Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KORPORATIVTIK__1178_ARZh.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
738.3 Кб
Скачать

2.2 Лекциялық сабақтардың қысқаша мазмұны:

1 Тақырып. Корпорация қаржысы: қаржылық ортадағы мазмұны және ұйымдастырылу негізі.

Қазіргі кезде елдегі экономикалық процестерге әсер ету қаржы тұтқасы болып табылады. Жалпы түрде қаржы қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін орталықтандырылған және орталықтанбаған қорларды құру мақсатымен жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық табыстың бөлігін бөлу және қайта бөлу процесіндегі экономикалық қатынастар жүйесін ұсынады.

Қаржы қаржылық ғылымның әзірлеу объектісі болып табылады, яғни бұл жерде қоғамдық қатынастардың даму заңдылығы талқыланады.

Қаржының жалпы жүйесі немесе елдің қаржылық жүйесі негізгі үш саладан тұрады:

  1. Жалпы мемлекеттік қаржы. Оның негізін мемлекеттік бюджет (республикалық және жергілікті), бюджеттен тыс қорлар (Зейнетақы қоры және Ұлттық қор) және мемлекеттік несие құрайды. Жалпы мемлекеттік қаржының мақсаты орталықтандырылған қаржылық ресурстарды қалыптастыру және оларды қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға бөлу және қайта бөлу;

  2. Шаруашылық субъектілердің қаржысы. Оның негізгі бөлігін шаруашылық субъектілердің (-өндірістік және өндірістік емес) қаржылары құрайды. Бұндай қаржылардың негізгі мақсаты - ағымдағы операциялық (өндірістік) қызметті және болашақ кезеңдегі дамуды қамтамасыз ету процессінде оларды пайдалану мақсатымен қаржылық ресурстардың қажетті көлемін қалыптастыру;

  3. Үй шаруашылығының қаржысы. Оның негізін бөлек жанұялардың азаматтық қаржысы құрайды. Осы саладағы қаржының негізгі мақсаты -жанұялар бюджеттерінің кіріс бөлігін қалыптастыру және олармен жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану және қорлану. Қорлану үшін бағытталған қаражаттарды азаматтар әрбір қаржылық тұтқаларға, инвестициялық жобаларға салуы мүмкін.

Жоғары көрсетілген үш сала өзара тығыз байланысты.

Бұл байланыс қаржылық қарым-қатынастардың келесі нысандарында көрінеді:

  1. Үй шаруашылық қаржыларының саласы салық және басқа да міндетті төлем түрінде республикалық және жергілікті бюджеттерге ақшалай қаражаттардың түсуін және әрбір мемлекеттік органдар және кәсіпорындар шығарған құнды қағаздарға салымдар жасауын қамтамасыз етеді.

  2. Шаруашылық субъектілер қаржыларының саласы үй шаруашылығы бюджеттерінің кіріс бөлігін (жалақы, дивиденд, әлеуметтік төлемдер түрінде) және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін (салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде)қамтамассыз етеді;

  3. Жалпы мемлекеттік қаржыларының саласы қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруды, кәсіпорындарға инвестициялауды және жеңілдік несиелеуді, үй шаруашылық жалақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді қамтамассыз етеді.

Елдің қаржы жүйесінің негізін шаруашылық субъектілердің қаржылары құрайды. Оның себебі шаруашылық субъектілер өндірістік және өндірістік емес салаларда жұмыс істеп, жаңа құн жасайды, яғни экономиканың дамуына әсер етеді. Шаруашылық субъектілерге әрбір кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, корпорациялар, банктер, сақтандыру, делдалдық және т.б. компаниялар жатады.

Корпорация жүйе ретінде екі қосалқы жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылатын (1.3. сурет)

  1. Сурет. Корпорацияның негізгі қосалқы жүйелері.

Алайда, басқарушы қосалқы жүйе техникалық, коммерциялық, өндірістік қаржылық және тағы да басқа да бөлімшелерді ұсынады.

Басқарылатын қосалқы жүйе, яғни шаруашылық қызмет көбінесе, өндірістік бөлімшелер түрінде ұсынылады және келесі элементтер сипатталады:

  • өндірістің техникалық қамтамасыз етілуі (техника және технология);

  • өндірістің ұйымдастырылуы;

  • еңбектің ұйымдастырылуы;

  • корпорацияның қызметкерлерінің арасында экономикалық (өндірістік) қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • корпорацияның сыртқы-экономкалық байланысын ұйымдастыру;

  • ұжым еңбегінің әлеуметтік жағдайларын ұйымдастыру;

  • табиғатты пайдалануды ұйымдастыру.

Коммерциялық ұйымның қаржылық механизімі дегеніміз – бұл қаржылық әдістер көмегімен қаржылық тұтқалары арқылы корпорацияның қаржылық қарым-қатынастарын басқару жүйесі. Қаржылық механизмнің элементтері болып қаржылық басқару объектілері ретіндегі қаржылық қарым-қатынастар; қаржылық тұтқалар; қаржылық әдістер; қаржылық басқарудың құқықтық қамтамасыз етілуі және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуі табылады.

Корпорация және кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру принциптері есеп қызметімен және мақсатымен нақтылы ұйымдастырылған құжаттармен тығыз байланысты. Қаржыны ұйымдастыру принциптеріне келесілерді жатқызуға болады:

  1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;

  2. өзін-өзі қаржыландыру және өздігінен орнын толтыру;

  3. қарыз және меншік айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін бөлу;

  4. қаржы резевтерінің болуы.

Әдебиеттер тізімі: /1, гл.3/, /2, гл.3/, /3, с.205-230/

Қосымша әдебиеттер: /5/, /1/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]