Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шаршы ашы саба

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
141.51 Кб
Скачать

Сабақтың тақырыбы: Шаршы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушыларға шаршы жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру, шаршының барлық қабырғалары тең деген терминді енгізу.

Дамытушылығы:ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: семантикалық карта, венн диаграммасы, дидактикалық материалдар, кеспе

фигуралар.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде:

Сәлеметсіздер ме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

А) Геометриялық фигураларды көрсетіп, атату, олардың қасиетіне тоқталу.

Ә) Бұрыш туралы білімдерін қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Ребусты шешу «Шаршы»

, , ,

Шаршы туралы түсіндіру

Тақтаға нөмірленген геометриялық фигуралар ілінеді , балалар осы фигураларды атап шығады да, тек қана төртбұрыштарды табады

1

3

2

4

Енді қайсысы тік төртбұрыш болады? ---

Балалар тіктөртбұрыштың қасиетін айтады

Үшінші фигура ол шаршы болады

Шаршының қасиеттерімен танысайық 4. Шаршы

4-қабырғасы

4-төбесі

4-бұрышы

Бұл шаршылар

Шаршының барлық қабырғалары бір- біріне тең болады.

Анықтама: Шаршы – барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.

2.Дәптермен жұмыс

Графикалық диктант

3. Оқулықпен жұмыс

1-мысал. (ауызша)

Суретте неше тіктөртбұрыш, неше шаршы бар?

2-мысал. (ауызша)

Венн диаграммасы

Тік төрбұрыш 4 төбесі 4 бұрышы 4 қабырғасы бұрыштары тік. Екеуі де гоеметриялық фигура

Тік төртбұрыш қарама-қарсы қабырғалары тең

Шаршының барлық

қабырғалары тең

3-мысал.

А) Ені бірдей тіктөртбұрыштарды ата.

Ә) Ұзындығы бірдей тіктөртбұрыштарды ата

в = ені , а = ұзындығы

в = ABCD, LKNM

a = LKNM, CBED

4-есеп.

Шарты :

Тіктөрбұрыш – 40

? (Ф)

Шаршы – 8

Шешуі: 40 + 8 = 48

Жауабы : барлығы 48 фигура

IV. Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өніп өсіп толамыз.

Көкке карап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып, аламыз.

«Хат тасушылар» ойыны

Ойынның шарты: Оқушылар суретте көрсетілген үйлерге хат апарып берулері керек. Үйлерді айырмашылық белгілері геометриялық пішіндермен белгіленген. Хат тасушылар тиісті хатты / геометриялық пішінді / көрсетілген мекен-жайға қателеспей жеткізулері керек. Кім тез тауып жеткізсе, сол ойында жеңіп шығады.

VІ. Сабақты қорыту.

1.Аппликация « Фигуралардан әртүрлі үйлер құрастыру»

2. Семантикалық карта

Геометириялық фигуралардың қасиеттері

Төрт бұрышы бар

Барлық қабырғалары тең

Үш бұрышы бар

Төрт қабырғасы бар

Қарама қарсы қабырғалары тең

Үш төбесі бар

3. Логикалыық есеп

Апам ала сиырын сауды. Ол 3 литр сүтті бидонға құйды, сонда шелекте 4 литр сүт қалды. Ала сиыр қанша литр сүт берген?(7л)

Кітап 20 теңге тұрады. Сәуле осы кітапты сатып алайын десе, 4 теңге жетпейді. Сәуленің неше теңгесі бар?(16т)

Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешеу?(4-еу)

4. Бағалау

5. Үйге тапсырма 5,6-мысал