Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗяз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
437.25 Кб
Скачать

 

Салалас құрмалас сөйлем - Сложносочиненное предложение. Сложным называется предложение, состоящее из двух или нескольких простых предложений, объединенных по смыслу и составляющих единое целое. Сложносочиненные предложения образуются при помощи следующих союзов: Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те (и, к, тому же). Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный) Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилась, и народ стал расходиться). Қарсылықты (Противительные союзы): бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да, (но, однако, иначе, все-таки). Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады (Я давал ему свою книгу, но он не взял). 2. Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім (Он ушел раньше меня, но я его догнал). Талғаулықты (Разделительные союзы): (біресе, не, немесе, я, яки, бірде, не болмаса, әлде, кейде, (или, иногда, то, однажды, либо). Күн біресе жауады, біресе ба-сылады (Дождь то шел, то переставал). Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың (В кино сегодня либо я пайду, либо ты пойдешь). Себеп-салдар салалас (причинно-следственные): сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі.  Кезектес (разделительный) - бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы байланысады. Ел іші сапырласып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді.

Өтқап (желчный пузырь); (vesica fellae, лат. vesica — қап, fella — өт) — өт уақытша жиналатын жұқа қабырғалы қапшық. Қабырғасы: ішкі — кілегейлі (бір қабат призма тәрізді эпителий астарлайды), ортаңғы — етті, сыртқы — сірлі қабықтардан құралған. Өтқап бауырдың ішкі бетінде орналасады. Өтқап жылқыда, түйеде, бұғыда болмайды.

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мұшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді: тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш); тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш). Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тема, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады. Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады. Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді. Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар. Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.

БОЛЕЗНИ

Дерт — медицинада адамның қалыпты денсаулығының бұзылуы, ауру. Дерт көпшілік жағдайларда қоршаған ортаның әсерлеріне, сондай-ақ ағзаның ішкі жағдайлары мен тұқым қуалау белгілеріне байланысты болады. Дерттің пайда болу себептерін зерттейтін ілімді этиология деп атайды. Дерттер пайда болу себептеріне қарай туа біткен ауру және жүре пайда болатын дерт болып бөлінеді: Туа біткен ауру — тұқым қуалаудан немесе баланың пайда болған кезеңіндегі әр-түрлі кінәраттардан (паталогиядан) дамиды; Жүре пайда болған ауру — жұқпалы (індет) және жұқпалы емес болап бөлінеді. Дерттің өтуі алғашқыайқындалу және аяқталу кезеңінен тұрады. Аурудың алғашқы кезеңінің жасырын және басталу басталу сатылары болады. Жасырын сатысында аурудың ешқандай белгілері байқалмайды. Кейін қосымша белгілер (әлсіздік, бейжайлық, ұйқы бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауруы, т.б.) біліне бастайды. Айқындалу кезеңінде аурудың клиникалық белгілері (симптомдары) айқын білінеді. Аурудың аяқталу кезеңінде науқас адам толығынан ауығады немесе жартылай сауығады. Кейде ол созылмалы түрге ауысады немесе қазаға душар етеді. Көптеген аурудан алдын ала сақтануға болады. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор.

Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем. Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем. Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.  Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді: 1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді. 2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б. 3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды. 4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады. Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.  Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі. Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.  Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемніңбаяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді. Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл) Себеп бағыныңқылы сабақтас;Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін, мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын, қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев). Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі Сабақтас құрмалас сөйлемның көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады: Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас); Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).

ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР Табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысуынан пайда болатын дыбыстарға еліктеумен немесе олардың кимыл-әрекеттерінің көрінісіне байланысты сөздерді еліктеу сөздер дейміз. Мысалы: тарс-тұрс, сарт-сұрт, жалт-жұлт, салп-салп, кірш-кірш, пыр-пыр, шыр-шыр т. б.

Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

Еліктеу сөздер екі түрлі: дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сездер.

1.      Дыбыстық еліктеуіш сездер. Табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың қақтығысуынан туатындыбыстарға еліктеу   арқылы қалыптасқан   сөздерді дыбыстық еліктеуіш сөздер дейміз. Олар: сырт-сырт, тық-тық, шіңк-шіңк, дар-дар,   сылқ-сылщ,   пыс-пыс,  сақ-сақ, қаңқ, дыр, сақ, бақ, тарс, шаңқ, бырт, қарқ т. б.

