Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тесты для МОН аттест теорметпр

.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
281.09 Кб
Скачать

1. Көміртегінің газдану (Будуар-Белл рекциясы) реакциясы келесідей өрнектеледі:

С + СО2 = 2СО – Q

Температураны жоғарылатқан кезде, газ фазасының құрамы қалай өзгереді?

B) СО қысымы жоғарылайды;

2. Көміртегінің газдану реакциясы ( Будуар-Белла) келесідей жазылады:

С + СО2 = 2СО – Q

Температура жоғарылатқан кезде, газды фазадағы СО –ның %-дық мөлшері қалай өзгереді?

C) 100% мәніне ұмтылады, бірақ ешқашан жетпейді;

3. Сульфидтердің тұтану температурасы келесі температураға сәйкес келеді:

B) сульфидтің тотығуынан келетін жылу, жылудың қоршаған ортаға

4. Қалыпты жағдайдағы қысымның мәні қандай?

E) 105 Па.

5. Көміртегінің га фазасынан бөлініп шығу реакциясы метал жоқта келесі теңдеумен сипатталады :

A) 2СО=С+СО2;

6. Газ фазасының тотықтыпғыш қасиеттері тәуелді:

A) оттегінің парциалды қысымына;

7. Су газының реакциясы келесі химиялық өзгеріс сұлбасымен сипатталады:

B) Н2О+СО=Н2+СО2;

8. СО-СО2 газдар қоспасында оттегінің парциалды қысымы тұрақты температурада не бойынша анықталады?

D) температура және СО-ның СО2-ге қатынасы бойынша;

9. Газ фазасында реакцияның тепе-теңдік константасы тең:

B) реакция өнімдерінің парциалды қысымдарының көбейтіндісінің алғашқы заттардың парциалды қысымдарының көбейтіндісінің қатынасына;

10. Температураны өзгерткенде СО, СО2, Н2 және Н2О-дан тұратын газ қоспасының химиялық құрамының өзгеруі мүмкін бе?

A) өзгереді;

11. Оттегі қатты көміртегімен әрекеттескенде температура көтерілгенде газдану өнімдерінде СО2-нің тепе-теңдік мөлшері қалй өзгереді?

B) азаяды;

12. Толық жану өнімі қай газ?

D) СО2

13. Көміртекті материалдар үшін СО2 + С = 2СО реакциясының жылдамдықтары қай температурада теңеседі?

E) 12500С.

14. Гомогендік реакция деп қандай реакцияны айтады

  1. бір фаза шегінде жүретін реакция;

15. Гетерогендік реакция деп қандай реакцияны айтады?

В) фазалар шекарасында жүретін реакция;

16. Карбонаттардың диссоциациялануы келесі жағдайларда мүмкін, егер:

D) карбонаттың диссоциация серпімділігі СО2-нің парциалды қысымынан артық болса;

17. Карбонаттың диссоциация серпімділігі газ фазасындағы СО2-нің парциалды қысымына тең болатын температура қалай аталады?

C) карбонаттың ыдырауы басталатын температура;

18. Металдың оттегіне ынтықтылық мөлшері болып табылады:

A) оксидтің түзілуінің стандартты еркін энергиясы;

19. Металдың оттегіне ынтықтылығы тәуелді:

C) температураға, балқымадағы МеО және Ме концентра­ция­сы­на, металдың химиялық белсенділігіне;

20. Металдың оттегімен тотығу реакциясы келесі теңдеумен өрнектеледі:

2Ме + О2 = 2МеО бу + Q

Жүйедегі МеО бу қысымын жоғарылатқан кезде реакцияның жылулық эффектісі және металдың оттегіне ынтықтылығы қалай өзгереді?

B) Ме-дың оттегіне ынтықтылығы төмендейді, жылулық эффектісі де төмендейді;

21. 2МеО = 2Ме + О2 теңдеуіне сәйкес жүретін оксидтердің ыдырау процесінің дұрыс кезекті сатысын көрсетіңіз

C) жеке диссоциация  жаңа фазаның туылуы  түйіршіктер шекарасында кристалохимиялық айналулар  оттегі молекуласының ішкі диффузиясы  оттегінің десорбциясы;

22. Металдардың күкіртке ынтықтылығы тәуелді:

D) температураға, балқымадағы МеS және Ме концентрациясына, металдың химиялық активтілігіне;

23. Металдың оттегімен тотығуы келесі теңдеумен өрнектеледі:

2[Ме] + О2 = 2(МеО) + Q

Температураны жоғарылатқан кезде оттегінің тепе-тендік қысымы (РО2) және аМеО қалай өзгереді?

D) РО2 жоғарылайды, ал аМеО төмендейді;

24. Металдардың күкіртке ынтықтылығын анықтау әдістері?

