Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы отары.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
28.16 Кб
Скачать

Қаржы отары

Сіз Қазақстандағы өмір сүру деңгейі неге байланысты екені жайлы ойландыңыз ба? Біздің ұлт ретінде неліктен кейде әл-ауқатымыз жақсарып, ал кейде төмендеп кетеді?

Біз тұрғындардың өмір сүру деңгейі өскен кезде жақсы өмір сүретінімізді ескерген жөн.

Өмір сүру деңгейінің жақсаруын әр адам әртүрлі түсінеді. Қарапайым адам үшін бұл тұтынатын киім-кешек, азық-түлік, жанармай, автокөлік, жиһаз, ыдыс-аяқ көлемінің артуы, алатын медицина қызметтерінің, білімінің, тұрғын үй жағдайының жақсаруы болып табылады. Кәсіпкер үшін жеке бизнесінің дамуы, яғни ол сатып алатын немесе аша алатын өндіріс орындардың, мейрамханалардың, дүкендердің артуы. Кез-келген жағдайда өмір сүру деңгейінің артуы адамның қолындағы материалды игіліктерлің артуына тіклей байланысты.

Біз материалды игіліктерді өзімізді қоршаған әлемде қалай ала аламыз? Оларды біз екі тәсіл арқылы аламыз. Бірінші тәсілде ұлт өзіне қажетті барлық нәрселерді өзінде жасайды, ал екінші тәсілде басқа ұлттардан сатып алады.

Енді біз өзімізді қоршаған ортаға қарап, ұлт ретінде не өндіріп жатқанымызға мән бердіп көрейік? Автокөлік, ұшақ, поезд, электроника, тұрмыстық химия, жиһаз, киім осылардың қайсысын өзіміз өндіріп жатырмыз? Аталған нәрселердің ешқайсысын да біз ұлт ішінде өндірмейміз, алайда оларды күнделікті өмірде қолданамыз. Осы заттар бізге қайдан келді? Оларды біз тауар өндіруші ұлттардан долларға айырбастау арқылы сатып алдық.

Ал өз кезегінде Қазақстанда доллар қайдан пайда болады? Олар шикізатты шет елге сату негізінде пайда болады. Сондай-ақ, банктер шет елден долллар алып келіп, оларды несие ретінде халыққа бергеннен елде доллар пайда болады.

Шикізатты экспортқа сату арқылы Қазақстанның экономикасында қандай жағдай орын алатындығын қарап көрейік.

Біздің экспорттаушыларымыздың қазақтың шикізатын экспортқа сататындығынан бастайық. Шикізатты долларға сатқаннан кейін экспорттаушы жалақы, салық және коммуналды қызметтер сияқты төлемдерді төлеу керек. Бұл төлемдер теңгеде жасалатындығыы сөзсіз. Сол себептен де, ол өзінің долларларын Ұлттық Банкке барып, ондағы теңгеге ауыстырады. Ұлттық банк «ауадан» теңге басып шығарып, оны долларға айырбастайды. Экспорттаушылардан түскен Ұлттық банктегі долларлар мемлекеттің алтын-валюта қорын құрайды. Осылайша Қазақстанда жаңа теңгелер пайда болады.

Жаңадан шығарылған теңгелердің экономикаға енуінің келесідей үш жолы бар.

Біріншісі, экспорттаушылардың жалақы, салық, коммуналды қызметтер және тағы да басқа ішкі шығындарды төлеуі арқылы экономикаға енетін ақшалар болып табылады. Осы кезде халық бұрындары алмаған жаңа теңгелерге кенеледі.

Екіншісі, экспорттаушылардан алған салықты бюджеттен ақша алатын адамдарға жалақы төлеу арқылы экономикаға енетін жаңа теңгелер.

Үшіншісі, мемлекет сол салықтан мектеп, аураухана және т.б. әлеуметтік салаларды қаржыландыруға жұмсалатын теңгелер болып табылады.

Сондықтан да, жаңа теңгелер жалақы деңгейіне, бизнестен түскен табысқа, тендерлерден ұрланған ақшаларға байланысты бүкіл халық арасында бөлініске түседі. Міне, осылай әр ай сайын біреудің қолына 10 000 теңге, біреудің қолына 100 000 теңге, ал енді біреулерге 1 000 000 000 теңге тиетін болады.

Бұл ақшаға халық сәйкесінше ел ішінде өндірілмейтін тауарларды дүкендерден сатып ала бастайды. Шетелдік өндіруші өзінің сатқан тауарына теңге алып, оны долларларға алмастырады. Шетелдік өндірушінің алып кететін доллары, бір кездері шикізат сатудан түскен долларлар екендігін атап өткен жөн. Оның айырбастап алған долларлары Қазақстанның жоғарыда айтылған шикізат сатудан түскен долларлар. Өз кезегінде Қазақстанның алтын-валюта қоры шет елге кеткен доллар көлемінің негізінде азая береді.

Осыны мысалмен түсіндіріп өтейік.

2009 жылы шикізат экспортынан түскен табыс 90 млрд. долларды құрады. Осымен Қазақстанға долларлдың енуінің және соған сәйкес теңгенің басып шығарылуының бірінші жолын қарастырып, екіншісіне көшейік. Екінші жағдайда доллар елге банк секторы арқылы келеді. Банктер шет елден доллар алып келіп, несие ретінде Қазақстан бойынша таратады.

