Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Jer kukygy.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
54.98 Кб
Скачать

Қорытынды

Әрбір қоғамда экономиканы дамытудың негізі жер байлығы болып саналады. Оның негізнде барлық материалдық байлық құрылады. Себебі, әртүрлі шикізат ресурстары, су, орман байлықтары, адамзат баласына азық болатын ауыл шаруашылық өнімдері жер негізінде алынады. Жер бетінде барлық өндірістік және өндірістік емес объектілер шоғырланған. Әрбір елдің экономикасының даму бағыты мен қарқыны жердің тиімді пайдалануына және оның кімнің меншігінде болуымен, онда қандай байлықтар орналасуымен тікелей байланысты. Сол себепті республикамыздың негізгі Заңында — Конституцияда жер және жерді пайдалану мәселесі әржаққа жүгіртуге, бұрмалауға болмайтын негізгі мәселе болып табылады. Оның 6-бабының үшінші тармағында былай деп нақтылы жазылған: « жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіде болады. Жер, сондай-ақ заңға белгіленген негіздерде, шарттар мен шектеуде жеке меншікте де болуы мүмкін». Осы бапта келтірілген бұл мәтінді әр саққа жүгіртуге болмайды. Бұдан жеке меншікте кез келген жер бола бермейді. Тек ғана өндіріс орындары, басқа да материалдық байлықты шығарушы ұйымдар орналасқан жерлер шарттарға сәйкес жеке меншікте болуы мүмкін деген ұғым ғана туады. Жер кодексін талқылау барысы елімізде демократияның берік орныға бастағанын көрсетіп отыр. Жек кодексі аз уақыттың ішінде талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткізді деп айтуға болады. Сондықтан жер құқығына байланысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп шешіледі.

Әрбір Қазақстан Республикасының азаматының міндеті жерді тиімді, ұтымды, пайдалануды қарастыру керек және заң негізінде жүзеге асыруы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2005. 250 б.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жылы 27 желтоқсан. № 269 ХІІІ Жалпы бөлім. Алматы, 2005. 150 б.

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 жылғы 1 шілдеде № 409 – І (ерекше бөлім). Алматы, 2005. 288 б.

  4. Ә.С.Стамқұлов., Ғ.Ә.Стамқұлова. Жер құқығы. (Жалпы бөлім) Алматы. 2004 ж.

  5. И.Оспанов. Құқық негіздері. Алматы 2006 ж.

  6. Ә.Е. Бектұрғанов. Қазақстан Республикасының Жер құқық қатынастары туралы. Алматы, 1997. 325 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]