Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус қазақ тілі.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
10.11.2018
Размер:
781.82 Кб
Скачать

Оқу пәнін бақылаудың түрлері

Бақылау түрлері:

Ағымдағы бақылауь: библиографиялармен жұмыс істеу, белгілі бір тақырыпқа сәйкес дөңгелек үстелдер өткізу, тренингтер, реферат жаза білу, тақырыпқа сәәйкес баяндама жаза білу, СӨЖ тапсырмаларын орындау.

Ағымдағы бақылау (коллоквиумдер, жазбаша бақылау жұмыстары): ауызша әңгімелесу, лингвистика салаларына қатысты реферат жазу, лексика-грамматикалық тестер мен тапсырмалар.

Қорытынды бақылау: емтихан – тест

Студент дәріс және практикалық сабақтарға толық қатысуы керек, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында тапсыруы керек. Келмеген сабақтардың тапсырамаларын басқа белгіленген уақытта тапсыруы керек. Барлық сабаққа дайындалып келуі керек. Ол сабақтар тексеріліп отырады және ол бағалар қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Коллоквиум тапсыруғ қойылатын талаптар : қойылған сұрақтарға жауап бере білуі керек.

Жазбаша бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Студент өтілген тақырыпты меңгеруі тиіс, берілген тақырыпқа жазбаша баяндама жасай білуі керек.должен

СӨЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар: әр студент тапсырманы жеке выполняется индивидуально каждым студентом и сдается в строго установленные сроки.

Реферат жазуға қойылатын талаптар: реферат жазуда оның жазылу құрылымын, ресімделу тәртібін қатаң сақтай білу керек (жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі) Сыртқы беті стандарт бойынша компьютерде терілуі керек. Әдебиет тізіміне сілтемеде қолданылған дереккөздер кіреді. Орындалған жұмыстың көлемі басылған 15-20 беттен тұрады.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:

Емтихан кешенді 2 кезеңде өткізіледі (тестілеу және ауызша сұрау) Қорытынды емтихан барлық өтілген материалды қамтып, студенттің білімін бақылауға арналады.

Қорытынды баға аралық бақылау мен емтихан бағасының қорытындысынан тұрады.

Курстың саясаты:

Студент барлық аудиториялық сабақтарға және пікірталастарға, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге белсенді түрде қатысуы керек.

Сабаққа 100 пайыз қатысу қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Тапсырманы өз уақытында орындау мен тапсыру міндетті талаптар болып табылады:

1) практикалық, жеке тапсырмалар

2) барлық өздік тапсырмалар (СОЖӨЖ);

3) барлық аралық және қорытынды бақылау (коллоквиум, бақылау жұмысы, емтихан).

Өз уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмен бағаланады. Емтиханда және жазбаша жұмыс орындауда көшіруге қатаң тыйым салынады. Осы талаптарды орындамаған студент емтиханнан шығарылып, жұмысы жоққа шығарылады.

Курсты өту барысында өз бетінше орындау үшін пәннің нақты тақырыбына сәйкес тапсырмалар беріледі. Жазбаша жұмыстың көлемі 2-3 беттен кем болмауы керек. Жұмыс жасау барысында студент қойылған міндетке шығармашылықпен қарап, әдебиетпен жұмыс жасай білуі керек. Тапсырма алған студентке оны орындауға 3 күн уақыт беріледі. Дәлелсіз себеппен сабаққа қатыспауға қатаң тыйым салынады. Аудиторияда тәртіп сақтау керек (ұялы телефондарын сөндіріп қоюы, кедергі келтіріп сөйлеспеуі, оқу құралдары мен үстелдерге жазбауы, сабақ уақытында аудиториядан шықпауы керек).