В) манометрлік, масс-спектрометрлік, жанама, есептеу, электрохимиялық;

25. Сульфаттардың тұрақтылығы төмендейді:

D) температураны жоғарылатқанда, газ фазасында күкірттің қысымын төмендеткенде, оксидтердің өзара әрекеттесуі кезінде;

26. Күйдіру процестеріне қай топтағы процестер жатады?

А) тотықтыру, сульфатохлорлау, сульфаттау, хлорлау;

27. Пирометаллургияда тұрақты газбен сұйытылған буды конденсациялағанда жоғалу қай жағдайда өседі?

B) конденсация соңы температурасын жоғарылатып, буды тұрақты газбен сұйылтқанда;

28. Карбонаттың диссоциация серпімділігі деген не?

C) карбонаттың ыдырау жылдамдығының константасы;

29. Металдардың оксидтерінің СО көмегімен тотықсыздануы келесі теңдеулермен өрнектеледі:

FeO + CO = Fe + CO2 + Q1 (1)

PbO + CO = Pb + CO2 + Q2 (2)

ZnO + CO = Zn + CO2 - Q3 (3)

Температураны жоғарылатқанда 1, 2, және 3 реакциялар үшін СО-ның (РСО) тепе-теңдік қысымы қалай өзгереді?

E) 1 және 2 реакция үшін жоғары­лай­ды, ал 3 – ші реакция үшін төмен­дейді.

30. Көміртегінің газдану реакциясы (Будуар-Белл рекциясы) келесідей өрнектеледі:

С + СО2 = 2СО – Q

Температураны жоғарылатқанда газ фазасының құрамы қалай өзгереді?

  1. СО қысымы жоғарылайды;

31. Қай металдардың тобы көміртегімен (немесе оның оксидімен) тотықсыздандыру арқылы алынады?

C) Fe, Ni, Pb, Zn, W;

32. 700оС температурада көміртегінің қатысуымен тотықсызданатын металдардың оксидтері қай топта келтірілген (01 суретті қараңыз)?

01 сурет. СО-ның тепе-теңдік қысымының температураға тәуелділігі.

D) Fe2O3, CuO, PbO, Fe3O4;

33. 900оС температурада көміртегінің қатысуымен тотықсызданатын металдардың оксидтері қай топта келтірілген (01 суретті қараңыз)?

01 сурет. СО-ның тепе-теңдік қысымының температураға тәуелділігі.

C) FeO, CuO, PbO, Fe3O4;

34. 600оС температурада көміртегінің қатысуымен тотықсызданатын металдардың оксидтері қай топта келтірілген (02 суретті қараңыз)?

02 сурет. СО-ның тепе-теңдік қысымының lg-нің температураға тәуелділігі.

B) NiO, Cu2O, PbO, CdO;

35. 1000оС температурада көміртегінің қатысуымен тотықсызданатын металдардың оксидтері қай топта келтірілген (02 суретті қараңыз)?

02 сурет. СО-ның тепе-теңдік қысымының lg-нің температураға тәуелділігі..

B) NiO, ZnO, PbO, CdO; NiO,

36. 1200оС температурада көміртегінің қатысуымен тотықсызданатын металдардың оксидтері қай топта келтірілген (02 суретті қараңыз)?

02 сурет. СО-ның тепе-теңдік қысымының lg-нің температураға тәуелділігі.

A) NiO, ZnO, PbO, Cr2O3;

37. Көміртегімен (немесе оның оксидімен) тотықсыздандыру процесін қолданып алынатын металдар тобын белгілеңіз?

В) Fe, Ni, Pb, Zn, W;

38. Оттегінің металға ынтықтылығы анықталады:

D) Гиббс энергиясы бойынша;

39. Металл оксидінен оттегін бөліп металл немесе төменгі оксид түзілетін процесс қалай аталады?

A) тотықсыздандыру;

40. Оттегіне химиялық ынтықтығы қандай затты металл оксидіне тотықсыздандырғыш ретінде пайдалануға болады?

B) металға қарағанда артық;

41. Қандай тотықсыздандырғышты қолданғанда тотықсыздандару тікелей деп аталады?

C) қатты көміртегін;

42. Гиббса энергиясы қай формуламен анықталады?

A) ∆G=H-TS;

43. МеО+СО=Ме+СО2 реакциясының тепе-теңдік константасының түрі:

E) Кр=РСО2СО.

44. t>5700С температурада темірдің тотықсыздануы келесі сұлбамен жүреді:

C) Fe2O3→Fe3O4→FeO→Fe

45. Алюмотермия дегеніміз:

A) оксидтерді алюминиймен тотықсыздандыру;

46. Силикотермия дегеніміз:

B) металдардың оксидтерін металдық кремниймен тотықсыздандыру;

47. Металлотермия деген не?

