Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экол и УР-каз / Силлабус Экол и устразв-каз-Агибаева.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
175.1 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

"БЕКІТЕМІН"

СҚжЭ факультеті жұмыс бағдарла-

малары бойынша комитеті төрағасы

Мұсабеков Қ.Қ. ___________________

/қолы/

«____» ________________20__ ж. /Ф.И.О./

Пәнді оқытудың білімгерлерге арналған бағдарламасы (силлабус) «Экология және тұрақты даму»

Кафедра:

«Экология"

Оқу жылы:

20__-__

Семестр:

1,2

Пререквизиттері:

Биология, география, химия, математика, физика пәндері бойынша мектеп бағдарламасы

Постреквизиттері:

Мамандығы:

Кредит саны:

2 кредит

Оқытушының аты-жөні:

Ағыбаева Алмагүл Қадырқызы

Мекен-жайы:

Сәтпаев к-сі 28, 6.2 ғимараты, 407 ауд.

Жұмыс телефоны

2-25-22

Тараз – 20__ ж Пəннің мақсаты мен міндеттері

Адамзат қоғамының табиғатпен қарым-қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам Жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана Адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық-түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жұқаруы, Əлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б.

Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.т. Бірқатар уақытқа дейін, Ле-Шателье приципіне сəйкес, адамның қоршаған ортаға əсері биосферадағы өтіп жатқан процестер нəтижесінде жұмсартылып келді. Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама-қайшылыққа түсіп, “биосфера-адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе-теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады. Мəселені табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам-табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму - əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік-экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рольге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Оның мақсаты - студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.

Курстың негізгі мақсаты – табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

Пəнді оқытудағы міндеттер:

-тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл

биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақты-

лығын оқып-білу;

-биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

-əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауитүсініктерді қалыптастыру;

-экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда студенттердің ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

Пəнді оқыту нəтижесінде студенттер білуі тиіс:

-тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;

-тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сандықдинамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;

-энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;

-табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;

-антропогендік əрекеттің əлеуметтік-экологиялық салдарларын;

-тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды.

игеруі тиіс:

- табиғи жəне антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;

-биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;

-тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.

машықтануы тиіс:экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып,басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай-ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде ҚазақстанРеспубликасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.