Добавил:
КарГТУ, ФИТ, ИВС, ИС-16-1п Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дінтану емтихан сұрақ-жауап. 2017 СГД КарГТУ.docx
Скачиваний:
162
Добавлен:
11.05.2017
Размер:
74.8 Кб
Скачать
  • дін дегеніміз - жеке адамның, үжымның, қоғамның рухани өмірінің аймағы;

  • дін дегеніміз - элемді рухани-тэжірибелік түрғыда меңгеру;

  • дін - рухани өндіріс аймағы;

  • дін - қоғам санасының бір формасы, идеялық жемісі мен формасы.

  • 5. Діннің пайда болуы туралы екі ұстаным.

  • Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік жэне ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық жэне ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дэлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Қүдайдың болмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде).

  • Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы бы лай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дэуірдегі адамдарда бір Қүдайлық немесе бір Жаратушы Қүдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Қүдайлық» үғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дэуірімізге жетті. Бүл бір Қүдайлыққа сену (монотеизм). Мэселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

  • Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дэуір» деген теория бар. Мүндай көзқарастың мазмүны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дэлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецке дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дэуірде) кезінде пайда болуы туралы дэлелденді.

  • Сол кездегі ең бір қарапайым жэне жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия жэне анимизм деп аталады.

  • 6. Құдай болмысының ғылыми-діни дәлелдемелері.

  • Құдайдың бар екенін дәлелдеу де, жоққа шығару да ешкімнің қолынан келмейді. Киелі кітап тіпті бізден Құдай бар деген шындықты сеніммен қабылдауды талап етеді: «Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес.

  • 7. Құдай дегеніміз кім немесе ол не?

  • Қүдай - реалды күш жэне адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. “ҚҰДАЙ — дүниені жаратқан және оны басқарып отырған табиғаттан тыс құдіретті тіршілік иесі... Құдай туралы түсінік қазіргі дін формасының негізі болып табылады”,— делінген философиялық сөздікте. Тағы бір сөздікте Құдайдың дүниенің мәңгі өзгермейтін бастапқы негізі, яғни абсолют екендігі айтылған.

  • 8. Адам деген кім?

  • Адам ата (араб.: آدم‎‎; ивр. אָדָם‎‎) – Тәурат, Інжіл, Забур секілді діни кітаптар және Құран дерегі бойынша Аллаһ Тағала өз құдіретімен жаратқан ең алғашқы адамның аты. Тәуратта адамзаттың түпкі бабасының неден жаралғанын таратып айтпай, «топырақтан жаралғансың, топыраққа қайта айналарсың» (Тәурат, 3:19) деп қысқа ғана қайырады

  • Қасиетті Құран Каримнің «Зәрият» сүресінің 56-аятында: «…адамды өзіме құлшылық етулері үшін жараттым»-дейді. Осы үкімге қарағанда  адамның не үшін жаратылғаны белгілі болды. Демек, адам – Алланың құлы. Оны жаратты һәм ризықтандырады, өлтіреді. Адамның ғұмырында болатын оқиғалардың барлығы Алланың бұлжымайтын заңдылығына бағынады. Адам бұл заңдылықтан тыс өмір сүре алмайды. Сол себепті адам баласы өзінің құлшылығына сай Алланың сыйлығына ие болады, дейді ислам теологтары.

  • 9. Діни нанымның екі деңгейі.

  • 10. Көне замандық алғашқы наным-сенім формалары.

  • Фетишизм - (португ.сөзі -сиқырлы зат) эр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. эр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, қүдіретті мэн беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға эсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, ...келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.е.с. Осындай заттардың арқасында эр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жэрдем беруі жэне т.с.с

  • Тотемизм - өсімдіктер жэне жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше

  • түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде эрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды күрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

  • Магия (грек. тіл. си-қыршылық, тэуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен эсер ету, немесе эр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сэйкес етіп өзгерту.

  • Магияның қолдану эдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы эсерін тигізу, шаш алу, тырнағын апу...; имитативтік- объектіге үқсас объектімен эсер тигізу.

  • Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.е.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кэсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын эр түрлі атайды: шамандар, тэуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.

  • Анимизм (лат.-тіл.жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тэн (дене) бірге өмір сүреді. Тэн өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тэннен дербес өмір сүре алады. Мүндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген қүбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нэти-жесі.

  • 11. Ежелгі Грецияда қалыптасқан діни теориялар.

  • Ертедегі грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Еея жэне жерасты қүдайы Тартар шықты. Еея аспан қүдайы, эрі баласы, эрі эйелі Уранды туды.

  • Екінші қатар күдайлары, Еея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Титандар жер астынан күтылып шығып, экесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп, барлық элемге тыныштық орнатады.

  • Үшінші қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағай жэне жауын қүдайы, өзінің экесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның эйелі Еера - аспан қүдайы жэне неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимп тауында орналасады

  • 12. Деизм және пантеизм

  • Деизм - құдайды бейнесіз әлемнің алғы шарты ретінде мойындайтын ілім.

  • 17-18 ғасырларда тараған құдайды дүниенің тек алғашқы бейнесіз жасаушысы ретінде қарастырады.

  • Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.

  • Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады.

  • 13. Діни әрекеттердің өзегі.

  • Мемлекеттің пайда болуына байланысты жердегі бір патшалық түсінік аспандағы бір Қүдайдың шығуына алып келеді. Ежелгі Қазақстандағы діни сенімдер.

  • Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тэңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) жэне Зороастризм

  • 14. Діннің дүниетанымдық қызметі.

  • Дін Философиясының дүниетанымдық қызметі - әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.

  • 15. Діннің ықпалдасу қызметі.

