Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меланома кожи.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
4.75 Mб
Скачать

Тері рагының өсу сатыларын тnм жүйесі бойынша топтастыру

  • 0 сатысы -ТisN0М0

  • 1- сатысы - Т1N0М0

  • 2- сатысы – Т2-3 N0М0

  • 3-сатысы –Т4 N0М0, немесе кезкелген Т, бірақ N1М0,

  • 4- сатысы – кезкелген Т,кезкелген N, бірақ М1

ХАЖ-10- бойынша таңбалануы:

C44 – Терінің басқа қатерлі ісігі

44.0 - ерің терісі

C44.1- қабақ терісі, оның қосылған жерімен

C44.2 – құлақ терісі және есту тесігімен

C44.3 – басқа бет терісі және анықталмаған бөлігімен

C44.4 – бас терісі және мойын

C44.5 – дене терісі

C44.6 – қолдың терісі,иық буынды қоса

C44.7 – аяқтың терісі , жабас буынды қоса

C44.8 – жоғарыда көрсетілгендерден басқа терінің зақымдануы

C44.9 – терінің анықталмаған бөліктері

Тері рагының эпидемиологиясы

Тері рагы жер шарының барлық аумағында кең тараған. Өте жиі кездесетіні - Австралия, Бразилия, Аргентина және АҚШ; ал ең сирегі – Африка мен Азия елдерінде. Тері рагының меншікті үлесі Жер шарының солтүстігінен экваторға қарай өседі. Теңізбен қоршалған құрылықта тері рагы өте жиі кездеседі, оның себебі күн сәулесінің тікелей түсуі мен бірге, оның су бетінен шағылысуынан, ультракүлгін бөлігінің мөлшері өсіп, адамға екі жақты әсер етеді. Жалпы күн сәулесінің тері рагын қоздыратынын ең алғаш Аргентина ғалымы Рофо (1930), ал оның ультракүлгін бөлігінің әсерін Н.Н. Петровтың оқушысы Вадова, Сухуми питомнигінде (1948) дәлдеген.

Тері рагы, басқа қатерлі ісіктердің ішінде 11-15% құрап, 3-5 орын алады. Бұрынғы Кеңес одағында бұл рактың аурушаңдық көрсеткіші 22,3%ооо тең болған. Соның ішінде мына республикаларда: Украин (24,1%ооо), Қазақ (16,6%ооо), Молдаван (16,2%ооо), Армения (10,9%ооо), Грузия (9,5%ооо) және Ресей федерациясында (23,6%ооо) жиі кездескен.

Тері рагының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған (№12- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (40,3%ооо), Қарағанды (30,0%ооо), Қостанай (22,3%ооо), Павлодар (25,8%ооо) және Ақмола (17,7%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (9,3%ооо), Оңтүстік Қазақстан (7,6%ооо), Қызылорда (6,8%ооо) Атырау (4,0%ооо) және Маңғыстау (3,8%ооо) облыстарында анықталған.

№12- сурет. Тері рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.).

Тері рагының Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық көрсеткішінің ерекшелігі (№13- сурет), осы заңдылыққа сәйкес келеді.

Тері рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (33,0%ооо), Орталық (12,8%ооо) және Солтүстік (17,7%ооо) өңірінде анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (8,7%ооо) тіркелген.

Республика бойынша тері рагының меншікті салмағы 10,8%-тең де, барлық ісік ауруларының ішінде үшінші орында тұр. Тері рагы ерлер арасында (9,7%) өкпе, асқазан рагынан кейін, үшінші орынды алса, ол әйелдерде (11,3%) - емшек рагынан кейін, екінші орынды алып тұр.

Қазақстанда тері рагы соңғы 20 жылда едәуір төмендеді, оған себеп, ХХ ғасырдың соңы мен ХХ1- ғасырдың басындағы миграциялық процесстің өсуіне байланысты, республика территориясынан ақ нәсілді ұлтардың (еуропалық) өздерінің тарихи отанына көшуіне байланысты болып отыр. Балаларда - тері рагы өте сирек. ал егде жастағы адамдарда, әсіресе 60-70 жас аралығындарда - жиі кездеседі.

№13- сурет. Тері рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)

Тері рагының эпидемиологиялық ерекшеліктері:

  1. Тері рагы оңтүстік аймақтарда, экваторға жақындаған сайын жиі кездеседі.

  2. Терісінде пигменті клеткалары аз адамдар (еуропалықтар), қара нәсілді, не оған тектес елдерге (афро-азиялық) қарағанда жиі зақымданады.

  3. Ашық далада (экрандалмаған топ) жұмыс істейтіндердің арасында тері рагы, экрандалған адамдарға (кеңсе қызметкерлері) қарағанда жиі кездеседі, әсіресе балықшылар мен теңізшілерде, ауыл шаруашылығымен жиі байланыста болатын адамдарда.

Қоздырғыш факторлары:

  • ультракүлгін және рентген, радий сәулелері,

  • күйіктен пайда болатын келлоидты тыртықтар,

  • кәсіптік зиянды заттар (жанармай қалдықтары),

Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - ол ұзақ уақытқа созылған ультракүлгін сәуленің зиянды әсері.