Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
valeologia_adema.docx
Скачиваний:
190
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
499.31 Кб
Скачать

90. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі

Ноябрь 11, 2011 · Валеология

Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі Ленин премиясының лауреаты, социалистік Еңбек Ері, белгілі хирург, кибернетика ғылымының. маманы, ғалым, Киев қаласындағы қан тамырымен жүрек хирургиясы институтының бұрынғы директоры. Денсаулық пен өмірде бақытты болудың ең жоғары деңгейінде болу үшін мына төмендегі принциптермен кеңестерді қатан, сақтап жүру керек дейді ол. 1. Көптеген аурулармен адамдардың ауруына табиғат та, қоғам да кәнілі емес, тек адамның өзі ғана кәнілі. Адамның жиі-жиі ауыратыны оның жалқаулығына байланысты. Кейде ойланбаған нәрселерден ауру пайда болатыны бар. 2. Медицинаға иек артып сенуге болмайды. Медицина көптеген ауруларды ойдағыдай емдегенімен, адамды аурудан толық түрде айықтырып жібермейді. Медицина адамды денін сау етіп өзін ұстауға үйрете алмайды. Дәрігерлердің қоршауына түспеу керек. Олар әлсіз адамдарды үлкен ойға қалдырып, адамға заман ақырды орнатады. Олар аурудың үстіне ауру қосып береді. Ақы төлей алмайтын вексель беретіні дс сөзсіз. 3. деніңіз сау болу үшін өзіңіз көп және тұрақты түрде еңбек етуіңіз керек. Еңбекті еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Адам өз бақытына өзі ғана жете алады. Адам өзіне қажетті денсаулықты өзі ғана жасай алады. Қартайған сайын денсаулықты сақтау көп еңбек етуді керек етеді. Ауру неғұрлым қатерлі болса, соғұрлым көп еңбектенуді қажет етеді. 4. Әр түрлі әрекеттің шамасы, жасалған іс-қимылға сәйкес келуі керек. Ынталандыру — белгілі мақсатпен, уақытпен өтеді де нақтылы қорытынды береді. Денсаулық адамның ең басты мақсаты, егер денсаулықты бүгін ойламасаң ертең-ақ жолдасың өлім болады. Шыныққан адамды өлім де қорқыта алмайды. 5. Денсаулық болу үшін біркелкі бес жағдай қажет. 1) физи-калық жүктің жағдайы; 2) тамақты тежеп ішу; 3) денені шынық-тыру; 4) уақыт бойынша дұрыс дем алу; 5) бақытты өмір — қимыл. Физикалық қимылсыз денсаулықты қамтамасыз ете алмайсың. Күнделікті тұрмыста тыныштық болмаса адам бақытты болмайды. Бақыт болмаса, ашықсаңда, неше түрлі қимыл жасасаңда денсаулықты сақтай алмайсың. 6. Күніне 20-30 минут жаттығу жасап отырсаң, табиғат сондай кешірімді де болады. Егер физкультурамен жаттығу уақытын екі есе етіп ұзартсаң өте жақсы. 7. Тамақ мөлшерін тежеу керек. Әр қашанда өзіңнің массаңа бақылау жасап отыру керек. Ол үшін бойыңның ұзындығынан 100 алып тастасаң меншікті салмағыңыз шығады. 8. Әр қашанда денеңізді босатып жүрген дұрыс. Ол үшін ерік қажет, ерік әр адамда әр түрлі болады. 9. Бақытты өмір сүру керек. Денсаулық бақыт екені өзінен-өзі белгілі. Денсулыққа үйреніп кеткеннен кейін, денсаулықтың не екенін байқамай да қаласыз. Ауру — бақытсыздық екенін өзінен-өзі белгілі.

90. Сауықтырудың көп таралған түрлері 1. Психофизикалық жаттығулар. Ци-гун терапиясы. Психикалық медицина. 2. Қимыл белсенділігі. 3. Тыныстық гимнастика. 4. Қолмен ұқалау, сипау, массаж дене сегменттерін, бөлшектерін, нүктелерін биологиялық-физиологиялық нүктелерді адамның өзі сылап-сипау. 5. Шипалы өсімдіктер мен емдеу ( фитотерапия ). 6. Музыкалық терапия, вокал (ән) терапиясы. 7. Рефлексотерапия. Рефлексопрофилактика, урикулотерапия, Су-Джок. 8. Медитациялар. 9. Организмді шынықтыру негіздері. Табиғи шынығу (күнмен, ауамен шынықтырудың негіздері, сумен сүртіну, шомылу, душ қабылдау, суда жүзу, қысқы жүзіс, монша, П.К.Ивановтың «Қарғаш» сауықтыру жүйесі). 10. С.А. Назарбаеваның «Өзіне өзі сену» методикасы. Осы жоғарыда көрсетілген сауықтырудың көп тараған түрлерінің барлығына тоқталмай-ақ, олардың ішінде практикалық маңызы барларына тоқталып өтейік.  1. Дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиетіне айрықша тоқталу керек. Қазақстан жерінде аса құнды дәрілік өсімдіктер өседі. Кейбір түрлері тек қазақ жерінде ғана өседі. (Эндомикалық өсімдіктер, олардың түрі жүзден асады). Көпшілігі Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында өседі, ал дермене жусанның Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтарында өседі. Жер шарының еш аймақтарында ол өспейді. Одан өте бағалы дәрі өндіріледі. Ішектердегі құрттарды жояды.  2. Жен-Шенде өсуі мүмкін. Онда адаптегендік қасиет бар. Сондай-ақ, қызғылт Родиола, Қытай лимоны, левзея, аралия және т.б. 3. Жалпы нығайту, жергектендіру қасиеті бар өсімдіктер түрлері қазақ жерінде қипасыз көп. Мия Қазақстанның барлық аймақтарында өседі, жоңышқа, хмель, бақбақ. 4. Вокалотерапия. Музыка терапия. Ежелгі Қытайда кең көлемде қолданған. Музыка дыбысы бірден бір ем. Дәрігер – психотеропевт сыбызғыны көп мөлшерде пайдаланатыны байқалады. 5. Медитациялар. Оның мақсаты – тыныстау жаттығуларының мақсаттарымен сәйкес келеді. Ми қызметін жақсартады. 6. Медитацияның түрлері: а) вербалдық(қауышу) оқытушының белгілі бір жүйемен оқытатын медитация; б)шоғырлану(концентрация) медитация кезінде белгілі бір затқа жағымды образға, басқадай бір көңіл аударатын құбылысқа көңіл бөлу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]