Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
топики.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
30.76 Кб
Скачать

Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)

Тарихымыздағы ұлы ойшылдардың бірі - Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби.Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан,ойшыл,энциклопедист - ғалым.Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби (бертін замандағы Отырар) қаласында туған..Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта, Самарқанд,Бұхара,Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерінде , білім алып,ғылыми жұмыстармен айналысқан.Өмірінің соңғы жылдарын Кайрда, Алеппода, Дамаскіде (Шам шаһарында) өткізген. Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады.Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған.Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған. Әл-Фараби 25 - 30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгеріп ,енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды.Ол 150-ден астам ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша еңбектер жазған.Олардың ішінде "Музыканың ұлы кітабы", "Ғылымдар тізбегі ", "Оргоно", "Алмагеске түсініктеме", т.б. еңбектері болашақ ғалымға жол ашты. Әл-Фараби - математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым.Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия, музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен. Әл-Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған.Ол домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған.

Нобел және Нобел сыйлығы

Парижде 1895 жылы жазылған өзінің атақты аманат хатында, А.Нобель қалдырған капиталын қалай пайдалану керектігі туралы жазды. Қайтыс болар алдындағы байлығы 92 млн. доллар. Нобель сыйлығы қорының қаржылық жұмысы табысты жүргізіліп келеді. Жыл сайын сыйлық қоры теңдей беске бөлінеді. Физика, химия, медицина және физиология саласындағы ғалымдарға сондай-ақ әдебиет саласындағы жазушыларға, бейбітшілікті нығайтуға қызмет еткен қоғамдық қайраткерлерге бес Нобель сыйлығы бар. Нобель қоры жеке және тәуелсіз ұйым болып табылады. Нобельдің аманат хатында Нобельдің өзі айтқан: физика саласындағы сыйлық туралы Швед ғылым академиясы, медицина саласындағы сыйлықты Стокгольм Медицина институты, әдебиет саласындағы сыйлықты Стокгольмдегі Академия, бейбітшілікті нығайту туралы сыйлықты Норвег парламенті сайлаған бес адамнан тұратын арнайы комитет шешу керек". Қазіргі күнде Нобель сыйлығы бүкіл әлемге белгілі.Нобель сыйлығы өте ерекше және айрықша сыйлық болып табылады. Ол 1901 жылдан беріліп келеді. Осы уақыт аралығында 600 жуық адамдар лауреат болды.

Ең бақытты ел қайда?

Қазіргі адамдарға бақытты болу үшін байлық қана емес, денсаулық сақтау мен білім берудің жақсы жүйесі де керек. Мұны британ ғалымдарының зерттеуі дәлелдеді. Британиядағы лейтер университетінің зерттеушілері мұның себебі сіздің өз еліңізде тұрмайтындығыңыздан болуы мүмкін екенін айтады. «Бақыт картасын» бірінші рет жасап шығарған лестерлік психолог Адриан Уайлттың мәліметі бойынша, әлемдегі ең бақытты ел Дания. Уайттың зерттеуінде орасан көлемді статистикалық мәліметтер әлемнің 178 елінде тұратын 80 000 адамның жеке пікірі қарастырылған. Бақытты елдердің алғашқы ондығында. Дания және Еуропаның тағы бес елі, оның ішінде Швейцария, Австрия және Исландия кірген, ал кестенің соңында Зимбабе мен Бурунди тұр. Қытай бұл тізімде -82, Үндістан- 125, Ресей -167 орында. АҚШ 23-орынға орналасқан. Жақында өткізілген ВВС сауалнамасы бойынша, Британия халқының 81 пайызы өздерін үкіметтің бай емес, бақытты етулерін қалайтынын білдірген.. Швейцария (2-орын), Люксембург (10) сияқты бай елдер кестенің алғашқы орындарына жайғасқан. Соңғы орындарда Африка елдерінің қалып қойғаны таңдандырмаса керек, өйткені олар бай да емес, бақытты да емес. СПИД-пен ауыру деңгей 25%, орташа өмір сүру ұзақтығы 39 жас, кедейшілік деңгейі 80%, Зимбабе 177-орында қалды. Уайттың айтуынша, ол өзі еш күтпеген нәтижесе – Азия елдерінің төмен нәтиже көрсетуі. Қытай -82-орында, Жапония-90, Үндістан – 125-орында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]