Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы отары.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
28.16 Кб
Скачать

1. Ұлттық қорды пайдалану.

Осы жағдайда экспорттаушы салықтар мен жалақы бойынша барлық шығындарды жабу үшін өзінің барлық 500 долларын сатады. Мемлекет пен тұрғындар салық және жалақы түрінде 100000 теңге алатын болады. Содан соң мемлекет мемлекет Ұлттық қордағы қосымша 500 долларды алады да, оны Ұлттық банкте бағам бойынша 100000 теңгеге айырбастайды. Содан кейін түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен бюджеттен ақша алатын адамдарға жалақы беру арқылы осы соманы Қазақстан экономикасына құяды. 200000 теңге алған тұрғындар бұл қаражатын дүкендерден импорттық тауарларды сатып алуға жұмсайды. Тұрғындардан 200000 теңге алған импорттаушы компаниялар осы ақшасын Ұлттық банкке келіп, ондағы 1000 долларға алмастырады да, оны өз үйіне жібереді.

Мұндай жағдайда бағам өзгермейді және тұрғындардың өмір сүру деңгейі сол баяғы қалпында сақталады.

2. Мемлекетке келген доллардың көлеміне дейін мемлекеттік бағдарламалар мен жалақы көлемін қысқарту

Экспорттаушы салықтар мен жалақы шығындарын төлеу үшін барлық 500 долларды сатады. Осы арқылы мемлекет пен тұрғындар салықтар мен жалақы ретінде 100000 теңге қаржыға ие болады.

Мемлекет бағдарламалар мен жалақы көлемін 200000 теңгеден 100000 теңгеге дейін қысқартады. Содан кейін экономикаға қосымша бағдарламалар мен жалақы ретінде қалған 100000 теңгені құяды. 100000 теңге алған халық енді импорттаушыдан 2 есе аз тауарлар көлемін сатып алады. Тауарлар бағасы мен бағам өзгермейді. Тұрғындардан 100000 теңге алған импорттаушы компаниялар осы ақшасын Ұлттық банкке келіп, ондағы 500 долларға алмастырады да, оны өз үйіне жібереді.

3. Түрлі бағдарламалар мен жалақы көлемін баяғы қалпында сақтау.

Бұл жағдайда пайда болған ақша жетіспеушілігін мемлекет ештеңемен қамтамасыз етілмеген ақшаларды басып шығару арқылы қаржыландырады.

Экспорттаушы салықтар мен жалақы шығындарын төлеу үшін барлық 500 долларды сатады. Осы арқылы мемлекет пен тұрғындар салықтар мен жалақы ретінде 100000 теңге қаржыға ие болады.

Мемлекет бағдарламалар мен жалақы көлемін қысқартпайды. Алдыңғы кезеңде мемлекеттік бағдарламалар мен бюджет саласынан ақша алатын адамдардың жалақысы 200000 теңгені құраған еді. Осы кезеңде мемлекеттің қолында 200000 теңгенің тек 100000 ғана бар. Осы жағдайда мемлекет ештеңемен қамтамасыз етілмеген қосымша 100000 басып шығарады да, оны алдыңғы кезеңдегідей түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жалақы ретінде экономикаға енгізеді. Халықтың табысы 200000 теңгені құрайды, алайда бұл жағдайда дүкен сөрелеріндегі шетелдік тауардың бағасы екі есеге қымбаттайды. Яғни, алдыңғы кезеңде 1 теңге тұрған тауар енді екі теңгеге қымбаттаған. Неліктен? Себебі Ұлттық банктегі 500 долларға мемлекет 200000 теңге басып шығарды. Сәйкесінше бағам өзгереді. Егерде бұрындары бір долларға 200 теңге сәйкес келсе, онда қазір 400 теңге сәйкес келетін болады. Доллармен алғандағы тауар бағасы сол баяғы қалпында сақталды. Ал теңгемен санағанда оның бағасы екі есеге дейін көтерілді. Сәйкесінше, тұрғындардың номиналды табыстарын баяғысынша 200000 теңге көлемінде сақтаған күннің өзінде де, нақты табыс екі есе төмен екендігін түсінген жөн. Себебі енді 200000 теңге көлеміндегі сомаға екі есе аз импорттық тауарларды сатып алуға тура келді.

Дәл осы жағдай Қазақстанның ақпан айындағы девалвациясының басты себебі болып табылды. Яғни мұнай бағасының 2008 жылдың шілдесіндегі баррельіне 135 доллардан 2009 жылдың ақпанында баррельіне 36 долларға дейін немесе 4 есе төмендеп кетуді. Мемлекетке келетін долларлардың саны және Қазақстанның экспорт көлемі де сәйкесінше 4 есеге төмендеді.

Осымен доллардың және Қазақстанда оған басып шығарылған теңгенің пайда болуының бірінші жолын қарастыруды аяқтайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]