Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KORPORATIVTIK__1178_ARZh.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
738.3 Кб
Скачать

3 Тақырып. Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері.

Қаржы - экономикалық талдаудың сандық әдістері статистикалық, экономика - математикалық болып бөлінеді.

Экономикалық талдаудың статистикалық әдістері:

  • Статистикалық бақылау - анықталған мақсаттар мен анықталған қағидалар ақпараттарын жазу.

  • Абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер (коэффиценттер, %).

  • Орташа шама есептелуі; орташа арифметикалық, жай, салмақты, геометриялық;

  • Динамика қатарлары; абсолюттік өсім, салыстырмалы өсім, өсім типтері;

  • Белгіленген белгі бойынша экономикалық көрсеткіштер топтасуы және келістірілуі.

  • Салыстыру: бәсекелестермен, нормативтермен, динамикада;

  • Индекстер - салыстырылып отырған көрсеткіштерге әсер етуі.

  • Детальдау. Мысалы, өндірістік еңбек қалдыққа тәуелді, 1-шіден, сағаттық өндірістен, 2-шіден, жыл бойында

пайдаланылған уақыттан.

  • Графикалық әдістер (жарияланым үшін).

Бухгалтерлік әдістер:

  • Екі жақты жазу әдісі

  • Бухгалтерлік баланс

  • Басқа да бухгалтерлік әдістер

Экономика - математикалық әдіс:

  • қарапайым математика әдістері,

  • математикалық талдаудың классикалық әдістері: дифференциалдау, интегралдау, вариациялық есептеу.

  • Математикалық статистика әдістері: бір өлшемді және көп өлшемді статитстикалық жиынды оқып-білу.

  • Эконометриялық әдістер: туынды функция, халық шаруашылығы салааралық балансы, ұлттық есеп жүргізу.

  • Математикалық бағдарлау әдістері: оптималдау, сызықтық, квадраттық, сызықтық емес бағдарлау, блоктік және динамикалық бағдарлау.

  • Операцияны зерттеу әдістері: босалқы қорлармен басқару, құрал-жабдықты айырбастау және техникалық тозу әдістері, ойындар теориясы, кесте теориясы, эконимикалық кибернетика әдістері.

  • Эвристикалық әдістер.

Капиталдың құрылымы корпорацияның иелері мен менеджерлерінің инвестициялық шешім қабылдауына әсер етеді.

Жарғы капиталымен оның мөлшерін көбейту мақсатында, қосымша эмиссиялау шешімдерге байланысты болады.

Бөлінбеген табыспен акционерлік дивидендтерді төлеу үшін, негізгі капиталды ұлғайту үшін, салымдар жасау бойынша шешіледі. Ұзақ мерзімді міндеттемелермен айналымнан тыс активтерді қаржыландыру бойынша, ал қысқа мерзімді міндеттемелермен - айналым активтерді қалыптастыру бойынша шешім қабылдауға байланысты.

Корпорацияның қаржыларын басқару кезде келесі ережелермен қолданған дұрыс.

  1. Инвестициялық шешімдер және корпорацияны қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша шешімдер тығыз өзара байланысты және бөлек қабылдана алмайды.

Инвестицияларды ішкі қаржыландыру көздері болып бөлінбеген пайда және аммортизациялық аударым табылады.

Сыртқы көздер болып қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие мен қарыз, сонымен қатар акцияларды эмиссиялау табылады. Қаржыландыру көздерін таңдау капитал құрылымына және дивидендтерді төлеу коэффицентіне әсер етеді. Корпорацияның инвестициялық мүмкіндігі келесі формуламен анықталады:

Инвестициялар = (ТТ + АА) + СҚ

мұнда: ТТ- таза табыс;

АА - аммортизациялық аударым;

СҚ - сыртқы қаржыландыру;

Қаржыландыру сыртқы көздерден тарту туралы шешім көбіне дивидендтік төлемнің деңгейіне тәуелді болады. Дивидендтерді төлеу коэффиценті жоғарылағанда, корпорация ақша түріндегі инвестициялық қажеттілікті қанағаттауы үшін жаңа акциялар эмиссиялауды қажет етеді. Бұл жағдай инвестициялық шешім қабылдауға әсер етеді.

  1. Әрбір инвестициялық шешім келесілерден тұрады:

  • Активтерді (мүлікті) бағалау;

  • Активтер құны мен тәуекел арасындағы байланыс;

  • Инвестициялық процесті басқару негізі ретінде ақша-қаражаттар қозғалысының бюджетін құру.

  1. Нақты инвестицияларды табу мәселесі нарық капиталында жұмыс істейтін қаржылық талдампаз және корпорацияның менеджерлері шешу керек.

  2. Инвестицияларды қаржыландыру бойынша шешім келесіні еске ала отырып қабылдануы керек:

  • Ақша қаражаттарды жоспарлау, есептеу және бақылау тәртібі.

  • Дивидендтік саясат, берешекті, тәуекелді және альтернативті шығындарды басқару бойынша саясат.

  1. Қысқа мерзімді активтерге және міндеттемелерге қатысты қаржылық шешім инвестициялық шешім есебінен қабылдану керек. Осындай шешімдердің алдында өтімділік және міндеттемелерді мерзімді өтеу бойынша айналым активтердің және қысқа мерзімді пассивтердің талдауы жүргізілуі қажет.

  2. Инвестициялар, дивидендтер және де басқа да қаржылық сұрақтар бойынша шешім бір біріне тәуелсіз қабылдана алмайды. Олардың барлығы ағымдағы және болжалды қаржылық талдаудың берілгендерінде негізделу және корпорацияның жиынтық бюджетінде көрсетілуі керек.

Әдебиеттер тізімі: /1, гл.5/, /2, гл.5/

Қосымша әдебиеттер: /4/, /5/, /2/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]