Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоэкология шпор.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.48 Кб
Скачать

24. Ғаламдық экологиялық өзгерістерге алып келетін әлеуметтік - экономикалық процесстер.

Адам пайда болғалы бері халық санының өсуінде бірқатар ерекшеліктер байқалған. XIX ғасырда халық санының өсу тенденциясы орын алды, ал XX ғасырда мөлшерден асып кетті. Егер XX ғасырдың басында абсолют өсім 20млн. жетсе, ортасында 40млн., 80 жылдары 80млн. – ға дейін жетті. Ал 1987жылы дүниежүзілік саны 5 млдр.-тан асып түскен. Халық санының әрбір типіне өзіндік жас құрамы сәйкес келеді. Дамыған елдерде балалардың (0-14жас) үлесі халықтың – 25%, орта (35жас) – 60%, үлкен (65жас) – 15% құрайды. Ал дамушы елдер үшін 42,56, 2%. Тұрғындардың еңбекке жарамдылығын анықтағанда басты критерий – жастық құрамын анықтау. Әлемде еңбекке жарамды адамдар саны 2млрд.жетеді. Әлемде адамдар біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыздығы 1км2 5 адамнан келеді. Құрлықтың 15% мүлдем игерілмеген. Халықтың мұндай әркелкі орналасуы, көлік және т.б. сауда орындарының орналасуы, сондай ақ табиғи демографиялық ерекшеліктеріне және миграцияға тәуелді болады. Миграцияның ішкі және сыртқы түрлері болады.

Адамзат тарихы – адамзат пен табиғат қарым-қатынасының тарихы. Оның белсенді рөлі табиғатты пайдалануда көрініс тапқан. Табиғатты пайдалану дегеніміз қоршаған ортаны зерттеу, қорғау шаралар жиынтығы. Ол тиімді және тиімсіз деп ажыратылады.

Жер шарындағы пайдалы қазбаларының таралуы геологиялық заңдылықтарға бағынады. Жанғыш пайдалы қазбалар шығу тегі шөгінді болып келеді. Әлемде көмір кен орындарының 3,6 мың астамы белгілі және басым бөлігі солтүстік жарты шарда шоғырланған. Мұнай-газ алаптарының 600 астамы барланған, басым бөлігі солтүстік жарты шарда. Барланған мұнай қорының жартысынан астамы таяу және орта шығыста шоғырланған. Темірдің басым бөлігі Ресейде, Бразилияда және Канадада кездеседі.

Жер ресурстарының әлемдік жер қоры арқылы анықталады. Антарктиданы есептемегенде оның қоры 13,4 млрд.гектар жерді құрайды. Мыңдаған жылдар бойы адамдар өңделген жерлер көлемін ұлғайтуды тек XX ғасырда ғана бастап, жыртылған жер үлесі 2 есеге артты. Сондай-ақ жаңадан игерілген жерлермен қатар, өңделген және жайылымдық жерлердің деградацияға ұшырауы байқалады. Жер шарының құрлық ауданы 9млн.км2 жеткен шөлдену процесі орасан зор зиян келтіруде және оның қаупі 30млн.км2 ауданды қамтиды. Ауыл шаруашылық жерлердің басым бөлігі қала, өнеркәсіп және жол құрылыстарына берілді. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылық жерлердің ауданы 50-70 мың км2-қа азаюда.

Адам басына шаққанда жердің әр тұрғынына жыртылған жердің 0,3га келеді.

Су ресурстарының ішінде жылына 40 мың км3 тең келетін өзен ағындысының ресурстары барынша қол жетімді. Әлемдік су тұтыну мөлшері жылына 6 мың км2 құрайды. Пайдаланатын тұщы судың жартысына жуығы әсіресе ауыл шаруашылық қайтымсыз шығындалады. Бұл жағдай ғаламдық масштабта тұщы су тапшылығын туындатады. Тапшылықты шешу үшін 2 түрлі жол ұсынылады:

1. Суды үнемдеу. Сумен қамтуды қайтымды ету арқылы шығындар мөлшерін азайту.

2. Су қоймаларын салу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]