Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 130217 / local / SRS_politologia.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
68.87 Кб
Скачать

Саяси экстремизм мен терроризм теориясының мазмұны мен ерекшеліктері

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғаныстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына алуы ориенталисттік бағыт ұстанушылардың «ислам терроризмі» теориясын іс жүзінде дәлелдеп бергендей болды. Бұл жағдай Қазақстандағы діни экстремизмнің табиғатын айқындай түседі. Өйткені, тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни жаңару халықтың басым бөлігінің исламға бет бұруы ата дінімізге үлкен сұраныс туындатты. Кеңестік кезеңдегі діни мамандар дайындаудың тоқтатылуы, сәйкесінше қажетті мамандардың жетіспеуі ұлты, ұстанымы басқа шет елдік ислам мамандары мен уағызшыларының елге ағылуының басты себептерінің бірі болды. Мұндай уағызшылардың арасында радикалды бағыттағы, экстремистік көңіл күйдегі («Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат», уахаббилер т.б.) топтардың өкілдері болды.

Тұрғындардың арасында, әсіресе жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкеледі. Мұндай соқыр сенім діни фундаментализмнің, сәйкесінше діни фанатизмнің алғышарттары болуда. Фундаменталисттік көңіл-күй экстремизмге апарар жол, өйткені экстремисттік пайымда өзінің ғана діни ұстанымы ең шынайы, ақиқат әрі таза деп ұғынылады. Сәйкесінше, өзге дін өкілдеріне төзімсіздік, қысым көрсету секілді көңіл-күй туындайды. Мұндай ұстаным өз сенімін, көзқарасын мейлінше кең тарату, қажет болса күштеп таңу әрекетіне саяды. Осы жағдайда, діни мотивтегі терроризм көрінісі мен оның өкінішіті салдары орын алады.

Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі болып табылады. Мұндай сайттарды екіге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, кейбір сайттар мұсылмандардың қысымға ұшырауы, әсіресе АҚШ, Еуропа, Израильдегі мұсылмандар туралы ақпараттар, қанға бөккен адамдардың суреттерін, бейне-материалдарды ашық көрсету арқылы күллі әлемді мұсылмандарға жау ретінде көрсетуге ұмтылады. Сондай-ақ, сайттағы түрлі шейхтардың уағыздары бейне-жазба түрінде таратылады. Уағыздарда зайырлы биліктің исламға жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше дәлелді айтылып, оларға бағынбауға шақырылады. Мұндай ақпараттар сауаты төмен, өзін мұсылман санайтын адам санасында қысымдағы мұсылмандарды құтқару мен халифат сипатындағы мемлекет құруға қатысу, қажет болса, құрбан болу туралы ой туындатады. Өз ойын сайтта берілетін жихадқа шығу, шахид болу туралы хадистер мен аяттар арқылы нығайтып, өзгермес ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналдырады.

Келесі сайттар адамды бірден қарулы жихадқа шығып, зайырлы билікті құлатуға шақырмайды. Олар зайырлы билік немесе өзге діндегілер туралы сыни пікірлер білдірмейді. Мұндай сайттардың сыртқы безендірілуі де тек исламға арналған ақпараттық портал түрінде берілуі мүмкін. Олардағы басты мақсат мемлекетте ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінді бөлшектеуден басталады. Мысалы, «http://uraza.kz/» сайтында Рамазан айында оразаны бұзудың тыйым салынғандығы туралы: «Ораза тұтудан, оның міндеттілігін мойындамай бас тартқан адамның кәпір (дінсіз) екеніне ғалымдар бір ауыздан келіскен» деген ақпарат берілді. Бұл қазақ жерінде таралған дәстүрлі Ханафи мазхабына қайшы, мұнда ораза ұстамау діннен шығармайды. Сол секілді, беташар, сәлем салу т.б. дәстүрлерді «Құдайға серік қосу» деген пәтуа беретін сайттар діни ортадағы бөлінушіліктерді туындатып, діни фундаментализмге итермелейді.