Ол келесідей жүзеге асады. Біздің экспорттаушы сыртқы нарықта өзінің тауарын 3 долларға сатты деп елестетейік. Осы 3 доллардың 2 доллары оның жалақы мен салық төлеу шығындарын құрайды. Ал 1 доллар оның пайдасы болып табылады. Салықтар мен жалақыны экспорттаушы теңгемен төлеуі тиіс. Сондықтан да экспорттаушы валюта нарығында өзінің осы 2 долларын сатады. Қазақстанның Ұлттық банкі «ауадан» 400 теңге басып шығарады да, 1 доллар 200 теңге бағамы бойынша оны экспорттаушының 2 долларына айырбастайды. Экспорттаушы 400 теңгесін алып, оның 200 теңгесін салық ретінде және 200 теңгесін өзінің жұмысшыларына жалақы, коммуналды қызметтерге арналған шығындар ретінде төлейді. Ал Ұлттық банктің экспорттаушыдан сатып алған 2 доллары Қазақстанның алтын-валюта қорын құрайды.

Мемлекеттің салық ретінде алған 200 теңгесі келесідей бөлініске түседі:

  1. Бюджет саласының қызметкерлеріне жалақы төлеу.

  2. Құрылыс, мектеп, аурухана, жолдар және т.б. түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру.

Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы қаржы жеке секторға барып түседі. Яғни мемлекет үйлер, мектептер мен ауруханалар, су және газ мұнай құбырларын, жолдар құрылысы және т.б. бойынша жеке компанияларының жұмысын қаржыландырады. Жоғарыда көрсетілген жолдар бойынша ақша тұрғындардың қолдарына барып түседі, ал өз кезегінде олар өздеріне қажетті тауарларды сатып алады.

Жеке сектор халықтың қолында пайда болған 400 теңгеге сәйкес өздерінің киім, құрылыс материалдары, электроника, жиһаз, автокөлік және т.б. сияқты тауарларын нарыққа шығара бастайды.

Аталған тауарлардың басым бөлігі біздің елде жасалынбайтындықтан, тауарлардың көп бөлігін шетел тауарларының компаниялары ұсынады. Бұл импорттаушы компаниялар шетелдік тауарларды елімізге әкеліп, оны осы 400 теңге көлеміндегі сұранысқа сәйкес нарыққа шығарады.

Екінші деңгейлі банктер арқылы импорттаушы компаниялар Ұлттық банктен өзінің тауарларын сатудан түскен 400 теңгені 1 доллар 200 теңге бағамы бойынша долларға айырбастайды. Ұлттық банк өзінің алтын-валюта қорындағы 2 долларды алып, оны теңгеге айырбастау арқылы екі долларды импорттаушы компанияларға береді. Содан кейін, импорттаушы компаниялар алған 2 долларын шетелге алып кетеді.

Ұлттық банк осы 400 теңгені айналымнан сызып тастайды. Егерде банк бұл ақшаларды айналымға жібере алатындығын атап өткен жөн, алайда бұл ақырында инфляцияға алып келетін, мемлекеттік аумақтағы алаяқтық болып табылады.

Экономикадағы «жаңа» теңгені басып шығару дәл осылай жүзеге асады.

Егерде шикізатты сатудан түскен түсім артатын болса, онда тұрғындардың өмір сүру деңгейінің қалайша өсетіндігін қарастырып көрейік.

Біздің экспорттаушы сыртқы нарықта өз тауарын 6 долларға сатты деп елестетейік. Осы 6 доллардың 4 доллары оның салықтар мен жалақыға кететін шығындарын құрайды. Ал 2 доллар оның табысын құрайды. Өз кезегінде салықтар мен жалақыны теңгеде төлеу қажет. Сондықтан да, экспорттаушы валюта нарығында осы 4 долларды сатады. Қазақстанның Ұлттық банкі «ауадан» 800 теңге басып шығарады. Содан осң экспорттаушыдан 1 доллар 200 теңге бағамы бойынша 4 долларды сатып алады. 800 теңге алған экспорттаушы бюджетке 400 теңге салық және өзінің жұмысшыларына 400 теңге жалақы, коммуналды қызметтерге кететін шығындарды төлейді.

Мемлекет түрлі мемлекеттік бағдарламалардың көлемін және бюдеттен ақша алатын адамдардың жалақысын 400 теңгеден 800 теңгеге дейін ұлғайта алады. Сәйкесінше, халық енді 800 теңгеге немесе 4 долларға шетелдік тауарларды сатып ала алады. Бұл жағдайда ол өзін 2 есе ауқатты сезінетін болады. Енді осы жерден мынандай тізбекті сұрақтарға жауап беріп көрейік. Алдымен, неліктен халық өзін ауқатты сезінетін болады? Себебі олар осы жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп тауарлар сатып алатын болады. Ал неліктен тұрғындар 2 есе көп тауарлар сатып алды? Себебі мемлекет 2 есе көп доллар көлеміне ие болды. Неліктен мемлекет қосымша 2 есе көп долларлар көлемін алды? Себебі біздің шетелге сатқан тауарларымыздың бағасы өсті. Біздің шетелден түскен табысымыздың 90% шикізат секторы құрайтындығын ұмытпағанымыз жөн.

Ал егер әлемдік нарықта біздің шикізатқа деген баға шартты түрде 1200 доллардан біздің мысалымыздағыдай 500 долларға дейін түсіп кететін болса, не болмақ?

Сонымен қатар, егер әлемдік нарықта біздің шикізатқа деген баға шартты түрде 3 доллардан біздің мысалымыздағыдай 2 долларға дейін түсіп кететін болса, не болмақ?

Мұндай жағдайда мемлекет келесілерді істеуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]