Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меланома кожи - копия.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
956.74 Кб
Скачать

Меланоманы анықтау жолдары

Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде тері рагын және меланоманы дәлелдеу қиын емес. Ол көзге көрінетін, қолмен сипауға келетін ісік, сондықтан олардың клиникалық белгілерін және оларды терінің басқа аурулардан ажырата білу керек. Диагнозды нақты дәлелдеу үшін цитологиялық, гистологиялық зерттеулер керек. Өкіншке орай меланомада, тері рагындағыдай - пунция, не биопсия жасауға болмайды. Меланомаға күдік туған жағдайда тек ойық жара бетінен жақпа алуға болады. Қосымша диагностикалық әдіске зәрден меланоманың қалдықтарын (меланурия) іздеу жатады. Тері рагында да, меланомада да радиоактивты фосфорды қолдануға болады. Кейінгі кездерде лазерлы флуоресцентті тәсіл тәжірибеде енді-енді еніп жатыр. Соңғы кездерде тері рагынан қалай биопсия алу техникасы № 17- суретте көрсетілген.

Басқа аурулардан ажырату жолдары

Тері рагын көптеген созылмалы тері ауруларынан ажырату оңайға соқпайды, солардың ішінде ең негізгілері: туберкулез, мерез, микоз, жалған сірнелі емес гиперпалазиялар, эпителийден пайда болмаған қатерлі, қатерсіз ісіктер. Өте жиі және қосарланып келетін қызыл жегі (волчанка) ауруын тері рагынан ажырату, өте қиын, себебі олар көптеген жағдайда бірігіп, көбінде бетте жиі кездеседі.

Меланоманы пигментті қалдардан, әсіресе, меланоздардан ажырату керек. Пигментті базалиоманы меланомадан ажырату қиынға соғады. Дегенмен базалиоманың баяу өсуі, пигменттің біркелкі орналасуы, қабыну үрдісінің болмауы, әруақытта, меланома емес екенін көрсетеді. Қантамырларынан, жүйке талшықтарынан шыққан ісіктерді және Боуэн ауруларын тері рагынан ажырату өте қиын бұл жерде тек морфологиялық зерттеу керек.

Сақтандыру және емдеу шаралары

Тері рагы мен меланомадан сақтану үшін дер кезінде ісік алды және қатерсіз ісіктерді анықтап, толық емдеген жөн. Бұл жерде жалпы мына шараларды орындау керек:

  • зиянды және қоздырғыш себептерді жойу,

  • зақымданған жерді консервативты емдеу,

  • егер ем нәтиже бермесе, онда криогенді, лазерлы, оперативты емдер қолданып, алынған затты мұқият гистологиялық зерттеу.

Тері рагының тиімді емі ісіктің өсу сатысына, морфологиялық құрылысына, орналасқан жеріне, ісік көзінің санына ауру адамның жасына тығыз байланысты келеді. Егер ісік алғашқы өсу сатысында болса, ем екі деңгейде қарастырылады – біріншісінде, ісік көзі радикальды хирургиялық жолмен сылып алынады (№18- сурет), екіншісінде – аймақтық лимфа бездеріне операция жасау, бір мезгілде орындалады.

Сәуле әдісі бұл ісікте тиімсіз, сондықтан хирургиялық әдіс меланомада жиі қолданылады, ол кезде оны кең көлемде ісікті сылып алу, ал кейбір жағдайда тері шеттері тігіс салғанда бір-біріне жетпей жатады, онда пластикалық операциялар қолданылады. Егер меланомада бөгелме ісік байқалса, онда химиотерапия әдісі (дакарбазин, нитрозомочевина, платина), иммунды дәрілермен (интерферон, левамизол) қосарланып қолданылады.

Тері рагымен меланоманың болжамы

Егер тері рагы уақтысында анықталып, емделінсе, онда аурудың өмірі сақталып қалады. Барлық өсу сатыларын қоса есептегенде, орташа есеппен тиімді ем 85,0% құрайды, ал ісіктің бірінші өсу сатысында бұл көрсеткіш 97,0%-ға шейін жетеді.

