Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Метуказ ПЗ по Экол и УР-каз.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
83.97 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

“БЕКІТЕМІН”

СШЭжҚ инстиутының директоры, т.ғ.д.,

профессор __________ Сенников М.Н.

«____» ____________ 20____ ж.

“Экология және тұрақты даму” пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар Тараз - 2010

Әдістемелік нұсқаулар «Экология» мамандығына арналған ҚР МЖБС білім стандарттарына сай жасалды.

Әдістемелік нұсқауларды жасаған “Экология” кафедрасының доценті Ағыбаева А.К. және ға оқытушысы Жұмаділова А.Қ.

Әдістемелік нұсқаулар “Экология” кафедрасының отырысында талқыланды.

Хаттама № _____ «_____» _________________ 200___ ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Сейітқазиев Ә.С.

Әдістемелік нұсқаулар ЖҒФ ӘК отырысында талқыланды.

Хаттама № ___ «______» ____________________ 200___ ж.

ЖҒФ ӘК төрағасы ___________________

Тәжірибелік сабақ

1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ. Тіршілік әрекеті негізінде ағзаға абиотикалық және биотикалық факторлардың экологиялық ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Қоршаған орта факторларының ағзаға бейімделу реакцияларының әсері мен абиотикалық және биотикалық факторлардың әсерлерінің негізгі ерекшеліктерін игеру және білу.

Сабақтың мазмұны:

  1. Экологиялық фактор ретінде температураның ерекшелігін анықтау.

  2. Температураға әсер ететін ағза реакциялары мен тіршілік әрекетіндегі оптимум температураларын анықтау.

  3. Ағзалардың өмір сүру пішіндеріне түсінік. Температураға байланысты ағза пішіндерінің өмірін анықтау.

  4. Экологиялық фактор ретінде ылғалдылықтың ерекшелігін түсіндіру.

  5. Ылғалдылыққа қатысты ағзалардың экологиялық тобын анықтау.

  6. Экологиялық фактор ретінде жарықтың ерекшелігін түсіндіру.

  7. Жарыққа қатысты ағзалардың экологиялық тобын анықтау.

  8. Ағзалардың гомотипті және гетеротипті реакцияларының ерекшелігін түсіндіру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Экология қай ғылым саласы ретінде қалыптасты?

  2. «Экология» терминнің алғашқы рет ғылымға кім енгізді?

  3. Экология ғылымының анықтамасы.

  4. Экология ғылымының салаларын атаңыз?

  5. Жеке дара организмдердің қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынастарын зерттейін экологияның бөлімін қалай атаймыз?

  6. Популяцияның өзгерісін, құрамын, бейімдеушіліктің экологиялық механизмдерін, популяциялардың сандық реттелуін және табиғи ценоздардың тұрақтылығын зерттейтін экологияның бөлімін қалай атаймыз?

  7. Әртүрлі біріккен популяциялардың, экологиялық жүйелердің бір-бірімен немесе қоршаған ортамен қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімін қалай атаймыз?

  8. Ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін бөлінбейтін орта элементі қалай аталады?

  9. Мончадскийдің жіктеуі бойынша экологиялық факторлар қанша топқа бөлінеді?

  10. Бірінші периодтық факторға не жатады?

  11. Екінші периодтық факторға не жатады?

  12. Периодты емес факторға не жатады?

  13. Пономаревтың жіктеуі бойынша барлық экологиялық факторлар қанша топқа бөлінеді?

  14. Климатикалық факторларға нелер жатады?

  15. Эдафикалық факторларға нелер жатады?

  16. Орографиялық факторларға нелер жатады?

  17. Абиотикалық фактор дегеніміз не?

  18. Биотикалық фактор дегеніміз не?

  19. Антропогенді фактор дегеніміз не?

  20. Қандай ғалым «минимум» заңын қай жылы ашты?

  21. «Толеранттылық заңының» авторы кім?

  22. «Тіршілік формасы» дегеніміз не?

  23. Ағзалардың жүзуші формаларына (пішіндеріне) нелер жатады?

  24. Қоректену жағдайының өзгерісіне байланысты ағзалардың өзгергіштік морфологиясы қалай аталады?

  25. Жануарлардың тіршілік формаларының (пішін) жіктелінуін қай ғалым енгізді?

  26. Топырақта тамыры болмайтын ағашқа оралып өсетін өсімдіктер қалай аталады?

  27. Жер бетінде өсетін барлық ағаштар, бұталар мен шөптесін өсімдіктер өсімдіктердің қай тіршілік формасына жатады?

  28. Өсімдіктер оларсыз тіршілік ете алмайтын, өсімдіктердің тіршілігіне қажетті факторлар жиынтығын қалай атайды?

  29. Орта факторларының ішінде қай фактор тірі табиғатқа жатады?

  30. Экологиялық факторлар жиынтығын не деп атаймыз?

  31. Өсімдіктердің тіршілік формалары неше топқа бөлінген?

  32. Өсімдіктердің жарық режиміне қатысты неше экологиялық тобы бар?

  33. Су режиміне қатысты жануарлардың қанша тобы бар?

  34. Қандай өсімдіктер гелиофитті түрге жатады?

  35. Қандай өсімдіктер сциофитті түрге жатады?

  36. Қандай өсімдіктер факультативті гелиофиттерге жатады?

  37. Жануарлардың жарық шығару құбылысын қалай атаймыз?

  38. Дене температурасын тұрақты ұстап тұратын жануарларды түрлерін қалай атаймыз?

  39. Су режиміне қатысты өсімдіктерді қанша экологиялық топқа бөлеміз?

  40. Қандай өсімдіктерді гидрофиттер деп атаймыз?

  41. Қандай өсімдіктерді гигрофиттер деп атаймыз?

  42. Қандай өсімдіктерді мезофиттер деп атаймыз?

  43. Қандай өсімдіктерді ксерофиттер деп атаймыз?

  44. Ксерофиттер қанша топқа бөлінеді?

  45. Қуаңшылыққа төзімді, жапырақтары құрғақ және қатты, сабағына ылғал жинамайтын өсімдіктер қалай аталады?

  46. Қуаңшылыққа өте төзімді, жапырақтарында ылғалды жинайтын өсімдіктер қалай аталады?

  47. Еріген тұздардың мөлшерлері жоғары топырақта өсетін өсімдіктер қалай аталады?

  48. Тұз мөлшері мол ортада тіршілік ететін микроағзалар мен жануарлар қалай аталады?

  49. Планктон дегеніміз не?

  50. Нектон деген не?

  51. Бентос деген не?

  52. Планктонға қандай ағзалар жатады?

  53. Нектонға қандай ағзалар жатады?

  54. Бентосқа қандай ағзалар жатады?

  55. Қандай су өсімдігінде бейімделудің жоғары деңгейін көреміз?

  56. Ағзалардың күн мен түннің ұзақтығына жауап беру реакциясы қалай аталады?

  57. Абиотикалық факторға мысал келтіріңіз?

  58. Биотикалық факторға мысал келтіріңіз?

  59. Абиотикалық факторлар қандай топтарға бөлінеді?

  60. Космостық ресурстарға нелер жатады?

  61. Климаттық факторларға нелер жатады?

  62. Температураның бірден өзгерісіне шыдай алмайтын ағзаларды қалай атаймыз?

  63. Температураның бірден өзгерісіне шыдамды ағзаларды қалай атаймыз?

  64. Төменгі фактор ерекшеліктеріне төзімді ағзаларды қалай атаймыз?

  65. Түрлі жиіліктегі және қуаттағы дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын не деп атайды?