Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Организационные+документы.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
25.09.2019
Размер:
512 Кб
Скачать

Үлгі

_______________________________

(кәсіпорын атауы)

БЕКІТЕМІН

Бас директор1

____________ __________________________

(қолы) (аты-жөні)

200__ жылғы «___» __________

Қызметкерлер туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек шартын белгілейді.

1.2. Кәсіпорын қызметкерлерінің шартта, жарғыда, ұжымдық шартта, осы Ережеде реттелмеген еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі заң актілерімен белгіленеді.

1.3. Кәсіпорында мамандардың мынадай санаттары болады:

кәсіпорын жұмысшысы – кәсіпорынмен еңбек қатынасына тұрған тұлға;

кәсіпорынның басшы қызметкері – меншік иесі немесе директор тағайындаған қызметкер;

кәсіпорын қызметкері – кәсіпорын директоры лауазымға тағайындаған маман;

кәсіпорынның басқа да жұмысшылары мен қызметкерлері – кәсіпорын директоры тағайындаған басшы қызметкершілердің басқа кәсіпорынның барлық жұмысшылары мен қызметкерлері.

1.4. Кәсіпорынның басшы қызметкерлері: кәсіпорынның директоры, оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылады.

2. Жұмысқа қабылдау

2.1. Басшы қызметіне жұмысқа қабылданатын азаматтармен шарт жарғыда белгіленген мерзімге, ал кәсіпорынның қызметкерлерімен – 5 жылға дейінгі мерзімде жасалады.

2.2. Еңбек шарты лауазымын, жұмыс орнын, еңбектегі құқықтық қатынастар пайда болған күні және лауазымдық жалақысының мөлшері көрсетіліп, жазбаша түрде толтырылады.

2.3. Еңбек шартын мына жағдайда: басшы қызметкерлерінің шартын құрылтайшылардың шешімі бойынша жаңа мерзімге, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек шартын екіжақты келісім бойынша созуға болады.

2.4. Құқықтық қатынастардың пайда болатын және еңбек шартының жасалу күні еңбек шартында келісілген мерзім болып табылады.

2.5. Еңбек шартын жасау кезінде жұмысқа қабылданып отырған қызметкердің сол лауазымға сәйкестігін бақылау үшін сынақ мерзімі белгіленеді.

2.6. Сынақ мерзімі басшы қызметкерлер және қызметшілер үшін 3 айдан, ал басқа жұмысшылар мен қызметкерлер үшін 2 айдан аспауы тиіс. Қызметкер ауырып қалса немесе басқа себепті жағдаймен жұмыста болмаса, онда ол кезең сынақ мерзіміне енбейді.

Жұмысының нәтижесі кәсіпорынды қанағаттандырмаса, қызметкер жұмыстан босатылады.

3. Құқықтары мен міндеттері

3.1. Кәсіпорын қызметкерлері ҚР заңнамасы мен құрылтай құжаттарында белгіленген демалыс, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыс режиміне қатысты барлық құқықтарды пайдалана алады.

3.2. Кәсіпорын қызметкерлері белгіленген уақытта директорға және басқа да басшы қызметкерлерге кіріп, өз жұмыстарына байланысты мәселелерді айтуға құқылы.

3.3. Кәсіпорын әкімшілігі ұжымдық шартта көзделген шаралардың орындалуы туралы еңбек ұжымы кеңесінің алдында есеп береді.

3.4. Қызметкерді жұмысқа алғаннан кейін оның басшысы қызметкерді құрылтай құжаттарымен, еңбек шарттарын және ішкі еңбек тәртібін белгілейтін ережелермен, лауазымдық нұсқаулықпен таныстыруы тиіс.

3.5. Кәсіпорын қызметкерінің міндеттері:

- қолданыстағы ҚР заңнамасын бұзбау, кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібін қатаң сақтау, тиісті басшылардың өкімдерін орындау;

- кәсіпорынға, оның қаржысы мен мүлкіне зиян келтіретін әрекеттерді жасамау.

3.6. Әкімшіліктің қызметкерден еңбек шартында көрсетілмеген жұмыстарды талап етуге құқығы болмайды.

4. Жұмыс және демалыс уақыты

4.1. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс аптасының, жұмыс күнінің және жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен бірге демалыс күндері және мереке күндері ҚР заңнамасында, кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі туралы ережеде белгіленеді.

4.2. Ерекше жағдайларда кәсіпорын директорының немесе оның орынбасарының өкімімен қызметкер жедел жұмыстарды орындау үшін өтемақы төленуі арқылы жұмыс күнінің белгіленген уақытынан тыс мерзімге, сонымен бірге мереке және демалыс күндері шақырылуы мүмкін.

4.3. Кәсіпорын өз қызметкерлері үшін оңтайлы жұмыс уақытын енгізе алады, оның нормативтік негізі жұмыс уақытының жиынтық есебі болып табылады.

5. Демалыс

5.1. Кәсіпорынның басшы қызметкерлері мен қызметшілері бір жыл ішінде 24 күнтізбелік күнге созылатын, орташа айлық жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады.

5.2. Кәсіпорынның басқа жұмысшылары мен қызметкерлері еңбек шартын жасаған кезде ұзақтығы әрбір нақты жағдайға байланысты белгіленген жыл сайынғы демалысты пайдаланады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы 18 күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.

5.3. Еңбек шартында басқаша келісілмесе, кәсіпорын қызметкеріне жылдық демалысын алу құқығы еңбек қатынастары пайда болған күннен кейін 12 ай өткен соң беріледі.

5.4. Жыл сайынғы демалыс уақыты алдын ала белгіленген кесте бойынша берілуі тиіс. Қызметкердің ағымдағы жылдағы демалыс алу уақыты кәсіпорын жұмысына зиян тигізетін ерекше жағдайларда қызметкердің келісімімен демалыс басқа уақытқа немесе келесі жылға жылжытылады.

5.5. Жоспарлы демалыс уақытының басқа мерзімге ауыстыру туралы қызметкерге 30 күн бұрын хабарлануы қажет.

5.6. Пайдаланылмаған демалыс қызметкердің келесі жылғы демалысына қосылып берілуі мүмкін, бірақ жыл аяқталғанда үздіксіз жұмыс істеп демалыс алмаған қызметкер кейінге қалдырылған демалыстың есебінен ұзақтығы кемінде 12 күнтізбелік күн демалыс алуға құқығы бар.

5.7. Жыл сайынғы еңбек демалысын екі жыл қатарынан бермеуге тыйым салынады, сонымен бірге 2 жылдан артық пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге де болмайды.

5.8. Өндірістік маңызды себептерге байланысты кәсіпорынның басшы қызметкерін немесе маманды оның келісімі бойынша демалыстан шақырып алуға болады. Бұл туралы шешімді кәсіпорын директоры немесе оның орынбасары қабылдайды.

Қызметкердің жеке және отбасылық жағдайына байланысты кәсіпорын оған жалақысы сақталмайтын демалыс бере алады.

6. Іссапарға жіберу, уақытша іссапарға жіберу және жаңа жұмыс орнын ауыстыру

6.1. Кәсіпорынның қызметкері өз келісімі бойынша басқа жұмыс орнына 1 айдан 6 айға дейінгі аралықта белгілі бір мерзімге іссапарға жіберілуі мүмкін. Іссапарға уақытша жіберілгендер үшін еңбек шартын өзгертудің қажеті жоқ. Егер кәсіпорын тиісті үй-жай беретін болса, онда қызметкер іссапарға жіберілген жерге отбасымен бірге баруға құқылы.

Қызметкерді жаңа аймаққа жаңа жұмыс орнына ауыстыру қызметкердің келісімімен ғана және қажет болған жағдайда кәсіпорын басшысының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Еңбек шартына енгізілетін тиісті өзгерістер жақтардың келісімімен жазбаша түрде ресімделеді.

6.2. Өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкер басқа жұмысқа уақытша, күнтізбелік жылдың 3 айына дейінгі мерзімге ауыстырылуы мүмкін.

7. Жалақы, әлеуметтік сақтандыру және өтемақылар

7.1. Кәсіпорындағы қызметкерге кәсіпорын өзінше немесе қызметкермен келісе отырып, белгіленген мерзімді ақы, кесімді ақы немесе еңбекақы жүйесінің басқа түрі бойынша жалақы төлейді.

7.2. Әрбір қызметкердің жалақысы оның жұмысының нәтижелеріне байланысты белгіленеді және ол белгілі бір жоғары мөлшермен шектелмейді.

7.3. Кәсіпорын еңбекақы жүйесіне қосымша ретінде жекелеген кезеңдер үшін жұмыстың нәтижесі үшін материалдық ынталандыру және сыйақы белгілеуі мүмкін.

7.4. Басшы қызметкерлер мен қызметшілерге айлық жалақы штаттық кесте бойынша олардың атқаратын лауазымына сәйкес белгіленеді.

Біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін, сонымен бірге қол жеткен табыстарын ескере отырып, кәсіпорын директоры жекелеген қызметкерлерге дербес айлық үстемесімен бірге жалақы белгілеуі мүмкін.

7.5. Кәсіпорын қызметкерлері міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақылар мен жеңілдіктерді пайдалана алады.

7.6. Іссапарға жіберілген қызметкердің сол уақыт ішінде немесе кезең бойғы негізгі жұмыс орнындағы лауазымдық айлық жалақысы мен лауазымы сақталады.

7.7. Қызметкер жұмыстан босатылғанда оған тиісті барлық төлем сомалары жұмыстан босатылған күні төленуі тиіс.

8. Ынталандыру шаралары мен тәртіптік шаралар

8.1. Кәсіпорын қызметкерін ынталандыру шаралары:

- алғыс айту;

- бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйақымен марапаттау;

- лауазымдық айлық жалақысын көтеру және дербес үстемеақы белгілеу;

- лауазымын өсіру.

8.2. Кәсіпорын қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік шаралар:

- ескерту жасау;

- сөгіс жариялау;

- тәртіп бұзуына немесе кәсіпорын жұмысын дұрыс орындамағаны үшін еңбек шартында көрсетілген мерзімнен бұрын жұмыстан босату.

9. Жұмыстан босату

9.1. Кәсіпорынның басшы қызметкерлері жұмыстан меншік иесінің шешімі, құрылтайшылар кеңесінде қабылданған шешім негізінде шығарылған директордың бұйрығы бойынша босатылады.

9.2. Кәсіпорынның басқа қызметкерлері жұмыстан директордың бұйрығы бойынша босатылады.

9.3. Кәсіпорын қызметшілері мынадай жағдайларда жұмыстан босатылуы мүмкін: еңбек шарты (келісімнің) мерзімінің аяқталуына және оның жаңа мерзімге ұзартылмауына байланысты, сондай-ақ еңбек шартының мерзімінің бітуінен бұрын жұмыстан босатылуы мүмкін.

9.4. Еңбек шартының мерзімінің бітуінен бұрын жұмыстан босату мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

- қызметші атқарып келген лауазымның қысқаруының салдарынан және бекітілген лауазымдарды бөлу шеңберінде оны білімі мен тәжірибесіне сәйкес басқа лауазымға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда;

- қызметкердің атқарып отырған қызметіне сай келмегенде;

- кәсіпорын жұмысына сәйкес келмейтін әрекет жасағанда;

- өзара келісім бойынша.

9.5. Қызметкердің жұмысқа қабілетсіздігі 4 айдан астам уақыт бо- йы жалғасқан жағдайда кәсіпорын өз бастамасымен қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзуға құқылы.

9.6. Кәсіпорын қызметшіге жұмыстан босатылатыны туралы 1 ай бұрын жазбаша түрде ескертеді. Егер қызметкер өз қалауы бойынша өтініш беріп, жұмыстан босатылатын болса, онда ескерту талап етілмейді.

9.7. Қызметкерді жұмыстан босатқанда оған атқарған лауазымы, кәсіпорында істеген мерзімі, лауазымдық айлық жалақысы мен үстемеақысы, сонымен бірге басқа жерге жұмысқа тұруға қажетті басқа да ақпараттар туралы анықтама беріледі.

Басшының орынбасары1 ____________ _____________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Бұрыштама

ПОЛОЖЕНИЕ «О ПЕРСОНАЛЕ»

В положении «О персонале» предприятия отражаются вопросы организации работы предприятия; оплаты труда работников; порядок предоставления отпусков; командирования сотрудников; права и обязанности работников и администрации; режим работы и т.п.

Положение «О персонале» обсуждается на собрании трудового коллектива, визируется юрисконсультом, подписывается заместителем руководителя и утверждается директором предприятия. Положение «О персонале» является основанием для заключения коллективных договоров.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]