Ғаламтордағы экстремистік сайттардың ықпалымен бірге, шет елден діни білім алған псевдошейхтардың, псевдоғалымдардың уағызы арқылы «ахилер» мен «ухтилерден» немесе «браттар» мен «сестралардан «құралған жамағаттарда қаншама сана уланып, келер ұрпақтың қазақ емес тек мұсылман болып, дәстүрден, ділден сусындамай өсіп жатқандығы ойландыратын жағдай.

Сол себепті, мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ. Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Бұл бағытта, заңдар қайта қаралып, толықтырылды, арнаулы орталықтар құрылды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Алайда, діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі-бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез-келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын көреді. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрдің ислам шарттарына қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын байқау үшін де асқан сауаттылықтың қажеті жоқ.

Экстремизмнің пайда болуы. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс багыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, эрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды, өздерін кіршіксіз, таза Пайғамбардың орнында көреді. Сондықтан, аяғы эртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мэжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да эр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеум.толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады. «Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның санасы басқаларды өзіне жау көрді» - дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам, екінші бір адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нэрсені айтқан болып шығады. Жалпылама алынған «Кінәсі дәлелденбеген - кінәсіз» деген қағидаға қарсы келіп, экстремистер басқаны жылдам кінәлай отырып, тез үкім шығарады. Олар адамға қай уақытта күдікпен қараса, сол сәтге сол адам кінәлі болып шыға келеді. Неге күдіктенгенін талдап жатпайды, «ол кінәлі», деген қорытындыға келеді. Түзеуге, тәубеге келуге болатын пендешілік амалдарды сонша қиындатып, адамдарды кінәлі дәрежесінде көрулері оп-оңай.

Саяси экстремизм – қазіргі заманғы адам дамуына ғана тән емес, сонымен қатар саяси үкімет пайда болғаннан бастап бар, қоғамдық өмір құбылысы. Саяси экстремизм әр түрлі саяси топтардың саяси қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған көзқарастар мен әрекеттерді қамтиды. Саяси экстремизмнің сәйкес белгісі – саяси күрестің негізгі әдісі ретінде әр түрлі формада зорлауды легитимсіз қолдану. Саяси кұрестің жалпы схемасында бүтін және өзіндік жүйе болатын саяси экстремизм саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлауды қолдануды ақтайтын көзқарастар мен концепциялардың тарауын, зорлау актілерін дамытуға арналған саяси құрылымды қалыптастыруды ұсынады.

Әр түрлі саяси жағдайда саяси экстремизмнің нақты құрамы өзгерді. Бұл оның идеологиясы мен экстремистік құрылымының ұйымдасуына және сәкес әлеуметтік топтарда саяси қызығушылықтарда зорлауды қолданудың тәжірибелі жағына да қатысты. Саяси тарихтың қазіргі кезеңіне әлем бойынша саяси экстремизм көзқарастары мен концепцияларын кең көлемде тарату сәйкес келеді.

Саяси экстремизм позициясында тұрған және оның субъектісі болып табылатын ұйымдасу құрылымы әр түрлі. Бұл құрылымдар экстремистік іс-әрекетке көптеген халықты тартуға, саяси зорлаудың әр түрлі формаларын қолдануға және әр түрлі жағдайлардағы қарсы тұруларға икемсіз.

Саяси экстремизм субъектілерінің қызығушылықтарына, олардың мінез-құлықтарына және саяси күрес жағдайына байланысты оның мақсаттары мен амалдары қалыптасады. Олар саяси қарсыластардың әлсіреуін, түсуін және жойылуын, соңғы ішкі және сыртқы саяси курстардың өткізілуіне қарсылықты ескере алады.

