Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус қазақ тілі.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
10.11.2018
Размер:
781.82 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

«БЕКІТЕМІН»

ХҚ және ХҚЖМ

проректоры–директоры

з.ғ.к. профессор Калишева Ж.Г.

_______________________

«____» __________ 2011 ж

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Қазақ тілі

(пәннің аталуы)

5В030100 – «Заңтану» мамандығының студенттері үшін

(шифр және мамандықтың атауы)

Астана, 2011

Оқу-әдістемелік кешенді дайындаған:

п.ғ.к. Қанафиева Күләнда Қабылсейітқызы

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасында талқыланған

(кафедра атауы)

№ 9 хаттама «20» мамыр 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі: ________________ филол.ғ.д., профессор Ж.С.Бейсенова

«20» мамыр 2010 ж.

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің әдістемелік кеңесі мақұлдаған

(мектеп атауы)

№ ___хаттама____ «_____»____ 2011ж.

Төраға ________________________________________________

.

Мазмұн

Оқу жұмыс бағдарламасы

Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті

БЕКІТЕМІН

ХҚ және ХҚЖМ

проректоры-директоры

з.ғ.к.профессор

_________________Ж.Г.Калишева

__________________ 2011 ж.

Оқу жұмыс бағдарламасы

«Қазақ тілі» пәні бойынша

5В030200 – Халқаралық құқық мамандығының студенттері үшін

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы

Астана

2011 жыл

Оқу бағдарламасы Бірүлгі бағдарлама негізінде құрастырылған:

_

5В030100 – «Заңтану»_ ________________________________________________________________

Жоғары оқу орындары мамандықтары бойынша

_________________________________________________________________

Жұмыс бағдарламасын дайындаған: п.ғ.к., доцент м.а.

Қанафиева Күләнда Қабылсейітқызы,

(ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы аты-жөні )

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасында талқыланған

( кафедраның атауы)

№ __9____хаттама «__20 мамыр__»2011__ ж.

Кафедра меңгерушісі: филол.ғ.д., проф. Бейсенова Ж.С

(қолы)

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің әдістемелік кеңесі мақұлдаған

(мектеп атауы)

№ ___хаттама____ «_____»____ 2011ж.

Төраға ________________________________________________

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Пәннің cипаттамасы

Практикалық қазақ тілі орыс бөлімдерінің студенттеріне қазақ тілін оқытуға арналған. Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді.Ұсынылып отырған бағдарлама студенттердің білім деңгейлерін ескере отырып (А2, В1 және В2 деңгейлері), сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері; есітіп түсіну, сөйлеу, жазу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып,соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Мамандығына бейімдеп оқыту мәтіндері және ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге әрбір деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандартты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі, тақырыптар жүйелі логикалық байланыста алынады. Мамандыққа қатысты терминдердің лексикалық мағаналарын қазақша түсіндіруге баса назар аударылады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес А2, В1 және В2 деңгейлері үшін тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі.

Жоғарғы оқу орындары үшін қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы ҚР «Тілдер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес және ҚР Президентінің «Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2010 жылғы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген шараларды іс жүзінде асыру мақсатында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 3 қарашасындағы №514 бұйрығымен бекітілген «Тілдердің үштұғырлылығы (қазақ, орыс және шетел тілдері)» ҚР Мемлекеттік жылпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрылған.

Пәнді оқытудың мақсаты

Қазақ тілін оқыту мақсаты – коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік білімді қалыптастыру. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеуге, қарым-қатынасқа тілді практикалық игеру арқылы жету. Яғни студенттердің күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып, дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын кәсіби саласына қатысты терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру осы курстың мақсаты болып саналады.

Пәнді оқытудың міндеттері

Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.

А2 деңгейі бойынша:

- бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;

- өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;

- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;

- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;

- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылғанға қатысты өз ойын білдіре алуы;

- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аннотация дайындай алуы тиіс.

В1 деңгейі бойынша:

- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;

- өз көзқарасын дәлелдей отырып кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;

- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;

- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;

- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;

- электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.

В2 деңгейі бойынша:

  • жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;

  • қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;

- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;

- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;

- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;

- маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы;

  • алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс.

Практикалық сабақтардың жоспары

1. Практикалық сабақ: Жеті жарғы.

Қазақтың көне заңдарының өзіндік ерекшеліктері мен сипатын таныта отырып, қазақ тілінде ой-пікірін жүйелі жеткізуге баулу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Жеті жарғының шығу тарихы, себебі, ондағы үкім-келісімдер.

Қазақ билері мен хандарының ұстамды пікірлері мен ұтымды шешімдері.

2. Практикалық сабақ: Кәсіп және оның түрлері.

Қазіргі уақыттағы түрлі бағыттағы кәсіптер туралы айта білуге дағдыландыру.

Әр түріне байланысты қажетті сөздік қолданыстарды меңгерту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Кәсіптердің түрлері, өзіндік ерекшеліктері мен ережелері

Әр кәсіп өзінше жақсы.

3. Практикалық сабақ: Қазақ заңгерлері.

Қазақ заңгерлері, олардың еңбек жолы туралы айта білуге дағдыландыру. Лексикалық тақырыпқа қатысты сөздік қүрылымды дамыту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Қазақ заңгерлерінің өмірбаяндық жолы мен еңбектегі жаңашылдығы.

Ұлттық дәстүрдегі заңдылықтар

4. Практикалық сабақ. Ішкі істер органдары

Министрлікке қатысты сөздер мен сөз тіркестерін қолдана білу. Мәтін мазмұнымен жұмыс.

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметін құрмалас сөйлемдер арқылы айта білу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Қазақстан Республикасындағы іәшкі істер органдары қызметкерлерінің жұмыстары жайында.

Елге белгілі милиция қызметкерлері

5. Практикалық сабақ. Қылмыс және оның түрлері

Болып жатқан қылмыстарды түрге бөлу. Жалпы қылмыс туралы түсініктерін заңдармен

байланыстырып айту Қылмыс, жаза туралы түсінік.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Болып жатқан қылмыстарды сипаттау, өмірмен байланысын қарастыру.

Азаматтарының жеке өмірін қорғау құқықтары.

6. Практикалық сабақ. Тергеуші

Сабақтың мақсаты. Тергеуші, оның құзіретін түсіндіру.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Тергеуші қызметінің өзіндік ерекшеліктері туралы мәліметтерді материалдардан оқу, түсіну

Тергеуші шеберлігі мен шешімі

7. Практикалық сабақ. Қылмысқа қатысушылар

Қылмысқа қатысушылардың қазақша баламасын білу.

Қылмысқа қандай ниетпен қатысуы мүмкін, болған қылмыстардағы қатысушыларды жіктеу

Жаңа терминдер мен сөз оралымдарын меңгерту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Қылмысқа баратын адамдардың психологиясы

8. Практикалық сабақ. Жауап алу

Жауап алу туралы түсінігін қазақша жеткізу.

Жауап алудың тәсілдерін қазақша сипаттау.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Жауап алу әдістері

Жауап алу процесіне байланысты бейнекөріністер

9. Практикалық сабақ. Сот сараптамасы. Сарапшы.

Сот сараптамасы жайлы мәтінмен жұмыс.

Сараптама қызметінің ерекшеліктері. Соған қатысты лексиканы игеру.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Сот сараптамасы, сот медициналық сараптама орталықтарының құрылу тарихын, оның маңызы туралы айта білу.

10. Практикалық сабақ. Сарапшы.

Сот сарапшысы жайлы мәтінмен жұмыс.

Сарапшы. Сарапшы қызметінің ерекшеліктері. Соған қатысты лексиканы игеру.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Сот сарапшысы қызметін талдау.

11. Практикалық сабақ. Халықаралық полиция(интерпол)

Интерполдың тарихын білу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Қазіргі кезде интерполдың жұмысы қалай жүргізіледі және ол немен айналысады? Ақпарат

жинап, оны айтып беру.

12. Практикалық сабақ. Жаза, оның түрлері.

Жаза, оның қолданылуы туралы жан-жақты мәліметтер беру, ой дамыту.

Жаңа терминдер мен сөз оралымдарын меңгерту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Жаза, оның түрлері, қолданылудағы мақсаттары туралы жан-жақты мәлімет.

Қылмысқа қатысты күрес түрлері.

4.Ш.Д. Әбдиева.Қазақ тілі.Прокурорлық тергеу факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы.Алматы Қаз МЗА,2001

13. Практикалық сабақ. Жоғары сот.

Жоғары сот, оның төрағалары туралы жан-жақты мәліметтер беру, ой дамыту.

Жаңа терминдер мен сөз оралымдарын меңгерту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Жоғары соттың міндеттері мен мақсаттары туралы жан-жақты мәлімет.

Жоғары соттың өкілеттілігі мен құзіреттілігі туралы шолу.

14. Практикалық сабақ. Прокуратура.

Прокуратура, оның құзіреті туралы жан-жақты мәліметтер беру, ой дамыту.

Жаңа терминдер мен сөз оралымдарын меңгерту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Прокуратураның міндеттері мен мақсаттары туралы жан-жақты мәлімет.

Прокуратуралық қадағалау актілері.

15. Практикалық сабақ. Газет лексикасымен жұмыс.

Газет лексикасының өзіндік ерекшеліктері туралы жан-жақты мәліметтер беру, ой дамыту.

Заң тақырыбына қатысты терминдер мен сөз оралымдарын меңгерту.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Газет лексикасының өзге стильдерден айырмашылығы мен ұқсастығы туралы толық мәлімет.

Газет жанрлары мен қолданылатын тілдік құрылымдары.