- •1.Қаз.Тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы
- •2. Қазақстан трерриторисындағы тас дәуірі
- •3.Қола дәуірі.(б.З.Б.Хүііі-Хғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәлениеті.
- •4. Сақтар (үіі-ііІғ.Ғ).
- •5. Үйсіндер мен қаңлылар
- •6. Ғұндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті
- •7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
- •8.Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
- •9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •Қарлұқтардың сыртқы саясаты
- •Этникалық және тайпалық құрамы
- •10.Оғыз мемлекеті
- •11. Қимақ қағанаты
- •12. 6-10 Ғ.Ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Ұлы Жібек Жолы
- •13. 11 Ғ басы мен 12 ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы
- •14. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •16. Найман және керейт ұлыстары
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •18. 13 – 16 Ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •19. Алтын Орда
- •20. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •21. Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •22. « Көшпелі өзбектер » Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •23. Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •24. Қазақ халқының қалыптасуы
- •25. Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •26. 16-18 Ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
- •27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
- •28. Қазақ-Жоңғар қатынастары: Бұланты, Аңырақай щайқастары
- •29. 15-18 Ғ.Ғ.І шир.Гі қазақ-орыс кар.-қат. Ресейдің «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан
- •31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы
- •32. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдетуі және оның кезеңдері
- •33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •34. Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ( 1783–1797 жж.)
- •35. Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
- •36. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні
- •37. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
- •38. 14 Ғ.Аяғы -20 ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
- •39. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837– 1847 жж.)
- •40. Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі (1853–1858 жж.)
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 ж. Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары
- •42. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс ( 1868–1869 жж.)
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891ж.Реформалары. «Далалық ереже»
- •44. Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •45. 1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы.
- •46. 20Ғ.Басындағы Қазақ зиялылары.
- •47. Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы.
- •48. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •49. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •50. 1917-1920 Ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
- •51.52. Бірінші және екенші жалпы қазақтық съезі
- •56. Қазан төңкерісі. Қазақсатндағы кеңес үкіметінің орнауы
- •57. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •59. «Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)
- •60. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу және оның барысы
- •61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •62. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде ( 1928–1932 жж.)
- •63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты саяси қуғын – сүргін зардаптары
- •64. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері
- •67. Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі ( 1945–1950 жж.)
- •68. Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •69. Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
- •70. М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан ( 1985–1991 жж.)
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •73. Егемендік алудың кезеңдері
- •74. Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
- •75. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын ( тмд ) қурылуы.
- •76.Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.
- •77. Қр-ның конситициялары. ( 1993-1995 )
- •78 « Қазақстан – 2030 » стратегиясы
- •79. Экономиқалық рефорамлар
- •80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.Экон.Реформалаудың негізгі багыттары
- •81. Қазақстанның сыртқы саясаты
- •82. Қазақтардың дж.Құрылтайы. 1992ж. Қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы
- •83. Қр. Саяси партиялар мен қозғалыстар: бағдарламалар мен міндетер
- •84. Қазақстан халқы Ассамблеясы
- •85.Тәуелсіз Қаз. Рухани дамуындағы жетістіктер ( 1991-2010 жж.) н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»
- •87. Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары.
- •88. Қр.Назарбаевтың Әл-Фараби ат.Құу «Қаз.Дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары
- •V. Интеллектуалды ұлт
- •89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы
- •90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
Түрік қағанаты
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Амударияның атырауына дейінгі ұлаң-ғайыр территорияны тирек деген жалпы аты бар тайпалар мекендеген. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, қарлұқ, бұлақ, эдиз, таринах, толенгет, байырқу, беклі, қыбыр, сығыр, зебендер, тарғай, баргур және т.б тайпаларды атайды.
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған.
542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік және орталық бөліктерін мекендеген және бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам әскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.).
Бұмын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара –Еске отырады (552-553жж.). Бұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлі Қара-Еске, Мұқан қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми (572-576 жж.) жүргізген.
Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Иштемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Иштеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткел.
Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).
563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда, осы жеңістен кейін түрік қағанатымен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмады. Оған басты себеп, Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қарамағында қалып қоюы Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды. Дегенмен, екі ел арасында болған соғыс келісімі 563567 жылдары эфталит патшалығын жоюға мүмкіндік берді дейміз.
Сонымен еліміздің қазіргі шығыс солтүстіктегі өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлаң-байтақ өңірде түрік қағандығы құрылып күшейді. Олардың ордасы Орхон өзенінің бойында орналасты. Осы өңірде мекендеген қазақ тайпалары да түрік қағанатының қол астына қарады.
Өз ішінде де саяси билік үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).
Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.
Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.
Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».
Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.
Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.
Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында, оң жақтакүн ортасында, кейін-күн батысында, сол жақта-түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды.
Сонымен, Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық.