Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

3.Үшіншілік проф-әлеуметтік,еңбектік,психологиялық,медициналық

24.Темекінің түрлері.

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмалжәне алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар:Никотин, Көмір қышқыл газы,Көміртектотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тоннакүкіртқышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тоннаникотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иістігазшығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.

Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

Темекінің зияны

'Ас қорытуға;Асқа деген тәбетті қайтарады.Ас қорытуды қиындатады.Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.Асқазанда жара пайда болады.Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.'Тыныс алуға'Жөтел және қақырық пайда болады.Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Қан айналымынаТамырды қатайтады (атересклероз).Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.Басқа да зардаптары'Есте сақтау қабілетін азайтады.Көңілсіздікке душар етеді.Ұйқыны азайтады.Теріге әжім түсіреді.Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.

25.Имандылық және оның көрсеткіштері

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. [1]

Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: “Оның мінезі – Құран”, – деп жауап берген. Құранда: “Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар”, – делінген (Бақара, 2/277). Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық

26.Нәрестенің уызбен ауыздануының ерекшеліктері

Адамның өсіп жетілуіндегі емшектік кезеңде нәресте уызбен ауызданады. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да «уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды. Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де, мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.

27.Темекінің тыныс жүйесіне әсері.(жоғарыдан қара 24 сұрақ)

28.Адамның ақыл-ойының қалыптасуын қамтамасыз ететін әсерлер.

Ақыл-ой дамуы - адамның интеллектуалдық іс-әрекетінде ол өмір сүретін қоғамдық-тарихи жағдайларға, психикасының жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәжірибені меңгеру нәтижесінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің күрделі динамикалық жүйесі. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен біліиді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның нақтылы іс-әрекетімен щарттас блумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

29.Экология және денсаулық

Адамның көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол ситяқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр.Экология дегеніміз не? «Экология» гректің oikoss – үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және логос – ғңылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме - дәл мағынасы экология - «өз үйіңдегі» организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни «Организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірінің байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология – ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып үйретіп немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікке және сонымен қатар түтас күрделі мәселе. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін табиғи ресурстар арқылы қамтамасыз етеді.Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтар, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б жатады. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуымен қайтуының энергиясы, космостық шың, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа, жауын – шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.Ғалымдарды медицина қызметкерлерін және экологтарды мазасыздандырып отыр, ол су, тамақ, ауа арқылы адам организмне ауыр металдардың құрамаларының – сынап, қорғасын, кадмий, фосфат, нитраттар және нириттер – түсуі. Жылдан-жылға табиғат қатты қалдықтармен ластанып келеді. Соңғы жылдары халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған табиғат байлығын тиімді пайдалануды, әсіресе су көздерін ластанудан, тұзданудан қорғайтын бірнеше заң қабылданды. Олардың кейбіреулері мыналар: қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы, су кодексі, су қорғау ережелері.

30.Темекі тарту, спиртті ішімдіктер қолдану және есірткі туралы ҚР Заңнамалары.

1 ТЕМЕКІ)2009 жылдың 2 тамызында ҚР-дың “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Заңына темекі тарту мен оның алдын алуға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, аталған Заң толық түрде өз күшіне енді. 336-1 бап: “Жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартуға салынған тыйымды бұзушылық”.темекі тартуға:ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ТЕМЕКІ ТАРТУҒА БОЛМАЙДЫ!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]