Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі сервистік.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.41 Mб
Скачать

Үііі. Шымкент қаласының және қала маңындағы рекреациялық ресурстары. Ііі.1 Шымкент қаласының рекреациялық объектілерінің даму тарихы.

Үсынылған жұмсытың бірінші тарауында рекреациялық ресурстар және объектілер, территориялар туралы жалпы түсінік берліді. Осы түсініктемелерді есепк ала отырып Шымкент қаласы және оның маңындағы рекреациялық ресурстарының, яғни антропгендік рекреациялық ресурстардың даму тарихы мәселесін ашып көрсетуін жөн көрдік. Рекрациялық объектілердің даму тарихы қаланың тарихымен тығыз байланыста.

Шымкент Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қалалардың бірі. Шымкент қаласы 1932 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келеді. Қазіргі таңда қаланың жер көлемі 300 км2 шамасында, бірақ түрғындар саны тез өсуіне байланысты оның жер көлемі тез өсуде. Түрғындар саны 2004 жылы 513,4 мың адам болды.

Шымкент (түрікше «шым» - алқап, қойнау, және иранша «кент» - елді мекен) – «Жасыл қала» деген маңынана білдіреді. ХІІ ғасырда Еуропадан Ресей, Сібір, Орта Азия, Жетісу мен Қытайға баратын маңызды сауда-керуен (Ұлы Жібек жолы) жолдарының тоғысында қыстақ болып қаланған.

Шымкент туралы алғашқы жазба деректер Ақсақ Темірдің 1365 — 1366 жылдары әскери жорықтары туралы жазылған парсы тарихшысы Шараф әд-Дин Әли Йоздидің (1415) "Зафар наме" ("Жеңістер кітабы") кітабында жазылған. Шымкент Қоқан хандығының, моңғолдар мен жоңғарлардың шапқыншылығына жиі ұшырап отырды.

1864 жылы Шымкент қаласы патшалы Ресей қарамағына өтті. Қала 1914 – 1921 жылдары "Черняев" (1914 ж. Ресейге қосылуының 50 жылдығына орыс генералы Черняевтің есімі берілді) аталды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Шымкентте сантонин (қазіргі "Химфарм"), шағын мақта тазалау, сыра қайнату кәсіпорындары болды. Шымкент қаласының экономикасы тез қаркынмен өсіп, ірі өнеркәсіп орталығына айналуына Түркістан — Сібір темір жол магистралі, Қаратауда шоғырланған қорғасынмырыш (полиметалл) кендерінің игерілуі, облыстағы мақта егісінің ұлғаюы әсер етті.

Шымкент қаласында жүзге жуық үлт өкілдері түрады. Халықтың негізгі бөлігін қазақтар (54,5%), орыстар (21,6%), өзбектер (14,5%), татарлар (2,3%), әзербайжандар (1,9%), украиндар (1,3%), кәрістер (1,3%) күрайды; 19 үлттық-мәдени орталықтар бар.

Шымкент қаласында түсті металлургия, машина жасау, химия, мүнай өңдеу және жеңіл тамақ өнеркәсіптері жақсы дамыған кездері болды. Қазіргі таңда көптеген ірі өнеркәсіптер қысқартылып жойылды. Бірақ кейбір ірі өнеркәсіп орындары жақсы дамыған, мүнайхимия өнеркәсібінің ірі көсіпорындары: "ПетроКазахстан Ойл Продакшн" АҚ (бүрынғы ШНОС) мүнай өнімдерін өңдейді. "ИнтерКомШина" АҚ жеңіл, жүк, ауыл шаруашылық машиналары үшін пневматикалық шиналардың импорт алмастырушы үлгілерін шығарады. "Химфарм" АҚ жаңа технологиялармен жабдықталған; 160 түрлі дәрідәрмек шығарады. "Южполиметалл" АҚ — қымбат реагенттер мен реактивтерді өңдеу технологиясын меңгерген, нәтижесінде металл, мырыш өндіру іске қосылды.

Қүрылыс материалдарын "Шымкентцемент" АҚ ("портланд" маркалы цемент) және т.б. үсақ көсіпорындар шығарады. "Шымкент май" АҚ өсімдік майын, тропиктік стеарин (пальма майы), кір сабын шығарады. "Шымкент сыра" АҚ шетел шикізаты негізінде жоғары сортты сыра ашытады. "Визит" АҚ салқын сусындар, "Шымкент макарон фабрикасы" АҚ әр түрлі ұн, макарон өнімдерін береді. "Теріден аяқ киім тігу зауыты" ЖШС — ірі қараның терісін өңдеуімен айналысатын жаңадан дамып келе жатқан кәсіпорын.

