады. Ол ерекшеліктер қарым-қатынасқа түсетін елдердің мүдделеріне сәйкес келе бермеуіне байланысты болады. Оның ӛзі елдің сыртқы саясатын сол субъектілердің мүдделеріне байланысты халықаралық қатынас құқықтарына сәйкес түрлендіруді талап етеді.Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі— дипломатия больіп табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жӛніндегі мемлекет, ӛкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі түрі болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдарда ӛкілеттілік ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдік саяси партиялармен достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады.

Сыртқы саяси байланыстар - экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанснесие және мәдени қарым-қатынастар жасау арқылы да іске асырылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2008 ж.

2.Н.Назарбаев. Тарих Толқынында. Алматы ―Атамұра‖ 1999ж.

3.Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. А., 2003ж.

4.Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

5.С.И. Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты. Алматы, 1998ж.

6.А.Ишмухамедов. Проблемы становления и развития политической науки в Казахстане. РК. А.,1999г.

Сыздықова С.М. Еркіндік жетістіктері және оны Қазақстан азаматтарының игеру мәселелері. // Адам әлемі. №3 (45), 2010. -Б.88-96. – 129 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]