Меланомада емдік нәтиже нашарлау, тіпті, бөгелме ісік болмаса да емдік көрсеткіш 82-85,0% -дан аспайды. Дегенмен, ісіктің көлемі өте маңызды рөл атқарады, егер ісік - 1 мм-ден кем болса, емдік нәтиже 90,0%-дан асып түседі, ал егер ісіктің көлемі 1,5 мм-ден асып түссе, онда ем 50-80,0%-дай болады. Бөгелме ісіктің болуы болжамды қиындатып жібереді – орташа ем көрсеткішін 10-13,0%-ға төмендетеді, ал ол алыста орналасса - нәтиже 5-20,0% -дай ғана болады.

Сабақ қорытындысы:

  1. Қазақстанда тері рагы өте жиі кездесіп, ол өкпе рагынан кейін екінші орын алып, соңғы жылдары аурушаңдық көрсеткіші төмендеуде.

  2. Тері рагы Қазақстанда біркелкі емес, олардың ішінде еуропалық ұлттардың өзіндік үлесі көп облыстар мен аймақтарда ол жиі кездеседі.

  3. Күннің сәулесіне өте төзімділік терінің пигменті клеткасының деңгейіне байланыстылығы анықталған, афро-азиялық елдерде, тері рагы, еуропалық ақ түсті елдерге қарағанда, аз шалдығатыны дәлденген.

  4. Ашық далада жиі жұмыс істейтіндерде (фермер мен теңісшілер) және күн көзінің ультракүлгін сәулесінің жиі түсетін адамның ашық жерлеріндегі (бет пен қол) терілерінде де жиі кездеседі.

  5. Нақты ісік алды ауруларға - пигментті ксеродерма, Педжет, Боуэн және Кайр аурулары жатады.

  6. Базальді клеткалы тері рагы өте баяу өсіп, бөгелме ісіктерді аз береді

  7. Жайылма клеткалы тері рагы, аймақтық лимфа бездеріне және алыста орналасқан мүшелерге бөгелме ісігі тез тарайды.

  8. Базальді клеткалы тері рагы тек бір жерде ғана шоғырланып, «түйме» сияқты, қолға қатты сезілетін, өсе келе ойық жара пайда болып, шет жақтары білеуленіп, ісінеді.

  9. Жайылма клеткалы рак терең ойық жаралы, түбі тегіс емес, тез қанағыш, жағалары өте қатты, айналасына таралып өседі.

  10. Тері рагы тек морфологиялық әдіспен дәлелденеді.

  11. Тері рагын, әртүрлі әдіспен емдеуге болады, оларға сәуле (лазер, радий, рентенг), криогенді, хирургиялық және дәрі-дәрмек пен фото динамикалық емдер жатады.

  12. Меланома туа біткен және жүре пайда болған пигментті қалдарда (невус), сонымен қатар Дюбрейл меланозы кезінде жиі пайда болады.

  13. Меланома - жалпы қою қара-көгілдір түсті қалдардан пайда болады, тері деңгейінен бөлек шығып, басып көргенде тығыз, беті тегіс емес, шаш болмайды. Ол кейде пигментсіз болады.

  14. Меланоманың негізгі тері (дерма) бағытына қарай өскенде, немесе көлемі ұлғайған сайын өте қауіпті.

  15. Ең негізгі диагностикалық тәсіл - гистологиялық зерттеу, ол үшін ісік жатқан жерден кең көлемде кесінді алу.

  16. Меланоманың алғашқы өсу кезеңдерінде, тек хирургиялық әдіс стандартты ем болып саналады.

  17. Меланома химиотерапияға төзімді келеді, ісік асқынып, өршісе немесе қайталанса және болжам мүмкіншіліктері қиындау болған жағдайларда дәрі-дәрмек әдісі кеңірек пайдаланады.

  18. Иммунды ем меланоманың асқынған түрлерінде қолданады, ол науқастардың аз болса да өмірін ұзартады.

  19. І-ІІа өсу сатысы нда хирургиялық ем жүргізіледі,

  20. ІІІ-а өсу сатысында адьюванттық химиотерапия хирургиямен қосарланып жүргізіледі,

  21. ІІ-б, ІІІ-б өсу сатыларында, химиотерапиядан соң, не алдында, операция жасалып, аймақтық лимфа бездері сылынады.

  22. IV өсу дәрежесінде, кешенді ем (иммунды+химиотерапия) қолданылады.