Шымкен қаласының өнеркәсіп орындары дамуына байланысты түрғындары саны өсті. Қала түрғындары әр түрлі әлеуметтік инфрақұрылым қажет, ең маңызды оқу орындары, медициналық мекемелер және диплом жұмысының тақырыбына байланысты демалу т.с.с. мекемелер мен орталықтар. Қалада жалпы білім беретін 77 мектеп бар: 65 орта, 7 орталау, 5 бастауыш; 5 кәсіптік техникалық мектеп, 9 жеке меншік мектеп, 48 мектепке дейінгі мекеме, сурет мектебі, жас техниктер станциясы, оқушылар үйі, 2 оқу өндірістік комбинаты бар. Шымкентте 3 мемлекеттік (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңттүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы, Қазақ-Түрік халықаралық университетінің Шымкент институты), 8 мемлекеттік емес жоғары оқу орындары, 6 кәсіби орта білім беру оқу орны - колледждер (экономика, қүқық, медициналық, политехникалық, көркем өнер музыкалық және аграрлық-техникалық) білім береді. Денсаулық сақтау мекемелерінен 10 емхана, 7 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 әйелдер босанатын үй, диспансер, жедел дәрігерлік жәрдем көрсету станциясы, диагностикалық орталықтар. Мәдени жөне спорт мекемелерінен Ж.Шанин атындағы драма театры, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, 3 мәдениет үйі, С.Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйі, 3 кинотеатр, 28 кітапхана.

Демалыс орындары хайуанаттар саябағы, ипподром, дендросаябағы, аквасаябағы, техносаябағы, "Кен Баба" этнографиялық саябағы, балалар темір жолы жүмыс істейді. Қалада 100 спорт залы (мектептік спорттық залдармен), 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар.

Шымкент қаласында ескі архитектуралық ескеркіштерден XVI – XIX ғасырлардың Керуен сарайы сақталған, ғимарат бірнеше қабаттан тұрады, қаланың ескі орталығында орналасқан. Рекреациялық көз қарасынан, осы керуен сарайынан басқа, Шымкент қаласында ескі архитектуралық ғимараттар жоқ, бірақ кеңес кезеңінде құрылған кеңес архитектурасын көрсететін бірнеше ғимараттар құрылған.

Шымкент қаласына жақын орналасқан, Сайрам кентінің ескерткіштері бар, олар басым рекреациялық бағытта діни маңыздылығына ие болып табылады. Сайрам кенттіне орналасқан ескерткіштер жалпы Оңтүстік Қазақстан облысына, негізінде Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауидің кесенесіне зиярат жасау маршруттында орналасқан рекреациялық объектілерге жатады. Бұл рекреациялық объектілер республикалық және халықаралық деңгейде, сондықтан бұл объектілерді жеке қарастыру диплом жұмысының мақсатына өойылмаған.

Шымкент қаласы маңында рекреациялық мақсатта ең маңызды территориялар Бадам, Машат, Ақсу өзендері аңғарларында орналасқан табиғат кешендері. Сонымен қатар Шымкент қаласынан оңтүстік-шығыста және шығыста орналасқан Қаржантау жотасының солтүстік-батыс беткейлері, Түлкібас ауданы территориясында орналасқан Қаратаудың оңтүстік-батыс бөлігінің Боралдай тағы басқа үлкен емес жоталар беткейлерінің табиғат кешендері рекреациялық мақсатта өте маңызды болып табылады.

Кеңес кезеңінде жерде әр түрлі кәсіпорындардың түрлі демалу мекемелері болған. Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысының мектеп оқышулары демалу үшін 1960 – 1970 жылдары Машат өзені шатқалында көптеген пионер лагерлері құрылды. Сонымен қатар Манекент кентінде арнайы емделу санаторий құрылған.

Жалпы ХХ ғасырдың 70 – 80 –ші жылдары Шымкент қаласында және жақын орналасқан маңында көптеген рекреациялық объектілер құрылған. Қала маңындағы рекреациялық объектілер қала түрғындарын рекреациялық сұраныс толық қамтамасызданыдарған жоқ. Ол кездегі экономикалық жағдайдың қазіргі деңгейімен арасында айырмашылығы аса маңызды болып келеді. Бүгінгі таңда кеңес кезеңімен салыстырғанда көлік мәселесі толық шешілген, қала маңындағы қызмет көрсету салаларының сапасы өте жоғары, сондықтан рекреациялық объектілерге рекреациялық қысым көбейді.