Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
топики.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
30.76 Кб
Скачать

Бауыржан Момышулы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 10 маусымда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Жазушы. Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысына қатысқан, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген соң, бастауыш мектептің мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң, Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болды. Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының (кейіннен 8-гвардия) жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Москва түбіндегі немістермен болған ұрыстарға қатысты.Б.Момышұлы – жазушы. Ол еңбектерін орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954), «Біздің семья» (1956), «Москва үшін шайқас» (1959), «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұщқан ұя», т.б. кітаптар шығарды. Б.Момышұлы Қызыл ту, Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Тіршіліктің жасыл тірегі

Орман – адамның досы, адам өмірін ормансыз, тоғайсыз елестету мүмкін емес.. Қаншама демалыс үйлері, санаторийлер, туристік базалар, балалар бақшасы орман ішінде немесе орманға жақын орналасқан. Француз ғалымы Микель зерттеулер жүргізе отырып, мынадай қорытынды береді: Парижде 1м³ ауада 36 мың бактерия бар екен, ал паркте 500-ден төменірек. Жердің, топырақтың өлуі де орманды аяусыз отаудан басталады екен.Орманның жойылуы ауыл, қала, мемлекеттің де жойылуына әкелген. Ғылыми зерттеу институттарының мәліметіне қарағанда бір тонна қағаз жасау үшін жиырма түп үлкен ағаш керек екен. Ал адамзат жылына 150 млн. тонна қағаз пайдаланып, 3 млрд. түп ағашты жоғалтып отырады. Әр кітаптың артында қаншама жасыл әлем тұр! Орман отауға Австралияда да тиым салынған. 800 км-ге созылған жасыл жағалау әлемдік қазына болып есептеліп, ЮНЕСКО қол созып отыр. “Ештен кеш жақсы” деген осы. Әйтпесе біраз жерді алып жатқан нулы әлемнің соңғы екі жүз жылда 75 пайызы оталып та үлгерген-ді. Соңғы жылдары көптеген елдерде “жасыл желек” партиясы пайда бола бастады. Осы партия Германияда көп жұмыс істеп жатыр. Германияда да қарағайлы, шыршалы орманның 80 пайызы оталып үлгерген. Ортақ әдемі бір дәстүр бар. Ол: енді-енді некеге тұрған ерлі-зайыпты екеудің аз дегенде бір көшет отырғызуы.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлттық салт-дәстүрлер- тарихи көне процесс. Сондықтан ол кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлері, әлеуметтік- мәдени салт-дәстүрлер болып үш топқа бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден ( шілдехана,сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынаң шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы, т.б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы- жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.

Ал тұрмыс- салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді. әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, туыстық қарым-қатынастар, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық музыка аспаптары, үйлену- үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, қонақ күту, халықтық-ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері т.б. жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]