Саяси экстремизм, әр түрлі әлеуметтік күштің қоғамдағы қиын саяси күрес жағдайындағы қызығушылықтарын айқындайтын құбылыс ретінде. Олардың ішіндегі ең негізгісі, соларға күрес жүргізіліп отырған әлеуметтік күштердің саяси ұйымдасуы. Ол, мысал ретінде, саяи экстремистік күштер қарсы тұратын қоғамның саяси жүйесі, қоғамдағы құқықтық тәртіп, мемлекет, оның саясаты және т.б. Саяси экстремизм объектілеріне сонымен қатар қарсы тұратын партиялар, қозғалыстар, қоғамдық – саяси ұйымдар және т.б. жатады.Саяси экстремизм объектілері жиі шетел мемлекеттері мен ұйымдары, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, халықаралық құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік болады.

Саяси экстремизмнің мақсаттары мен амалдары зорлау әсерін көрсету мақсатында кең көлемде әдістерді қолданумен іске асады. Оларға ұйымдасу түріндегі, физикалық және моральды-психологиялық әсер әдістері мен пропагандалық әсер әдістері жатады.

Қазіргі жағдайда саяси экстремизмге зорлауға көптеген саяси қозғалыстың саяси күресінің әдісі ретінде қарау сәйкес келеді.Саяси экстремизмнің қазіргі тәжірибесі оның негізгі өткір зорлау қылмыстық-жазалық формалыра мен әдістерінің кең қолданылуымен сипатталады.Сонымен қатар қазіргі заманғы саяси экстремизмге қарсы тұратын жаққа мықты күш көрсету үшін халықтың көптеген бөлігін саяси зорлау акциясына тартуға есептелген формаларды қолдану практикасы тән.

Саяси экстремизм жүйесінде орталық орынды терроризм алады. Ол қоғамға ең бір қауіпті саяси экстремизм түрі болып табылады.

Терроризмге белгілі бір жағдайда терроризм актілерімен жүретін, саяси экстремизмнің басқа да түрлері жақын. Бірақ өзге түрлердің әрқайсысының өз спецификасы бар.

Осымен байланысты терроризммен қатар, соңғы санақта мақсаттар, мемлекеттік институттарға, саяси ұйымдарға және мекемелерге, оларды ликвидациялау және күш жұмсау арқылы қарсы тұруға бағытталған зорлау актілерімен келісілуі мүмкін.

Терроризмді әлеуметтік құбылыс ретінде зерттей келіп, оның маңызды белгілеріне көңіл аудару керек.Сонымен, оны әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрсететін мән, терроризмнің негізгі белгілеріне: 1. Ерекше өткір формалар мен әдістерді қолдану арқылы іске асатын зорлау мен қорқытуды қодану; 2. саяси мақсатқа жетуге, қарсыластарды әлсіретуге бағыттылық; 3. адам өміріне қауіппен байланысты жоғары қоғамық қауіп-қатер; 4. конспирацияны қолдану.Айтылғандар арқылы терроризмді келесідей анықтауға болады; терроризм – бұл мемлекеттік органдарды, халықаралық және ұлттық мекемелерді, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерді, жеке азаматтарды немесе олардың тобын террористердің пайдасына келетін қандай да бір істі аяқтауға итермелейтін саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлауды қолдану жүйесі.

Терроризмнің әлеуметтік- саяси құбылыс ретіндегі түсінігі терроризмді сипаттайтын басқа да түсініктермен тығыз байланысты. Олар: «террор», «террористік іс-әрекет», «террористік акция» және т.б.

Терроризм – соғыстың өте белсенді және экономикалық хабарлары: ел-тұрғындарына қарсы максималды тұрақсыз қалпына минималды әскери шығындалады. Тұрақсыздық мақсатына жау елдің басшылығының ауысуы, жау елдің саяси бағытының ауысуы, жау елдің қорын өз қызығушылықтарында қолдану. Басты принциптер:

1)Әскери еш нарсе тасылмайды және өңдірілмейді – террор тек азаматтық технологиялық орталы жүйелі әдістерді және жаудың қару-жарағын қолданады, қарсыластардың жерінде орналасқан жеңілу құралдарын қолданады.

