Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менингит реферат Сулушаш.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
44.96 Кб
Скачать

Зерттеуге анализ алу тәртібі:

Бактериологиялық зертханаға алынған анализдер төмендегідей көлемде жеткізілуі керек:

1. Мұрын жұтқыншақтың бөліндісін: аш қарынға немесе тамақтанғаннан 3-4 сағаттан соң, тілдің түп жағын шпательмен басып тұрып, 135 0 С-иілген стерильді мақталы тампонмен оралған таяқшамен алынады. Тампонды иілген жағын жоғары қаратып, жұмсақ таңдайдың артқы жоғарғы жағынан жұтқыншаққа 2-3 рет сүртіп алады. Тампонды алар кезде тілге-иекке, тістерге, шырышты қабатқа тигізбей аламыз.

2. Ликвор немесе жұлын сұйықтығы бактериологиялық және серологиялық зерттеулерге 1,0 мл ден аз болмауы керек.

3. Ликворды 0.1% қоймалжың агарда (байыту ортасы-среда обогащения) , 0,5 мл ликворды 5,0 мл қоймалжың агарға (в полужидком агаре) науқас төсегінің жанында егу.

4. Бактериологиялық зертттеуге қанды "қалың тамшы" түрінде.

5. Дақылды бактериологиялық жинақтау үшін қанды қоймалжың агарда немесе 0,1 % қоймалжың агарда (байыту ортасы), 5,0 мл қанды 50,0 мл байыту ортасына егеді.

6. Серологиялық зерттеулер үшін 2 мл ден аз емес қан алынады (РПГА, ВИЭФ, ЛА и др.).

Бактериологиялық және серологиялық зерттеулерге анализдер алына салып жылы күйінде (t 0=+37 0 С) зертханаға арнайы контейнерлермен жеткізілуі керек.

Патологиялық материалды зертхана жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда , термостат жағдайында (t 0=+37 0 С) 18 сағатқа дейін сақтауға рұқсат етіледі

Науқастың жұлын сұйықтығын бактериологиялық зерттеу

Зерттеудің 1-күні

Жұлын сұйықтығын (СМЖ) 2 - 5 мл көлемде науқас ауруханаға түсісімен, ( антибиотиктермен ем алғанға дейін алыну керек) төсегінің жанында, асептиканың барлық ережелерін сақтай отырып, медицина қызметкерінің бетпердені қолдана отырып алғаны дұрыс.

Жұлын сұйықтығының бірінші мөлшерін (1,0 мл көлемде) жеке пробиркаға жалпы ликворлық зерттеу үшін алады. Екінші мөлшерін стерильді пробиркаға (1,0 мл ден аз болмау керек) құйып, шетінен 0,1 % жартылай сұйық ортаға (0,5 мл жұлын сұйықтығын 5 мл 0,1% жартылай сұйық агармен) егіп отырады. Пробиркаға, инеге, канюля жиегіне қол тигізуге болмайды. Мақта марлялы тампонды(тығынды) тысқары ұстаған абзал.

Жұлын сұйықтығын зертхана әкелісімен зерттеу жүргізіледі. Стерильді пастер пипеткасымен пробирка түбінен 0,3 - 0,5 мл материал алып, оның 2 - 3 тамшысын жылытылған қорек ортасы бар 2 чашкі Петриге шпателмен жаға отырып егеді. Бір чашкіде "шоколадты" агар, екіншісінде-сары сулы агарға. Егілген чашкілерді +37 0С қа термостатқа жоғарғы СО 2 жағдайды туғыза (ылғалды және көмір қышқыл газды) отырып қоямыз. Жартылай сұйық ортадағы ликворы бар пробирка термостатқа қойылады.

Пробиркада қалған нативті жұлын сұйықтығы , серологиялық зерттеуге және жағындылар дайындауға қолданылады.

Нейссериялар грамм бойынша аса айқын емес, сондықтанда метилен көгімен немесе Грамның Калине модификациясы бойынша боялады. Боялған жұлын сұйықтығының жағындыларының тікелей микроскоптануы іріңді менингиттерді шақыратын бактерияларды анықтауға септігін тигізеді.

H.influenzae әлсіз байқалатын нәзік капсуламен қоршалған майда полиморфты грам теріс таяқшалар және жіптер түрінде болады.

