Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

сз маынасыны згеруі

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
18.39 Кб
Скачать

Күні: 28.09.2015 Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі Класс: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеруі

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға сөздің лексикалық, грамматикалық мағынасы болатынын түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Сабақ түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

35-жаттығу.Жасыл,әсемпаз, үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, бірнеше мағыналы сөз құраңдар.

Емле оқу.

Қайталау сұрақтары:

Лексика дегеніміз не?

Мәтін дегеніміз не?

Әдеби тіл дегеніміз не?

Әдеби тілдің түрлері?

Сөз бен мағынаның байланыстылығы?

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп,бірде жоғалып, бірде жаңарып отырады.Сөздің лексикалық мағынасы,олардың өзгеру сипаты қазақ тілінің түсіндірме, этимологиялық сөздіктерінде ашылып отырады.

М: қыз-қырқын-қыздар деген мағынаны білдіреді. Қырқын-көне түркі тайпалар тілінде күң қыз деген мағынаны білдірген.

Көкпар-көк және бөрі сөздерінің бірігуінен жасалған.

Жаттығу жұмыстары

39-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар.

Зерек ес-

Ойлау-

Ақыл-

«Қабілет» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Үлгі:

Қ-қатаң дауыссыз

А-жуан,ашық,еріндік дауысты

Б-ұяң дауыссыз

І-жіңішке,қысаң,езулік дауысты

Л-үнді дауыссыз

Е-жіңішке,ашық,езулік дауысты

Т-қатаң дауыссыз

37-жаттығу. Мәтіндегі сөз тағдыры туралы айтылған ойды таратып, мынадай сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Сөздің сәби боп тууы дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Сөз қалай ер жетеді?

  3. Сөздің қартаюы,өлуі мүмкін бе?

  4. Қартайып барып,қайта жасарған қандай сөздерді білесіңдер?

ІҮ. Бекіту сабағы

«Кім жылдам? » ойыны.

Ойдан он мағынасы бар,он мағынасы жоқ сөз жазыңдар.

Үлгі:

Мағыналы сөз

Мағынасыз сөз

Отан, ...

Туралы, ...

Лексика саласы нені зерттейді?

Сөз деген не?

Сөз неден тұрады?

Ү. Үйге тапсырма

40-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

Жыршы-

Жібек жіп-

Кесте-

Шешен-

Даугер-

Емле оқу.

ҮІ. Бағалау