Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоэкология шпор.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.48 Кб
Скачать

39. Қышқыл жауындар

Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH Қышқылдық жауын-шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінің көмірқышқылы мен азот қышқылы түзіледі.Олар органикалақ қышқылдармен мен басқа да қосылыстар араласып,қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді. Қышқылдық жауын—шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің улесі 70% . Қышқылдық жауын—шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін қосады.Алғашқы қышқылдық жауын—шашындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін 2,2-2,3 болатын жауындар тіркелген. Қышқылдық жауын-шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған.бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр , қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын-шашындар Скандинавия елдері Англия, Бельгия, Дания, Польша елдеріне тән. Қышқылдық жауын-шашындар топыраққа ,су экожуйесіне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді. Қышқылдық жауын—шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді.Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі таралғанымен ,онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды. Су қоймаларына түскен қышқыл жауын шашын судың қышқылдығы мен кермектігін арттырады.Көптеген гидробионттар аталған көрсеткіштердің өзгеруіне өте сезімтал болады.Су ортасының рН 6-дан төмен болғанда ағзаның өсуі мен дамуы үшін маңызды ферменттер,гармондар мен басқа да биологиялық белсенді заттардың қызметі тежеледі.рН-тың зиянды әсері негізінен жұмыртқа жасушалары мен жас дараларда байқалады,Бұл жағдайда өнім негізінен ластаушы заттардың тікелей ағзаға әсерінен емес,көбеюге мүмкіндік бермеу арқылы әсер tntl/ Қыщқыл жауын шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді.Қышқыл жакын шашын өсімдіктерден биогендерді (әсіресе кальций,магний,калий)қанттар,ақуыздар,аминқышқылдарын ығыстырып,зақымдайды.Олар қорғанышсыз ұлпаларды зақымдап,ағзаға патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады, Мұндай әсердің нәтижеснде фитоценоздардың өнімділігі төмендеп,кейде толық жойылып кетуіне әкелуі мүмкін. Қышқыл жаңбырлардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады.Бұл әсер алюминий қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады.Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды.Оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді,ағаштардың уақытынан бұрын шіруіне әкеледі. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар кұшті зақымданады.Бұл ең алдымен олардың қылқанының ұзақ (4-6 жыл) өмір суруіне ондағы улы заттардың жиналуына байланысты.

40. Ноосфера концепциясы

Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар:

1)ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте);

2)адамзат пен табиғаттың ақыл-ой арқылы қарым-қатынас жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский)

Біз ноосфераны осы екінші түсінік бойынша қарастырамыз. Теяр де Шарденнің анықтамасы бойынша, ноосфера дегеніміз — планета эволюциясының болашағының бағыттарын бақылап отыра-тын коллективті саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады. В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады.

Ал ноосфера терминін 1927 жылы француз ғалымдары мен философтары Э.Леруа мен П.Теяр де Шарден ұсынған болатын. Вернадскийдің биосфералық ілімі бойынша тірі заттар Жер планетасының жоғарғы қабатын өзгертеді. Адамның осындай іс-әрекеті біртіндеп ұлғая түседі де, ол негізгі планетарлық геологиялық күшке айнала бастайды. Сондықтан да адамдар ғаламшар болашағы мен эволюциясы үшін өзінің жауапкершілігін түсіне білуі керек. Өзінің ноосфера туралы концепцияларына Вернадский мынандай алғы шарттарды ұсынады:

1) Адамзат біртутас бүтін қоғам. Кез келген құрылық бөлігндегі болып жатқан жағдайлар барлық жерге ортақ;

2) Байланыс пен ақпарат таратудағы жаңалықтар. Олардь  жер шарының кез келген түкпіріне таратады;

3) Адамзаттың тең өмір сүруі - ноосфера үшін қажетті жағдай;

4) Адамзаттың өмір сүру деңгейінің көтерілуі, халық массасының мемлекеттік және қоғамдық істерге араласу мүмкіндігі;

5) Энергетикалық дамуы, энергияның жаңа көздері мен түрлерінің ашылуы;

6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы.

Вернадскийдің ноосфера туралы концепциясы ғылыми орталарда қазіргі кезде жан-жақты талқылануда. Ол экологиялық мәселелерді шешу мен адамзат қоғамын сақтап қалу жөніндегі идеялар мен теорияларға негіз болып саналады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]