Пневмококктар болса ланцет түріндегі диплококктар және қысқа шынжыр түрінде, капсула түзеді. Олар грамм оң, барлық анилинді бояғыштармен жақсы боялады, соның өзінде капсуласы боялмайды және боялған аймақта ғана білінеді.

Бактериоскопияның нәтижесін емдеу дәрігеріне алдын-ала нәтиже ретінде хабарлау керек. Зерттеу материалы жеткілікті болған жағдайда, 2-3 тамшысын антибиотик сезімталдығын анықтау үшін қорек ортаға егу ұсынылады.

Зерттеудің 2-ші күні

Ликвор бактериоскопиясының нәтижесіне қарамастан егілген чашкілерді қарау керек. Чашкілерді визуалды түрде және бинокулярлы стереомикроскоп арқылы , МБС лупасымен қарау керек. Барлық колонияларды көру керек. Өсімі жоқ чашкілерді бір күнге қалдырамыз. Жағынды-препараттар дайындап , бояп, 3% КОН ерітіндісімен және оксидазаға, каталазаға, уреазаға биохимиялық тесттар қою керек. Өсімдерден гемофилдарға тән өткір иіс шығады.

"Шоколадты" агарда менингококк дақылдарының морфологиясы-нәзік, сұрғылт түсті, беті жылтыр және жиегі тегіс, майлы консистенциялы, 0,1 ден 3,0 мм дейінгі колониялар. Менингококктар қорек орта түсін өзгертпейді. Жағындылардың микроскоптауының және біріншілік биологиялық тесттар негізінде алдын-ала нәтиже беруге болады. Егер жағындыдан грам теріс кокктар табылса, оларды нейссериялар туыстастығына жатқызып, түрлер аралық салыстыру тесттарын жүргізуге болады деген сөз.

Гемофилдар "шоколадты" агарда қою өсім береді. Колониялар сұрғылт түсті, диаметрлері 0,2-2,0 мм жалпақ, қорек ортадан жеңіл алынады. Грам бойынша боялған жағындыларда, капсуласы әртүрлі деңгейде айқындалатын майда қысқа грамтеріс таяқшалар , сол сияқты әртүрлі ұзындықтағы жіптер мен қысқа шынжырларды көруге болады. Сары сулы агарларда H.influenzae өспейді. Ірі 3 - 5 мм колониялы, грамтеріс таяқшалар, энтеробактериялар, Candida және P.aeruginosa барлық қорек орталарда жақсы өседі, "Шоколадты" агардың түсін өзгертпейді.

Пневмококктардың колониялары қорек орталардың екеуінде де жақсы өседі - майда (0,1 - 1,0 мм), кейде жалпақ, ортасы басыңқы келеді. "Шоколадты" агарда олар сарғыш-жасыл гемолиз аймағымен қоршалған (α-гемолиз типті). Сыртқы түріне қарап қорек орталардағы пневмококк колонияларын сирек жағдайда 1 жасқа дейінгі балаларда менингит шақыратын В тобындағы стрептококк колонияларынан, (зеленящих) көгергіш стрептококктардан, энтерококктардан (S.feacalis), ажырату қиын.

Пневмококк колонияларының жағындысында сопақша немесе шар тәрізді болып келетін, жұптасқан немесе 2-3 жұптан қысқа шынжырларды көруге болады. Егер біркелкі колониялар топтап өссе , онда дақылдың кейбір қасиеттерін және антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін, бірмезетте дифференциалды-диагностикалық қорек орталарға егуге болады. Энтеробактерилер мен стафилококктардың антибиотиктерге сезімталдығын АГВ қорек ортасында тексереді. Бұл қорек орта 20% сары су қосқанда менингококктардың антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін негіз болып табылады. H.influenzae және пневмококктарда- АГВ қорек ортасына сәйкес көлемде қан қосқанда негіз болып табылады. Қорек орталардың дайындалуы мен антибиотикке сезімталдыққа тесттар қою арнайы қолданыстағы ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

Осы этапта H.influenzae, N.meningitidis және Str. Pneumoniaeлардың арнайы қарсы суларымен оң реакция болған жағдайда, соңғы нәтиже беруге болады.

Менингококқа күдікті колонияларды , сары сулы қисық(косяк) агарға немесе чашкі секторларына егіп +37 0С қа қоямыз.

