Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud.kz_099166274 / stud.kz_099166274.doc
Скачиваний:
131
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
864.26 Кб
Скачать

1.8 Еңбекті қорғау

Мұнай және мұнай өнімдері өте қауіпті және зиянды болып келеді. Мұнайды қайта өңдеудің технологиялық процестері жоғары температурада және жоғары қысымда жүргізіледі. Сол себептен мұнай өңдеу өнеркәсіптерінде қауіпсіздік шараларына көп көңіл бөлінеді.

Әрбір зауытта және әрбір қондырғыда өзіне тән қауіпсіздік техникалары, өрт және электр қауіпсіздігінің нақты ережелері болады және олар міндетті түрде өндіріс орнында тұруы керек.

Мұнай және мұнай өнімдері барлық температурада буланады, олардың жоғары жағында белгілі мөлшерде бу болады, ал олар ашық отта тез жалындайды. Сонымен қатар қоспа құрамындағы мұнай өнімдерінің буы мен газ ауа қатысында жарылғыш қоспамен толтыру міндетті емес, тек өткізгіш құбырдың бөлек бір аппаратында осындай қосылыс түзілсе жеткілікті.

Мұнай өңдеу қондырғыларындағы апат пен келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін жұмысшылардың техника қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сөзсіз орындауын қамтамасыз ету керек. Жұмысқа қабылдаушының барлығы міндетті түрде техника қауіпсіздігін, өрт және газ қауіпсіздік ережелерін өтіп, қабылданған ережелерді жатқа білуі керек. Қондырғының эксплуатациясы кезінде аппараттар мен өткізгіш құбырдың герметизациясына және автоматты реттегіш құрылғысының өзгеру жағдайына басты назар аудару қажет.

Бензиннің, күкіртсутектің, жанғыш газдардың және басқа да қоспалардың жарылғыштық немесе токсикалық қауіпсіздігі бар бөлмелерде токсикалық немесе жарылғыш заттың мөлшерінің көбейіп бара жатқанын дабылдап, хабарлап отыратын арнайы құрылғы орнатылады.

Өзінің өндірістік міндетті ісін белсенді түрде, бар ынтасымен орындайтын адамдардың сирек жарақаттанатынын байқаған. Ынжық және жинақы емес жұмысшылар апаттық жағдайларға жиі ұшырайды. Олар апатты жағдай мен ақаудың тууына кінәлі болып табылады. Ұжымда ынтымақтың болмауы, алауыздық пен ұрыс-керіс жұмыс істеушілердің назарын басқа жаққа аударады, олардың дәл қимыл жасауына кедергі келтіреді. Осылар жазатайым оқиғалардың болуына жиі әсерін тигізеді. Сондықтан қауіпсіз техниканың нұсқауында егер сен басқа бір жұмысшының қауіпсіздік шараларын бұзғанын байқасаң, немқұрайлы қарамай, оны қауіптен сақтандыр деп айтылған.

Өндіріс орнында қауіпсіздік техникасы, санитария және өрт қауіпсіздігі техникасы нормалары мен ережелердің және еңбекті қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылауды іске асыратын тікелей басшы, өзге міндеттерден босатылған, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болып табылады.

Жұмыстың ауырлығына байланысты жұмыстық аймақтағы ауаның температурасының 13-20°С шегіндегі болуы тиіс.

Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайлары бақылау арнайы аспаптар – термометр, психометрлер, анемометрлер, барометрлер және басқалар арқылы іске асырылады.

Ауаның тазалық дәрежесі ондағы қалқыма қатты заттардың, зиянды бу мен газдың түйіршіктерінің мөлшері бойынша анықталады. Улы тозаңдар (қорғасынның хромның, сынаптың және басқалардың), газ бен булар (көміртек тотығы, фторлы сутек, бензин, ацетон буы және басқалар) адамның денесіне тисе немесе біртіндеп улануға шалдықтырады.

Ауаны қалыпты күйде ұстау зиянды заттар бөлінетін тұстарға жергілікті сору шкафтарын орнату, сондай-ақ өндіріс орнындағы желдету жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Өндірісте улы газдар, күкірт газының қалдықтары ауаға таралады. Сол себептен келесідей шаралар қолданылуы керек:

1) Құбыр жүйелері және аппараттар сенімді түрде герметизациялануы тиіс.

2) Айдағыш аппараттар үшін инертті газ өткізіледі.

3) Күкіртсутек сілтілік скрубберде ұсталады.

4) Ауаға таралған күкіртті көрсетін тұратын дыбысты сигнализатор орнатылуы керек.

5) Өндіріс орнында жалпы желдеткіш орнатылуы керек.