Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
235.01 Кб
Скачать
  1. Әскери қызметшiлерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қандай жазалар тағайындалмайды? ( түзеу жұмыстары)

  2. Адам мен азаматтың саяси құқығы, бостандықтарына жатпайды:

  1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына кірмейді:

  1. Президент ҚР Ұлттық банк төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын кімнің келісімімен қызметке тағайындайды?(сенат)

  1. Әкімшілік жазалардың түрлері: (1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:

1) ескерту жасау

2) әкiмшiлiк айыппұл салу;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркiлеу

5) арнаулы құқықтан айыру

6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау

9) әкiмшiлiк қамауға алу

10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру)

  1. Сот қызметінің принциптері

  2. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне жатпайды: (2-тарау. Азаматтық құқықтардың субъектілер

1. Қазақстан Республикасының азаматтары және басқа жеке тұлғалар

2. Заңды тұлғалар)

  1. Азаматтың әрекет қабілеттілігі: :( бұл тұлғаның өз бетімен құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті)

  1. Заңды тұлға дегеніміз кім? (Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады)

  2. Еншілес ұйым? (Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады)

  3. Республиканың Бас прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыратын кім?

  1. Автор қайтыс болғаннан кейін авторлық құқықтың сақталу мерзімі:(70 жыл)

  2. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттеріне кірмейді:

  1. Мұра қалдырудың негізгі тәсілдері: ( өсиет ж/е заң)

  1. Құқықтың объективті анықтамасы? ( Құқық(объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарға анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.)

  2. Құқықтың субъективті анықтамасы? ( Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.)

  3. Премьер-Министрді тағайындауына кім келісім береді?(мәжіліс)

  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиелеудің негіздері қалай аталады?

  1. Адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленетін жазаның түрі? (өлім)

  1. Сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн пайдалы жұмыстарды орындауынан тұратын, жазаны анықта? ( қоғамдық жұмыстарға тарту)