Пневмококктар , стрептококктар және басқа күдікті колонияларды өтпен дәріге сезімталдық тесттарын анықтау үшін қанды агардың 2 секторына (5% қанмен) егеміз.

Егер өскен колониялар саны аз болса (1 - 2), онда оларды микроб массасын жинақтау үшін сары сулы немесе "шоколадты" агарға егеді, ал микроб жіктеуін келесі күні жүргізеді.

Жаңа туған нәрестелерде , сол сияқты кейбір жас топтарында , менигит тудыру факторларына микроағзалардың жоғарыдағы үш түрінен бөлек энтеробактерлер (E.coli, K.pneumoniae, Salmonella, Citrobacter, Enterobacter), көк іріңді таяқша (P.aeruginosa), Acinetobacter calcoaceticum, Listeria monocytogenes, әртүрлі стрептококктар – В тобындағы гемолитикалық стрептококктар, "(зеленящие)көгергіш" стрептококктар және энтерококктар, сол сияқты стафилококктар (алтын түсті жіне эпидермальді) және Candida туыстастығындағы саңырауқұлақтар. Әрі қарай зерттеу сәйкесінше нұсқаулықтарға сүйене отырып жүргізіледі.

Зерттеудің 3-ші күні.

Жеке колониялардан егілген дақылдарды , МБС астында көріп 3% КОН ерітіндісімен тексереді..

Өскен дақылдың тазалығын тексеру үшін, жағынды жасап көреміз. Морфологиялық жағынан сәйкес грамтеріс кокктарды тапқан жағдайда, жіктеу жасап, дақылды серотоптау , сол сияқты бұл дақылды дәрілік тұрақтылықты анықтау үшін қолданады (егер бұл тесттар 2 күні жүргізілмеген болса).

2 күнгі жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін қарастырып, осы жерде менингококктар мен басқа микроағзаларға оң нәтижелі соңғы қорытынды беруімізге болады (пневмококктар мен стрептококктардан басқаларына).

Пневмококктармен көгергіш(зеленящих) және нәжістік стрептококктардың (энтерококктардың) таза дақылдарын микроскоптауда қанды агардағы өскен колониялар айналасындағы гемолизді ескере отырып қосымша сынақтар жүргізу керек.

Қанды агардың біреуінің колония өскен секторына 20% өт ерітіндісімен сіңірілген (физиологиялық ерітіндімен) фильтрлі қағаз дискі қою керек, сосын +37 0С қа 1 - 2 сағатқа қоямыз. Уақыт біткен соң дискі айналасындағы пневмококк колониялары жойылып кетеді (лизируются), 1-2 мм көлемінде өсімнің тежелуі түзіледі(задержка роста), ол кезде өзге стрептококктардың өсуі тежелмейді. Өтке сезімталдылық сынағы оң нәтиже берген жағдайда , колониялар мен торшалардың морфологиялары сәйкес болған жағдайда, пневмококктардың барына оң нәтиже беруге болады. Қанды агардың 2 ші секторындағы дақыл өсімін пневмококктардың дәрілік заттарға сезімталдығын анықтау үшін қолданылады. (егер бұл тест алдын жүргізілмеген болса).

Егер өтті сынақ теріс нәтиже берген жағдайда, 2 сектордағы дақылды тек дәрілік сезімталдыққа ғана емес, стрептококктарды ажыратуда, кей топтарына бірқатар жіктеу тесттарын қою үшін қолданады.

Осы күні басқа да қоздырғыштарды ажыратуда, кей топтарына бірқатар жіктеу тесттарын қою үшін, сонымен дәрілік сезімталдыққа тесттар жасалады. (егер бұл тесттар 2 күні жүргізілмеген болса).

Зерттеудің 4-күні.

Дәрілік сезімталдықты және өзге қоздырғыштардың сәйкестік қасиеттерін ескере отырып, соңғы әрі нақты зерттеу нәтижесінің қорытындысы беріледі.

