Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 130217 / local / SRS_politologia.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
68.87 Кб
Скачать

11Қыркүйектегі жағдайдан кейін, терроризм қоғамдық қауіпті, негативті болып табылатының ескеру керек. Бірақ терроризмнің саясатқа қандай қатысы бар?

Қазіргі жағдайда терроризм саяси немесе әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, әскери және басқа да ұлттық немесе трансұлттық процестердің аясынан алшақ емес. Терроризм осы түсініктің кең мағынасында саяи сұрақтарды шешетін қылмыстық құрал болып табылады. Сонымен қатар саяси үкімет, оны ұстау үшін күрес.

—бұл белгілі бір экономикалық қызығушылық үшін күрес; ресурстар, өтім нарығы; меншікті қолдану құқығы; белгілі бір аймақты қолдану; спецификалық амалдарды шешуге арналған кеністік(ескірткі заттарын өсіру). Көбінесе қазіргі кездегі терроризм саясаттан және саяси іс-әрекет аясынан негіз алады.

— Теңестіре алмау және әлеуметтік теңсіздік, ұлттық қызығушылық немесе діни сенім мәселелерін шеше алмау. Терроризм саясат әлсіз жерде байқалады.

Әлеуметтік құбылыс ретінде терроризм көп жоспарлы. Оған экстремистік, террористік идеология, террористік көрініс формасындағы саяси зорлауды іске асыратын сәйкес мекемелер, сонымен қатар террористік іс-әрекет практикасы сияқты негізгі элементтер кіреді.

Әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде  терроризм қоғамда болатын процестермен және ең бірінші оның әр түрлі аймағындағы қайшылықтармен ескеріледі. Терроризмнің пайда болып, дамуына ұзақуақытты қоғамдық  қайшылықтармен қатар, тез пайда болатындары да әсер етеді.Қандай да бір мемлекеттің немесе аймақтың дамуын сипаттайтын жағдайлардан, терроризмнің пайда болуын немесе бар болуын ескеретін немесе оған қолайлы болатын факторлар бөлінеді.Терроризм, зорлау формалары мен әдістерін қолдануды ұсынатын саяси күрес аймағына жатады.

Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр. Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.

Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға Шешенстанды Ресейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту, хаостытуындату.

Терроризм субъектілері жеке тұлғалар, арнайы террористік ұйымдар және мемлекет болуы мүмкін. Террористік актілерді террористер өздерінің талап-тілектерін жеткізу үшін пайдаланады.

Терроризмді іс-жүзінде келесі түрлерге бөлуге болады: террор бейбіт және соғыс уақытындағы саяси күрес әдісі ретінде; жеке немесе ұйымдасқан террор мемлекеттік саясат ретінде; террор ішкі саяси күрес құралы ретінде; мемлекетаралық сипаттағы террористік актілер; халықаралық терроризм.

 

Саяси сөздік

Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) —«шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. 1.Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.

2.Грек жұрнағымен аяқталатын «экстремизм» деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси Экстремизм, ал діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл Экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни Экстремизм бола алмайды.

Саяси терроризм - [лат. terror - қорқыныш] - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Терроризм мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Терроризм қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Терроризмге күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Терроризмнің психологиялық негізі - радикализм, экстремизм.

Соседние файлы в папке local