2)Ешқай террористер ашылмайды – террористер қарсыластарының барлық территориясы бойынша ашық бөліп жайғастырылған.

3)Ешкім террористердің басшыларын байқай алмайды – жауынгерлік әрекеттерді басқаруда иерархиялық жүйелердің орнына өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің басқару торы құрастырылған.

4)Ештеме рөлді ашып тастамайды, атқарушы терактардың мақсаттарында – террористерде белгілі қызмет, атақ, ерекшелейтін белгіері жоқ.

5)Террористер басқарудың қымбат «өркенделген» соғыстың әдістерін қолданбайды –оларда жалпы қамтылатын саяси идеологияға табиға қарсы тұратын көпжылдық идеология болып табылады.

6)Жаңа заман шынайлығына теріске шығару жоқ, оларды өздерінің қызығушылығында қолдану бар – ашық қоғам, шексіз әлем, ғылыми-техникалық революция кері бейнеде қолданылады, бірақ оны құраушы әлеуметтік және ғылыми-техникалық иновациялық елдерден жылдамырақ және белсендірек қолданады.

Терроризммен табысты күресудегі келесідей оның деңгейлерін(масштабтарын) анықтауға болады:

—мегатерроризм – жалпыға ортақ (кибертерроризм, биоттерроризм, психологиялық терроризм, әлеуметтік, технологиялық);

—аймақ аралық – транснационалды терроризм (әлеуметтік, экономикалық, діни, идеологиялық);

—ұлттық, ресми (қылмысты істі);

Терроризмнің деңгейін анықтау оны болдырмау және бұлтартпауына бағытталаған шараларға маңызды.

Терроризмнің сипатты белгісі болып, жоғарыда айтып өткендей,  оңшыл, солшыл, ультрареволюциялық және сепаратистік сияқты сәйкес кеетін террористік ұйымдардың әр түрлі бағыттарын біріктіретін идеялық – саяси платформа, «террористік идеологияның» болуы табылады. Осы платформалардың мазмұны мен бағыттылығы әдетте белгілі бір террористік ұйымның жалпы сызығын және оның мақсаттары мен міндеттерін негізлейлі.

Терроризм мақсаттары Террористік ұйым әрекеті қол жеткізуге бағытталған  нәтижелермен сипатталады. Терроризм субъектісі  мен оның әрекетінің бағыттылығына байланысты саясатішілік және сыртқы саяси терроризм мақсаттарын бөліп қарастыруға болады.

Саясатішілік мақсаттарға жатқызуға болады: мемлекеттің саяси режимі мен қоғамдық құрылымын өзгерту; демократиялық қайта құру немесе оны қиындатуды жою, қопару; билік автаритеттерін және халықтың олардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғай алу мүмкіндігіне деген сенімді жоғалтуды жүзеге асыру; саясатішілік құрылымды дестабилизациялау; билік және басқару органдарының немесе оларға қарсы келетін саяси партиялар немесе ұйымдардың әрекетін қиындату немесе қайта ұйымдастыру; Мемлекеттік билікте отырғандарға халыққа көмектесе алатындарына халықтың көз алдында дәлелдеу немесе террористтердің авторитетін көтеру;  билік және басқару органдарының белгілі бір өткізілетін іс- шарасын бұзу.

Сыртқы саяси мақсаттарға мыналар жатады: халықаралық байланыстар немесе елдердің шет ел мемлекеттерімен қатынасын әлсірету; халықаралық немесе саясатішілік шиеленістерді шешуге байланысты жүргізілетін акцияларды бұзу; шет ел мемлекеттеріндегі мекемелер мен оның азаматтарыны әрекеттері үшін қолайсыз жағдайларды туғызу; халықаралық аренада немесе мемлекет ішінде белгілі бір акцияларға қарсы шығу; дүниежүзілік қауымдастық көз алдында мемлекет компреметациясын халықаралық терроризм қайнар көзі ретінде көрсету т.б.

