Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 10 сын. ж-м.б. с.ж..doc
Скачиваний:
222
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.62 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Өзбекстан Республикасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Өзбекстан Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Өзбекстан Республикасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Кавказ елдерінің географиялық орны?

2. Кавказ елдерінің өзара экономикалық байланыстары?

3. Әзірбайжан Республикасы?

4. Грузия Республикасы?

5. Армения Республикасы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Өзбекстан Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны

Солтүстігі мен батысында Қазақстанмен, шығысында Қырғызстанмен, оңтүстік-шығысында Тәжікстанмен, оңтүстігінде Ауғанстанмен шектеседі.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Жерінің көпшілік бөлігін Тұран ойпаты алып жатыр. Аумқтың геологиялық-тектоникалық құрылысының күрделі болуы жер қойнауының түрлі минералды ресурстарға бай болуына негіз болады. Әсіресе түсті, сирек кездесетін және бағалы металдардың, сондай-ақ фосфорит, графит, тұз кен орындары көп кездеседі. Тұран ойпатынан табиғи газдың ірі кен орындары ашылған, тас көмір мен мұнай қорлары да барланған. Өзбекстан жерінің басым көпшілігіне қоңыржай белдеудің шұғыл онтинентті климаты тән.

Халқы

Халқы 25,1 млн адам. Тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы-69 жас. Ұлттық құрамы өзбектер (3/4 бөлігі), орыстар (7,4%), тәжіктер (4,7%), қазақтар (4,1%), және т.б. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 56 адамнан келеді.

Өнеркәсібі

Электр энергиясын өндіру Ангрендегі қоңыр көмір, Шыршықтағы СЭС тізбегіне және табиғи газға негізделген.Алтыарық, Ферғана, Бұхара мүнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді Шыршық, Навои, Ферғанада азот тыңайтқыштарын өндіреді, Ферғана, Қоқан, Самарқанд, Алмалықтағы зауыттар Қазақстаннан әкелінетін фосфорит шикізаты негізінде жұмыс істейді. Алмалық маңында мыс-молибден кендері өндіріліп, өңделеді. Мұрынтау алтын өндіру комбинаттары, Андижан облысында «дэу» автомобиль жасау компаниялары орналасқан.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының үлесі басым. Басты өсірілетін дақыл-мақта. Күздік бидай, жүгері, күріш, күздік арпа, техникалық дақылдардан темекі, кенеп, қант қызылшасы, суармалы алқапта көкөніс-бақша дақылдары, картоп, жеміс ағаштары өсіріледі. Мал шаруашылығы шөлді аудандарда дамыған, негізінен, қаракөл елтірісін беретін қой шаруашылығы дамыған. Тау алды жазықтары мен тау аңғарларында биязы жүнді қой бағылады. Шұратты аудандар мен қала маңында сүтті-етті бағыттағы ірі қара өсіріледі. Ең ежелгі маманданған кәсіптің бірі-жібек құртын өсіру.

Көлігі

Теміржолдың үлесі басым, оған жүк айналымының 80%-дан астамы тиесілі. Тас жолдарының жиілігі әр 1000 км2 жерге-91 км. Аса ірі газ құбырлары Ресейдің орталығына, Оралға және Қазақстанға бағытталған.

Сыртқы экономикалық байланыстары

Экспортында мақта талшығы, химия өнімдері, тоқыма бұйымдары, түсті металл, алтын, азық-түлік өнімдері мен табиғи газ басым. Импорт құрылымында жоғары технологиялық жабдықтар айрықша орын алады. ТМД елдерімен сыртқы сауданың көлемі жыл сайын қысқаруда. Ел экономикасына ГФР, Корея Республикасы, АҚШ, Жапония сияқты елдер қомақты инвестиция әкелуде.

Қорытындылау.

Соседние файлы в папке география сабак жоспары