  • Ықпалдасу - ол бір-бірінен тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет ету құрылымын жасау арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қаупін болдырмауды білдіреді.

  • 16. Діннің реттеуші қызметі.

  • Дін – күрделі мәселе. Себебі дін адам мен азаматтың бостандығы, құқығы, дүниетанымы, мәдениеті, сезімі және құндылықтық ұстанымымен байланысты. Дін – әлеуметтік құбылыс ретінде адамдардың санасы мен мінез-құлықтарына ықпал етуші объективті фактор.Ол қоғамдық қатынастарды реттеуші,жалпы оның насихатына және бағытына байланысты болады,себебі құқықтық нормалар діни нормалармен бекітіледі.

  • 17. Діннің коммуникативті қызметі.

  • Коммуникативті — дінге нанушылардың сенім бірлігі негізінде олардың арасында өзара байланыстар орнату, осындай жеке адамның өз ортасына теңелуі.

  • Қатардағы азаматқа діни санаға қызығушылық таныту тән қасиет. Жеке адамның діни санасы белгілі бір мәдени және әлеуметтік құрылымдардың жемісі, адамдардың объективті әлеуметтік-мәдени қатынастарының көрінісі.

  • 18. Діннің тәрбиелік қызметі.

  • Бүгінде адамға ең қажетті нәрсе – тәрбие. Әсіресе, бұл қазіргі жастарға өмірдегі шынайы құндылықтарды ұғынуы үшін өмірде өз орнын табуы мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымын кеңейту үшін қажет. Тәрбиеге жеткілікті көңіл бөлмеушілік қоғам тарапынан жастар тәрбиесіне салғырт және немкетті қарау, кейбір шектен шыққан әдепсіздік пен арсыздықтың көрініс беруіне алып келіп отырғаны шынайылық.Діннің тәрбиелік қызметі өте жоғары,діннің тәрбиелік қызметіне байланысты қоғамның қандай бағытта жүруіне үлкен әсер тигізеді.Кейбір діндерде жастарды кіші кезінен қолға қару ұстауға тәрбиелейді,кейбір діндерде зорлық-зомбылыққа рұқсат етілмейді.

  • Ұлтына деген сүйіспеншілік тарихыңды, тіліңді, әдет-ғұрпыңды, дініңді білуден бас­талады. Қазақстан – 2050 Стратегиясында «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ен­де­ше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» – көрсетілген.

  • 19. Діннің психотерапевтік қызметі

  • Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырларымен қатар психологиялық тамырларын да атап кеткен дұрыс. Бұрын белгісіз, жаңа әлеуметтік өзгерістер, қатынастар, жағдайлар жеке адамның бойында да, қоғамда да жағымсыз эмоциялар тудыратыны күмәнсіз. Әрине, адамдардың бәрі бірдей дінге бас ұрмайды. Бірақ психологиялық-эмоциялық жағынан алғанда тұрақсыз, абстрактылық ойлауға, қиялға, әсірелеуге елестетуге көбірек бейім адам дінді тезірек қабылдайды. Діннің функциялары:

  • 1) әлеуметтік функциясы – дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.

  • 2) адамгершіліктік функциясы – дін жалпы адамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.

  • 3) компенсаторлық – адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.

  • 20. Зороастризм және оның ерекшелігі.

  • Заратуштрашылдық, зороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім.

  • Зардұштшылық – отқа табыну дінінің есімі оны бастаушысы Зардұшт атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те атайды.

  • Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». Заратуштрашылдық ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып,

  • дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.

  • Зардұштшылық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.

  • 21. Иудаизм және оның догматтары.

  • Яһуди діні немесе Иудаизм немесе Яһудилік (араб.: يهودية‎; ивр. יהדות‎ "яаадут") — ежелгі діндердің бірі. Еврейлер арасында таралған. Яһуди діні сеніміндегілердің басым көпшілігі Израиль мен АҚШ мемлекеттерінде шоғырланған. Б.з.б. 13 ғасырда батыс семит көшпелі тайпаларын Египет перғауыны Палестинадан далалы аймаққа ығыстырды. Палестинадан қуылғандар Яхве атты Құдайға сенетін тайпалық одаққа бірігіп, “Израил” атын алды. Б.з.б. 622 жылы Иудей патшасы Иосия діни реформа жасады да, жергілікті әулиелердің шырақтарын жойып, Иерусалим ғибадатханасын Яхве Құдайға құлшылық етудің орталық деп жариялады. Содан бастап дүниеде бір Құдай бар, ол – Яхве, ол әлемді билеп, өз халқы – еврейлерге қамқорлық жасайды деп уағыздалды. Израиль тайпалары мен Яхве арасындағы ерекше “келісім” туралы концепция пайда болды. Яһуди діні нені уағыздап, неге тиым салатыны жайлы Тора, Мишне, Талмуд сияқты киелі кітаптарда жазылған. Яһуди дініне сенушілер құлшылық ғибадаттарын раввиннің басшылығымен синогогаларда атқарады. Раввиндер діни қауымдастық мүшелерінің азаматтық - құқықтық тұрмысына да басшылық жасайды. Яһуди діні ішінде каббала атты діни мистикалық ағым таралып, соның ықпалымен діни - философия иудейлік әдебиет (сенім иелерінің өмірін ұсақ-түйегіне дейін реттейтін “Шулхан Арух” атты 16 ғасырда Иосиф Каро жасаған этикалық - құқықтық жинақ) пайда болды. Яһуди дінінің маңызды мерекелерінің бірі сенбі күні ғибадаттан басқа барлық қызметке тыйым салынады.

  • 22. Индуизм және оның негізі.

  • Индуизм — әлемдегі ірі діндердіңбірі.

  • Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:

  • қасиеттері істер жолы;

  • таным жолы;

  • адалдық жолы.