Жауап беру уақыты және оның реттілігі

Ликвор мен қанның зерттеу нәтижелерін беру уақыты мен жауаптарды дұрыс реттеу:

Зерттеудің 1 ші күні ликвор мен қанның қалың тамшысын тікелей бактериоскопиялау кезінде болжамды жауап беріледі. Жауап 3 түрде беріледі:

а) жағындыда үлкен мөлшерде морфологиясы сәйкес бактериялар болған жағдайда, былай жауап беріледі: " Жұлын сұйықтығын (қанды) тікелей жағындымен қарағанда грам теріс кокктар (немесе грам теріс таяқшалар), морфология жағынан менингококктарға, немесе пневмококктарға, немесе H.influenzaeға ұқсайтыны анықталды. Зерттеу жалғасуда";

б) жағындыда бірең сараң бактерия табылған жағдайда былай жауап беріледі: " Жұлын сұйықтығын (қанды) тікелей жағындымен қарағанда жеке дара (немесе жұптасқан) кокк торшалары (немесе таяқшалар т.б.). Зерттеу жалғасуда ";

в)қандайда бір бактериалды клеткалардың болмауы былай жауап беріледі: " Жұлын сұйықтығын (қанды) тікелей жағындымен қарағанда бактериялар табылмады".

Зерттеудің 2 ші күнінде осы сияқты болжамды түрде, бактериологиялық зерттеулер ге сәйкес жауап беру үлгісі:

а)нейссериялар мен өзге туыстастығына морфологиялық, дақылдық қасиеттері сәйкес келетін бактериялар өскен жағдайда былай жауап беріледі: "Жұлын сұйықтығын (қанды) тікелей еккенде нейссериялар (немесе стафилококктар, стрептококктар, грамтеріс таяқшалар және басқалар) өсіп шықты. Дақылдарды зерттеу жалғасуда";

б) жағындының бактериоскопиясындағы оң нәтиже, өскен дақылдың арнайы сары сулардың біреуімен айқын агглютинациялық реакциясы болған жағдайда соңғы және нақты оң нәтижеге жауап беріледі былай жауап беріледі: " Жұлын сұйықтығын (қанды) тексергенде: H.influenzae, N.meningitidis, Str.pneumoniae және басқа микроағзалардың өскені анықталды";

в) өсім болмаған жағдайда былай жауап беріледі: " Жұлын сұйықтығын (қанды) тікелей еккенде бактериялар өсімі анықталмады. Зерттеу жалғасуда."

Зерттеудің 3 күні: бактерияның дақылдық-биохимиялық қасиеттеріне орай, 2 күнгі егілген чашкілердің негізінде, нақты жауап беріледі: " Жұлын сұйықтығынан (қаннан) менингококктың А, В т.б серотоптары (немесе топқа жатпайтын)түрлері анықталды". Сирек жағдайда "M.catarrhalis немесе патогенді емес нейссериялар"бөлінеді.

Осы күні байыту ортасынан егіп бөлінген бактериялардың өскені жайлы (немесе өсімнің болмауы) болжамды нәтиже берілуі мүмкін. Жауап беру реті , чашкіге тікелей егу нәтижесін бақылау секілді. Осы күні пневмококқа соңғы нақты оң нәтижелі жауап беріледі: "Жұлын сұйықтығынан (қаннан) Str.pneumoniae дақылы бөлінді".

Зерттеудің 4 күні тікелей егу барысында бөлінген дақылдың нейссериялардың қай түріне жататындығы, немесе өзге бактериялардың түрлеріне жататыны туралы нақты соңғы жауап беріледі.

Сонымен қатар осы күні байыту ортасындағы нәтижені де нақты соңғы жауабын беруге болады. Реттілігі сол қалпында.

Соңғы теріс жауап 5 күннен ерте берілмейді. Байыту қорек ортасындағы егуде өсім табылмады. " Жұлын сұйықтығынан (қаннан) байыту қорек ортасында 5 күн бойы бактерия анықтау мүмкін болмады.".

Соңғы теріс жауабы зерттеу материалының 5 күнінен ерте берілмейді

Литература.

  1. Королева И.С. Менингококковая инфекция и гнойные бактериальные менингиты. МИА – Москва, 2007. Стр: 112.

  2. Приказ Первого заместителя председателя Агентства РК по делам здравоохранения от 12 июня 2001 года № 566 «О мерах по улучшению эпидемиологического надзора, профилактики

и диагностики менингококковой инфекции»

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САКТАУ МИНИСТІРЛІГІ С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ А.Қ. ДҮЙСЕНОВА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР Оқу  құралы Алматы, 2009 ж.

  2. Нұржанова А.У., Сералиева М.Ш., Абдукасымова Н.У. «Микробиология және вирусология» Шымкент 2012 жыл. 102 бет