Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИННОВАЦИОННЫЙ ЕВРАЗИЙСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
27.08.2019
Размер:
393.73 Кб
Скачать

Ұйымдастыру жарнасы

Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысу өтінімдерін қабылдағаннан кейін қатысушы конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру жарнасын төлейді.

Ұйымдастыру жарнасына конференция материалдарын басып шығару құны кіреді.

Ұйымдастыру жарнасы құнына авторларға конференция материалдарын таратуға төленетін пошталық шығындар кірмейді және тапсырыс бандерольдері немесе сауқаттарды жіберу үшін алынатын пошта тарифтеріне сәйкес қосымша төленеді.

Ұйымдастыру жарнасының құны (жинақтың бір данасына тапсырыс берген жағдайда) 3200 теңге немесе 700 ресей рублін құрайды.

Конференцияға қатысушы бір данадан артық жинақ алатын болса, ұйымдастыру жарнасы әр қосымша дана үшін 1500 теңгеге немесе 350 ресей рубліне өседі.

Қатысушылар жол ақысын, тұру және тамақ шығындарын өздері төлейді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ҚАРЖЫ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

теңгемен:

ЖЖК (ИИК) (есеп айырысу шоты) KZ246010241000003340, БК (КБЕ)17, КНП (ТТК) 861,

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Павлодардағы филиалы, БЖК (БИК) HSBKKZKX,

СТН (РНН) 451800060262, БЖН (БИН) 070740000364

Алушы - «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС

Баяндаманы жариялауға қойылатын талаптар

Баяндама мәтіні және тіркеу нысаны компьютерде doc (Microsoft Word 97/2000(XP/2003) (қаріптер: Times New Roman Сyr, KZ Times New Roman, жолдар аралығы - жалқы, символ мөлшері – 12 pt, барлық жиектері – 20 мм.) форматымен жолдардың ені теңестіріліп, автоматты тасымалдауды орнатпай терілуі керек. Жаңа жол бойынша шегініс - 1,25 см. Мәтін, кесте және сурет ГОСТ 2.105-95 «Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес ресімделеді. Баяндама көлемі (суреттерді қоса) А4 (210 х 297 мм) форматында 6 беттен аспауы тиіс. Суреттер мәтінге қосылған объект ретінде ресімделеді. Әдебиеттерге сілтеме тік жақшада көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі баяндама мәтінінің соңында беріледі және цитаталардың қолданылуына қарай ресімделеді.

Н а з а р а у д а р ы ң ы з д а р! Баяндаманы қазақ тілінде дайындағанда тек белгіленген қаріппен пайдалану керек.

Баяндама атауы ортада орналасып, бас әріптермен (қою қаріппен) басылады. Бір жол төмен беттің сол жағында орналасқан УДК индексі көрсетіледі. Баяндама атауынан бір жол төмен ортада – авторлардың аты-жөні және тегі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қала, электронды поштаның мекенжайы (қаріп-курсив) жазылады. Автор жөніндегі мәліметтен кейін бір жол төмен баяндама тілінде құрылған қысқаша аңдатпа және одан төмен қарай ағылшын тілінде аңдатпа келтіріледі. Аңдатпалар курсивпен беріледі. Аңдатпаның жалпы көлемі, сөз арасындағы тасталым белгісін (пробелдерді) қосқанда, 600 белгіден аспауы тиіс. Аңдатпадан кейін баяндаманың негізгі мәтіні беріледі.

Баяндама мәтіні және конференцияға қатысу үшін тіркеу нысаны (-дары) екі бөлек әр түрлі белгілері бар файлдарда ұсынылады:

- баяндама файлы баяндама авторының тегімен, бірнеше авторлар болған жағдайда, тіркеу жарнасын төлеген автордың тегімен аталады;

- тіркеу нысанының файлын белгілегенде, жоғарыда көрсетілгендей, баяндама файлының атауы жазылып, одан кейін дефис арқылы «регформа» немесе «regformа» сөзі қосылады.

Мысалы, қатысушы Елікбаев А.Б. үшін баяндама файлының атауы төмендегідей ұсынылады: Еликбаев немесе Elikbaev, ал тіркеу нысаны файлының атауы: Еликбаев-регформа немесе Elikbaev-regformа.