Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
208.72 Кб
Скачать

1.2.2 Сополимерлеу әдісімен

Сополимерлеу әдісі – екі немесе одан да көп мономерлердің бірігіп полимерленуі нәтижесінде түзілетін үлкен молекулалы қосылыстар [34].

Сополимерленуге екі немесе одан да көп мономер молекулалары қатысады және статистикалық немесе блок полимер түзеді.

n M1 + M2 [ -M1 – M2 - ] [ -M1- ]n - [ -M2- ]m (12)

cополимер Блок-сополимер

Сополимерлеудің молекула тізбегіне бастапқы мономерлердің санына сәйкес әр түрлі тізбектер кіреді. Бастапқы мономерлердің табиғаты мен оларды өзара қатынастарына қарай сополимерлеу құрамы мен қасиеті өзгереді. Сополимер түзе жүретін біріккен полимерлену реакциясының практика жүзінде маңызы зор. Бұл реакция үлкен молекулалы қосылыстардың қасиетін одан әрі жақсартуға, олардың құрамын өзгертуге мүмкіндік туғызады. Сополимерлену жеке мономерлер және полимерлердің қасиеттерімен қатар басқа жаңа қасиеттер де көрсетеді. Сополимерлерді қолдану пластмасса, каучук, синтетикалық талшық, ион алмастырғыш шайырлар өндірісінің одан әрі дамуына мүмкіндік жасады [35].

Акрилді сополимерлеудің негізгі алынған жаңа полимерлік реагенттер бұрғылаушы ерітінділердің берілген құрамының эффективті жүйесі ретінде қолданылады. Топырақ тәрізді майда заттарға тұрақтандырғыш қоспа ретінде қолданылатын жаңа реагенттердің болашағы зор.

Полиакриламидтің кешенінің катионды және анионды түрлері күрделі полимерлі жүйе, одан бір уақытта ішкі молекулалық деңгейде өзара әрекеттесудің бірнеше түрлері жүреді. Алайда олардың ішінде электростатикалық әрекеттесу күші басым болады. рН ортасы артқан сайын ішкі молекулалық тұздар түзу процесі тереңірек жүреді. Амид тобының карбоксил анионына дейін гидролизденеді де, ол өз кезегінде карбоксил тобымен төртінші реттік аммоний ионы арасындағы әрекеттесу деңгейінің артуына алып келеді [36]. Нәтижесінде полиэлектролиттік тізбектің бос энергиясының электростатикалық құраушысы минемал болғанда полиакриламидтің катионды түрінің макромолекуласы термодинамикалық біршама тиімді конформациялық күйге яғни, тығыз оралған пішінге айналады.

Сополимерлену кезінде тізбектің өсуі ең азы төрт түрде көрсетуге болады.

~ m*1 + M1 k11 ---- ~ m*1 ~ m*2 + M2 k22 ---- ~ m*2 (13)

~ m*1 + M2 k12 ---- ~ m*2 ~ m*2 + M1 k21 ---- ~ m*1

Мұнда: М1 және М2 – мономерлердің берілген концентрациялары

m*1 және m*2 – белсенді бөлшектер (олигомерлер)

k11, k12, k22, k21 – реакция жылдамдығының константалары

Акриламид және этилен оксидінің сополимерлері.

(14)

CH2 = CH + CH - CH → - CH2 ---- CH -

| \ / |

CONH2 O CONH – CH2 – CH2OH