C) метал оксидін одан оттегімен байланыс күші артық басқа металмен тотықсыздандыру;

48. Металлотермиялық тотықсыздандыру деген не?

D) тотықсыздандарғыш ретінде активтілігі жоғары басқа метал қолданып тотықсыздандыру;

49. 1 кг қоспада алюмотермиялық тотықсыздандыру процесі жүру үшін қанша жылу бөліну керек?(Жемчужный ережесі)

E) 2300 кДж/кг.

50. Силикотермиялық тотықсыздандыру реакциясын көрсетіңіз:

A) 2MnO + Si = 2Me + SiO2;

51. Алюмотермиялық тотықсыздандыру реакциясын көрсетіңіз:

B) Cr2O3 + 2Al = 2Cr + Al2O3;

52. «Реакциялық балқыту» процесі қандай химиялық реакция теңдеуімен өрнектеледі:

A) MeS + 2MeO = 3Me + SO2;

53. Балқыту кезінде алынатын, металлургиялық өнімдердің аттары қай топта келтірілген?

A) қож, штейн, шпейза, файнштейн, шаң, шликер;

54. CaO-SiO2 жүйесінде конгруэнтті және инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыстар жауаптардың қай тобында дұрыс көрсетілген? (03 сурет).

03 сурет. CaO-SiO2 жүйенің диаграмма күйі.

C) CaO∙SiO2 және 2CaO∙SiO2 конгруэнтті; 3CaO∙SiO2 және 3CaO∙2SiO2 – инконгруэнтті;

55. CaO-SiO2 жүйесінде эвтектикалық құрамдағы балқымалардың балқу температурасын (оС) көрсетіңіз (04 сурет).

04 сурет. CaO-SiO2 жүйесінің күй диаграммасы.

B) 1436, 1420, 2065;

56. 05 – суреттің берілгендеріне сүйеніп қай топта термодина­мика­лық мүмкін реакциялар келтірілгенін анықтаңыз.

05 сурет. Оксидтердің диссоциация серпінділігінің температураға тәуелділігі.

C) Ag2O + Fe = FeO + 2Ag

Ag2O + 2Cu = Cu2O + 2Ag

Ag2O + Cu = CuO + 2Ag

CuO + Fe = FeO + Cu

Cu2O + Fe = FeO +

57. Металдарды рафинирлеуде қандай процестер қолданылады?

E) зонналық балқыту, монокристалдарды өсіру, электролиз, экстракция, сорбция.

58. «Ректификация» процесі дегеніміз не?

Е) көп рет кезекпен жартылай буландыру және конденсациялау процесі.

59. Түсті металлургия қождарының негізін қай үш компонентті жүйелер құрайды?

B) SiO2 – FeO – CaO;

60. Негізгі қожтүзуші оксидтер қай топта келтірілген?

С) CaO, FeO, SiO2, Al2O3, MgO;

61. Қожбен металдардың жоғалуы өседі:

B) қож тұтқырлығын жоғарылатқанда және бай штейнмен жанасқанда;

62. Электрбалқыту кезінде қождың негізгі ролі:

B) металға жылу жеткізіп, оны оттегінің әсерінен қорғау;

63. Температураны төмендеткенде және қышқылдығын жоғарылатқан кезде қождың түтқырлығы неліктен жоғарылайды?

Е) өйткені күрделірек полимерленген аниондар түзіледі.

64. Минералдардың қай тобы флюстерге жатады?

A) CaO, Fe2O3, SiO2;

65. Амфотерлі оксидтердің тобын белгілеңіз.

В) Al2O3, ZnO, Ga2O3;

66. Қандай оксидтер негіздік?

D) CaO, FeO, MnO, Cu2O, NiO;

67. Қандай оксидтер амфотерлікке жатады?

А) қышқылды ортада негіздік, ал негізгі ортада қышқылдық қасиетке ие болатын оксидтер;

68. Сілтілік және жерсілтілік металдардың катиондарының иондық потенциалы өскен сайын қождың беттік тартылысы:

A) артады;

69. Қождардың қышқылдығы дегеніміз не?

С) қышқылдық оксидтерде байланысқан оттегі атомдарының санының негізгі оксидтерде байланысқан оттегі атомдарының санының қа­ты­на­сы;

70. Қождағы модификатор оксидтер

В) CaO, MgO, FeO, ZnO, Na2O;

71. Қождың тұтқырлығы қандай көрсеткішпен сипатталады?

A) ішкі үйкеліс коэффициентімен;

72. Домналық балқыту қождары қандай негізгі үш компонентті күй диаграммасымен сипатталады?

A) Al2O3 - SiO2 - СаO;

73. Негіздік қождарды балқу температурасынан қандай мөлшерде жоғары қыздырғында тұтқырлығы күрт төмендейді?

