Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
топики.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
30.76 Кб
Скачать

Ана тілім айбыным менің

“Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры” – дейді Бауыржан Момышұлы. Атақты В.А.Сухомлинский бір кезде “төрт құдірет патшалық құрған мектепте ғана мәдениет ту көтере алады” деген еді. Олар: Отан, Адам, Кітап, Ана тілі. Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айрылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айрылады және жоғалады. “Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты – ұлттық тіл. Дұрысы тілді де айырбастауға болады, бірақ онда ұлтыңнан, ұлттығыңнан айрыласың”, – дейді ақын Қадыр Мырзалиев. “Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады”, – дейді Г.Гегель. “Уа, туған тіл... ата-анамның тілі! Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін, шаттығым, қайғым менің” – деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай. “Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі” деп алдаспандай кесіп айтады Бауыржан Момышұлы..

Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы – аса өзекті мәселелердің бірі.Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр. Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде қолданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудандарына онсыз да тапшы суды арандатушылық әрекеттерге қолдануда. Статистиктер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді. БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тиккел бүкіл дүниеде ауыз су - өзекті мәселеге айналып отырғанын е Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.Табиғат – Ананың сыйы – судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]