2.      Бейнелеуіш сөздер. Табиғаттағы түрлі-түрлі құбылыстар бейнесін елестетуден туған сөздерді бейнелелеуіш сездер дейміз. Олар: жарқ, жарқ-жарқ, жарқ-жұрқ,  жалт-жалт, жалп-жұлп, жалп, жалт-жұлт, жалп-жалп, арбаң-арбаң, едірең-едірең, маң-маң, митің-митің, жылт-жылт, желп-желп т. б.

то что видим-бенелеуиш

а слышим -дыбыстауыш

Тұмау , грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: АВС бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусынаантибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс. Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

  1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).

  2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.

  3. Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады. Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады.[1] Мысалы, Құнанбай тыңдап болды да: Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді, (М.Әуезов).

Төлеу сөз- көркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, "Абай жолы" романында М.Әуезов Самалбек тілмәштің Абайға айтқан сөзін былай жеткізеді:"Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, Абай не қыларын өзі жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік айтқаны Абай басына лайық болар" дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді".Бұл жерде жазушының кейіпкер сөзін тікелей келтірмей, өзінше мазмұндап беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі монологі, яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан шыққан қалпын сақтағандай көрініп, бара-бара төлеу сөз түріне ауысып, автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру қиын болады. Осындай көркемдік тәсіл "Абай жолы" романында Абайды ойлану, толғану үстінде бейнелейтін тұстарда ұтымды қолданылады. Төлеу сөз тәсілін қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Бұдан жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпын сақтап беруге көбірек мән беретіні байқалады.[1]Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқаайналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі “де” етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады.

Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себепті Қызылкенатанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов).

Қызылмия (латынша Glycyrrhіza glabra) – бұршақ тұқымдасы мия туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қызылмия Қазақстанның далалы және шөлді аймақтарында, ЖайықШуІлеСырдария өзендерінің жағаларында өседі. Қызылмия дүниежүзілік және отандық фармакологияға (грекше pharmakon – дәрі және poіeo – жасаймын) енген. Биіктігі 30 – 80 см. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі бұршақ. Жапырақтарының көбі қауырсын пішінді. Гүлі ақшыл күлгін түсті. Тамырында глюкоза (0,6 – 15,2%); фруктоза (0,3 – 4,1%); сахароза (0,3 – 20,3%); мальтоза (0,1 – 0,6%); крахмал (34%) бар, сонымен қатар органикалық қышқылдар, эфир майлары, глицирризин қышқылы, фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары (кумарин, флавоноид, тері илегіш заттар, жоғарғы алифатты көмірсутектер және спирттер) болады. Медицинада Қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында Қызылмия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға, т.б. қарсы, алБатыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады.

:1. Жалғаулықты

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем — синтаксистік компоненттеріндегі баяндалған оқиға-әрекеттер бір-біріне қарама- қарсы қойылатын құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдегі қарсылықты мағына екі түрлі кұбылысты, іс-әрекетті, көріністі салыстыра баяндауға негізделеді. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бір компонентініңбаяндауышы болымды, енді бір компонентінің баяндауышы болымсыз тұлғада беріліп, қарама-қайшы мән туғызады. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына бірнеше түрге бөлінеді:1. Жалғаулықты, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем— ол бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, сонда да, әйткенмен сияқты жалғаулықтар арқылы жасалады. Мысалы: Дьяковен де жерде тіл табысып кетерміз деп дәмеленіп еді, бірақ ол ойлағаны болмады (Ә. Нүрпейісов).2. Жалғаулықсыз, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - Мұнда оның компоненттері ешбір жалғаулықсыз іргелес, қатар жұмсалады. Мысалы: Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді, мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды (I. Жансүгіров). Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді Ахмет Байтұрсынұлы "Тіл — кұралында" қайырыңқы салалас сөйлем деп атаған (А. Байтұрсынов. Тілтағылымы. Алматы, 1992, 302-6).[1]

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:

Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан буын

Жіңішке буын

Жуан буын

Жіңішке буын

1. I жақ

-ым

-ім

2. II жақ

-ың

-ің

3. II жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. III жақ

-сы

-сі

Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі

Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.

Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал); Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.

КАЗАХСТАН

 Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.

         Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.

         Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.

         Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!

          Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

         Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры. Мұқағали ағамыз:

                                                                      « Сендердікі қоғам, өмір, заман да,

                                                                        Сен түзеген қалаңменен далаң да,

                                                                        Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,

                                                                        Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді.

         Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар.

         Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!

Күшейткіш үстеу Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б. Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.

Ішек таяқшасы (60-80% жағдайында), сирекірек болса да стрептококк, стафилококк, протен жетекші маңыз атқарады, жекелеген жағдайда ауруды аралас микрофлора туғызды. Несеп жолдарының қабынып ауруы көбінесе экссудаттық-қатаралдық диатезбен, гипотрофиямен, ас қорытуының бұзылуымен ауыратын балаларда байқалады. Ауру үш жолмен: гематогендік, лимфогендік, несеп жолының төменгі бөлімдерінен шығатын жолдармен тууы мүмкін. Бұған несеп жолдарының тарылуы мен бұзылуы, иілуі, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да себептер жәрдемші болады. Пиелонефритке тән синдромдар – лейкоцитурия, бактериурия және бүйрек өзекшелерінің функциионалдық қабілетінің нашарлауы. Бірініші және екінші пиелонефрит болып бөлінеді.

Бірінші пиелонефрит – жалпылама ұғым. Бүйректің зақымдану себебі беймәлім. Екінші обструкциялық пиелонефритке және туа бітетін тубулопатия (бүйрек өзекшелерінң тұқым қуалайтын зақымдануы) себепші болатын пиелонефритке бөлінеді. Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді латентті пиелонефрит болып бөлінеді. Антибиотиктер мен химиялық препараттар оларды қалай көтеретіндігін, микрофлораның сипаты мен процестің белсенділігін ескере отырып, тағайындалады. Пенициллин қатарынның препараттары, ең жақсысы – жартылай синтетикалық препараттар (окцациллин, ампициллин, эритромицин), тетрациклин қатарының препараттары қолданылады. Аралас инфекция жағдайында екі антибиотик немесе оларды басқа да антимикробтық дәрі-дәрмектермен араластырып қолданады. Антибиотиктер алғашқы 10-14 ткүде енгізіледі, одан соң препараттарды ауыстырады. Сульфаниламидтік препараттарды 3-4 күннен үзіліс жасап, 7-10 күн циклымен пайдаланылады. Олардың ішінде нефротоксині ең азы – уросульфан, этазол, сульфадиметоксин, 10-14 кү циклымен антибиотиктерге қосып немесе қоспай-ақ нитрофуран өнімдері – фурагин, фурадонин, фурозолин тағайындалады, оладың бактериостатикалық әсері айқын болады. Нафтиридиннің өнімдері налидикс қышқылы (неграм, нефиграмон, налидиксин) пайдалы, олар 20-3 апта бойы қолданылады. Арасына 10 күн салып, екі апта циклымен нитроксолин (5 – НОК, оксихинолиннің өнімі) ойдағыдай пайдаланылып жүр. 1 – 1 1\2 ай бойы үздіксіз антибактериялық терапия жүргізеді.міндетті түрде витаминдер: ретинол, аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері, пангам қышқылы (В15 витамині) тағайындалады.

Қанның қызметі:

  1. адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;

  2. оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;

  3. қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;

  4. ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;

  5. дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;

  6. ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;

  7. ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;

  8. жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

  9. қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

Тұрлаулы мүшелер - сөйлемге негіз болатын мүшелер. Тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады. Логикалық тұжырым бойынша, сөйлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделеді. Тұрлаулы мүшелер тек зат есім мен етістіктен ғана жасалмайды, олардың құрамында басқа сөз таптары да кездеседі. Бастауыш негізінен зат есімнен және зат есім мәніндегі сөз таптарынан жасалса, баяндауыш көбіне, етістіктен жасалуға бейім десек те, өзге есім сөз таптарынан да жасалады.

Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оғанөткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықетkardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларыныңбұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады.