Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
208.72 Кб
Скачать

1.5 Полимерлердің - полиэлектролиттердің негізгі қасиеттерінің бірі -сипаттамалық тұтқырлығы мен молекулалық массасының арасындағы байланыс

Lg [ ] = lgK + lgM (27)

Полиэлектролиттің молекулалық массасын білу нәтижесінде макромолекуланың өлшемі мен пішінін және оның құрылымы түзілуінің концентрацияға, ортаның сутектік көрсеткішіне байланыстылығын анықтауға болады [52].

Полиэлектролиттің сулы ерітінділерінде физика - химиялық қасиеттерін зерттеу кезінде кеңінен таралған әдістердің бірі полимер ерітінділердің тұтқырлығын (η) аныктау болып табылады.

Суда еритін полимер ерітіндісінің тұтқырлығы макромолекуланың ерітіндідегі мөлшеріне, табиғаты мен температураға байланысты. Суда еритін полимерлер үлгілерінде макромолекулалық шумақ ісініп тұтқырлық артады. Сондықтан тұтқырлықтың сапасымен санын анықтауға болады. Жылжу кернеуі мен жылдамдық градиентінің арасындағы тура пропорционалдык коэффиценті тұтқырлық (η) деп атайды. Ерітіндінің тұтқырлығын әдетте капиллярлы вискозиметрдің көмегімен анықтайды. Суда еритін полимерлер үлгілерінің бағдарланбаған макромолекулалар кернеудің бағытына қарай бағдарланып өзгереді, мұндай тұтқырлықты құрылымдық тұтқырлық (ηқұр) деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда ерітіндінің ағуына келтіретін косалқы, не басқа себептерден туатын қосымша тұтқырлықты айтады.

Полимер ерітіндісінің тұтқырлығы полимердің молекулалық массасын анықтауға мүмкіндік береді. Молекулалык массаны аныктауға әдетте суда еритін полимер ерітінділер пайдаланылады.Полимер макромолекулаларының мөлшері өте үлкен болғандықтан алынатын концентрация да өте аз болу керек. Полимердің молекулалық массасы неғұрлым көп болса және құрамында әсерлесуге бейімді полюсті топтары болатын болса, концентрацияның (С) шегі де төмендейді [53].

Суда еритін полимерлер ерітіндісінің тұтқырлығын өлшегенде тұтқырлықтың абсолют шамасын емес, салыстырмалы шамасын аныктайды.

Сaлыстырмалы тұтқырлық деп полимер ерітіндісінің тұтқырлығының ηер-ді таза еріткіштің тұтқырлығына ηер-ш қатынасын айтады:

ηсалер-ді ер-ш = крτ/кр0τ0 (28)

Сұйытылған ерітінді үшін ерітіндінің тығыздықтың еріткіштің тығыздығына тең деуге болады р=ро, сонда,

ηсал =τ/τо (29)

Меншікті тұтқырлық ηменш полимер ерітіндісі мен еріткіш тұтқырлықтарының айырымының таза еріткіштің тұтқырлығына қатынасы:

ηменш=η-ηоо (30)

Меншікті тұтқырлықтың концентрацияға қатынасын келтірілген тұтқырлық ƞкел дейді.

ηкелменш/С (31)

Келтірілген тұтқырлықтың концентрацияға тәуелділігінен шығатын кесінді (ηменш /С) с=О =[η] сипаттамалық тұтқырлық деп аталады. Оның шамасы концентрацияға тәуелсіз [54].

Салыстырмалы тұткырлық деп полимер ерітіндісінің тұтқырлығынын ηер̵ ді таза еріткіштің тұтқырлығына ηер-ш қатынасын айтады:

ηер-де К ρ τ

ηсал = ------- = --------- (32)

ηер-ш К ρоτо

Сипаттамалық тұткырлықтың мәнін, яғни шексіз сұйылту кезіндегі ерітінді тұтқырлығын табуға болады. Бұл кезде макромолекулаларды бір - бірінен тұйықталған, жекешеленген түрде қарастыруға болады.

[η] = lim (ηменш. / С)

С→0 (33)

Сипаттамалық тұткырлық пен молекулалық массасы арасында

Марко - Хаувинг Кум теңдеуімен өрнектелетін тәуелділік болады:

η = КМа (34)

Мұнда К - полимер мен еріткіштің температурасы және

табиғатына тәуелді болатын тұрақтылық.

α ерітіндідегі молекулалар конформациясын сипаттайтын

көрсеткіш.