Терроризм мақсатының масштабы мен мазмұнына байланысты террористік ұйымдар стратегиялық (мысалы, қазіргі биліктің мазмұнын жою мақсатында жағдайлар жасау, елдегі құрылымды дестабилизациялау, терроризмді мемлекет және халық тарапынан мықты саяси күш ретінде таныту, және т.б.) және тактикалық (террористік ұйымдар идеялар ы мен мақсаттарын атақтандыру,  ұйымның өзінің мүшелерінің біріктірілуін қамтамасыз ету, оның әрекетінің ары қарай жалғасуы үшін материалдық қамтамасыз ету, террористтерді жазалау, елдің жеке көшбасшыларына, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерге немесе ұйымдарына қарсы пікірді қалыптастыру ) болады.Терроризмнің стратегиялық және тактикалық мақсаттарына негізделген нақты террористік акцияны ұйымдастыру үшін  экстремисттік құрылымдар терроризмнің белгілі бір бағыттағы саясатішілік және сыртқы саяси мақсаттар олардың сол мақсатқа жетуіне жағдай жасайды және тапсырмаларын анықтайды.

Террористік әрекет объектілерін  екіге бөлуге болады: Объектілердің бірінші тобын белгілі бір әлсірету және жою мақсатында болатын жалпы объектілер.

Объектілердің екінші тобы- адамдар өмірі мен әр түрлі материалдық объектілердің қауіпсіздігі: өмір, денсаулық, нақты адамдардың немес персоналды анықталмаған топтардың еркіндігі; белгілі бір құралдар мен қарулардың физикалық толықтығы мен қанағаттанарлық қызмет етуі (мысалы; терроизацияланатын адамдар, мекемелер ие болған мүлік). Бұл объектілер тікелей күштеу объектілері болып табылады. Әр түрлі образдарды қабылдай отырып, олар өздерінің мақсаттарына жету жолында көптеген адамдар мен ұйымдар өмірін құрбан етеді.Мысалы, жоғары билік өкілдерін өлтіру арқылы террористтер мемлекеттік басқаруды қайта ұйымдастыру мақсатына қол жеткізеді.

Қазіргі жағдайда терроризм қоғамда бар және соңғы өмірдің негізгі сферасына қатысты әр түрлі қайшылықтарға негізделген, көлемді және кең таралған әлеуметтік – саяси құбылысқа өзгерді; ол ең алдымен оның әр түрлі деңгейінде(мемлекетаралық, ұлтаралық, кластық, топтық)саяси қатынас аймағын қозғай отырып, күрделі құрамға және айыр форма жүйесіне ие. Саясаткерлер негізсіз, қазіргі кезде адамға трансұлттық қылмыс пен халықаралық терроризм сияқты еш нәрсе қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Саяси зерттеулерде, ХХІғ. Дәстүрлі шиеленіс (әскери, этникалық), зорлаудан(физикалық, қылмыстық) жаңа құрамды жаңа сапаға көшті, деп танылған.Сид Ахмет Шанас (Египет) атты саясаткер негізді түрде, қару-жарақтың, әскери технологиялардың айтарлықтай өсуін ескеретін технологиялық дамуды абсурдты деп таниды. Бірінші орынға саяси қылмыстық және әскери терроризм шықты.

Әскери іс-әрекеттер өз мәні бойынша, өз параметрлері бойынша терроризмді еске түсіретін акция формаларын сақтайды.  Бір жағынан зорлау қылмысының дәстүрлі формаларында терроризм элементтері бар. Ендеше, терроризм интенсивті түрде және кері айналмай біздің өмірімізге кіреді.

Соседние файлы в папке local