Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус БС ОМ каз 15-16.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
120.2 Кб
Скачать

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

ХХI ғасыр – дәлелді медицина ғасыры. Бұл дегеніміз, медицинада күннен- күнге нақты ғылымдар әдістері, соның ішінде, әсіресе, бірінші кезекте статистика үлкен роль атқарып келеді. Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.

Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.

Биологиялық статистика - биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі. Көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық және радиобиологиялық құбылыстар табиғаты бойынша жаппай болғандықтан биологияда статистикалық әдістердің қолданылуының маңызы өте зор. Мұндай жиынтықтардағы оқиғаның жүзеге асуы ықтималдықтар арқылы бағаланады, ал оларды талдау статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді.

Заманауи дәрігерлер дәлелді медицинаның принциптерімен сәйкес жұмыс істеулері қажет, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері заманауи медицинаның методологиясын түсінулері және оларда статистикалық ойлаудың негіздері қалыптасуы керек.

Студентке SAS,SPSS, Statisticа статистикалық кәсіптік қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.

2.2 Мақсаты

«Жалпы медицина» мамандығының студентеріне биологиялық статистиканың теориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  • Биостатистиканың теориялық негіздерін қалыптастыру.

  • Статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  • Студенттерде қолданбалы есептерде математикалық талдау жасай білу іскерлігін қалыптастыру.

  • Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.

2.3 Міндеті

    • Биологиялық статистикалық әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;

    • Деректерді өңдеу үшін статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру;

2.4 Оқытудың соңғы қорытындылары

“Биологиялық статистика” курсын меңгеру нәтижесінде

студент білуі тиіс:

  • бас және таңдама жиынтықтар;

  • өлшеу шкалалары;

  • сәйкестік және келісім критерийлері;

  • таңдаманың репрезентативтілігі;

  • зерттеулердегі бағалардың жүйелік қателерінің түрлері;

  • қалыпты таралу заңының негізгі қасиеттері;

  • статистикалық жорамалдар, статистикалық критерийлер;

  • жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлері;

  • бірфакторлы,екіфакторлы дисперсиялық талдаулар;

  • Фишердің нақты критерийі;

  • эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлері;

  • өміршеңдікті зерттеу;

  • корреляциялық тәуелділік;

  • Пирсонның корреляция коэффициенті, Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті;

  • медицина-биологиялық тәжірибенің кезеңдері;

  • компьютерлік статистикалық қолданбалы бағдарламалар пакеті: SPSS, Statistica, SAS;

Игеруі тиіс:

  • биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығын бағалау, айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтау;

  • таңдама жиынтық үшін бірлікті таңдау;

  • таралудың статистикалық қатарларын анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалау;

  • статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын анықтау және олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалау;

  • бас жиынтықтың дәлдік және аралық бағаларын табу;

  • критерийдің қуаттылығын анықтау;

  • полигон мен гистограмма тұрғызу;

  • бірфакторлық, екіфакторлық дисперсиялық талдаулардың негізгі әдістерін қолдану;

  • статистикалық жорамалдарды тексеру;

  • корреляцияның таңдама коэффициентін есептеу;

  • қорытынды кесте алу: жағдайлар саны,орта, стандарттық қате, орта қате.

дағдылануы тиіс:

  • SPSS, Statisticа, SAS қолданбалы бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу;

  • Стьюденттің t –критерийімен жұмыс істеу.

2.5 Пререквизиттер: информатика, медициналық биофизика, молекулалық биология және медициналық генетика, қоғамдық денсаулық сақтау.