E) 200-3000С.

74. Қождардың электрөтізгіштігін қандай оксидтер тобы жоғарылатады?

A) CaO, FeO;

75. Қышқылдық дәрежесі қандай қождар қышқыл болады?

D) 2-ден көп;

76. Әктаста қанша СаО бар?

C) 56 %;

77. Қай оксид қождың тұтқырлығын жоғарылатады?

C) SiO2;

78. Тепе-теңдіктегі сұйық және қатты фазалар арасында металдың таралу коэффициенті (КМе) келесі қатынаспен СМесұй : СМеқат = КМе өрнектеледі. Ликвациялық процесс кезінде Ме бойынша қатты таза фаза, қандай жағдайда алынады?

C) КМе = 0.01-ге тең болғанда;

79. Температураны төмендеткенде және қышқылдықты жоғарылатқан кезде қождың тұтқырлығы неліктен жоғарылайды?

C) өйткені бұл кезде күрделірек полимерленген аниондар түзіледі;

80. Металдарды тотықтыра рафинирлеу қандай қоспалардан тазартуда қолданылады?

D) тазартылатын металға қарағанда электрлік теріс потенциалы жоғарырақ қоспалардан;

81. Төменде келтірілген топтардың ішіндегі металдардың қай тобы ауыр түсті металдар тобына жатады?

E) Cu, Ni, Pb, Zn, Sn.

82. Рауль заңынан оң ауытқу қай жағдайда туады?

B) екі компонентті жүйе қабатталуға ұмтылғанда;

83. Ликвация кезінде фазалардың бөліну жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

C) түйіршіктердің радиусы, бөлінетін фазалардың тығыздығы, ортаның тұтқырлығы;

84. Қандай процестер ликвациялыққа жатады?

А) қабатталуға байланасты процестер;

85. «Ректификация» процесі дегеніміз не?

Е) кезекпен көп рет жартылай буландыру және конденсациялау процесі.

86. Қорғасынды ликвациялай мыссыздандыру соңында қалқымадағы қорғасын мөлшері:

D) 70-90%;

87. Қатты ерітінділер түзетін жүйеде кристалдандыру кезінде сұйық фазада қандай компонент шоғырланады?

B) жеңіл балқитын;

88. Сульфидтердің балқымасында қождарға қарағанда коваленттік байланыстың үлесі жоғары екенін қандай фактор дәлелдейді?

B) сульфидтердің балқымасынан электролизбен метал алуға болмайды;

89. Қож бен штейннің ликвациялық бөлінуі қай жағдайда толығырақ жүреді?

B) қожды шығару тесігі қож бен штейн эмульсиясын тиеу орнынан қашықтығы үлкен болғанда;

90. Сульфидті балқымалардағы сиботаксикалық топтасулар қалай пайда болады?

  1. балқыманың бір бөлігінің металға, ал екінші бөлігінің күкіртке бай болып бөлінуі нәтижесінде;

91. Реакция кинетикалық аймақта жүреді, егер:

  1. компоненттердің диффузия жылдамдығы химиялық реакция жылдамдығынан артық болса;

92. Реакция диффузиялық аймақта жүреді, егер:

B) компоненттердің диффузия жылдамдығы химиялық реакция жылдамдығынан кем болса;

93. Реакция кинетикалық аймақта жүру сипаты:

В) температура өскенде реакция жылдамдығының тез өсуі;

94. Төменде көрсетілген топтардың ішінде қай металл дистиляциялық әдіспен алынады?

А) Мырыш, сынап, күшала, кадмий;

95. Мысты сульфидты концентраттарды автогенді балқыту кезінде жүретін реакциялар қай топта келтірілген?

E) CuFeS2+O2=Cu2S+FeO+SO2

2FeS2+5,5O2=Fe2O3+4SO2

2Cu2O+Cu2S=6Cu+SO2;

96. Қалыпты жағдайда 2,24 литр газдың салмағы 2,8 г-ға тең. Газдың молярлы массасы неге тең?

D) 28 г;

97. Металдардың қожбен физикалық және химиялық жоғалуының мәндеріне әсер ететін қождарың қасиеттері қай топта келтірілген?

D) тұтқырлығы, тығыздығы, беттік тартылысы, тотықтыру қабілеттілігі;

98. Күйдіру процесіне қандай пирометаллургиялық процестер жатады?

D) шикіқұрам компоненттерінің балқу температурасынан төмен температураларда жүретін процестер;

99. Реакцияның еркін дәреже санын анықтайтын формула:

A) С=К+2-Ф;

100. t˂5700C температурада темірдің тотықсыздануы келесі сұлбамен жүреді:

A) Fe2O3→Fe3O4→Fe;